MCFR.KZ Образование

Бастауыш сынып мұғалімінің міндеттері

  • 5 декабря 2018
  • 79
Бастауыш сынып мұғалімінің міндеттері
Бастауыш сынып мұғалімінің міндеттері

Бастауыш сынып мұғалімінің өзінің қызметтерін педагогикалық сауатты, сәтті және тиімді орындауы үшін нақты жастағы балалармен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық негіздерін жақсы білуі тиіс.

Бастауыш мектеп мұғалімінің ставкасы

Бастауыш мектеп мұғалімінің ставкасы 18 сағатты құрайды. Әр мектепте оқу жүктемесін бөлумен жағдайға қарай мектеп басшылығы айналысады. Мұғалім бастауыш сыныпта барлық негізгі пәнді жүргізеді, ағылшын тілінен басқасын – барлық мектепте, қазақ тілінен басқасын – орыс тілінде оқытатын мектептерде және орыс тілінен басқасын – қазақ тілінде оқытатын мектептерде.

Бастауыш мектеп мұғалімінің апталық жүктемесі 18–19 сағатты құрауы мүмкін.

Сауат ашу – 6 сағат, математика – 4 сағат, жаратылыстану – 1 сағат, дүниетану – 1 сағат, өзін-өзі тану – 1 сағат, көркем еңбек – 1 сағат, дене шынықтыру – 3 сағат, сондай-ақ вариативтік компонент (дамыту сипатындағы сабақтар) – 2 сағат.

★ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ★

Баланы құқықтық тәрбиелеудегі отбасының рөлі
Бастауыш сынып мұғалімінің міндеттері

О. Ю. Кадочникова

учитель начальных классов КГУ «Гимназия № 3», г. Караганда
Автор ата-аналар жиналысының мысалында ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, баланың құқықтарын қорғау, сондай-ақ ата-аналардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігі мәселелеріндегі нормативтік құжаттармен ата-аналарды таныстыру туралы баяндайды.

Бастауыш сынып мұғалімінің жұмысы

Мектептің тәрбиелеу жүйесі оқу пәндерін, балалардың сабақтан тыс өмірін, әртүрлі қызметтері мен мектептен тыс қарым-қатынасын, әлеуметтік, табиғи, пәндік-эстетикалық ортаның ықпалын біріктіре отырып, бүкіл педагогикалық үдерісті қамтиды.

Мақсаты: патриоттық, азаматтық және рухани-адамгершілік тәрбиелеуге жағдай жасау, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін ашу, дамыту және жүзеге асыру, оларды оқу-тәрбие үдерісінің барынша жайлы ортасында әлеуметтендіру.

Міндеттері

• Оқушылардың білімін кеңейтуге деген сұраныстарын қалыптастыру.

• Өзіндік санасы мен өзін өзі тәрбиелеуін дамыту.

• Өз халқының жетекші рухани құндылықтарымен таныстыру, азаматтығын тәрбиелеу.

• Салауатты өмір салтына деген сұранысын дамыту.

• Жалпы мектептік ұжымдағы қарым-қатынасты үйлестіру.

Внимание: тәрбие жұмысы мектепте бала тұлғасын дамытуға кезеңдік жағдай жасауды болжайды, яғни оның жас ерекшелігінің әрбір кезеңінде өзінің өмірінің негізгі саласындағы міндеттерді сәтті шешуі тиіс: 

- таным (білім, оқу, ақпарат);

- іс-тәжірибелік қызметі (машықтары, дағдылары, еңбек қызметі);

- ойындар (ойын белсенділігі, табиғи және шығармашылық қабілеттерін таныту);

- физикалық даму (физикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру);

- қарым-қатынастар (өзін, адамдарды тану, өзара қарым-қатынас).

Сынып жетекшілігі – білім беру ұйымында тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі және жетекші формасы.

Бастауыш сынып мұғалімінің өзінің қызметтерін педагогикалық сауатты, сәтті және тиімді орындауы үшін нақты жастағы балалармен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық негіздерін жақсы білуі, тәрбие қызметіндегі жаңа тенденциялардан, тәсілдері мен формаларынан хабардар болуы, тәрбиелеудің заманауи технологияларын білуі, өзін өзі жетілдіруі, өзінің кәсіби шеберлігін арттыруы, оқу және тәрбие үдерістерін ұйымдастыруда әріптестерінің тәжірибесіне жүгінуі және өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісуі тиіс.

Бастауыш сынып мұғалімінің міндеттері

Бастауыш сынып мұғалімінің міндеттеріне

• оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру;

• сынып ішінде тату және игілікті орта қалыптастыру;

• білім деңгейін бақылау және т. б. кіреді.

Тәрбие жұмысының бағыттары

˗ Адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.

˗ Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

˗ Өзіне қызмет көрсету машықтарын дамыту.

˗ Қоршаған ортамен және экологиямен таныстыру.

˗ Отбасылық құндылықтарды насихаттау.

˗ "Мен" тұжырымдамасын дамыту.

˗ Танымдық бағдарламаларды жоспарлау (көрме, іс-шаралар және т. б.).

Сыныптан тыс шаралардың бағыттары

• Білім деңгейін көтеру.

• Спорт салауатты өмір салты.

• Өнер.

• Тәрбиелілігі.

• Еңбек мәдениеті.

• Ертегілер.

• Мерекелер.

• Музыкалық, спорттық, отбасылық конкурстар.

Мектеп пен отбасы әрекеттестігінің қажеттілігі мен маңыздылығы айқын. Баланың сәтті жетістікке жетуі оның дамуына кімнің және қалай ықпал ететіндігіне байланысты. Бала уақытын көп бөлігін мектепте және үйде өткізеді, осыған байланысты педагогтер мен ата-аналардың өзара әрекеттестігі бір-біріне қарама-қайшы келмеуі тиіс, керісінше бала оны белсенді және жақсы қабылдауы тиіс.

Егер педагогтер мен ата-аналар одақтас және пікірлес болып, тәрбиелеу мәселелерін қызығушылық таныта және келісе отырып шешсе, осыларды жүзеге асыру мүмкін болады. Егер педагогтер, ата-аналар мен балалар бірлескен қызметке дайын болып, бірге әрекет етсе, бірлесе жоспарлап, қызметін қорытындыласа, олардың бірлескен қызметті сәтті жүзеге асады. Педагогтердің отбасымен өзара әрекеттестігінің ерекшелігі сараланған болуы тиіс. Барлығына бірдей әрекеттестіктің біркелкі формасын қолданбау қажет, ата-аналардың сұраныстарына, мүдделеріне, отбасылық тәрбиенің ерекшеліктеріне бағдарланып, ата-аналарды мектептің, сыныптың ісіне шыдамды түрде тарту керек.

Мектеп пен отбасы әрекеттестігінің бағыттары

˗ Отбасылық тәрбие жағдайын зерттеу. Оқушылар отбасының мінездемелерін құрастыру.

˗ Ата-аналарға оқу-тәрбие үдерісінің мазмұны туралы ақпарат беру.

˗ Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту.

˗ Ата-аналар комитетімен әрекеттестік.

˗ Ата-аналар мен оқушылардың бірлескен қызметі.

˗ Ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту барысы мен нәтижелері туралы ақпарат беру.

˗ Денсаулық мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымға мүше ата-аналармен әрекеттестік.

˗ Оқушылармен бірге кітап оқу.

˗ Бала мен ата-ананың бірлесе жұмыс істеуіне арналған тапсырмаларды орындау.

˗ Оқушылар мен ата-аналарға арнайы ұйымдастырылған көрмелерге, жарыстарға қатысу; денсаулық күнін өткізу.

˗ Ата-аналардың қатысуымен бірлескен мерекелер өткізу, сыныптық және сыныптан тыс жұмыстар өткізу үшін ата-аналар қатарынан қолдау топтарын құру.

Отбасы мен мектеп сәтті серіктестігінің құрамдастары:

• өзара қарым-қатынастар мәнері мен этикасы;

• ата-аналардың педагогикалық дайындығы және олардың мәдениеттілігінің деңгейі;

• ата-аналарды ағарту;

• отбасындағы күрделі қарым-қатынастарды анықтай білу;

• мектеп пен отбасы талаптарының бірлігі.

Сынып жетекшісінің сыныппен қарым-қатынас саласындағы қызметінің мақсаты балалардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру, сыныпта жағымды псчихологиялық ортаны құру болып табылады. Қарым-қатынас бағдарламасын әзірлеген жөн, оған мыналарды енгізуге болады:

• ұжымдық шығармашылық істер: КВНдер, сапарлар, демалыс кештері мен сөйлеуді, ұжымдық істер мен өзіндік ұстанымын талдау мен жоспарлауды, жолдастарының, басқа адамдардың қайғыларына эмоционалды тұрғыдан ортақтаса білу қабілеттерін дамытуға бағытталған басқа да іс-шаралар;

• этикет жөніндегі практикумдер, бұл жерде балалар қарым-қатынастың сәйкес стилін табуды үйренді, қоғамда өзін өзі ұстау қағидаларымен танысты;

• әңгімелесулер мен пікірсайыстар;

• мектеп психологын тарта отырып қарым-қатынас тренингтерін өткізу.

Бастауыш сынып мұғалімінің жұмысы толықтай жалпы мектептің тәрбие жұмысының бағытына байланысты. Жобаларды жүзеге асыру, әртүрлі деңгейлі және бағыттағы іс-шараларды өткізу рухани-адамгершілік тәрбиенің барлық деңгейінде үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеуге септігін тигізеді.

  Дереккөз: «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться