MCFR.KZ Образование

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектепішілік бақылау

  • 25 января 2019
  • 29
Мектепішілік бақылау
Мектепішілік бақылау

Мектепішілік бақылау – педагогикалық менеджменттің негізгі компоненті, білім беру ұйымының қосалқы жүйелері арасында кері байланыс рөлін атқаруға арналған басқарудың жетекші қызметі.

Мектепішілік бақылау – педагогикалық менеджменттің негізгі компоненті, білім беру ұйымының (бұдан әрі – БҰ) қосалқы жүйелері арасында кері байланыс рөлін атқаруға арналған басқарудың жетекші қызметі. 

Бақылау қызметі басқару қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады, себебі бақылау барысында алған ақпарат басқарушылық шешімдер қабылдаудың негізі болып табылады. Мектепішілік бақылаудың (бұдан әрі – МІБ) мектеп жұмысын талдаудың негізінде жоспарланатыны, айқындалған мәселелерді, инновациялық процестерді қамтитыны, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін зерттеуге, оларға уақтылы көмек көрсетуге бағытталғаны жалпыға мәлім. Бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың бәрі әкімшілік мүшелерінің арасында бөлінеді, мерзімдері белгіленеді, бақылауды жүзеге асыру туралы бұйрық жасалады, тексеру алгоритмі құрастырылады. Тексеруден кейін анықтама жазылады, оның нәтижелері бойынша бұйрық шығарылады, директордың, директордың орынбасарының қатысуымен өтетін кеңесте қорытынды жасалады, ең маңыздылары ғылыми-әдістемелік немесе педагогикалық кеңестерде қарастырылады.

МІБ ұйымдастыру – мектеп әкімшілігінің басқарушылық қызметінің еңбекті көп қажет ететін, ауқымды, және, ең күрделі түрлерінің бірі. Сауатты жобаланған МІБ – кластерлік желі қағидаты бойынша құрылған басқару жүйесі,  мұнда әр торапта бүкіл білім беру процесі сапасының жоғары деңгейін сақтауға қажетті ақпаратты жинақтау, өңдеу, ұғыну және жеткізу жүреді.

Білім беру мазмұнын жаңарту (бұдан әрі – БМЖ) және МЖМБС тұрғысынан МІБ енді «бақылау моделінің» аясында емес, керісінше білім беру сапасын «қамтамасыз ету моделінің» аясында қарастырылады. Сонда ғана сапаны бағалау жүйесі жаңа стандарттардың талаптарын орындағаны үшін жауаптылықтың өз үлесіне ие болуы мүмкін.

Білім беру мазмұнын жаңартудың өзгерістер бойынша 3 бағытын шартты түрде анықтауға болады:

1) білім берудің мазмұнында;

2) оқу процесіндегі өзара қарым-қатынаста;

3) оқу нәтижелерін бағалауда.

МІБ да осы бағыттар бойынша құрылады.

«2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес БМЖ енгізуді ескере отырып оқу процесін және МІБ тиімді ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін мектеп әкімшілігіне келесі нормативтер ұсынылады.

Жалғасын  № 1-2019 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

★ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ★

Мектепте кадрлар әлеуетінің сапасын арттыру
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектепішілік бақылау

С. С. Шарипова

«№ 1 мектеп-лицей» КММ директоры, Қостанай қ.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектепішілік бақылау

К. Я. Грудупс

директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары

Бүгінгі күні біліктілікті арттыру жүйесінен білім беруді жаңғыртудың стратегиялық мақсаттарын осы мәселелерді шешуге және ең алдымен кадрлар әлеуетінің сапасын жақсартуға бағытталған нақты іс-шараларға аударуға бағытталған қызметтер күтіледі.

Қазіргі заманғы білім беруді реформалау оқытушылар құрамына жаңа талаптар қояды. Еркін және белсенді ойлаушы мұғалім, оның қызметінің нәтижелерін болжап, білім беру және тәрбие үрдісін модельдеу – бұл алдына қойылған міндеттердің кепілі. Зерттеулер көрсеткендей, білім беру тиімділігіне және оның сапасын төмендетуге ықпал ететін факторлар арасында оқушылар мен ата-аналар ең алдымен оқушыларға жеке көзқарастың жоқтығын және екіншіден, мұғалімдердің кәсібилігі төмен деңгейін атайды. Осылайша, мұғалім білім беруді дамыту мәселелерін шешуге бағытталған басты субъект болып қала береді. Және ол білім сапасын жақсарту ресурсы болып табылады.

Қоғамға ойлауға қабілетті, бейстандартты әрекет ететін, кез келген мәселені шешуге қабілетті, салыстыруға, талдауға, зерттеуге, ерекше жағдайлардан шығу жолын табуға, оқушының бірегей тәжірибесін қалыптастыруға қабілетті жаңа мұғалім қажет.

Бүгінгі күні зерттеуші педагог, педагог-психолог, педагог-технолог сұранысқа ие. Педагогикалық қызметтегі кәсіби міндеттерді тиімді, нәтижелі және табысты шешу үшін оқытушылар кәсіби, инновациялық, коммуникативтік, құқықтық біліктіліктерге ие болуы керек

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться