text
MCFR.KZ Образование

Балабақша педагог-психологі

  • 26 октября 2018
  • 92
Балабақша педагог-психологі
Балабақша педагог-психологі

Балабақша педагог-психологының отбасымен ынтымақтастығы тиімді психологиялық педагогикалық қатынас жасау үшін қажетті қағидаларды міндетті түрде орындауды талап етеді.

Отбасымен жұмыс – педагог-психолог қызметінің маңызды да өзекті бағыттарының бірі, ол балалардың қоғамда әлеуметтенуі мен бейімделуінің мақсаттары мен міндеттерін шешуге көмектеседі.

Кез келген балаға ата-аналар тарапынан жақсы қарым-қатынас қашанда қажет. Ата-аналары мен жақындары тарапынан балалардың мінез-құлқын бағалау  – бала сезімінің маңызды көздерінің бірі, ал мойындауға ұмтылу  – тұтас алғанда тұлғаның дамуына әсер ететін ең маңызды қажеттіліктердің бірі.  

Педагог-психологтың ата-аналармен жұмысы бірнеше кезеңдерден тұрады.

Бірінші кезең: педагог-психологтың балаларды отбасылық тәрбиелеу жағдайларын зерттеуі. Алғашқы әңгімелесу, сауалнама алу кезінде отбасы туралы ақпарат жиналады, алынған мәліметтер екі бағыт бойынша талданады: отбасының әлеуметтік мәселесі мен отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері. Отбасы туралы барлық ақпарат жүйеленеді, отбасының әлеуметтік паспортына енгізіледі (қосымша).

Екінші кезең: ата-аналарға жеке тәртіппен олардың балаларының даму диагностикасы мен динамикасының нәтижелері туралы деректер ұсыну. Осы кезеңдегі жұмыстың неғұрлым тиімді түрлері: диагностика қорытындылары (алғашқы, аралық, қорытынды) бойынша ата-аналарға жеке кеңес беру, баламен жұмыстың сан алуан түрлерін бірлесе қарастыру.

Үшінші кезең: балалармен тәрбие жұмысын жүргізу мәселелері бойынша ата-аналармен педагогикалық тұрғыда ағарту жұмыстарын жүргізу, қажет болса түзетушілік-дамытушылық жұмыс жүргізу, бала үшін қолайлы психологиялық ахуал туғызуда отбасына көмек көрсету.

Ата-аналармен жұмыстың барлық нысандары жеке, ұжымдық және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді.

Ата-аналармен жұмыстың жеке нысандары

Әр ата-анамен жеке жұмыс жүргізу  – маман мен отбасының  өзара әрекетінің маңызды нысандарының бірі. Оның артықшылығы сонда, отбасы ерекшелігін зерттеу, ата-аналармен консультация мен әңгіме өткізу (әрқайсысымен жекеше), ата-аналардың балалары мен балабақшадағы қарым-қатынасын бақылау арқылы біз балаға бірлесе ықпал етудің нақты жолдарын белгілейміз.

Сауалнама алу отбасының шағын ортасын зерттеудің бастапқы сатысында маңызды. Ол отбасының жалпы жоспарын, ата-аналардың жасын, білім деңгейін, бала мен ата-ананың өзара қарым-қатынасының сипатын, ата-аналардың тәрбиелік әлеуетінің мәдениетін, бала туралы мәліметтерді т. б. анықтауға мүмкіндік береді.  

Инклюзивті білім беру жағдайында айрықша білім беру қажеттілігі бар балалардың ата-аналарымен жұмыстың ұжымдық нысандары

Консультативтік-ұсынымдық нысан алғашқы психологиялық-педагогикалық тексерісті, кеңес беруді, қайтадан психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізуді қамтиды. Ата-аналармен жұмыстың бұл түрінің оң нәтижесі  – ата-аналар нақты көмек алу мүмкіндігін сезіне отырып, ұсынымдарға құлақ асқанда, қайтадан көмек алуға ұмтылады.

Қайтадан келгенде баланың психофизикалық дамуының оң динамикасы байқалады. Ата-аналарда балаға ойын қажет екені және құрдастарымен араласу, мерекелерді, саяхаттарды, жексенбі күндерін ұйымдастыру туралы ұғым қалыптасады.

Дәрістік-ағартушылық нысан

Дәрістік-ағартушылық нысан – ата-аналарға бала тәрбиесі мен дамуы нәтижелері бойынша қажетті теориялық білім беру үшін дәрістік сабақтар өткізу.

Бала дамуының медициналық аспектісіне арналған дәрістер өткізілуі мүмкін. Сондай-ақ жұмыстың бұл түріне ата-аналардың топтық сабақтарға қатысуы жатады.  Дәрістік-ағартушылық жұмыстың элементтері: буклеттер дайындау, білім беру пакеттерін, ескертпелерді шығару. Ата-аналар дәрістер мен басқалардың сұрақтарын тыңдай отырып, өз проблемаларын жақсырақ ұғынып шешеді. Бұдан бөлек, олардың бір-бірімен танысуға мүмкіндігі бар.

Практикалық жұмыс

Практикалық жұмыс – ата-аналармен өзара әрекет етудің неғұрлым қолайлы нысаны. Олар практикалық сипаттағы белгілі бір немесе өзге тапсырмаларды орындау кезінде қажетті тәжірибе ала алады. Өз баласымен бірге үй тапсырмасын орындау, сондай-ақ баламен жұмыс тәсілдерін көрсету, әдебиет оқу кең қолданылады.

Дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер ұйымдастыру ата-аналарға көп пайдалы ақпарат береді. Оларды толғандыратын бірқатар сұрақтардың шешуі табылады. Қарым-қатынас жасау және бірлескен қызмет барысында осы сұрақтарға жауап табу мүмкіндігі пайда болады.  

Жұмыстың көрнекі-ақпараттық нысандары

Жұмыстың көрнекі-ақпаратты нысандарына ата-аналарға арналған әртүрлі ақпараты бар бұрыштар жатады, мәселен, хабарландыру, балаларды түзетушілік тәрбиесі бойынша ұсынымдар, ата-аналар үшін ескертпелер.

Ата-аналар үшін ақпараттық стендтер мен папкаларды, балалардың үйдегі өмірінен, олардың отбасы, жақындары, демалыс кездерінен  көрініс беретін фотоальбомдарды безендіру қолға алынады. Бұл материал психологтың жұмысында баланың жанына жақын тақырыптар негізінде сабақ өткізудің мазмұны ретінде пайдаланылады.

Осылайша, балабақшадағы психологиялық-педагогикалық жұмыстың маңызды бағыты педагог-психологтың балалардың ата-аналарымен жұмысы, оларға бала тәрбиесінде және балалармен қарым-қатынасын қалыпқа келтіруде көмек көрсету болып табылады. Маманмен өзара әрекет жасай отырып, ата-аналар өздерінің психологиялық-педагогикалық білімдерін толықтырады, бала тәрбиесіне деген көзқарастарын өзгертеді, өз жан дүниесінің тыныштығын үйлесімді ете түседі.

  Мақала қысқартылып жарияланған, толық нұсқасын «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналынан оқи аласыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться