Справочник руководителя образовательного учреждения

Өзін-өзі тану сабақтарының мақсаты

  • 26 февраля 2019
  • 17
Өзін-өзі тану сабақтарының мақсаты

Өзін-өзі тану сабағы адамға өз-өзін тануға, өз санасының шекарасын кеңейтуге, өзінің мәнінің қырларын түсінуге, осы әлемдегі өзінің деңгейін айқындай отырып, өз болашағының үлгісін сауатты түрде қалыптастыруға, яғни немқұрайлы қарамауға, өмірдің бірінші кезектегі қажеттіліктерімен шектелмеуге көмектеседі.

Білім беру сапасын арттыру қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Отандық білім беру жүйесінде болған реформалар педагогтардың ерекше қабілеттері бар оқушыларға деген көзқарасын өзгертті. Заманауи педагог әмбебап білімнің жаңа жүйесін қалыптастыруы, өз ісінің шебері болуы, әр оқушының жеке басының бейімділігі мен қабілетін дамыта отырып, балада адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуі тиіс. Әрбір баланың бірегейлігін ашып, кішкентай адам жанының қырларын көру өте маңызды.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІНІҢ ИНТЕГРАТИВТІ ҰСТАНЫМДАРЫ
О. И. Раченко «№ 19 ОМ» КММ бастауыш сынып және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, Өскемен қ.
Өзін-өзі тану сабағында мұғалім ойын арқылы, өмірден алынған жағдайларға талдау жасау, шығармашылық қабілеттерін көрсету арқылы өз ойын білдіру, ұлы ғалымдар, философтар, жазушылардың нақыл сөздерінен ғибрат алу арқылы оқушылармен өзін және әлемді тануға ықпал ететін диалог жүргізеді.

«Өзін-өзі тану» пәні біздің ойымызша, жеке тұлғаның одан әрі табыс ты дамуы үшін қажетті жағдай жасап, бағыттай алады. Ал адам өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауды үйренген кезде табысты болады, соңғыларын одан әрі өзін-өзі дамыту мақсатына айналдыра отырып, өзін ол сол қалпында қабылдайды және ең бастысы, өмірдегі басымдықтарын дұрыс қояды. Өзін-өзі тану сабағы адамға өз-өзін тануға, өз санасының шекарасын кеңейтуге, өзінің мәнінің қырларын түсінуге, осы әлемдегі өзінің деңгейін айқындай отырып, өз болашағының үлгісін сауатты түрде қалыптастыруға, яғни немқұрайлы қарамауға, өмірдің бірінші кезектегі қажеттіліктерімен шектелмеуге көмектеседі.

Жаңа білім беру технологиялар

 

Осы мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тетіктердің бірі жаңа білім беру технологияларына жүгіну болып табылады. Осындай технологиялардың бірі дарынды және қабілетті оқушыларды саралап оқыту технологиясы болып табылады. Өзін-өзі тану сабағында балаларға қандай да бір бағытта дарындылық саласын анықтай отырып, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін сараланған шығармашылық тапсырмаларды таңдауға болады.

Адамның шығармашылыққа қабілеті бар миы табиғаттың ең үлкен сыйы ретінде қарастырыла алады және осы мағынада дарындылық ерекшелік ретінде емес, әрқайсысында бар әлеует, дарындылық ретінде көрініс табады және педагогтың міндеті – баланы оның дарындылық бағытын дамытуға бағыттау. Мұны түсіну дарынды және қабілетті балаларды оқыту және педагогикалық қолдау мәселелерінің дидактикалық аспектілерін анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар жалпы адам әлеуетін дамытуға бағытталған дидактикалық жүйені құру үшін де маңызды.

Бүгінгі күні дарындылық мәселесімен педагогика және психология саласындағы көптеген мамандар айналысады. Дарынды балаларды оқыту саласындағы ең танымал мамандардың бірі – Дж. Рензулли. Оның теориясына сәйкес дарындылықта үш сипаттаманың үйлесімі бар: интеллектуалдық қабілеттер (орташа деңгейден асатын), креативтілік және табандылық (белгілі бір міндетке бағытталған уәждеме).

Саралап оқыту шеңберінде өзін-өзі тану сабақтарындағы Дж. Рензуллидың дарындылық теориясын қарастырайық. Өзін – өзі тану сабақтарында саралап оқыту – қазіргі мектеп жағдайында баланың даралығын ашудың өзекті мүмкіндігі. Өзін-өзі тану сабағында рухани-адамгершілік тәрбие, сараланған практикалық тапсырмалар призмасы арқылы тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту ерекше маңызға ие болады. Мұғалім әрқашан жаңа, қызықты, креативті ізденісте. Әр баланың қабілетін қалай ашу керек? Оқыту процесін әрбіреуіне қалай қызықты ету керек? Балаға түрлі іс-әрекет түрінде өзін жүзеге асыруға қалай көмектесуге болады? Бұл сабақта сараланған тапсырмаларды таңдауға көмектеседі.

 

Өзін-өзі тану сабағында баланың даралығын ашу, оның дарындылық бағытын дамыту үшін оқытудың интерактивті түрлері қолайлы, олар эмоционалдық және шығармашылық зияттың дамуына ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар басқа оқу пәндерінде оқушылардың әл-ауқаттылығы үшін іргетасын жасайды. Олардың кейбірін қарастырайық.

Эксперимент әдісі

Бұл жағымды көңіл-күй қалыптастыратын, өз күшіне деген сенімін нығайтатын зияткерлік және шығармашылық дайындық қабілетін анықтау мақсатында оқушыларды қызықты эксперименталды қызметке тарту.

«Ойлау қисығы»

Мақсаты: ойлау шкаласы мен кезең-кезеңмен қызмет түрлерінің параметрлерін ескере отырып, ақпаратты қабылдау процесіне эмоционалдық зияттың дамуына, зияткерлік және шығармашылық дайындықты арттыруға ықпал ету.

Жұмыс түрлерін ескере отырып, ойлау қызметінің кезеңдерін белгілеу:

  • жұмысқа қосу;
  • жұмыс қабілеттілігі;
  • жұмыстың аяқталуы.

Өткізу түрі: жеке.

Құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, үш түрлі маркелер (жасыл, қызыл, көк), музыкалық сүйемелдеу.

Өткізу технологиясы: баланың түпсанасымен жұмыс жасау.

Тапсырма. 15 еркін сызықтан қисық (зигзаг тәрізді) сызу: алғашқы 5 зигзаг – жасыл маркер, екінші – қызыл, үшінші – көк.

  • Алғашқы 5 зигзаг ойлау және шығармашылық қызметті жұмысқа қосу процесін білдіреді.
  • Екінші 5 зигзаг – сабақтың осы уақытша кезеңінде баланың жұмысқа қабілеттілігі.
  • Үшінші 5 зигзаг – ойлау, шығармашылық жұмыстың нәтижесі.

Үлгіні қараңыз.

Есептеуі – 40 минут.

Үлгі

А – жоғары жұмыс қабілеттілік;
Б – орташа жұмыс қабілеттілік;
В – төмен жұмыс қабілеттілік.

Үлгіге сүйене отырып, баланың жоғары жұмысқа қабілеттілігі сабақтың 20 минутына келеді. Өзінің жүйке жүйесінің жұмыс ерекшеліктерін біле отырып, бала кез-келген күрделіліктегі сабаққа қарамастан қандай да бір қызмет түрін өнімді қалпына келтіруге баса назар аудара алады.

Осылайша, бұл тапсырма балаға белгілі бір тапсырманы орындау үшін дұрыс таңдалған уақыт аралығында әртүрлі зияткерлік және шығармашылық кедергілерді жеңуге, демек табысқа жетуге көмектеседі.

Ауыстыру әдісі

Қарапайым ата-аналардың өзіне сенімсіздік деңгейі қалыптасқан отбасылар бар. Олар өз жетістіктерінің маңыздылығын, сондай-ақ өз балаларының, әсіресе дарынды балаларының табыстарының құндылығын әдейі төмендетуі мүмкін. Ал дарындылық баланың нәзік психикалық жағдайымен жиі үйлеседі. Бұл әдіс өзін-өзі тану деңгейі төмен және жеке «менін» іздеп жүрген сенімсіз балалармен жұмыста қолданылады. Ол баланың жеке басын ашуға, шығармашылық өрлеуін дамытуға және мақсаткерлікке тәрбиелеуге ықпал етеді.

«Ішкі дүниетаным картасы»

Мақсаты: ішкі дүниетаным мен қоғамға қатысты ішкі рухани үйлесім алу мақсатында ішкі тұлғалық қасиеттерді ашуға, бала тұлғасының жағымды адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, талаптану деңгейін арттыруға ықпал ету.

Өткізу түрі: топтық, жеке.

Құрал-жабдық: А5 форматындағы парақтар, түрлі-түсті маркерлер, қажет болған жағдайда пәндік және сюжеттік суреттер, музыкалық сүйемелдеу.

Өткізу технологиясы: жаттығуды топпен және жекелей өткізуге болады.

Тапсырма (әңгімелесуден басталады).

– Әлем картасында әдетте не бейнеленеді? (аралдар, құрлықтар, мұхиттар, теңіздер, қалалар, көлдер, елдер, таулар, өзендер…)

Сіздің міндетіңіз – бұл картаны өзіңіздің ішкі дүниетаным картасына айналдырып, оған өз қалаларыңызды, өзендеріңізді, құрлықтарыңызды, аралдарыңызды және т. б. орналастыру. Оларды кез-келген жүйелілікте және кезектілікте орналастыруға болады, кез-келген түстер үйлесімділігін пайдалануға болады (міндетті түрде дәстүрлі емес) және сіз аралдар мен тауларға ат қоя аласыз. Мысалы: Даналық тауы немесе Кедергіден өткізетін таулар; сізден алыс жаққа ағып кететін реніш өзені немесе махаббат көлі; Түрлі-түсті көңіл-күй қаласы; Ойлау қаласы және т. б.

  • Қандай да бір объектіні бейнелей отырып, оны сезінуге тырысыңыз.
  • Өзіңізге қолайлы өңтаңбаны бейнелеңіз. Қорғау кезінде өз таңдауыңызды түсіндіріп өтіңіз.
  • Қандай да бір объектіде сізге не тірек немесе көмекші болуы мүмкін?

Егер бұл кедергілерді жеңу таулары болса, онда оларды бейнелеп, түпкі мақсатқа жету үшін өз кедергілеріңізді оймен жеңіңіз.

Жұмыс аяқталғанда әр топ өзінің жобалық картасын қорғайды.

Бұл сурет балаларға дәптерде берілген:

Бұдан әрі талдау жүргізіледі.
– Сіз қандай да бір объектілерді бейнелегенде не сездіңіз?
– Мақсатқа жету объектілері қандай сезімдер тудырды?
– Сіз қандай да бір нәтижеге қол жеткізуге қалай дайындалдыңыз?
– Сіздің жағымды жеке қасиеттеріңіз картада жетекші орынға ие және сіздің «Меніңіз» оң нәтижеге бағытталған деп айтуға бола ма?

Шығармашылық қайта құру әдісі

Бұл әдіс жасөспірімнің жүйке жүйесіне жұмсақ және еркін әсер етеді, баланың шығармашылық әлеуетін дамытуға алғышарттар жасап қана қоймай, сонымен қатар өзін-өзі көрсетуге, өз қабілеттерін іске асыруға ұмтылысын тәрбиелей отырып, эмоциялық ақыл-ойдың, танымдық белсенділіктің дамуына ықпал ете отырып, табысқа және кәсіби өзін-өзі айқындауға бағыттай отырып, баланы рухани байытады.

«Түрлі-түсті қабылдау шиыршығы»

Мақсаты: эмоционалды зият, танымдық белсенділіктің дамуына, эмоциялық қысылуды, тұлғааралық алаңдаушылықты, шығармашылық әлеуетті арттыруға, қиялды, қабылдауды, креативті ойлауды дамытуға ықпал ету.

Өткізу нысаны: жеке.

Құрал-жабдық: А4 форматты парақтар немесе жұмыс дәптері, маркерлер, музыкалық сүйемелдеу.

Тапсырма. Дәптерге немесе қағаз бетіне үш түсті шиыршық түрінде қисықты бейнелеу.

Мұғалім. Алдымен сіз жасыл маркер алып, осы түсті қисықтың екі орамын бұрап, өзіңізді тыныштық пен сенімділікке келтіруге тырысыңыз. Содан кейін сіз қызыл түсті қисыққа біртіндеп ауысып, өзіңізді табысты және нақты жұмысқа дайындаңыз, ол белгіленген мақсатқа әкеледі және тағы екі орам жасаңыз. Жұмысты көк түспен аяқтаңыз – екі орам, бұл ретте жасалған жұмысты жағымды тұрғыдан бекітіңіз.

Тапсырманы орындауды аяқтағаннан кейін талдау жүргізіледі.

Мысал:

Қорытынды талдау.
– Сурет салу кезінде сізде қандай сезімдер пайда болды?
– Сізге не көмектесті?
– Ақпаратты қабылдау кезеңінде сізге түстер көмектесті ме?
– Шығармашылық күшіңізді сезіндіңіз бе?

Осылайша, өзін-өзі тану сабақтарында саралап оқыту жағдайында баланы оқыту және дарындылығын дамыту білім алушының жеке басының қабілетін, бейімділігін анықтау мен дамытуда басқа да оқу пәндеріне де жақсы негіз болы

Мақала қысқартылып жарияланған,

толық жарияланымды № 2-2019

 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Дорогой гость, заберите Ваш подарок
Бесплатный доступ к журналу "Справочник классного руководителя"
Получить бесплатный доступ