MCFR.KZ Образование

Көктем әуені сценарийі

  • 22 февраля 2019
  • 9
Көктем әуені
Көктем әуені

Балабақшаның ортаңғы тобы балаларына арналған музыка сабағы.

Мақсаты:

  • шулы музыкалық аспаптардың атауын бекіту (тайтұяқ, асатаяқ, даң, сылдырмақ); тембрлік естілімін, қиялын; бейнелі импровизацияларға қабілеттілігін дамыту;
  • музыкалық композициялар шығару машығын дамыту;
  • вокалдық, ойын және би дағдыларын жетілдіру.

 

Сөздік жұмыс: Тайтұяқ, асатаяқ.

Қостілді компонент: алтын күн – золотое солнце, көк аспан – голубое небо, самал жел – легкий ветерок, кішкентай емен – маленький дубок.

 

Балалар музыканың сүйемелдеуімен тәрбиешімен бірге залға кіреді, залдың ортасына шеңберге тоқтайды.

Музыка жетекшісі (бұдан әрі – МЖ). Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар. Сәлеметсіз бе!

МЖ. Бір-біріңмен сәлемдескен қандай керемет. Ал сендер өлеңдетіп сәлемдесуге болатынын білесіңдер ме? Ендеше қазір солай амандасайық. Біз бір-бірімізбен ғана емес, сонымен бірге «алтын күнмен» (білегін айқастырады), «көк аспанмен» (қолын жоғарыға көтереді), «самал желмен» (жоғары көтерген қолын шайқайды), «кішкене еменмен» (білегін екі жаққа қаратып, шынтағын біріктіреді), «таңмен» (оң қолымен оңға қарай ақырын ымдау), «күнмен» (сол қолымен солға қарай ымдау) амандасамыз, және даладағы тауықпен де амандаса алатынымызды елестетіп көріңдер (екі қолын қанат секілді сермейді). Сонымен, егер сендер дайын болсаңдар, онда мен бастайын, ал сендер міндетті түрде көмектесіңдер.

Көшелерден біз өткен ата көрсем,

Жақын кеп, сәлем берем ізетпен: «Ассалаумағалейкум! », – деп.

Сәлем, алтын күн! Алтын күн! (Балалар қайталайды.)

Сәлем, көк аспан! Көк аспан!

Сәлем, самал жел! Самал жел!

Сәлем, кішкентай емес! Кішкентай емен!

Сәлем, таң! Сәлем, күн!

Шаршамаймыз сәлемдесуден!

Балалар орындыққа отырады.

МЖ. Балалар, маған айтыңдаршы, музыканы қайдан естуге болады?

Балалар. Мультхикаялардан, кинодан, әндерден, билерден және т. б.

МЖ. Дұрыс. Сендер қалай ойлайсыңдар, табиғатта әуен бола ма?

Балалар. Болады, тек жақсылап құлақ салып тыңдау керек.

МЖ. Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Балалар, айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?

Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Жапырақ ашып,

Бәйшешектер басады,

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады?

Балалар. Көктемде.

МЖ. Балалар, мен сендерге көктем әуенімен танысуды ұсынамын. Көктемнің жылуынан табиғатқа жан бітті. Қар еріп, түрлі түсті мозаикаға ұқсас ойдым жерлер пайда болды. Әр бұрыштан көктемнің әуені естіліп тұрды.

Көгілдір бұлақта әуен бар …

Оны білетіндер тез атайды?

«Тамшы» дыбыстық әсері ойнайды. Балалар атауын табады.

 

«Шуақты тамшы» биі

(сөзі И. Вахрушеванікі, музыкасы С. Сосниндікі)

Скачать песню

МЖ. Көгілдір бұлаққа жақындаймыз,

Қандай әуен естілгенін атаймыз.

«Бұлақ сылдыры» дыбыстық әсері ойнайды.

МЖ. Анау жерде ағаш тұр.

Балаларға арналған жеделхат ілінген.

Бізге көктем келгені туралы жеделхат жіберіпті. Кім екенін табыңдаршы?

«Тоқылдақ» құстар әнінің жазбасы.

 

«Қай аспапта ойнағанымды тап»
музыкалық дидактикалық ойыны

 

Балалар естілім бойынша анықтап, шулы музыкалық аспаптарды атайды: тайтұяқ, асатаяқ, даң, сылдырмақ.

 Музыка жетекшісі жерде жатқан қарға балалардың назарын аударады (балалар қар жатқан жерге жақындайды), және аспаптардың көмегімен «Үйшік» ертегісін ойнауды ұсынады.

Балалар, қараңдаршы, мұнда үйшік тұр, оны қар басып қалыпты. Мұнда көктем әлі келмепті. Үйшіктің жанындағы омбы қарлар қандай! Қардың астында не жатқанын көрейік. Балалар, бұл үйшікте Аққала, Боранқызы Дауыл, қарт Мұздық және Қызыл күн тұрады.

Балалар, мен сендерге аспаптарда ойнап, тақылдатып, осы үйшіктің әр тұрғынының қандай дауыспен сөйлейтінін табу керек (педагог ақырын көмектеседі). Сонымен, кімнің дауысын естідіңдер? (Егер балалар шыққан дыбысты таба алмаса, педагог көмектеседі.)

Балалар 2 үстелге жақындайды, әр үйтелде бірдей аспаптар жинағы жатыр: металлофон, бос пластик бөтелке, крахмал салынған қаптар, ағаш қасықтар және т. б. Балалар аспаптарды зерттейді.

Музыка жетекшісі аспаптардың көмегімен «Үйшік» ертегісін ойнауды ұсынады.

Жалғасын  № 2-2019 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться