text
MCFR.KZ Образование

Директор сабаққа қатысады

  • 7 августа 2018
  • 745
Автор журнала «Справочник руководителя образовательного учреждения», директор КГУ «Школа-гимназия № 23», г. Кызылорда
Директор сабаққа қатысады
Директор сабаққа қатысады

Кеңестер мен ұсыныстар мұғалімнің әдістемелік дағдыларымен қатар оның тұлғасының белгілі қасиеттеріне қатысты болуы мүмкін, бұл тексерушіден ерекше әдепті талап етеді. Олар нақты, құрылымдық, бақыланушы болуы тиіс.

Басшыларды сабаққа қатысуға дайындау

Дайындықтың негізгі элементтері

  • Негізгі анықтамалар мен ұғымдарды қайталау.
  • Сабақтар типологиясын және оқу әдістерінің классификациясын қайталау.
  • Тұлғалық бағдарланған оқыту технологиясын меңгеру.
  • Қатысу мақсатын тұжырымдау:
  • жалпы мектептегі білім беру үдерісін зерттеу;
  • мұғалімнің немесе жеке элементтердің жұмыс істеу жүйесін зерттеу;
  • оқушылардың оқу қызметін және олардың жекелеген тұстарын зерттеу;
  • бағдарламаның жеке тақырыптарын меңгеруді бақылау;
  • мектеп үшін маңызды дидактикалық және әдістемелік міндеттерді шешу сапасын бақылау;
  • инновациялық мектептерде – мұғалімнің эксперименттік қызметі барысын талдау.

Қатысудың таңдаулы мақсаттарына қарамастан мұғалімнің жетістіктерін және кемшіліктерін жай ғана баяндап қоймай, оған нақты көмек көрсету негізгі міндет болып табылады:

  • Оқу бағдарламасының сәйкес бөлімін және қолда бар мектеп оқулықтарының материалын қарау, сондай-ақ мұғалімге көмек үшін әдістемелік оқулықтарды да қарап шыққан дұрыс. Алдағы сабақты өз бетімен ойша үлгілеуге тырысу.
  • Өзіне мына сұраққа жауап беру: «Мен мұғалімді педагог ретінде сипаттайтын басты нәрселерді: біліктілік деңгейін, іске, балаларға, өзінің кәсіби өсуіне деген көзқарасын білемін бе?»
  • Егер жас мұғалімнің біліктілігі жеткіліксіз болса, сабаққа қатысардан бірнеше күн бұрын онымен алдын ала әңгімелесу, өзінің сабақтарды қадағалау бағдарламасын беру. Тақырыптық және сабақ жоспарларымен танысу, мұғалімнің алдағы сабаққа дайындық барысында қандай негізгі қиындықтарды сезінетінін анықтау, өзінің пікірін айту. Бұл ретте сабақ жоспары – мұғалімнің жеке құжаты екенін естен шығармаңыздар, және оған қатысты нұсқаулар мен бұйрықтар емес, керісінше ұсыныстар мен кеңестер беру керек. Мұғалім ескі тақырыптық-күнтізбелік жоспарға түзетулер енгізе отырып, оны өз қалауы бойынша қолдана алады.
  • Сабаққа қатысардан бұрын алдын ала әңгімелесуді тәжірибелі мұғаліммен бірге өткізген пайдалы, сонымен бірге оқушылардың оқу мүмкіндіктерін, уәждемелерінің ерекшеліктерін айқындап алу керек.
  • Мұғалімді сабақ өткізуде жіберілетін әдеттегі қателермен және өзіндік талдау сызбасымен таныстыру керек.
  • Сынып журналындағы жазбалар бойынша міндетті бақылау, іс-тәжірибелік, зертханалық жұмыстардың, экскурсиялардың орындалуын, үй тапсырмаларының мазмұнын және т. б. анықтау.
  • Осы мұғалімнің сабағына бұрындары қатысқан кездегі жазбалардың көмегімен қандай қорытынды жасалып, қандай кеңестер, ұсыныстар жасалғанын еске түсіру.
  • Кейбір жағдайларда сабаққа сабақты барынша білікті талдайтын, оны мазмұны, жұмыс әдістері, нәтижелілігі бойынша бағалай алатын әдістемелік бірлестік жетекшісін, осы пән бойынша тәжірибелі маманды шақыру қажеттігін шешу керек. Бұл ретте қос мұғалімге сұрақтар қою арқылы өз пікіріңізді білдіресіз.
  • Егер бір емес бірнеше сабаққа қатысу ұсынылса, онда өтілетін тақырыптың жалпы оқу курсы жүйесіндегі орны мен рөлін алдын ала айқындап алу керек.
  • Сабаққа қатысуға дайындалуда оқу нәтижелілігін айқындау формасын алдын ала анықтап, бақылау жұмысына сай мәтіндерді, тапсырмаларды, тесттерді, сыныппен тексеруші жаппай әңгімелесуге арналған сауалдаманы іріктеп алу керек және т. б.

Сабақ барысында қадағаланғандарды тіркеу нақты басшыға ыңғайлы формада жүргізіледі. Қадағалау барысында алынған материалды жақсырақ және жылдамырақ жүйелеп, талдауды оның мақсаттары мен міндеттерімен байланыстыру, оқыту заңдылықтары мен қағидаттарын, заманауи сабаққа қойылатын талаптарды толығырақ ескеру үшін сұрақтардың төменде келтірілген үлгілі тізімін қолданған орынды. Оларды таңдау және құрастыру сабаққа қатысудың нақты мақсаттарына байланысты.

Сіздің ойыңызша, жаңартылған бағдарламаның ескі бағдарламадан негізгі айырмашылығы неде және оның мақсаттары қандай?

Директор сабаққа қатысады

Отвечает Ш. Т. Каринова 

директор департамента дошкольного и среднего образования МОН РК
Бүгінде республикамызда Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептері (бұдан әрі – НЗМ) халықаралық стандарттар деңгейінде жұмыс істеуде. Олардың тәжірибесі сәтті әрі үздік білім беру тәжірибелері еліміздегі балалардың бәріне қолжетімді болу тұрғысынан маңызды.

Сабақтың мақсаты қалай шешіледі

  • Білім берушілік
  • Оқу бағдарламасының талаптарына сай келе ме?
  • Қалай қалыптастырылады (бақыланады, бекітіледі, жетілдіріледі):
  • негізгі ұғымдар, теоретикалық ережелер, заңдар, заңдылықтар, маңызды деректер, оқиғалар мен құбылыстар барысы туралы білімі;
  • арнайы, пәндік дағдылары мен машықтары;
  • жалпы оқу дағдылары мен машықтары?
  • Оқушылардың біліміндегі, дағдылары мен машықтарындағы кемшіліктердің алдын алу және жою қалай жүзеге асырылады?
  • Сабақтың білім беру мүмкіндіктері қаншалықты толық қолданылады?
  • Дамытушы
  • Сабақтың
  • оқушылардың зияткерлік саласын (зейінін, қабылдауын, жадысын, ойын, қиялын), тілін дамытуға;
  • эмоционалды саласын дамытуға;
  • ерікті саласын дамытуға арналған мүмкіндіктері қалай қолданылады.
  • Мұғалім сыныптың және оқушылардың жекелеген топтарының ерекшеліктерін дұрыс ескерді ме?
  • Тәрбиелеуші
  • Оқу материалының тәрбиелік мүмкіндіктері қалай қолданылады?
  • Мұғалім оқу материалының мазмұнында берілген маңызды дүниетанымдық ойларды қаншалықты көрсетті және ашты?
  • Оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру мүмкіндіктері (оқыту әдістерінің, құралдарының, формаларының, шарттарының мүмкіндіктері) тәрбиелік мақсатта қалай қолданылады?
  • Сыныптағы қарым-қатынас қалай ұйымдастырылған? 
  • Сабақтың міндеттерін кешенді шешу
  • Мұғалім сабақтың мақсатын қаншалықты нақты көрсетті?
  • Сабақ барысында басты, басым міндеттері қаншалықты тиімді шешілді?

Оқу материалы мазмұнын іріктеу қалай жүзеге асырылады?

  • Материал бағдарламалық талаптар мен сабақтың міндеттеріне сәйкес келе ме?
  • Материалды меңгеру логикасы ұтымды ма?
  • Пәнішілік және пәнаралық байланыстар қолданылады ма?
  • Оқу материалының іріктелген мазмұнына ғылымилық, қолжетімділік, бірізділік, оқудың өмірмен байланысы, іс-тәжірибелік және кәсіптік-бағдарланған бағыты сәйкес келе ме?
  • Сабақта қосымша материал қолданылды ма?
  • Мұғалім сабақ мазмұнындағы басты, маңыздыларды іріктеп, осы басты нәрсеге оқушылардың назары мен қызметін аудара алды ма?

Оқыту әдістері мен құралдарын таңдау қалай жүзеге асырылады?

  • Мұғалім таңдаған үйлесулер ұтымды ма
  • оқытудың ауызша, көрнекілік және іс-тәжірибелік әдістері;
  • оқытудың репродуктивтік және мәселелі әдістері;
  • оқытудың индуктивтік және дедуктивтік әдістері.
  • Оқушылардың өзіндік жұмыстары мен мұғалімнің жетекшілігімен орындаған жұмыстарының мұғалім ұсынған арақатынасы қаншалықты орынды? 
  • Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыру әдістері мен бақылау әдістері қалай қолданылады?
  • Мұғалім ұсынған оқыту әдістері оқушылардың оқу қызметін белсендендіру мен ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ете ме?
  • Оқыту құралдары, техникалық құралдарды қоса ұтымды таңдалды ма?

 Оқыту формаларын таңдау қалай жүзеге асырылады?

  • Жаппай, топтық және жеке жұмыс түрлерінің мұғалім таңдаған үйлесімі ұтымды ма?
  • Оқушыларға сараланған тұрғыдан келу қажет пе, егер қажет болса, онда ол қалай жүзеге асырылады?
  • Оқушылардың оқу қызметінің ұжымдық сипаты қамтамасыз етіле ме?

Оқу қызметі мен сыныптағы қарым-қатынас қалай ұйымдастырылған

  • Оқушылардың еңбегін ұтымды ұйымдастыруға қажетті жағдайлардың барлығы жасалды ма (мұғалім жұмыс міндеттерін қаншалықты нақты қойды, оны орындау тәртібі, жұмысты бақылау мерзімдері мен түрлері туралы нұсқаулық қаншалықты сапалы өткізілді, оқушылар жұмысты орындауға қажетті құралдармен, материалдармен және т. б. қаншалықты қамтамасыз етілді)?
  • Оқу жұмысын бақылау қаншалықты тиімді (бақылау түрлерінің жан-жақтылығы, оның үздіксіз сипаты, бақылау мен өзіндік бақылаудың үйлесуі)?
  • Оқушылардың қызметі қалай бағаланады (сандық бағалаудың (бағаның) және сапалық, мазмұндық бағалаудың үйлесуі, бағалардың жиналуы, бағалаудың ынталандырушы, тәрбиелеуші және дамытушы сипаты)?
  • Қателермен жұмыс қалай жүзеге асырылады?
  • Мұғалімнің оқушылармен әрекеттестігі, олардың бір-бірімен араласуы қалай ұйымдастырылған?

Оқуға жайлы жағдайлар жасалды ма?

  • Оқу-материалдық
  • Сабақта оқу кабинетінің (шеберхананың, зертхананың, спортзалдың) мүмкіндіктері қалай қолданылды?
  • Кабинеттің (шеберхананың, зертхананың, спортзалдың) жабдықтарын барынша жетілдіру және (немесе) оны қолдануды жақсарту қажеттілігі бар ма?
  • Рухани-психологиялық
  • Сабақтың психологиялық атмосферасы оның міндеттерін шешуге жайлы ма?
  • Мұғалім тұлғасының, оның үлгісінің педагогикалық мүмкіндіктері қаншалықты толық қолданылады?
  • Сабақта мұғалім мен оқушылар қызметінің және іс-әрекетінің белгілі жоралары сақталады ма?
  • Гигиеналық
  • Сабақ бойы оқушылардың жұмысқа қабілеттілігі сақталады ма?
  • Мұғалім оқу үдерісін ұйымдастырғанда сабақтың сабақ кестесіндегі орны, апта күні, оқушылардың шаршау деңгейі ескеріле ме?
  • Сабақтағы тиімсіз жұмыстың салдарынан оқушылардың шаршауы, шамадан тыс оқуы байқала ма?
  • Эстетикалық
  • Сабақтағы жұмыс оқушыларға эстетикалық әсер ете ме (кабинетті безендіру, жабдықтау эстетикасының, мұғалімнің сыныппен әрекеттестігі үдерісінің, қарым-қатынас, сыртқы келбет эстетикасының көмегімен)? 
  • Уақыт факторы 
  • Сабақ уақыты ұтымды пайдаланылды ма?
  • Мұғалімнің және оқушылардың сабақтағы жұмыс қарқыны оңтайлы ма?
  • Үй тапсырмасы уақытылы берілді ме? 

Сабақтың оқыту жүйесіндегі орны қандай

  • Осы сабақтың тақырыпты, бөлімді, курсты меңгерудегі орны қаншалықты дұрыс анықталған?
  • Сабақ түрі дұрыс анықталды ма?

Мұғалім таңдаған сабақ құрылымы ұтымды ма?

  • Мұғалім бөлген сабақ кезеңдерімен келісуге бола ма?
  • Мұғалім белгілеген сабақ кезеңдерінің бірізділігі қаншалықты орынды?
  • Сабақта кезеңнен кезеңге көшу логикасы қандай?
  • Сабақтың әр кезеңі мен элементіне уақыт қаншалықты ұтымды бөлінді?

Сабақтың алға қойылған міндеттері қажетті деңгейде шешілді ме?

Оқушылардың шамадан тыс оқуының алдын алу іске асырылды ма?

Оқу уәжінің жоғары өнімділігі, оқушылардың сабақтағы жұмысқа ынтасы мен көңіл күйі, сабақта «өмір сүру» сапасы қамтамасыз етілді ме?

Қарастырылған қадағалау бағдарламасы жалғыз ықтимал бағдарлама емес. Сонымен бірге ол оқу компоненттерін, оның заңдылықтары мен қағидаттарын барынша қамтиды.

Мұғалімнің сабақты өзіндік талдауы мынадай сұрақтарға жауап береді:

  • Осы сабақтың негізгі ойы, жоспары қандай және ол неліктен осындай?
  • Сабақтың тақырыптағы, тараудағы, курстағы орны қандай?
  • Ол алдағы сабақтармен қалай байланыстырылған, олар неге сүйенеді?
  • Ол берілген тақырыптың келесі сұрақтарын, тақырыптарын, бағдарлама тарауларын зерттеу үшін қалай «жұмыс істейді», ол басқа оқу пәндерімен қалай байланыстырылған?
  • Сабаққа қойылатын бағдарламалық талаптар қалай ескерілді?
  • Оқыту формаларын, әдістерін және құралдарын таңдау барысында сабақ мазмұнының ерекшеліктері қалай ескерілді?
  • Неліктен дәл осы сабақ түрі таңдалды?
  • Сабаққа дайындық барысында оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді және неліктен?
  • Сабақта қандай міндеттер қойылды және шешілді және неліктен?
  • Неліктен сабақтың дәл осы құрылымы таңдалды?
  • Оқушылардың оқу қызметін басқару (ынталандыру, ұйымдастыру, бақылау, бағалау, қателермен жұмыс) қалай іске асырылды? Сабақта оқушыларға сараланған тұрғыдан келу қалай жүзеге асырылды?
  • Сабақты өткізуге қандай жағдайлар жасалды:
  • оқу-материалдық;
  • рухани-психологиялық;
  • гигиеналық;
  • эстетикалық;
  • уақытша (уақытты үнемдеу қалай жүзеге асырылды)?
  • Сабақ барысында жоспарға қатысты ауытқушылықтар (немесе жетілдірулер) болды ма? Егер болса, онда қандай? Неліктен оларға деген мұқтаждық туындады? Осы ауытқушылықтар мен жетілдірулер неге әкеліп соқты?
  • Сабақтың алға қойылған міндеттері қажетті деңгейде шешілді ме және оқушылардың шамадан тыс оқуы жойылды ма?
  • Өткізілген сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерінің себептері қандай?
  • Осы сабақта нені өзгертіп, нені басқаша жасау керек еді?
  • Сабақ нәтижелерінен болашаққа қандай қорытынды жасауға болады?
  • Жалпы сабаққа мұғалім қандай өзіндік баға береді?

Бұл алгоритм мұғалімнің сабаққа дайындығын өзіндік бағалауға арналған жаднама ретінде, мектептің әдістемелік қорын қалыптастыру мақсатында сабақтың әдістемелік әзірлемесін дайындау негізі ретінде қолданылады.

Басшының сабақты бағалауы, педагог жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауы

Өткізілген сабақты талдаудың аталған кезеңінде басшы

  • оның негізгі ойын және ойындағысын іске асыру үдерісін талдауы;
  • оқу қызметінің шыққан нақты нәтижелерін айқындауы тиіс.

Басшы әділ, педагогикалық әдепке ие болуы тиіс, мұғалім жұмысын жетілдіру бойынша құрылымдық ұсыныстар дайындауы қажет.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль