MCFR.KZ Образование

Тәрбие жұмысы

  • 11 января 2019
  • 20
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы

Бұл жерде дұрыс ақыл беріп, бағыт көрсететін, жылы сөзін аямай, қиын жағдайдан шығуға көмектесуге дайын мұғалімнің, сынып жетекшісінің рөлі үлкен

Соңғы уақытта өскелең ұрпақтың рухани әлеуетінің күрт әлсіреп бара жатқаны байқалады. Рухани жаңғыру – сауатты және өздігінен шешім қабылдай алатын және тез өзгеретін өмір жағдайына бейімделе алатын, өмірде өз орнын табуға қабілетті, үйлесімді дамыған жеке тұлғаға оқушыларды тәрбиелеу үшін қажетті жол. 

★ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ★

САБАҚТАН ТЫС ҚЫЗМЕТТЕГІ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ
Тәрбие жұмысы

М. Т. Тұяқова

«Өрлеу» БАҰО АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының ПҚ БАИ деңгейлік дайындық орталығының тренері, Қостанай қ.

Мақала оқушылардың интеллектуалдық даму аспектілерін сабақтан тыс қызметті тиімді ұйымдастыру арқылы баяндауға арналған.

Рухани-адамгершілік тәрбие негізгі өмірлік құндылықтарды қалыптастыруды көздейді. Бұл Отанға, қоғамға, ұжымға, отбасына, адамдарға, еңбекке, өзінің міндеттеріне және өз-өзіне деген сүйіспеншілік және отансүйгіштік, толеранттық, серіктестік, шынайылыққа белсенді көзқарас, адамдарға терең құрмет сияқты қасиеттерді дамыту.

Олардың қалыптасуы баланың өсу кезеңінде жүреді. Осыған байланысты оқушы тұлғасының қалыптасу үдерісіндегі маңызды рөлді сынып жетекшісі атқарады.

Рухани-адамгершілікті тәрбиелеу

Рухани-адамгершілікті тәрбиелеуге жоғары мәдениеттілік мен білімділікті дамыту, жоғары адамгершілікті, кәсіби-этикалық тәртіп ережелерін, жауапкершілік пен ұжымшылдықты қалыптастыру кіреді. Бұл балалардың адамзат пен нақты қоғамның моральдық жалпы өмірлік құндылықтарына тартудың мақсатты бағытталған процесі, бала адамдармен қоғамда қабылданған нормаларды, мінез-құлық және өзара қарым-қатынас жасау ережелерін біртіндеп меңгереді. Мұндай тәрбиелеудің нәтижесі – жеке тұлғада адамгершілік қасиеттердің белгілі бір жиынтығының пайда болуы және бекітілуі. Осы қасиеттер берік қалыптасқан сайын жеке тұлғада қоғамда қабылданған моральдық қағидалардан бас тарту деңгейі аз, айналадағылардың тарапынан оның адамгершілігін бағалау деңгейі жоғары болады.

Жеке тұлғаның және оның адамгерлішік саласының қалыптасу процесі мектеп жылдарымен ғана шектеле алмайды. Ол өмір бойы жалғасып, өзгермейді, бірақ іргетасы балалық шақта қаланады.

Сынып жетекшісінің қызметі

Сабақ беруден қолы босамайтын сынып жетекшісінің қызметі қиын, әрі күрделі. Бұл балалармен бірігіп жасайтын жұмыс болу керек. Іске аспай қалған істің себебін, қандай сөзден көңіл-күй көтеріліп, қандай сөзден көңіл-күй бұзылатындығын біліп, өзінің «жасырын достық құпиясын» ойлап тапқан балаларды көру қуанышты. Олар «Жақсы істер кітабында» өз планетасында қандай іс бітіргендігі жөнінде ашық жазады:

Мен бүгін үлкен кісіге жолдан өтуге көмектестім.

Мен анама дүкеннен азық-түлікті алып келуге көмектестім.

Мен бірініші сынып оқушысына сурет салуға көмектестім.

Біз «жақсы сөздермен» достастық.

Біз конкурста бірінші орын алдық.

Біз жоғары сынып оқушыларымен жарысқымыз келеді.

Мұндай «балалық істер» оқушыларға мектепке барып, тәртіпті болып партада отырып, жақсы баға алып қана қоймай, дос болуға, үлкен кісілерді құрметтеуге, өзінен кішілерге көмектесуге, кішіпейіл болуға, сыныптастарының қуанышына ортақтасуға, осы істерді шынайы және үлкен ықыласпен атқаруға және т. б. үйретеді.

Тәрбие  құралы

Рухани-адамгершілік тәрбие беру белгілі бір құралдар мен әдістер арқылы жүзеге асырылады. Бұл көркем әдебиет, бейнелеу өнері, музыка және кино.

Көптеген зерттеулер оқылатын өлеңдерді, әңгімелерді, кітаптағы суреттерді терең, эмоционалды және сенімді түрде қабылдайтындығын, кездесулерге, көрмелерге, тұсаукесерлерге белсенді қатысатындығын көрсетіп отыр. Әлемді шынайы және түсінікті бейнелейтін суретшілердің жұмыстары балаларды ерекше шабыттандырады.

Адамгершілікті тәрбиелеудің тағы бір құралы  – балалардың жеке қызметі болып табылады (ойын, еңбек, оқу, көркемөнерлік қызмет).

Баланың өмір сүру ортасы да тәрбие құралы болып табылады. Ол мейірімділік, махаббат, ізгілікпен толтырылуы керек.

Тәрбие берудің әр түрлі құралдары мен әдістері

Жаңа заманғы мектеп тәрбие берудің әр түрлі құралдары мен әдстерін, сонымен қатар жобаларды  ұсынады. Олардың бірі – әскерге кеткен жас жерлестерге, мектеп түлектеріне арналған «Біздің батырлар» жобасы. Бұл жоба бірқатар тәжірибелік жұмыстардан тұрады: түлектер туралы мектептің тарихи-өлкетану мұрайжайына материалдар жинау, олардың ата-анасын сынып сағатына шақыру,  «Біздің қорғаушылар» стендін дайындау. Сондай-ақ, балалар әскерге өз жетістіктері, немен айналысатындықтары туралы хаттар жазып, суреттер, өлеңдерді жібереді, оларды мерекелермен құттықтайды.

«Ардагерге сәлемдеме» жобасы өте қызықты. Еңбек сабағында балалар өз қолымен сәлемдемені жасайды. Оның ішіне сарбазға естелік ретінде өз қолдарымен жасаған сыйлықтарды, соғыс ардагерлері туралы шығармаларды, тілек конверттерін, очерктерді салады.

Ұлы Отан соғысының зардабын тартқан, жақын-туысқандарынан айырылған адамдардың өміріне қатыстылық сезімін тудыратын жағдайлар орын алатын естелікті кездесулердің маңызы зор. Мұндай сәттерде балалар қатал зұлматтың ауырлығын түсіне бастайды. Мысалы, концлагерьдің бұрынғы тұтқыны В.И.Афанасьевамен кездесуді ұйымдастыру. Төменде 10-сынып оқушысының «Үйге апарар ұзақ жол» шығармасынан үзінді келтірілді.

Мама! Эшелон қозғалғандағы баланың жан айқайы, көз жасы әлі менің есімде. Қарбалас, абыр-сабыр және қыспақ басталды. Туыстарымызды тапқанша, біз көп уақытқа дейін есімізді жия алмадық. Қараңғылықта қасыңда кім бар екенін білу қиынға соқты. Отбасыларын тауып, дамыл тапқанда, кешке қарай ғана ауыр тыныштық орнады. Жүрдек пойыз бізді белгісіз жаққа алып бара жатты. Вагонның қабырғасының ар жағын қара түнек басып, көпірлер қатты қаңғырлады. Кей кезде бейтаныс бекеттердің жарықтарын көруге болады. Ананың етегіне оратылып, ұзақ жүрдік. Тоңдық. Мен жазғы көйлек киіп алдым. Айналадағы адамдар қолына түскен нәрсені киіп алған. Қатты қарным ашты. Күндіз мен вагонның саңылауы арқылы жасыл шөпті көріп қалдым. Оны шайнағым келді, бірақ қалай? Осылайша, менің неміс тұтқынына дейінгі ауыр жолым басталды.

Рухани саланы, адамгершілік құндылықтарды қозғайтын, өзіңнің ішкі дауысыңды естуге мәжбүрлейтін, басыбайлықтан босауға мүмкіндік беретін нәрселердің барлығы маңызды. Осының барлығы баланың аз да болса рухани әлемін қалыптастырады.

Қазіргі таңда экологиялық тәрбие беру тақырыбы өте өзекті. Барлық тіршілік иелерінің кеңесін» пайдалануға болады, онда балалар тіршілік иесі ретінде сезініп, образға кіреді. (Балалар гүл, өзен, құс, теңіз образдарын көрсетеді. Егер біреу қорқытса, әрбіреуі өз сезімін көрсетеді.)

Психологиялық элементтер де маңызды – Жер образына кіру, «Іріткі салушымен кездесулер» қойылымын қою, онда «актерлердің» біреуі табиғатты қорғаушы, ал басқасы – іріткі салушы (ішкі дауыс) рөлін ойнайды.

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне, оқушыларды өнегелілік, адамгершіліктің және адамдық әрекеттерді бағалаудың маңызды рөлі туралы нақты сенімді қалыптастыруға бағыттауға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл міндеттерді шешу үшін этика бойынша сынып сағаттары көмектеседі. Мысалы: «Мен және Әлем», «Біз болмасақ?», «Адамгершілік әліппесі», «Қисық айна», «Өзара көмек сабақтары».

Адамдардың күліп түскен суреттерінен құралған «Күлкі қабырғасын» безендіру мектептегі сәтті дүние болды.

 Жаңа заманғы қоғамда материалдық құндылықтарды рухани құндылықтармен салыстырғанда басым ұстанымдарға қарай жылжыту күрделі дүниетанымдық дағдарысқа әкеліп соқтыруы ықтимал. Сондықтан, мектепте рухани-адамгершілік тәрбие беруді дамыту жаңа заманғы  өзгерістер контексінде жалпыәлемдік мәдени салт-дәстүрлердің сақталуын қамтамасыз ету керек.



 Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы"

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться