MCFR.KZ Образование

Зияткерлік мектептер мысалындағы тәрбие жұмысы

  • 16 ноября 2018
  • 46
Зияткерлік мектептер мысалындағы тәрбие жұмысы
Зияткерлік мектептер мысалындағы тәрбие жұмысы

Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі мектептегі тәрбие жұмысының жаңа тәсілдерін көздейді. Зияткерлік мектептер мысалында тәрбие жұмысын қалай құру және жоспарлау керектігін, жалпы балаларды тәрбиелеуде қалай әсер ететіндігін қарастырамыз.

Жаңа заманғы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тиімді шешімдер таба білуі керек. 

Жаңа заманғы мектептегі тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарының рөлі үлкен және сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті, қалай оқу және қалай үйрету керектігін білетін жаңа білім беру форматындағы мамандарды талап етеді. Бұл шығармашылық және өзіне сенімді адамдар, Қазақстанның болашақ азаматтарын дамытудағы зор жауапкершіліктерін түсінетін көшбасшылар.

Өз қызметі саласындағы кәсіби маман болу ғана емес, оқушылар мен әріптестерді шабыттандырып, оларды өзінің артынан ілестіре білу керек.

Жаңа заманғы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары соңғы оқиғалардан хабардар болып қана қоймай, сонымен қатар тәрбие-білім беру процесінің ең үздік нәтижелерін қамтамасыз ету үшін өзекті инновациялық және шығармашылық шешімдерді үнемі іздеуі тиіс.

★ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ★

САБАҚТАН ТЫС ҚЫЗМЕТТЕГІ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ
Зияткерлік мектептер мысалындағы тәрбие жұмысы

М. Т. Тұяқова

«Өрлеу» БАҰО АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының ПҚ БАИ деңгейлік дайындық орталығының тренері, Қостанай қ.

Мақала оқушылардың интеллектуалдық даму аспектілерін сабақтан тыс қызметті тиімді ұйымдастыру арқылы баяндауға арналған.

Рухани-адамгершілік тәрбие негізгі өмірлік құндылықтарды қалыптастыруды көздейді. Бұл Отанға, қоғамға, ұжымға, отбасына, адамдарға, еңбекке, өзінің міндеттеріне және өз-өзіне деген сүйіспеншілік және отансүйгіштік, толеранттық, серіктестік, шынайылыққа белсенді көзқарас, адамдарға терең құрмет сияқты қасиеттерді дамыту.

Олардың қалыптасуы баланың өсу кезеңінде жүреді. Осыған байланысты оқушы тұлғасының қалыптасу үдерісіндегі маңызды рөлді сынып жетекшісі атқарады.

Зияткерлік мектептердегі тәрбие жұмысы

Зияткерлік мектептердің тәжірибесі мектептегі тәрбие жұмысының маңызды аспектісі ынтымақтастықта жұмыс жасайтын, шығармашылық, дамуға ықпал ететін ортаны  құру екендігін көрсетеді. Қолайлы орта құрудың табысқа жету формуласы мынадай: қамқорлық танытатын, көтермелейтін, құрмет көрсететін атмосфераны қалыптастыру, оған қоса білім беру процесінің әрбір қатысушысына, әсіресе оқушыларға тең мүмкіндіктер беру. Бұл балаларды тәрбиелеу үшін де үлкен маңызға ие.

Кез-келген тәрбие жұмысында маңыздысы үлгі көрсететін мысал болып табылады. Балалар айналасындағылардың мінез-құлқын көріп, кейде оны әдейі немесе белгісіз түрде қайталайды. Сондықтан тәрбиеге тек мұғалім ғана емес, барлық ересектер қатысуы керек. Мінез-құлықтың оң үлгісін көрсете отырып, олар оқушылардың мінез-құлқының негізін қалайды.

Сондай-ақ, мінез-құлық шеңберін анықтайтын мектеп ережелері кешені қажет. Бұл барлық мектеп ұжымы үшін басшылық етеді және тәртіп пен мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуге көмектеседі

Оқыту мен тәрбиелеу функцияларын бірден ажырату мүмкін емес, өйткені бұл тұтас білім беру процесі және барлығы өзара байланысты. Зияткерлік мектептерде тәрбиелеу мен оқыту процесін іске асыру білім беру бағдарламаларының мазмұны арқылы жүзеге асырылады. Мысалы биологияны алайық: оқушылар өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қадағалайды, экскурсиялар жасайды, сол арқылы олар туған өлкесін таниды; немесе өнер пәні: балалар қолданбалы және сәндік өнерді меңгереді, көркем және музыкалық мәдениетті бағалауға үйренеді, бұл олардың шығармашылық және эстетикалық тәрбиесіне ықпал етеді.

Зияткерлік мектептердегі тәрбие жұмысына қойылатын талаптар мен

зияткерлік мектептердің сипатты ерекшеліктері

Зияткерлік мектептердегі тәрбие жұмыстарына қойылатын талаптарды және олардың балаларды тәрбиелеудегі рөлін қарастырмас бұрын, оқушылар үшін және білім  беру  процесінің өзі үшін маңызы зор осындай мектептердің негізгі ерекшеліктерін анықтаймыз.

Зияткерлік мектептердің сипатты ерекшеліктері:

–көбейтілген оқу жүктемесі;

материалды беру тереңдігі мен негізділігі;

–үлгерім жоспарында және пән жоспарында оқушыларға қойылатын жоғары талаптар.

Бұл талап оқушыларға әсер етпей қоймайды. Бұл жоғары күш жағдайына әкелетін стресс-факторлардың бірі. Сондықтан мектептің психологиялық қызметінің жұмысын ұйымдастырудағы дұрыс көзқарас маңызды. Мұндай қызметтегі мамандар  осы мектептегі оқуды баланың қиындықты еңсере алатындығын уақытылы анықтай алады. Мысалы, кейбір балаларға өз күшіне сену жеткілікті, ал кейбіреулерге қарапайым мектепке қайта оралу керек.

Психологиялық-педагогикалық қызметтің міндеттері:

оқушылардың жеке ерекшеліктерін диагностикалау;

мұғалімдер мен ата-аналарға ұсынымдар әзірлеу;

–балалардың бастамасы бойынша психологиялық тестілеу және жеке әңгімелесу өткізу;

оқушыларға кеңес беру;

ынтымақтастық негізінде ата-аналармен және мұғалімдермен жұмыс жасау.

 

Тәрбие жұмысының жүйесі және оны жоспарлау

Балалар мен педагогтар үшін мектепте психологиялық жайлылық жасау, оның ішінде оқушыларды тәрбиелеу үшін де маңызды рөл атқарады. Оқушылардың психологиялық және физиологиялық жайлылығын қамтамасыз етумен қатар, олардың өтпелі және жас ерекшелік проблемаларын (эмоционалдық, әлеуметтік, психологиялық) сәтті еңсеруге ықпал ету қажет. Осы аспектіні ескере отырып құрылған тәрбие жұмысының жүйесінде соңғы мақсатқа жетудегі табысқа жетудің көп мүмкіндігі бар. Бірақ тәрбие жұмысының кез-келген жүйесі жоспарлауды талап етеді.

Зияткерлік мектептерде тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылармен, педагогикалық кадрлармен, ата-аналармен жұмыс істеу, қоғам ортасына шығу сияқты негізгі тәсілдерге негізделеді.

Оқушылармен жұмыс:

  • Өзін-өзі басқарумен мектеп қауымдастықтарын құру. Бұл маңызды мектеп өміріне тартудың,  қоғамдық белсенділікті тәрбиелеу және дамытудың  маңызды әдістерінің бірі. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға да тиімді әсер етеді. Осылайша, қоғамдық маңызды құндылықтар, корпоративтік рух дамып, командада жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
  • Мектептегі көшбасшылық. Оқушылардың өзін-өзі басқаруының ажырамас бөлігі болып табылатын командалық жұмыстың арқасында уақыт өте келе көшбасшылар анықталады. Мектеп көшбасшылығының мектептерге және оқушыларға әсері кең таралған кезде күшейе түседі. Табиғатынан көшбасшы болу міндетті емес- көшбасшылық технологияларды үйренуге болады. Көшбасшылық дағдылар әр оқушыға пайдалы болуы мүмкін. Осыдан  қоғам ортасына үйрену басталады.

Педагог кадрлармен жұмыс:

  • Мұғалім тәрбие субъектісі ретінде. Заманауи педагогтың міндеттері кең: рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуден бастап оқуға деген ынтаны қалыптастыруға дейін. Мұғалім өзінің мінез-құлқының мәдениетімен, сөйлеуімен, айналасындағыларға қарым-қатынасымен жақсы үлгі көрсете отырып, барлық дұрыс дүниенің эталоны болуы тиіс. Ол сыпайы, талапшыл, әділ, батыл болуы керек.
  • Өз ісіне және өз оқушыларына деген махаббат. Өз ісіне және оқушыларына сүйіспеншілікпен қарау. Жоғары санатты алу мектептегі жұмыстың басты мақсаты емес. Өз қамқорлығындағылармен бір деңгейге көтеріле білу, үлгерімі мен жетістіктеріне қарамастан барлығын бірдей сүйе білу керек. Оларға дос, кеңесші болу керек, ешқандай жағдайда да өзінің беделін алға тартпау керек,  себебі «Үлкен ағаштардың көлеңкесінде кішкентай ағаштар өседі» - деген сөздің дұрыс екендігі анық.

Ата-аналармен жұмыс:

  •  

Бірлескен жауапкершілік. Тәрбие барлық мүдделі тараптардың, оның ішінде ата-аналардың бірлескен жауапкершілігін көздейді. Ата-аналардың мектеп ісіне қаншалықты тартылғаны және оқушылардың неге қол жеткізгенінің арасында белгілі бір өзара байланыс бар. Ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы мектептің білім беру ортасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар балалардың үлгеріміне де оң әсер етеді.

  • Тұлғаны тәрбиелеу. Кейбір ата – аналар «ыңғайлы» баланы-оңай басқарылатын, тіпті оның болашақ мамандығын таңдауға қатысты болса да, ата-аналардың кез-келген тілегі мен талаптарына бағынышты етіп өсіруге тырысады. Бірақ баладан жеке басын, өз қалауы мен қажеттілігін өз бетінше анықтай алатын, өз алдына нақты мақсаттар қоя алатын ғана емес, сонымен қатар оларға қол жеткізе алатын адамды өсіру қажет. Бұл ең алдымен баланың өзі үшін, оның бақытты және толыққанды болашағы үшін қажет.

Қоғамға шығу:

  • Оқу пәнінде емес, оқу оқушыға бағытталған. Тәрбиеші гуманистік педагогика шеңберінде оқушыларға талдау үшін материалды ұсына отырып, адамгершілікті таңдауға ынталандыруы тиіс. Тәрбиелеудің қолайлы әдістері:пікірталастар, рөлдік ойындар, жағдайларды талқылау, жанжалдарды талдау және шешу.
  • Жеке басты және дербестікті дамыту бағытына ынталандыру.  Педагог баланың жеке басының өзгеруі мен өсуіндегі дербес жұмысын көтермелеуі тиіс. Мектеп пен тәрбиенің міндеті – тұлғаның дамуына, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беру, өзінің дербестілігін іздеуге ықпал ету, балаға өзін-өзі белсендендіруге көмектесу. Тапсырмаларды орындауға белсенді қатысудың арқасында оқушылар өз бетінше түсіністікке жетеді. Әдістердің бірі – топтық жұмыс, мысалы, жобаларды дайындау шеңберінде.

 

Командалық жұмыс және тұрақты кері байланыспен және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерімен тәрбиелеу мен оқытуға коллаборативтік көзқарас кейіннен үлкен әлеуетке шығару арқылы мектеп практикасында тәрбие процесін табысты іске асыруға ықпал етеді.

 

Зияткерлік мектеп оқушылары қызығушылық танытатындықтан бар ынтамен оқиды, олар зияткерлік жаңалықтардан қуаныш сезімін сезінеді.  Бұл ретте оқушылар да, тәрбие-білім беру процесінің қалған қатысушылары да мұғалімдер мен оқушылар арасында туындайтын ынтымақтастықтың өзара жауапкершілік пен дербестікті қажет  ететіндігін түсінеді.

Дереккөз:  «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться