Еңбек қатынастары – бұл қызметкер мен жұмыс беруші арасында ҚР еңбек заңнамасымен, еңбек және ұжымдық шарттармен қарастырылған құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін туындайтын қатынастар.
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 3-б. сәйкес:
- ҚР еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады;
- міндеттері – еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсуге қол жеткізуге, өндіріс тиімділігі мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау .
Жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару ҚР ЕК-мен реттелетін еңбек қатынастарының объектісі болып табылады.
Оқыңыз, қызықты:
- Педагогикалық лауазымға қызметкерді іріктеу
- Жұмыскерлердің әкімшілік жауапкершілігі
- Кадрларды іріктеу және таңдау – қызметкерлерді басқару функциясы
- Қызметкерлерді іріктеу бойынша бағалау рәсімдері мен шараларының жүйелері
- Жұмысқа кешіккені үшін жауапкершілікке тарту
- Дербес деректермен жұмыс
- Туыстардың бір балабақшада жұмыс істеуіне жол беріле ме?
- Жанжалды басқару – балабақша персоналын басқару функциясы
- Еңбек шартын жасамастан жұмысқа жіберу
- Жұмыскердің бастамасымен мерзімі өткен соң еңбек шартын бұзу тәртібі
- Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу тәртібі
- Жеке еңбек дауын қарау тәртібі
- Ұжымдық шарт
- Қабылдау және еңбек шартын жасасу тәртібі
- Еңбек саласында кемсітушілікке жол беру
- Сыйлықақы беру тәртібі
Жұмыстан шығару тәртібі
Біздің еліміздің қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шығару тәртібін қарастырайық. ҚР ЕК-нің нормалары кез келген меншік нысанындағы және кез келген ұүйымдастырушылық-құқықтық мәртебедегі субъектілердің қызметкерлері мен жұмыс берушілеріне таралады. Төменде сипатталған жұмыстан шығару тәртібі мемлекеттік мекемелерде, жекеменшік ұйымдарда, ЖШС-де, АҚ-да және т. с. с. қолданылады.
Жұмыстан шығару – бұл ең алдымен еңбек шартын (бұдан әрі – ЕШ) тоқтату. ҚР ЕК-нің 49-б. сәйкес ЕШ тоқтату негіздері
- тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;
- еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
- жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
- қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
- тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;
- қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;
- ҚР заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;
- еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы;
- жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады.
ЕШ бұзуды ресімдеу тәртібі – жұмыстан шығару оны бұзу негіздемесі де байланысты.
★ ТЕКСЕРУЛЕР ★
Балабақшаның білім беру қызметі сапасының ішкі мониторингі

Н. Д. Козарезова,
«Өрлеу БАҰО» АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, Петропавловск қ.ҚР ЕК-да белгіленген негіздер
- Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу
Қызметкерді осы бап бойынша жұмыстан шығаруды «өз еркімен жұмыстан шығару» деп атайды. Бұл тұжырымдама бұрындары қолданыста болған заңнамалық актіде болған.
Тараптардың келісімі бойынша ЕШ бұзу тәртібі ҚР ЕК-нің 50-б. барынша толық регламенттеледі:
- ЕШ тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
- ЕШ тараптардың келісімі бойынша бұзуға тілек білдіруші еңбек шартының бір тарапы екінші тарапына хабарлама жібереді. Хабарлама алған тарап 3 жұмыс күні ішінде екінші тарапқа қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
- Тараптардың келісімі бойынша ЕШ бұзылу күні қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісу бойынша айқындалады.
- ЕШ қызметкермен келісім бойынша, жұмыс берушінің қызметкерге бір жылғы орташа жалақысынан кем емес мөлшерде өтемақы төлей отырып, осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарды сақтамай-ақ еңбек шартын бұзу құқығы көзделеді.
Тараптардың келісімі бойынша жұмыстан шығару
Тараптар келісімі – еңбек құқық қатынастарын тоқтатуға бағытталған тараптардың бірлескен өз еркін білдіруі. Келісім бойынша белгілі мерзімге жасалған шартты (жедел ЕШ), сондай-ақ белгісіз мерзімге жасалған ЕШ бұзуға болады. Тараптар өзара келісімге келгенде ЕШ тоқтату күнін тараптардың өздері белгілейді. Жұмыстан шығару күні қызметкер мен жұмыс беруші арасында келісілуі тиіс. Қызметкердің қолымен расталған жазбаша келісімімен жұмыс берушінің жұмыстан шығару туралы бұйрығы осындай құжат болып табылады.
Хабарлама – қызметкердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініші не өзге тәсілмен (курьерлік почта, почта байланысы, факсимильді байланыс және электрондық почта арқылы) берілген өтініштер.
Тараптардың келісімі бойынша қызметкерді жұмыстан шығару қызметкердің өтінішінің немесе жұмыс берушінің хабарламасының негізінде жүзеге асырылады, ол міндетті түрде жазбаша түрде ресімделуі және қызметкерге қолын қойдырып немесе почтамен хабарламасы келетін тапсырыс хат арқылы табысталуы тиіс. Жұмыс берушінің қызметкерді оның қолымен расталған келісімі бойынша жұмыстан шығару туралы бұйрығы осы негізде ЕШ бұзуды ресімдеуді растайтын құжат болып табылады.
Бұйрықтың бірінші данасында (қол қойылған түпнұсқада) қызметкер өз қолымен қолын қоюы және «Бұйрықпен келісемін» мәтінінің астына күнін қоюы тиіс немесе осы сөздерді өз қолымен жазуы керек.
Еңбек кітапшасында «ҚР ЕК-нің 50-б. бойынша – тараптардың келісімімен жұмыстан шығарылды» жазбасы жазылады.
Мақала қысқартылып жарияланған, толық нұсқасын
«Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналынан оқи аласыздар.