Справочник руководителя образовательного учреждения

Мектептің даму жоспары – білім беру жүйесінің басты бағдары

  • 9 сентября 2019
  • 29
  • Средний балл: 0 из 5
Мектептің даму жоспары – білім беру жүйесінің басты бағдары
Мектептің даму жоспары – білім беру жүйесінің басты бағдары

білім беру жүйесінің мақсаты мен бағдарын айқындайды. Технология қарқынды дамыған XXI ғасырда мектептің бала оқытудағы миссиясы қандай болмақ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деп көрсетілген. Талапқа сай білім беру мекемелерінің бәрі оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстарына көшті. Ендігі мақсат - мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру арқылы оқушылардың заман талабына сай сапалы білім алуына қол жеткізу. 

Мектеп жұмысының бағыт-бағдары, стратегиялары, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселелері мектептің даму жоспарында қарастырылады. 

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

Білім беру үдерісінің сапасын бақылау

Мектептің даму жоспары – білім беру жүйесінің басты бағдары
Г. Т. Дандыбаева «Қостанай қ. әкімдігі білім бөлімінің № 2 мектеп-лицейі» ММ директоры
Мектептің даму жоспары – білім беру жүйесінің басты бағдары
Г. В. Сочнева Директордың ОІ жөніндегі орынбасары
Мектепішілік сапа қызметінің (бұдан әрі – МІСҚ) жұмысы оқудың барлық сатысында білім беру процесінің сапасы туралы нақты объективті ақпаратты қамтамасыз етуді және басқарушылық ақпараттық ағымдарды реттеуді көздейді.
Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған МІСҚ басқарушылық, ашықтық және ынтымақтастық қағидаттарының негізінде әрекет етеді.
Басқарушылық қағидаты білім сапасын қамтамасыз ету үшін МІСҚ барлық компоненттерін: мақсаттарын, мазмұнын, нысандарын, нәтижесін жобалауды білдіреді.
Ашықтық қағидаты мектеп қоғамдастығының мектебіміздің білім беру стратегиясын мектеп сайты, Күнделік, ата-аналар қоғамдастығымен кездесулер арқылы іске асыру барысы туралы хабардарлығымен қамтамасыз етіледі.
Ынтымақтастық қағидаты оқушылар мен ата-аналар қоғамын білім беру қызметін бағалауға тарту арқылы іске асырылады.

Мектептің даму жоспарының міндеттері қандай? 

  • Балаларды қолжетімді сапалы біліммен қамтамасыз ету. Дарынды оқушылармен жұмысты істеу және инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру; 

  • Оқушылардың әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерінің қамтамасыз етілуі;

  • Деңгейлік жаңашыл курстардағы қолданылатын технологияларды оқу үрдісіне сатылай енгізілуіне жағдай жасау;

  • «Үш тілде білім беру» саясаты аясында сабақты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізетін білікті мамандар санын арттыру;

  • Кабинеттерді көрнекі құралдармен толықтыру, жаңашыл пернетақталармен, компьютерлермен жабдықтау; 

  • Ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату;

  • Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету. 

Іс-тәжірибе көрсеткендей, біршама мектептердің жұмысына ата-аналармен байланыстың әлсіздігі, оқушылардың үлгерімін жеткіліксіз бақылау, балаларға әлеуметтік және психологиялық көмектің көрсетілмеуі, ұстаздар жағдайының жасалмауы кері әсер етеді. Сондықтан мектептің перспективалық жоспары жұмыстың барлық аса маңызды элементтерін қамтуға мүмкіндік береді. 

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Мектептің даму жоспарының үлгісі

  1. Мектеп туралы ақпараттық анықтама.

Ақпараттың жеңіл қабылдануы үшін мысал ретінде №42 жалпы білім беретін мектептің даму жоспарымен таныстырамыз! (Назар аударыңыз, мектеп туралы деректер ойдан құрап шығарылған!)

«№42 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық-мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Жәңгірхан көшесі №2а/2 телефон: 2801534. Мектеп 1969 жылы пайдалануға берілген, 2 ауысымда жұмыс істейді.

  • Мектептегі оқушы саны – 785

  • Сынып жиынтығы: 33 (бастауыш 12)

2017-2018 жылы мектепте аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 40 бала оқиды, олар 100 пайыз бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. 

Мекеменің материалдық-техникалық базасы жақсы жабдықталған. Оқушыларға оқуға, демалуға, психологиялық кеңес алуға барлық жағдай жасалып отыр. Мектеп кешенінде оқу кабинеттері, кітапхана, оқу залы, емдеу бөлмесі, спорт зал және қосымша үйірмелер бар. Мекеме интернетке қосылған. Мектепте интерактивті әмбебап тақтамен жабдықталған 17 кабинет пен 4 мультимедиялық кабинет жұмыс жасауда. 

  1. Миссиясы

№ 42 жалпы білім беретін мектептің миссиясы: оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау. 

  1.  Мектептің қысқа мерзімді дамуының жоспары (2017-2018 жыл)

№ п/п

Бағыттары

Міндеттері

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

1

Басқару нысанындағы өзгерістер

Инновациялық оқыту-тәрбие үдерісін қалыптастыру

 

Инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру

Мектептің даму жоспарын мұғалімдер мен ата-аналарға таныстыру, олардың ұсыныстарын тыңдау

2017 жыл, тамыз

 

Директор

 

Мектеп әкімшілігі

2

Оқу бағдарламаларының орындалу сапасын жетілдіру

Оқу үрдісінде жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану

 

 

Ұстаздарды жаңа педагогикалық әдебиеттермен таныстыру, әдістемелік бұрыш, стендтер, арнайы хабарламалар мен талқылаулар нысандарын құру

 

 

Қысқа және орта мерзімді жоспарлауды барлық мұғалімдердің тәжірибесіне енгізу

 

Жеті модуль бойынша оқытуға көшу

 

 

 

 

Жыл бойы

Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары

 

3

Оқыту үрдісін ұйымдастырудағы өзгерістер

 

Назардан тыс қалған оқушыларды сабаққа қатыстыру

 

Сабақ құрылымына оқушылардың белсенділігін арттыратын тапсырмаларды енгізу

 

 

Дарынды балалармен жұмыс

Тәрбиесі нашар, оқуға құштарлығы жоқ оқушылардың қызығушылығын ояту туралы педагогикалық-психологиялық консилиум өткізу

 

Оқушылар арасында сайыс, тренинг, ойындар, ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

Жыл бойы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары

 

 

Пән мұғалімдері

 

Сынып жетекшілер

 

Ата-аналар

 

Психолог

4

Сабақтан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың сапасын арттыру

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жан-жақты талдау,сараптау,оқу үрдісіне енгізілуіне мүмкіндік жасау

 

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

бойынша теориялық семинар өткізу

 

Өзіндік басқарма органдарын құру, мектептік әдістемелік бірлестіктерге педагогикалық көмек көрсету, ғылыми қоғамдастықтарды, пән үйірмелерін ұйымдастыру

 

Қаңтар

2018 ж.

 

 

 

 

 

Жыл бойы

Директор

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

5

Мұғалімдердің біліктіліктерін арттыруға бағытталған жұмыстар

 

Жас мамандарға жаңа әдіс тәсілдерді тиімді пайдалануға бағыт бағдар беру

 

Педагогтарды біліктілікті арттыру курстарына, семинарларға қатыстыру

 

Деңгейлік  бағдарлама бойынша коучингтер өткізу

 

Мұғалімдер мен оқушылардың  арасында білім беру сапасы жайлы сауалнама өткізу

 

Жыл бойы

 

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

7

Материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі өзгерістер 

 

Кабинеттерді көрнекіліктермен, компьютерлермен жабдықтау, кітаптарды, спорттық керек-жарақтарды, шаруашылық материалдарды, мектеп жиһазын сатып алу

1.Технология кабинеттерін жабдықтандыру

 

2. Мультимедия кабинеттерін көбейту

 

3. Спорт залдың жағдайын жасау

Жыл бойы

 

директор

 

 

 

 

 

8

«e- learning» электрондық оқыту жүйесін құру

 

Оқу үрдісін автоматтандыру

 

Электрондық жоспарлау

Бірыңғай жетілдірілген электрондық оқулықты пайдалануды жүзеге асыру

Жыл бойы

Директордың инновация жөніндегі орынбасары

  1. Күтілетін нәтиже 

Мектептің даму жоспарынан күтілетін нәтиже: оқушыларды қолжетімді сапалы біліммен қамтамасыз ету, олардың жан-жақты дамуына, құқықтарының сақталуына жағдай жасау және білім жүйесіне жаңашыл технологиялардың енгізу.

 


logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться