text
MCFR.KZ Образование

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру

  • 26 октября 2018
  • 68
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру

Жаңа форматты деңгейлік курстар – мұғалімнің кәсіптік өсу айнасы. Бұл бағдарлама білім беру технологияларын тиімді пайдалану және оқушылар арасында сыни ойлау дағдыларын дамытуға, білімдерін дербес шығаруға және практикада одан әрі қолдану үшін алынған ақпаратты өңдеуге мүмкіндік беретін әртүрлі әдістер арқылы ұлттық білім берудің сапасын жақсартады.


ОСЫ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН МАҚАЛАЛАРДЫ ОҚЫҢЫЗДАР


Білім беру – бұл қоғамды ғылыми, әлеуметтік және мәдени процестермен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Ғаламдық әлемдегі адамдардың өсуі, өркендеуі және өзін өзі іс жүзінде танытуы ұлттық білім беру жүйесінің деңгейі мен дамуына байланысты.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі – курстық даярлық арқылы мұғалімдердің кәсіпқойлық деңгейін көтеру.

Білім беру саласында табысты болу үшін кәсіпқойлар өз жұмысына барынша адал болуы керек. Түбегейлі өзгерістерді өткерген білім беру үдерісіне жаңашылдықты енгізу форматында талантты, шығармашылық тұлғаның қалыптасуы білім және тәрбие саласындағы мемлекеттік ауқымдағы басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл мәселені шешудің негізгі тәсілі – «білімділер қатарында» болу. Ал ол үшін өз білімін үнемі жетілдіріп отыру қажет.

Жаңа форматты деңгейлік курстар – мұғалімнің кәсіптік өсу айнасы. Бұл бағдарлама білім беру технологияларын тиімді пайдалану және оқушылар арасында сыни ойлау дағдыларын дамытуға, білімдерін дербес шығаруға және практикада одан әрі қолдану үшін алынған ақпаратты өңдеуге мүмкіндік беретін әртүрлі әдістер арқылы ұлттық білім берудің сапасын жақсартады.

Мектеп мұғалімдерінің зерттеу қызметін жүргізуі кәсіби міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс:

  • өз іс-әрекетін, сондай-ақ өзге қатысушылардың, әріптестердің іс-әрекетін бағалау мүмкіндігі;
  • заманауи талаптарға төзімді болу;
  • кәсіптік ойлау мүмкіндіктерін жақсартуға ықпал ету.

Әдістемелік кабинетпен ұйымдастырылған білім берудің жаңартылған мазмұны аясында облыстың барлық аудандарында әдістемелік кабинет облыстық тренерлермен бірге ұйымдастырған әдістемелік күндер мен семинарлар өткізілді. Ұйымдастырылған іс-шаралар барысында педагогтар өлшемшарттың бағалау жүйесін енгізу барысында туындайтын мәселелерді шешу жолдарын, сондай-ақ оқу үдерісін ұйымдастырудың белсенді нысандары мен әдістерін пайдалануды талқылады және педагогикалық тәжірибе алмасты. 

Біздің мұғалімдер республикалық жарыстарда алған әртүрлі жүлделерді бұл жұмыстың нәтижесі деп санауға болады.

Мұғалімдердің жұмыс нәтижелілігін арттыру мақсатында әдістемелік көмек онлайн-семинарлар, пікірсайыс алаңдары, «Әдістемелік күн», «Әдістемелік жасақ» оқу-әдістемелік конференциялары, іс-қимылды зерттеу форматында өтті (сабаққа қатысу). Жұмыстың бұл түрі жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын сыныптарды оқытатын педагогтардың қиындықтарымен тереңнен танысуға, сондай-ақ оларға тиісті әдістемелік қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.


★БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ, АТТЕСТАТТАУ★

Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа ережелері
Мұғалімдер үшін тренинг

К. Я. Грудупс

«Қостанай қ. әкімдігінің білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі» ММ директорының ҒӘЖ жөніндегі орынбасары
Педагог қызметкерлерді аттестаттау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 152 бұйрығына қосымша) (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген) негізделеді.

 Облыс педагогтарының білімін өзектендіруге және кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған әдістемелік іс-шаралар:

  • Оқытушылардың пән саласындағы кәсіби біліктілігіне көзқарасты жетілдіру.
  • Жекелеген пәндер бойынша күрделі тапсырмаларды талдау үшін практикаға жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізу.
  • Оқушылардың пәндер бойынша білім сапасын арттыру.

 

«Жаратылыстану ғылымдарын ағылшын тілінде оқытудың кіріктірілген тәсілі» атты бірлескен бағдарламаны жүзеге асыру аясында облыстық білім беру басқармалары арасында педагогтардың тәжірибе алмасуы бойынша онлайн-семинар өткізілді.

«Жаратылыстану ғылымдарын ағылшын тілінде оқытудағы пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы» тақырыбында шеберлік сағаттары ұйымдастырылды, мұнда жаратылыстану ғылымдарын ағылшын тілінде оқытуды енгізудің қолайлығы және оның қиындықтары туралы мәселе талқыланды, сондай-ақ пәндік-тілдік кіріктіру технологиясын енгізу бойынша педагогтар алдында кездесетін әдістемелік мәселелерді шешу мәселесі талқыланды.

Жалпы педагогикалық дағдыларды дамыту – мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытуға бағытталған жаңа әдістер мен тәсілдердің жиынтығын қолдану арқылы заманауи сабақты дамытуды қамтитын біртұтас механизм.

Заманауи сабақ – мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Мұның бәрі кәсіпқойлық деңгейіне, қазіргі педагогикалық қызметтің заманауи ақпараттық-коммуникативтік әлеуетін қолдану машығына тікелей байланысты.

Мұғалімнің жоғары кәсіби біліктілігі болашақ функционалды сауатты, бәсекеге қабілетті оқушыны тәрбиелеудің кепіліне айналуы тиіс.

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться