MCFR.KZ Образование

Бақылау түрлері

  • 22 февраля 2019
  • 4305
Бақылау түрлері
Бақылау түрлері

Жоспарлы тексеру түріндегі бақылау ұйымдағы тексерудің мерзімділігін және тиімсіз қайталауды болдырмауды қамтамасыз ететін, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Бақылау – басқару жүйесінің негізгі функцияларының бірі. Бақылаудың көп тараған түрлеріне тақырыптық, жаппай, жедел бақылаулар жатады. Бақылау жүргізудің негізгі нысаны әкімшілік бақылау болып табылады.

Әкімшілік бақылау – білім беру үдерісінің жай-күйін, мектепке дейінгі ұйым (бұдан әрі – МДҰ) қызметінің негізгі нәтижелерін диагностауға арналған басты ақпарат көзі. Жоспарлы және жедел тексеру, мониторинг, әкімшілік жұмыстар жүргізу түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.

МДҰ-дағы қызметті бақылауды ұйымдастыру туралы басшының бұйрығы оқу жылының басында әкімшілік мүшелерінің назарына жеткізіледі (1-қосымша).

Әкімшілік бақылау мынадай түрде жүргізілуі мүмкін

  • жедел тексеру – фактілерді анықтау және ата-аналар мен басқа да азаматтардың, ұйымдардың өтініштерінде көрсетілген бұзушылықтар туралы мәліметтерді тексеру, білім беруге қатысушылар арасындағы қарым-қатынастағы шиеленісті мән-жайларды реттеу мақсатында жүргізіледі;
  • мониторинг – сапаны басқару (білім беру қызметінің нәтижесі, балалар денсаулығының жай-күйі, тамақтануды ұйымдастыру, режимдік сәттерді орындау, атқарушылық тәртіп, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, педагогикалық шеберлікті диагностау және т. б.) міндеттерін тиімді шешуге арналған білім беру үдерісін ұйымдастыру және оның нәтижелері туралы ақпаратты жинауды, жүйелік есепке алуды, өңдеуді және талдауды көздейді.

Бақылауды жүзеге асыру «кері байланыс» үшін де қажет. Бұл жағдайда бақылау барынша тиімді және қызметкерлердің өздері бақылаудың объективтілігіне мүдделі болуы үшін жағдайлар жасау маңызды.

Бақылаудың тиімсіздігінің себептеріне, оны жүргізу кезіндегі әкімшілік жіберген қателіктер жатады. Мынадай қателіктерге жол бермеген жөн:

  • бақылау қақтығыстармен аяқталмауы тиіс;
  • мүлтіксіз бақылау әкімшілік тарапынан асыра сілтеушілікті туындатады (яғни, субъективті негізсіз, объективті орны бар жағдайлар мен заңдылықтарды елемейтін шешімдер);
  • жасырын бақылау тек өкінішті оятады;
  • «сүйікті» тәрбиешіні ғана емес, басқаларын да бақылаңыз;
  • бақылау сырт көз үшін емес (кім бақыламаса, ол өз қызметкерлерінің жетістіктеріне мүдделі емес);
  • сенбейтініңіз үшін ғана бақыламаңыз;
  • өз тұжырымдарыңызды іште сақтамаңыз.

★ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУУ★

Жыл сайын шығарылатын бұйрықтардың үлгілері
Бақылау түрлері
Ш. К. Иткулова «№ 9 сәбилер балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, Алматы қ.
Әрбір мектепке дейінгі ұйым өз жұмыс процесінде негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды барынша белсенді түрде қолданады. Бұл мақалада дер кезінде жасалу үшін жыл сайын шығарылатын бұйрықтардың үлгілері берілген.

Негізгі қызмет бойынша жыл сайынғы бұйрықтардың циклограммасы

Басшы тексеру жүргізу кезінде бұзушылыққа жол берсе, бақылаудың тиімділігі күмән тудырады. Типтік бұзушылықтарға мыналар жатады:

  • тексерудің фрагменттілігіне алып келетін жүйеліліктің болмауы, МДҰ-дағы жұмыс жағдайдың объективті сипатын бермейді;
  • тексеруге жататын көрсеткіштердің және екінші кезектегі көрсеткіштерге назар аударудың шамадан тыс көп болуы, бұл ақпарат арналарының артық жүктеліміне, үлкен экономикалық шығындарға әкеледі;
  • түзету әрекеттерінің кешігуіне алып келетін жеделдіктің болмауы, бұл ахуалды күрделендіре түседі;
  • еңбек ұжымындағы шиеленіске алып келетін, түзету әрекеттерінің субъектісін дұрыс анықтамау;
  • әбігершілік, нұсқаулардың қарама-қайшылығы, сондай-ақ қызметкерді абыржытатын нұсқаулардың күші бойынша баламасыздығы, өйткені шара күтілген әсерге ие болмайды;
  • дұрыс ұғынбағандықтан қателіктерге алып келетін ақпараттарды сәйкессіз, санасына күш түсіретін нысанда беру.

Тексеруді қол астындағыларға психологиялық қысым көрсету құралы ретінде қарау жағдайларына жол берілмейді.

Бақылау-диагностау қызметін жүзеге асыруда ұжымның барлық мүшелері мүдделі болуы үшін, тексеру үдерісін демократизациялау қажет:

  • тәрбиеші қызметіне өзін-өзі бақылауды және өзін-өзі түзетуді жүргізу;
  • жаңа нысандардың: білімнің, икемнің, дағдының; диагностаудың, реттеудің, түзетудің енгізілуіне байланысты көмек көрсету мақсатында диагностикалық негіздегі әкімшілік бақылау;
  • ұжымдық бақылау және барлық деңгейдегі қызметті түзету.

Басқару ісін демократизациялаудың негізгі шарты жариялылық, бірінші кезекте – бақылау жариялылығы.

Осылайша, бақылау ол тұрақты, жүйелі, әсерлі және жария болған кезде ғана тиімді болады.

Басшының алдында тағы бір күрделі міндет тұрады: өз қызметкерлерінің қателіктерін көрсету, бұл ретте оларда реніш, өкініш сезімдерін, «өш алу» ниеттерін тудырмау.

Бұл арада белгілі америкалық психолог Дейл Карнегидің кеңестеріне құлақ асқан дұрыс. Ол өзінің «Достарды қалай табуға және адамдарға қалай әсер етуге болады» атты кітабында 9 қағиданы көрсетеді, оларды сақтау адамдарға тіл тигізбей және олардың ренішін тудырмай әсер ете білуге мүмкіндік береді. Егер МДҰ басшысы осы қағидалардың кейбірін ұстанар болса, бұл ұжымда қолайлы моральдық ахуал құруға көмектеседі.

Бақылауды жүзеге асыру бойынша қызметтерді бөлу

Лауазымы

Қызмет (бақылау) түрі

Директор

Әкімшілік топ жұмысы.

Еңбек заңнамасына сәйкес, еңбек тәртібі ережелерін орындау, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау нормаларын сақтау.

Жоғары тұрған ұйымдардың нұсқаулық-әдістемелік құжаттарының, инспекторлық жүргізетін тұлғалардың ұсынымдарының орындалуын тексеру.

Балалардың білім алуының, икемдері мен дағдыларының сапасын бақылау.

Педагогикалық кеңестің шешімдерін орындау.

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Қаржылық-шаруашылық қызмет.

Тәрбиешілер жұмысын іріктеме бақылау

Әдіскер

Барлық жас топтарындағы оқу-тәрбие жұмысының жай-күйі.

Білім беру бағдарламаларын орындау, педагогикалық жаңа технологияларды енгізу.

Тәрбиешілердің, педагог-мамандардың құжаттамасы.

Балалар жұмысының болуы және сақталуы.

Біліктілігін арттыру бойынша педагогтар жұмысы.

Педагогтардың ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау нормаларын орындауы

Шаруашылық меңгерушісі

Қызмет көрсетуші персоналдың жұмысы, олардың ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау нормаларын орындауы.

Түрлі жас топтарындағы жиһаздың, жабдықтардың, оқу құралдарының сақталуы.

МДҰ аумағының жағдайы, барлық бөлмелердің техникалық жай-күйі (2, 3-қосымшалар)

Медицина қызметкері

Ас үй блогының жұмысы, балалардың тамақтануы, сауықтыру жұмыстарын жүргізу (4, 5-қосымшалар).

МДҰ-дағы барлық бөлмелердің санитариялық жай-күйі, СанЕжН талаптарын орындау

Әкімшіліктің барлық мүшелері балаларды дамытудың материалдық-техникалық және медициналық-әлеуметтік жағдайларына бағалау жүргізеді (6-қосымша).

Директорға әкімшіліктің мүшелері арқылы МДҰ-дағы жұмысты жалпы алғанда барлық: қаржылық-шаруашылық, педагогикалық, медициналық бағыттары бойынша еңбек ұжымына әсер ету мүмкіндігі беріледі.

Осылайша, бақылауды ұйымдастыра, оның сан алуан түрлерін, нысандары мен әдістерін қолдана, әкімшіліктің құзыретін сауатты белгілей, оны жүргізу барысында қателіктерге жол бермей, оның қорытындысын шығару және талқылау кезінде кейбір этикалық ережелерді ұстана отырып, басшы қызметкерлер бойында МДҰ-ның тиімді қызметінің қажетті талаптары ретінде бақылауға деген іскерлік қарым-қатынасты қалыптастыра алады.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться