Справочник руководителя образовательного учреждения

Қиын балалармен қалай жұмыс жасау керек?

  • 28 февраля 2019
  • 61
Қиын балалармен қалай жұмыс жасау керек?

Сынып жетекшісі жұмысының барынша күрделі алаңы қиын балалармен жұмыс болып табылады

Мектепте қиын балалармен жұмыс қалай жүзеге асырылады?

Сынып жетекшісі жұмысының барынша күрделі алаңы қиын балалармен жұмыс болып табылады. Мектепте мұндай балалармен жұмыс келесі тәсілмен жүзеге асырылады: тәртіп бұзушылардың тегі анықталғаннан кейін деректер банкіне тіркеледі, содан кейін мектепішілік есепке алынады ары қарай тікелей сынып жетекшісінің көмегімен әлеуметтік педагог пен психологтың тексеруінен өтеді.

Қажет болған жағдайда осы балалар ата-аналарымен бірге Құқық бұзушылықтардың және психикалық белсенді заттарды (ПБЗ) қолданудың алдын алу кеңесінің мәжілісіне шақырылады, олармен тек мектеп мамандары ғана емес, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар да алдын алу шараларын өткізеді. Осы қызметтегі әлеуметтік педагог пен сынып жетекшісінің серіктестігі жетістіктің кепілі болып табылады.

МАМАН КЕҢЕСІ

«Табыс формуласы» шеберлік сағаты
Қиын балалармен қалай жұмыс жасау керек?
М. А. Лапина Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, психолог Рудный қаласы әкімдігінің «Д. Карбышев атындағы № 14 орта мектебі» КММ

Мақсаты: озық мақсатты бағыттардың негізінде табыс формуласын шығару.

Міндеттер:

  • мақсат пен ниет арасындағы айырмашылықты түсінуге жеткізу;
  • мақсатқа жетуде дұрыс таңдау жасай білуге ықпал ету;
  • өзінің ішкі мүмкіндіктеріне сену үшін жағдайлар жасау;
  • табыс – бұл әр нақты мақсатқа қол жеткізу екендігін ұғындыру.

Өткізу нысаны: өзін-өзі тану сабағы мен 9–11 сыныптарда психологиялық дайындықты біріктіру нысанындағы шеберлік сағаты.

Құндылығы: ақиқат.

Қабілеттер: мақсаткерлік, танымдық белсенділік, еңбекқорлық, төзімділік, өзіндік талдау, өзіне сену, өз болашағына деген жауапкершілік.

Қатысушылар санаты: 9–11 сынып оқушылары.

Педагогикалық бақылаусыз балалармен немесе "қиын " жасөспірімдермен профилактикалық жұмыстар жүргізуге арналған ұсыныстар

• Оқушының мінездемесін құрастыру. Осы мақсатта мыналармен танысу керек

- отбасындағы (отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі, тұрмыстық және материалдық жағдайы); ауладағы, көшедегі (оның ресми емес топтар мен коспанияларға қатысуы, сыныптастар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіндегі оқушының орнын анықтауға тырысу) шағын ортамен танысу;

- педагогикалық консилиум өткізу және әртүрлі оқу пәндеріне қатыстылығын анықтау, бағдарлама бөлімдері бойынша біліміндегі, қабілеттері мен машықтарындағы кемшіліктерді белгілеу, психикасының ерекшеліктерін, мінезінің жағымды және жағымсыз тұстарын, қызығушылықтарының бағытын, қалыптасқан әлеуметтік құнды машықтары мен қабілеттерін, жаман әдеттер мен қабілеттерге бейімділігін айқындау, денсаулығы туралы шынайы ақпарат алу;

- зиянды әдеттерді жою, қоғамға жат қылықтың алдын алу, мінезінің жағымсыз жақтарын түбегейлі жою, мінез-құлығының жағымды моделін қалыптастыру мүмкіндігі туралы педагогикалық негізделген тұжырымдар жасау.

• Белгілі бір кезеңге арналған оқушымен жеке жұмыстың тәрбиелік міндеттерін нақты анықтау. Міндеттер күрделілігіне қарай минимум және максимум міндеттерге бөлінуі тиіс.

• Оқушыға жеке және ұжымдық әсер етудің педагогикалық негізделген құралдарының, әдістері мен тәсілдері жүйесін ойластыру, оның соңғы мақсаты алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

 Қиын жағдайға тап болған оқушылармен жеке жұмыс жоспарына не кіреді?

Анықталған мәселені зерттеу бойынша жүргізілген жұмыстардың негізінде балаға кері әсерін тигізетін себеп немесе фактор анықталады (әлеуметтік немесе психологиялық сипаттағы), жеке жұмыс жоспары әзірленеді, оған мыналар кіреді:

- баламен профилактикалық жұмыс (тренингтер, әлеуметтік және құқықтық сипаттағы жеке әңгімелесулер, үйірме қызметіне, сыныптық және жалпы мектептік іс-шараларға тарту және т. с. с.);

- ата-аналармен әлеуметтік-педагогикалық қызмет (әлеуметтік, педагогикалық және құқықтық бағыттағы әңгімелесулер, отбасыға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету бойынша мемлекеттік мекемелермен әрекеттестік және т. б.);

- педагогтермен кеңес (профилактикалық жұмысқа қатысушылар арасындағы қарым-қатынас, мұғалімдерге ұсыныстар жасау, әдістемелік көмек);

- сабаққа қатысуын бақылау (күнделікті);

- педагогтер мен ата-аналар қызметінің тиімділігі мониторингі (динамиканың ерекшелігін анықтау).

 

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды 

 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Дорогой гость, заберите Ваш подарок
Бесплатный доступ к журналу "Справочник классного руководителя"
Получить бесплатный доступ