Справочник руководителя образовательного учреждения

Педагогқа үздіксіз кәсіптік білім беру: шарттары, жүйесі, қамтамасыз ету

  • 22 июля 2019
  • 19
  • Средний балл: 0 из 5
Педагогқа үздіксіз кәсіптік білім беру: шарттары, жүйесі, қамтамасыз ету
Педагогқа үздіксіз кәсіптік білім беру: шарттары, жүйесі, қамтамасыз ету

Педагогтарға үздіксіз білім беру кәсіпқойлықты, қоғамдық және әлеуметтік белсенділікті арттырады; мәдениетаралық диалогты тиімдірек етеді.

Қазіргі кезде қоғамдық өмірді интернационалдандыру процестері, ұлттық экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі, жұмыспен қамту саласындағы өзгерістер маман даярлау сапасына жаңа талаптар қояды. Қазіргі білім саласын жаңғырту ең алдымен мазмұнын сапалы тұрғыдан жаңартумен және оның дамушы мәдени ерекшелігін қамтамасыз етумен байланысты.

Педагогқа үздіксіз кәсіптік білім беру

Көптілді білім беру мақсатына көпұлтты және көпмәдениетті ортада белсенді және нәтижелі өмір сүруге қабілетті, өзге ұлт мәдениетін жетік түсінетін және құрметтейтін, әртүрлі ұлт өкілдерімен татулық пен келісімде өмір сүру дағдысына ие адамды қалыптастыру болып табылады.

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ, АТТЕСТАТТАУ

Педагогтың кәсіптік дамуы

Педагогқа үздіксіз кәсіптік білім беру: шарттары, жүйесі, қамтамасыз ету
С. Б. Наушина «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
Мектептің білім беру нәтижелеріне жету жұмысыныңбірнеше тәсілдерін бөліп көрсетуге болады:
  • Мектеп басшылығының, педагогикалық ұжымның және төмен білім беру нәтижелерін көрсеткен мұғалімдердің жұмысын сыртқы және мектепішілік бақылау;
  • Мектептің басқарушы кадрлары мен педагог қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру. Бұл тәсіл негізгі тәсілдердің біріне жатады, себебі мектептің жаңа білім беру нәтижелеріне жетуі педагогтардың кәсіби біліктілігімен тікелей байланысты.

Көптілді білім беру кеңістігін кеңейту әрі байыту мыналарға ықпал етеді

  • ұлттық сананың көрінісі ретінде мәдени ұстанымды анықтауға;
  • әлеуметтік сәйкестік пен адамның әлеуметтік маңызды таңдауына;
  • тұлғаның ұлттық және әлемдік мәдениетті меңгеруіне;
  • кез келген қызмет саласында шығармашылық кәсіпқойлық пен шеберлікті арттыруға;
  • нәтижелі мәдениетаралық қатынас үшін жалпы және тілдік мәдениетті жетілдіруге.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық процестерді ұйымдастыру үшін педагогтың біліктілігі, оның кәсіптік даярлығы, оның тұрақты және динамикалық түрде дамитын педагогикалық ортада өз қызметін жүзеге асыруға дайындығының маңызы зор. Жұмыс істеп жүрген педагогтардың дайындығын қалыптастыру мәселесі аса өзекті, себебі олар шет тілін меңгеру деңгейін уақытында көтеріп, өз пәнін шет тілінде оқыту әдістемесін меңгеруге тиіс.

Педагогқа үздіксіз кәсіптік білім беру шарттары

Информалды оқыту отбасындағы, жұмыс орнындағы, тұрғылықты жері бойынша және күнделікті өмірдегі оқу қызметін қамтиды және оның бағыты өз бетімен, отбасымен немесе әлеуметтік ортамен айқындалады».

Ересектерге екінші (үшінші) тілді оқытуды информалды оқыту тұрғысынан қарастыру мына мәселелер бойынша ақпарат алуға байланысты деп санайды: 

  • әлеуметтік-мәдени орта және тіл мәдениеті;
  • лингводидактика және тіл мәдениеті;
  • ересектерді оқыту әдістемесі және тіл мәдениеті;
  • коммуникативтік-ақпараттық технологиялар мен тіл мәдениеті.

Нақты оқу процесі іске асу үшін көптілді білім берудің бірқатар педагогикалық шарттарын ұстану керек:

  • екі (үш) меңгеретін тілдің әрекеттестігі негізін қалыптастыру;
  • білім алушыларды жүйелі әлеуметтік-мәдени дамытуды жүзеге асыру;
  • пәнаралық негізде шет тілін меңгеру бойынша оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу;
  • шынайы көпмәдениетті орта ретінде және мәдениетаралық араласудың нақты жағдайын үлгілеу құралы ретінде интернет-ресурстарды қолдану.

Анықталған әлеуметтік факторлар мен педагогикалық шарттар білім алушыларды әлеуметтік дамытуға бағытталған тілді оқытудың әдістемелік жүйесін үлгілеу міндеттерін айқындайды.

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС

Жеке білім беру бағдарламасы

Педагогқа үздіксіз кәсіптік білім беру: шарттары, жүйесі, қамтамасыз ету
С. Н. Турсынова «№ 26 мектеп-балабақша» КММ директоры, Петропавл қ.
Әрбір мұғалімнің өзінің кәсіби өсуіне арналған стратегияны құру мүмкіндігі мен құқығы бар. Мұндай стратегия «өмір бойы оқыту» немесе «үздіксіз білім беру» деп аталады. Үздіксіз білім беру қазіргі заманғы мектеп үшін басты ынталандырғышқа айналды.
Бүгінгі мектептің міндеті адамның өмір бойы қалған білімі мен дағдыларын қалыптастыру емес, ең алдымен алған білімін жүзеге асыру және өмір бойы жаңа білім алу қабілеттілігін қалыптастыру болып табылады. Демек, мұғалімдер өздерінің тиісті дағдыларына ие болуы керек.

Педагогтарға үздіксіз білім беру жүйесі

Бұл ретте тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін дамытатын оқу процесі бес қағидатқа негізделуге тиіс:

  • Оқыту мазмұны құндылықтарын әлеуметтік тұрғыдан дамытатын қағидат.
  • Білім алушылардың белсенді әлеуметтік әрекеттестігі ретінде тілді меңгеру процесін ұйымдастыру қағидаты.
  • Тіл құралдары арқылы әлеуметтік және тұлғалық маңызы бар мәселелерді шешуде білім алушылардың тәжірибесін арттыруға ықпал ететін тәсілдердің басымдығы қағидаты.
  • Тұлғаның құнды бағдарлары мен әлеуметтік маңызды қасиеттерін қалыптастыруда білім алушылардың дербестігі мен педагогикалық басқаруды үйлестіру қағидаты.
  • Әлеуметтік әрекеттестік шарттарының вариативтілігі қағидаты білім алушылардың тұлғалық даму факторы ретінде.

Педагогтарға үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету

    Аталған қағидаттарға сәйкес оқу мазмұны құрылымынан тілді меңгеру барысында білім алушыларды әлеуметтік дамытуға бағдарланған әдістемелік жүйенің кейбір компоненттерін белгілеуге болады.

     

    Толығырақ «Білім беру ұйымының әдіскері» журналының оқыңыздар

    logo
    Мы еще не знакомы?

           

            Давайте познакомимся!
            Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

    • Читают закрытые материалы
    • Первыми узнают последние новости
    • Пользуются всеми возможностями сервисов  

     

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль
    Я тут впервые
    ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
    ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
    Внимание!

    Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль
    Я тут впервые
    ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
    Зарегистрироваться