Справочник руководителя образовательного учреждения

Балабақшадағы музыка сабағының жоспары

  • 9 сентября 2019
  • 27
  • Средний балл: 0 из 5
Балабақшадағы музыка сабағының жоспары
Балабақшадағы музыка сабағының жоспары

Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру балабақша қабырғасынан басталады. Ұстаздар оқу процессінде қандай принциптерді ұстанады және қандай әдістерге жүгінетінін мақаладан біле аласыз.

Музыка әлеміне саяхат. Балабақшадағы музыка сабағы қалай өтеді?

Адамның музыка әлемімен танысуы, оны сезінуі және эстетикалық талғамының қалыптасуы сәби кезінен басталады. Балабақшада өтетін музыка сабақтарына қатысып,  

бала әуенді тыңдауға, оны түсінуге, есте сақтауға үйренеді. Мұғалім тәрбиеленушілердің бәрін ән айтуға үйретуге міндетті емес, бастысы – олардың музыка жайлы қарапайым түсініктері мен эстетикалық талғамын қалыптастыру. 

 


Тәрбиешілерге қойылатын талаптар: 

  • Балаларға әуенді тыңдау, оны қабылдай білу және орындауды үйрету; 

  • Музыканың  өмірмен байланысты екенін түсіндіру, әнге деген қызығушылықтарын  ояту; 

  • Тәрбиеленушілердің ең қарапайым  музыкалық қабілеттерін (сезімталдық, есту  қабілеті, ырғақты сезіну, есте сақтау) дамыту. 

Балабақшадағы музыка сабағы 

Балабақшадағы музыка сабағы тәрбиеленушілердің  жас ерекшелігіне, педагогика - психология  заңдылығына сүйене отырып жүргізіледі. Балалар сабақта 2 - 3  қысқаша әндер үйреніп, оның мазмұнына байланысты би орындайды,  музыкалық ойындар ойнайды. 

Балабақша тәрбиеленушісі - ойын  баласы. Оны әлі де ертегі, мультфильмдер, аңыздар мен ойындар қызықтырады. Сондықтан  сабақтың құрылысы әңгіме айтудан, сұрақ – жауап арқылы әуенді ажыратудан, ән үйренуден, музыка тыңдаудан тұруы керек. Музыкалық материалдар балалардың қызығушылықтарына сәйкес таңдалып отырады. 

Мектеп жасына дейінгі балалармен «Қарлығаш», «Ұйқыдағы  ару», «Бауырсақ» ертегiлерін, Бесік жырын, «Қара жорға» күйін тыңдауға, әр халықтың ұлттық аспаптарында (домбыра, қобыз, сыбызғы, балалайка) ойнауға болады. 

Ғалымдар мен педагогтардың арасында бәрі ұстанатын музыка сабағын өту жүйесі мен нақты жоспары жоқ. Мысалға, орыс педагогы В.Н.Шацкая әуелі бүлдіршіндердің пәнге деген қызығушылығын ояту керек, ол үшін сабақты белгілі бір кестемен өткізу қажет емес деп санаған. Ал Н.Н.Доломанова, керісінше, балабақшадағы музыка сабағының жоспарлануына көңіл бөлген. Сабақ жоспарын әзірлеуде тәрбиешілер жоғарыда аталған талаптарға сүйенеді. 

Балабақшадағы музыка сабағы жоспарының үлгісі

Өткізу күні: 26.11.2019

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі

Мақсаты: Балаларды музыка ырғағын сезінуге, әннің сүйемелдеуімен ертегі кейіпкерлерін сомдауға үйрету. 

Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ән айту. 

Көрнекілік: Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлердің суреттері.

(Алтын Маханбетова мен Айғаным Қазбекқызының орындауындағы «Бауырсақ» әні орындалуда)

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеленушілермен амандасу. Балалардың зейінін сабаққа аудару.

  1. Сабақ барысы 

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, менің қолымда не бар екен?! Бұл - ертегілер сандығы. Қане, ашып көрейік. Ішінде не бар? Қараңдар, сандықта кітап жатыр! О, бұл ертегі ғой! Қане, қалай аталатынын кім біледі?

Балалар: Бауырсақ!

Тәрбиеші: Дұрыс! Ертегі кейіпкерлерін танисыңдар ма? Еске түсіріп көрейікші.  

Балалар: аю, түлкі, бауырсық, ата мен әже... 

Тәрбиеші «Бауырсақ» ертегісін сахналауды ұсынады. Балалардың қалауы бойынша кейіпкерлер таңдалынады. Бүлдіршіндер музыканы тыңдап, әр кейіпкерді көрсетуге тырысады, әр аңға тән жүрісті салады, олардың кимылын көрсетеді. 

Тәрбиеші: Баяғыда кемпір мен шал болыпты. Бірде шал кемпірінен бауырсақ пісіріп беруін сұрапты. Әже қамыр илеп, бауырсақты пісіріп, оны терезе алдына қояды. Жата-жата шаршаған бауырсақ терезеден домалап түсіп, қаша жөнеледі (Кейіпкерлердің іс-әрекеттері музыкамен сүйемелденеді). 

Қоян (әуенге салып): Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ (әндете): Мен атамнан қаштым,

Апамнан да қаштым!

Ал сенен қашу, қоян,

Қиын емес!

(Бауырсақ қашып кетеді).

Тәрбиеші: Балалар, бауырсақ қояннан қашып кетті ғой. Қане, бәріміз қоянның көңілін көтеру үшін ән айтып көрейік! 

(Балалар ертегі желісі бойынша бауырсақтың қояннан да, қасқырдан да, аюдан да қашып, ақыры түлкінің жемі болатынын сомдап шығады. Көрініс барысында қапаланған жануарлардың көңіл-күйлерін көтеру үшін балалар ән айтып, би билейді). 

Күтілетін нәтиже: Тәрбиеленушілерді көңілді әнді әсерлі етіп айтуға, музыканы сезіне білуге, ән сөздерін жаттауға үйрету. 

Жалғасын  "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться