MCFR.KZ Образование

Мектеп медиациясы

  • 20 декабря 2018
  • 18
Мектеп медиациясы
Мектеп медиациясы

Медиация – білім беру процесіне қатысушылар (оқушылар, оқушылар мен ата-аналар) арасындағы дауларды, жанжалды жағдайларды шешуге бағытталған инновациялық әдіс.

★ КӨКЕЙКЕСТІ ТАҚЫРЫП ★

Мектептік медиация қызметінің құжаттамасы

Медиация қызметін құру медиативтік тәсілді мектептің оқу-тәрбие процесіне жоспарлы түрде кіріктіру үшін кезеңмен жүргізіледі.

Білім беру ұйымының (бұдан әрі – БҰ) әкімшілігі медиация қызметіне татуластыру рәсімін өткізуге үй-жай береді. Қызмет жұмыскерлері жұмыс барысында мектеп ресурстарын пайдалану мүмкіндігіне ие болады, кеңсе заттарын, ұйым техникасы мен ақпарат құралдарын қоса.

Қызметті ұйымдастыру алгоритмі:  

  • бұйрықты ресімдеу, ол арқылы қызметтің жетекшісі мен дербес құрамы тағайындалады;
  • БҰ-ғы Медиация қызметі туралы ережені бекіту;
  • медиаторлар жиналысын өткізу, оның барысында қызметкерлер БҰ-ғы медиация қызметін құруды регламенттейтін нормативтік базамен таныса бастайды;
  • қызметтің жұмыс тәртібін бекіту және қызметкерлердің міндеттерін анықтау;
  • қызметтің ішкі құжаттарын, журналы мен өзге есептілік бланкілерін, келісімдер үлгісін бекіту;
  • тіркеуден өткен қызметкерлер қызметті құру туралы білім беру процесінің мүшелеріне хабарлау ниеті туралы бастапқы хаттамаға қол қояды;
  • медиаторлар жиналысында қабылданған шешімдердің бәрі хаттамаланады.

Қызметтің құжаттар тізімі:

  • БҰ директорының мектептік Медиация қызметін құру туралы бұйрығы;
  • мектептік Медиация қызметін құру туралы ереже (1-қосымша);
  • Жарғы;
  • куратордың лауазымдық нұсқаулығы;
  • қызметке жүгіну, жұмыс бойынша есеп беру нысандары;
  • жанжалдарды тіркеу журналы;
  • татуластыру рәсімін өткізу регламенті (журналдың келесі нөмірінен оқи аласыздар);
  • Медиация қызметі жұмыскерлерінің кодексі;
  • татуластыру командасының қызметі туралы ақпараттық парақтар;
  • білім алушылардың – команда мүшелерінің қызметін қолдау бағдарламасы;
  • мектептік татуластыру қызметінің іс-шаралар бағдарламасы;
  • оқушы-медиаторлармен оқу сабақтарын өткізу бағдарламасы;
  • татуластыру рәсімін өткізу туралы келісім;
  • татуластыру шарты  және т. б. құжаттар.

Әдіс басты мақсатты шешуге – тіпті өте күрделі жанжалдардың өзі конструктивтік түрле реттелетін қауіпсіз кеңістік құруға бағытталған (агрессия мен рухани және материалдық шығынсыз ғана емес, сонымен бірге тұлғалық және әлеуметтік өсу келешегімен). 

Медиация – білім беру процесіне қатысушылар (оқушылар, оқушылар мен ата-аналар) арасындағы дауларды, жанжалды жағдайларды шешуге бағытталған инновациялық әдіс.

Әдіс басты мақсатты шешуге – тіпті өте күрделі жанжалдардың өзі конструктивтік түрле реттелетін қауіпсіз кеңістік құруға (агрессия мен рухани және материалдық шығынсыз ғана емес, сонымен бірге тұлғалық және әлеуметтік өсу келешегімен) бағытталған.

Мақсаты – медиативтік технологиялар арқылы тәрбие-білім беру ортасында қауіпсіз орта құруға қажетті базалық білімді қалыптастыру.

Мектептік медиация қызметі (татуластыру қызметі) –  бұл оқу-тәрбие қызметі барысында туындайтын жанжалды жағдайлардың алдын алу мен шешуге ықпал етуге бағытталған түрлі деңгейдегі оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың бірлестігі.

Медиатор – бұл жанжалды, дауды шешуге және оған қатысушыларды татуластыруға көмектесетін тәуелсіз адам, бейтарап тұлға. Бұл жанжалдарды шешуге арналған маман.

Мектептік медиация қызметінің мақсаты мен міндеттері

Қызметтің жұмысы дербес, тәрбие және білім беру процестерінен алшақ қызмет ретінде қарастырылмайды. Керісінше, қызмет оларға белсенді ықпал етуді, қауіпсіз және ізгілікті мектеп ортасын құруға, жанжалдардың алдын алуға, жасөспірімдерге қажетті көмек көрсетуге арналған.

Осы мақсатқа жету үшін мектептік медиация қызметтеріне мынадай нақты міндеттерді шешу жүктеледі:

  • оқушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және қиын жағдайға тап болған балаларға көмектесу жүйесін құру;
  • қоғамға жат қылықты жасөспірімдерге алдын ала көмек көрсету;
  • «қиын» балалармен жұмыс жүйесін ұйымдастыру;
  • жанжалдарды сотқа дейін шешудің жаңа нысандарын енгізу;
  • білім беру процесіне қатысушылардың медиацияны қолдану мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
  • психологиялық және заңды көмек көрсету нәтижелілігін, сондай-ақ педагогтардың медиативтік біліктілігін арттыру;
  • тәрбие рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету;
  • әділетті сотты дамыту.

Қызмет балалармен жұмыс істеумен шектелмеуі тиіс. Жанжалды шешуге конструктивтік медиативтік тәсілді әйгілендіру мақсатында ересектерге әсер ету аса маңызды міндетке жатады.

Күнделікті қызметті медиация қызметінің қызметкерлері

  • ағартушылық жұмыстар жүргізуге;
  • қарама-қайшылықтарды шешуге;
  • жанжалдардың алдын алуға және олардың таралуының алдын алуға тиіс.

Мектептік медиация қызметі жанжалды не дауды шешуге көмектесуі үшін тараптар қызметке жүгінуге және өз тілегін жеткізуге тиіс. Қалпына келтіру іс-шаралары аяқталған соң (тараптармен кеңес берулер, келіссөздер, жанжалды шешудің өзара тиімді нұсқасын қарастыру) тараптар ауызша немесе жазбаша шарт жасасады.

Медиация бағдарламалары жанжалға қатысушы тараптардың бәрі ерікті түрде қатысқан жағдайда ғана өткізіледі.

Олай болмаған жағдайда жанжал шешілмейтін деп жарияланады және Алдын алу кеңесі, әлеуметтік педагог, психолог және т. б. жұмысқа кіріседі.


Мектептік медиация құрамы

Қызметке қалағандардың бәрі мүшелік ете алады: оқудан өткен және жанжалға қатысушыларды жақтамайтын педагогтар, психологтар, әлеуметтік педагогтар, ата-аналар мен оқушылар. Басты шарты – қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу дағдыларын меңгеру.

Медиация қызметінің қызметкерлері жанжалды шешу үшін көмекке мұқтаж әр оқушыға көмек көрсетеді. Бұл ретте дауда шешім қабылдау құқығы кураторға тапсырылады, ал даулы жағдайға қатысушылар оның нәтижесіне ықпал ете алмайды.

Медиация процесінің айрықша белгілері:

  • медиатор таңдалады;
  • тараптардың мүддесі ескеріледі;
  • шешім құпия қабылданады.

Медиация қызметінің кураторлары балалармен тұрақты араласу барысында әділдік пен бейтараптылық қағидаттарына сүйенеді. Олар жанжалға мүше болмауы үшін ешқашан әлдебіреуін жақтамайды. Мектептегі медиация қызметіне мүше оқушылар ешқандай жағдайда

  • мектеп жұмыскерлері;
  • педагогтар мен ата-аналар;
  • әкімшілік пен мұғалімдер арасында орын алған жанжалдарды шешуге қатыспауы тиіс.

Қызметтің жұмысы жоспармен реттеледі, мұнда іс-шаралар, оларды орындау мерзімдері мен оны орындауға жауапты тұлғалар көрсетіледі. Жоспарға сәйкес медиаторлар командасының алдағы жұмысы құрылады:

  • медиация қызметінің қызметкерлері әртүрлі тұлғалардан: әлеуметтік қызметкерлерден, мұғалімдерден, оқушылардан, олардың ата-аналарынан, мектеп әкімшілігі өкілдерінен жанжалды жағдай туралы ақпарат алады;
  • әрбір нақты жағдай бойынша медиация әдістемесін қолдану, сондай-ақ қызмет жұмыскерлерінің рәсімді өткізу мерзімдері мен кезеңдерін белгілеу бойынша жеке шешім қабылданады;
  • егер жанжалдасушы тараптар оған қатысуға келісімін білдірсе, осы жағдайда келістірушілік рәсімін бастау керек;
  • егер жанжалға қатысушылардың іс-әрекеті тәртіптік теріс қылық ретінде танылса, ата-ананың немесе өзге заңды өкілдерінің келісімін алу керек;
  • 10 жасқа толмаған балалармен және жүйке жүйесі ауруына шалдыққа тұлғалармен медиация рәсімін өткізуге болмайды.

Татуластыру қызметінің мамандары татуластыру командасының ересек мүшелерімен және оқушылармен бірге медиация рәсімін іс-тәжірибеде қолдануда.

Дереккөз: № 12-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться