text
MCFR.KZ Образование

Балалармен дербес жұмыс жүргізу

  • 25 октября 2018
  • 383
Автор журнала «Методист организации образования», методист ГККП «Детский сад № 16 Акима г. Текели», Алматинская область
Балалармен дербес жұмыс жүргізу
Балалармен дербес жұмыс жүргізу

Баланың дербес ерекшеліктері олардың дағдылар мен икемдерді меңгеруіне, қоршаған ортаға қарым-қатынасына әсер етеді.

Күнделікті өмірде баланы бақылау кезінде, оның мінез-құлқы мен іс-қимылдарын талдау, ата-аналармен сұхбат жүргізу тәрбиешіге міндеттерді, әдістерді, дербес жұмысының мазмұнын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сырқатына немесе басқа себептерге: жұмыс істеу қабілетінің төмендігіне, ұялшақтығына, шабандығына, тежелуі мен педагогикалық салғырттыққа байланысты балабақшаға тұрақты келмейтін балалар басты назар аударуды қажет етеді. Дербес жұмысты жоспарлай отырып, педагог баланың жеке ерекшеліктерін ескеруі, онымен жұмысты таңертең де, кешке де, сондай ақ серуен кезінде де жүргізуі тиіс.

Білімінде олқылығы бар балалармен сабақты көбінесе ойын түрінде ұйымдастыру ұсынылады.

Күннің бірінші жартысында тәрбиешілер балалармен дербес жұмыс жүргізулері тиіс. Мысалы, тіл кемшіліктерін түзетуді қажет ететін немесе физикалық дамуында артта қалушылығы бар, аз қимылдайтын және тұйық балалармен, оларға ересектер және қатарластармен араласуды талап ететін түрлі тапсырмалар бере отырып, арнайы ойындар ұйымдастыру және жаттығулар өткізу керек.

Білуге құштарлығы жеткіліксіз балаларға қызықты бақылаулар (мысалы, атжалман қалай қоректенетінін, қысқы ертеңгіліктің әсемдігін тамашалауға учаскеге ұшып келген сары шымшықтарды қарау және т. б.) тапсырылады.

Күннің екінші жартысында балаларға қимылды дамытуға, сурет салуға, нақыштауға, құрастыруға, тіл ақаулығын түзетуге арналған дербес тапсырмалар беріледі.

Серуен кезінде доппен ойнауды, нысанаға лақтыруды, тепе-теңдік сақтау жаттығуларын: томарлардан секіруді, ағаштардан аттап өтуді, төбешіктерден жүгіріп түсуді ұйымдастыруға болады. Осылармен қатар, баланың тілін дамыту бойынша жұмыстар: көңілді және шағын тақпақтарды жаттау, айтылуы қиын дыбыстарды және т. б. бекіту тиімді болып табылады. Тәрбиеші балалармен бірге музыка сабақтарын үйренген әндердің сөзі мен әуендерін еске түсіруі мүмкін.

★ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР ★

Балалардың пайымдау тілін дамыту

Балалармен дербес жұмыс жүргізу

Л. В. Подобинская

педагогика магистрі, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы
Байланыстырып сөйлеуді дамыту – баланың толыққанды дамуының маңызды шарты. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселесімен мына ғалымдар айналысты: Л. С. Выготский, К. Д. Ушинский, Е. И. Тихеева, О. С. Ушакова, Е. А. Флерина. Олар балаларға әңгімелеуді үйрету қажеттілігін атап өтіп, монологтық сөйлеуді үйрету нысандары мен әдістерін ұсынды. Қазіргі заманғы мектепке дейінгі педагогика да осы мәселені балаларды оқытудағы басты мәселелер қатарына жатқызады. Педагогикалық және әдістемелік әдебиетте мектеп жасына дейінгі балаларға монологтық сөйлеуді үйретудің негізгі бағыттары, мазмұны мен әдістері толық сипатталған.

Кіші топтағы:

  • тәрбиешінің мысалы мен үлгісі бойынша;
  • педагогпен өзара әрекеттесу арқылы;
  • құрдастарының үлгісі бойынша;
  • құрбыларының көмегін қолдана отырып;
  • кіші мамандардың ұсынымдары бойынша дербес оқыту тәсілдері.

Бұл жағдайда, жұмыстың дербес түрі неғұрлым қолайлырақ болып табылады, кейде оны балалардың шағын тобымен өткізуге болады.

Дербес жұмыстың сапасы педагогтың балаларды «көре» білу икеміне байланысты. Баланың сабақ үстіндегі эмоциялық жай-күйі маңызды. Сабақтың психологиялық және эмоциялық барысы педагогқа байланысты. Соның нәтижесінде баланың оқуға деген ниеті пайда болатын жымию, мақұлдау, баланы үйретуге деген ересектердің шынайы мүдделілігі жақсы көңіл-күйге бейімдейді. Балалармен айналысу кезінде, эстетикалық және танымдық құндылықтардан басқа қажетті атмосфера құратын, шиеленісті болдырмайтын және сабақ уақытын неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін тақпақтар оқуды, жұмбақтар жасыруды, драмалау элементтерін қолдануды ұсынамын.

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться