Справочник руководителя образовательного учреждения

Қосымша білім беру педагогы

8 октября 2019
51
Средний балл: 0 из 5
қосымша білім беру педагогы жоспары

Қосымша білім беру педагогы – бұл жоғары немесе орта арнаулы білімі бар мамандар. Білім беру ұйымындағы қосымша білім беру педагогы лауазымдық нұсқаулыққа сай қызметтерді атқарады.

Қосымша білім беру педагогы – Педагог дополнительного образования

Қосымша білім беру педагогы дегеніміз белгілі мамандық бойынша жоғары немесе орта арнайы білімі бар мамандар. Білім беру ұйымындағы қосымша білім беру педагогы қызметтері лауазымдық нұсқаулық бойынша бекітіледі.

Қосымша білім беру педагогы – бұл білім беру бағдарламасына енгізілмеген әртүрлі пәндер бойынша сабақ өткізетін маман. Оның негізгі міндеті – баланың қабілеттерін ашу, оларды шығармашылық және рухани тұрғыдан дамыту. 

Қосымша білім беру педагогы қызметіне мынадай талаптар қойылады:

  1. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға барынша жайлы орта құру;

  2. Нақты нәтижеге ие нақты істерді ұйымдастыру;

  3. Оқушыларды белсенді сабақтан тыс қызметке тарту;

  4. Білім алушыларға дербес ұйымдастырушылық қабілеттерін танытуға көмектесу.

Мұндай мамандар сотталмаған болуы тиіс. Олар өздерінің сотталмағанын растау үшін сотталмағаны туралы анықтама өткізеді. 

 


 Қосымша білім беру педагогы негізінен азаматтық қызметшілер санатына жатқызылған. Ұйым директоры қосымша білім беру педагогын қызметке тағайындау мен жұмыстан босатуды тиісті бұйрықпен жүзеге асырады. 

Мынадай талаптарға сай мамандар қосымша білім беру лауазымына  қабылданады:

  • педагогикалық бейін бойынша орта кәсіптік білім алған немесе балалар бірлестігінің бағытына сай болады, ал жұмыс өтіліне ешқандай талаптар жоқ;

  • жоғары педагогикалық білімі балалар бірлестігінің бағытына сәйкес болса, ал жұмыс өтіліне ешқандай талаптар қойылмайды.

Қосымша білім беру педагогы жұмыс жүктемесі 36 сағаттық жұмыс аптасын құрайды. Сондай-ақ ол директор бекіткен сабақ кестесіне, бөліп берілген оқу жүктемесі бойынша жұмыс істейді. 

Қосымша білім беру педагогы жоспары – План педагога дополнительного образования

    Қосымша білу беру педагогы жоспары бірнеше ауқымды мәселелерді қамтуға тиіс. Қосымша білім беру педагогы жоспары бойынша өз қызметінде:

  • ұйым жарғысын;

  • осы лауазымдық нұсқаулықты;

  • ішкі еңбек тәртіптемесі ережесін;

  • ұжымдық шартты;

  • қосымша білім беру бағдарламасы мен оқу жоспарын;

  • білім беру саласында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерді білім беру жүйесінде әрекет ететін норативті-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, жұмыс істеуге тиіс.

 Жалпы қосымша білім беру педагогы тікелей бөлім меңгерушісіне бағынышты және оны әдіскермен бірлесе отырып үйлестіреді.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


 

 Қосымша білім беру педагогы жоспары бойынша оның міндетіне балалар бірлестігіндегі оқу процесін ұйымдастыру міндетін атқаруға тиіс. 

Қосымша білім беру педагогы қызметі бала тұлғасын дамытуға, білім алушылардың бейресми қатынасқа деген сұраныстарын толық қанағаттандыруға бағытталғандықтан, ол өз ісінің кәсіпқой маманы болуға тиіс. Оқу орындарында «сабақтан тыс оқыту педагогы» деген мамандық жоқ. Жоғары білімді классикалық жоғары оқу орнының кез келген факультетінде алуға болады. Негізінен қосымша білім беру педагогы – бұл дипломында «бастауыш сынып мұғалімі», «дене шынықтыру мұғалімі» және т. б. мамандығы көрсетілген диплом алған педагогтар. Жұмыстың ерекшелігіне қарамастан классикалық оқу процесіне ұқсас тұстары өте көп. Мысалы, тәрбие жұмысына инновациялық әдістемелерді енгізу. 

Қосымша білім беру педагогы
Л. Ю. СъединаЖоғары санатты қосымша білім беру педагогы, Алматы қ.
Бұл мақалада бағыттар бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу және түрлі ведомстволар мен құрылымдар үшін есептер құрастыру бойынша практикалық жұмыста қолданылатын механизмдер мен индикаторлар ұсынылған. Таңдалған тақырыптың өзектілігі әр іс шара үшін есептіліктің білім беру ұйымын басқару құралын және сонымен бірге ұйымның тәрбие қызметі туралы ақпаратты жалпылау және ұсыну әдісін білдіретіндігіне негізделген. Қосымша білім беру ұйымы – бұл балаларға арналған заманауи және көпфункционалды ұйым және өңірдегі (облыс, қала) бірыңғай білім беру кеңістігінің ажырамас бөлігі; әртүрлі қызмет бағыттары бойынша тәрбиелеу бағдарламалары мен ұйымдық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушы әрі үйлестіруші. Ұлтжандылықты, азаматтықты, интерұлтшылдықты, жоғары әдеп пен адамгершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған тәрбиелеу бағдарламаларын іске асыру үшін «Білім туралы» ҚР Заңының негізінде (бұдан әрі – Заң) қосымша білім беру жүйесінде қосымша білім беру (бұдан әрі – ҚББ) педагогтары мен қызметкерлері түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізеді және балалар мен жасөспірімдерді, педагогтар мен ата-аналарды, қоғам мен мүдделі тараптарды түрлі деңгейде қамтиды.

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться