MCFR.KZ Образование

Мектептің штат кестесі

  • 30 ноября 2018
  • 36
Мектептің штат кестесі
Мектептің штат кестесі

Штат кестесі – кез келген басшыға, қаржы және кадр қызметінің басшысына арналған өте ыңғайлы ұйымдық құжат.

★ КӨКЕЙКЕСТІ ТАҚЫРЫП ★

Қабқ көрсету бойынша қызметкерлердің атқарымдық міндеттері
Мектептің штат кестесі

О. В. Побирская

научно-методический руководитель, педагог-организатор ПДОУ ОСШ № 25, г. Актобе

1. Ғылыми-әдістемелік жетекші

  • білім беру үдерісіне ғылыми-әдістемелік жетекшілік етуді жүзеге асырады;
  • бағдарламаларды, арнайы курстарды әзірлеуге, сараптауға көмек көрсетеді;
  • қосымша ақылы білім беру қызметтерін (бұдан әрі – ҚАБҚ) көрсету бағдарламаларын мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесі арқылы бекітеді және _______ қаласының білім бөлімінің Сараптамалық кеңесіне ұсынады;
  • мектеп қызметкерлерін ғылыми-әдістемелік әдебиетпен, мерзімдік басылымдармен қамтамасыз етеді;
  • материалдарды әзірлеуде педагогтарға, психологтарға іс-тәжірибелік, ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді;
  • ата-аналарға кеңес береді, ғылыми-әдістемелік жұмыс, Оқу жұмыс бағдарламасының мектептік компоненті, мемстандарттан тыс қосымша білім беру мәселелері бойынша кездесулер, жиналыстар ұйымдастырады;
  • материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жағдайлар жасауға, соның ішінде ҚАБҚ көрсетуге ықпал етеді.

2. Менеджер

  • мектептің алдағы дамуына байланысты, білім мазмұнын жаңартуға бағытталған инновациялық қызметті, стратегияны әзірлеуге қатысады; қосымша білім беру қызметтері бойынша оқушылар мен олардың ата-аналарының сұраныстарын қанағаттандырады;

Штат кестесінде кәсіпорынның аса маңызды ұйымдық ақпараты жинақталған – кәсіпорында жұмыс істейтін лауазымдар/кәсіптер тізімі, әр лауазым/кәсіп бойынша қажетті жұмыскерлер саны, жиынтық түрде еңбекақының негізгі қорын құрайтын лауазымдық айлықақылар.

Штат кестесі міндетті түрде мемлекеттік мекемелерде құрастырылады. Қазақстан Республикасының заңнамалық базасын штат кестесін құрастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер бар: ҚР Еңбек кодексі, «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулысы және т. б.

Білім беру ұйымының нақты құрылымы, бағыныстылық деңгейлері болуы тиіс. Сонымен бірге мектептің оқу жылына арналған штат кестесін әзірлеу қажеттілігі заңнамамен бірге бекітілді.

 

Мектептің штат кестесі

Жүктеу: Кесте (Толық нұсқасы) DOC файл

Мектептің штат кестесін толтыру тәртібі

Мектептің оқу жылына арналған штат кестесі – қызметкерлерді ресімдеу мен ауыстыру негізі, сондықтан оны толтыру қағидаларын сақтаған маңызды. Нысаннан бірде-бір бағанды алып тастауға болмайды.

Әр деректемеде көрсету керек:

1 – бөлім атауы (көбіне санаттарына қарай бөлінеді: әкімшілік-басқарушылық персонал, қаржы бөлімі, педагогикалық персонал, қызмет көрсетуші персонал және т. б.);

2 – бөлімше коды (құжат айналымын жеңілдету мақсатында тәртібіне сәйкес белгіленеді);

3 – лауазымдар мен мамандықтар атауы (әр бөлімнің шеңберінде олар үлкендік тәртібімен тұжырымдалады);

4 – әр лауазым бойынша штат бойынша бірлік саны (егер лауазым жарты ставкамен жұмысты немесе тоқсанды көздемейді, онда 0,5 не 0,25 үлестері көрсетіледі);

5 – еңбекке ақы төлеу жүйесінің бекітілген шарттарына қарай бекітілген айлықақы теңгемен немесе тарифтік мөлшерлеме;

6–8 – заңнамаға сәйкес сыйақылар, үстемеақылар мен өзге қосымша ақылар түріндегі ынталандырушы төлемдер;

9 – 5-тен 8 дейінгі бағаннан алынған қосымша ақылардың жалпы сомасы;

10 – ескертпелер (оны толтырылмаған күйі қалдыруға болады).

Негізгі қызметкерлермен қатар көрсетілетін қоса атқарушылар лауазымдарын қарастыру керек. Сондай-ақ әзірлеу барысында оқу процесінің ерекшеліктеріне айрықша назар аударылады. Мектепте қосымша бірліктер талап етілуі мүмкін, егер мұнда пәндерді тереңдетіп оқу көзделген, гимназиялық (лицейлік) компонент, спорттық бөлім және тағы басқалары қосылды.

 

Жалғасын
№ 1–2019 ж. «
Білім беру мекемесі басшысының анықтамалығы»
журналынан оқи аласыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться