MCFR.KZ Образование

Оқушылардың мектептегі құқықтары

  • 19 декабря 2018
  • 8

Балалардың денсаулығы мен олардың толыққанды дамуы көбіне олардың құқықтарын қорғау тиімділігімен анықталады. Қамқорлықпен және махаббатпен өскен балада дұрыс өсу мен дамудың басқа екінші мүмкіндігі жоқ, сондықтан барлық деңгейде балалық шақты қорғау проблемаларына баса назар аудару керек

Отбасының құндылығы балаларды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі маңызды институт ретінде күмән тудырған емес. Яғни, отбасы құндылығын ештеңеге айырбастауға болмайды. Адамның рухани құндылықтарын тек отбасында ғана сақтап қалып, ал оларды ұрпақ арқылы ғана жеткізуге болады.  Балалық шақ  – адам өміріндегі ерекше кезең, ол процесс барысында денсаулық қалыптасып, жеке тұлғаның дамуы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бұл кезеңде бала оны қоршаған ересектер – ата-аналар мен педагогтардың тәуелділігінде болады. Балалардың денсаулығы мен олардың толыққанды дамуы көбіне олардың құқықтарын қорғау тиімділігімен анықталады. Қамқорлықпен және махаббатпен өскен балада дұрыс өсу мен дамудың басқа екінші мүмкіндігі жоқ, сондықтан барлық деңгейде балалық шақты қорғау проблемаларына баса назар аудару керек.

★ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ★

Баланы құқықтық тәрбиелеудегі отбасының рөлі
Оқушылардың мектептегі құқықтары

О. Ю. Кадочникова

учитель начальных классов КГУ «Гимназия № 3», г. Караганда
Автор ата-аналар жиналысының мысалында ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, баланың құқықтарын қорғау, сондай-ақ ата-аналардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігі мәселелеріндегі нормативтік құжаттармен ата-аналарды таныстыру туралы баяндайды.

Бала құқығы туралы декларация

Балалардың құқықтарын реттейтін алғашқы құжат 1923 жылы Халықаралық балаларды құтқару одағымен қабылданған Бала құқығы туралы декларация болды. Аталған құжат 36 жыл бойы қолданылды. Декларацияда көрсетілген он қағидада балалардың негізгі құқықтары көрініс табады: ат қою, азаматтық, махаббат, түсіністік, материалдық қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау және білім алу мүмкіндігін беру, физикалық, еркіндік және ар-намыс жағдайында адамгершілік тұрғыдан дамуға мүмкіндік беру.

Декларацияда баланы қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Бала құқығы туралы декларация негізінде халықаралық құжат – Бала құқықтары туралы Конвенция дайындалды.

Конвенция – бұл бала құқықтарының тізімі емес, аталған құқықтарды қорғау үшін мемлекеттің өзіне жүктеген міндеттемелер тізімі.

Конвенция әр баланың (оның нәсілі, түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе басқа да сенімдері, ұлттық, этникалық және әлеуметтік тегіне қарамастан):

  • тәрбиелеуге;
  • дамытуға;
  • қорғауға;
  • қоғам өміріне белсенді қатысуға заңды құқығын білдіреді.

Конвенция балалардың өміріне, дамуына, қорғалуына жауапты ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін баланың құқықтарымен байланыстырады, балаға оның бүгіні мен болашағын қозғайтын шешімдерді қабылдауға қатысуға құқық береді.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы балалардың білім алу құқығын белгілейді.

Отбасында мектепке дейінгі жастағы баланы тәрбиелеуге, олардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, жеке қабілеттерін дамытуға және даму бұзушылықтарын түзетуге көмек ретінде мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмыс жасайды.

Білім беру ұйымының жарғысы – білім беру процесінің барлық қатысушыларының (балалар, педагогтар, ата-аналар) құқықтары мен міндеттері көрсетілген нормативтік құжат.

Бала құқықтары туралы конвенция – үлкен педагогикалық мәні бар жоғары халықаралық стандартты құқықтық құжат. Конвенция баланы толық дамыған және толық құқылы, дербес құқық субъектісі ретінде жариялайды және шынайы гуманизм, демократизм, баланың жеке тұлғасына, пікірі мен көзқарасына, сыйластықпен және қамқорлықпен қарау басты негіз болып табылатын адамгершілік-құқықтық нормалардағы ересек адам мен баланың өзара қарым-қатынасын құруға шақырады. Бала құқығын іске асыру:

  • қатыгездік танытудың барлық түрлерінен қорғауды;
  • өмір мен денсаулықты қорғау құқығын;
  • білім алу құқығын;
  • ойнау құқығын;
  • жеке дербестілікті сақтау құқығын қамтиды.

Әр адамның өз құқықтары бар, бірақ оларды басқа адамның құқығын бұзбай қолдануға болады. Басқа адамдардың құқықтарын сыйлау – әр адамның міндеті. Біздің балаларымыз бір-бірімен қарым-қатынас жасау құқығын әрдайым сақтай ала ма?

 

Оқушылардың мектептегі құқықтары

Оқушылар:

1) сапалы білім алуға;

2) қосымша білім беру қызметтерін алуға;

3) білім беру ұйымын басқаруға қатысуға;

4) ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен қамтамасыз етілуге;

5) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптар мен кітапхананы тегін пайдалану;

6) өз пікірі мен еркін сенімін білдіруге;

7) өзінің адамдық қадір-қасиетін құрметтеу;

8) көтермелеу мен марапатталуға құқылы

 

Оқушылардың мектептегі міндеттері

Оқушылар:

- білім, білік және дағдыны меңгеруге;

- ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;

- өз денсаулығына қамқорлық жасау, рухани және дене дамуын жетілдіруге;

- білім беру ұйымында белгіленген киім үлгісін киюге;

- өзі оқитын оқу орнының дәстүрлерін, педагогикалық қызметкердің абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.


Дереккөз:  «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться