text
MCFR.KZ Образование

Қазақстан мұғалімдерінің біліктілік санаты

  • 19 октября 2018
  • 107
Біліктілік санат
Біліктілік санат

Біліктілік санаты – Қағидалармен айқындалатын біліктілік талаптарына сай келетін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілік деңгейі.


Қағидалардың 2-параграфы, 2-тарауының негізінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін аттестатталушы адамдар (бұдан әрі – аттестатталушы адамдар) кезекті және мерзімінен бұрын аттестатталатындар болып бөлінеді.

Біліктілік санатын тағайындау (растау) үшін аттестатталушыларды кезекті аттестаттау екі кезеңмен жүзеге асады:

бірінші кезең – ұлттық біліктілік тестілеу;

екінші кезең – қызмет нәтижелерін кешенді талдамалы жалпылау.


ОСЫ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН МАҚАЛАЛАРДЫ ОҚЫҢЫЗДАР


Аттестаттауға өтініш

Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа ережелері 

Жүктеу: Аттестаттауға өтініш DOC файл

Кезекті аттестаттау үшін қойылатын біліктілік талаптар


Педагог қызметкерлерді кезекті аттестаттау үшін қойылатын біліктілік талаптар:

  • «педагог» біліктілік санаты үшін:

жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар, жұмыс өтіліне талаптар қоймастан, келесі кәсіптік біліктіліктерге сай: оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, оқыту және бағалау әдістемесін біледі; білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім беру ұйымының деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың сұраныстарын ескере отырып, тәрбие мен оқытудың жеке тәсілдерін жүзеге асырады, кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын меңгерген, цифрлық білім беру ресурстарын қолданады;

  • «педагог-модератор» біліктілік санаты үшін:

жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар, педагогикалық өтілі кем дегенде екі жыл, келесі кәсіптік біліктіліктерге сай: «педагог» біліктілік санатының жалпы талаптарына сай, сонымен бірге оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибесін жалпылайды, білім беру ұйымы деңгейіндегі олимпиадаларға, конкурстарға, сайыстарға қатысқан оқушылары бар;

  • «педагог-сарапшы» біліктілік санаты үшін:

жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар, педагогикалық өтілі кем дегенде 3 жыл, келесі кәсіптік біліктіліктерге сай: «педагог-модератор» біліктілік санатының жалпы талаптарына сай, сонымен бірге ұйымдасқан оқу қызметін талдау дағдыларын меңгерген, тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіптік даму басымдықтарын құрылымдық тұрғыдан айқындайды: білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің, аудан/қала деңгейінде тәжірибесін жалпылайды, аудан/қала деңгейіндегі олимпиадаларға, конкурстарға, сайыстарға қатысқан оқушылары бар;

  • «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты үшін:

жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар, педагогикалық өтілі кем дегенде 4 жыл, келесі кәсіптік біліктіліктерге сай: «педагог-зерттеуші» біліктілік санатының жалпы талаптарына сай, сонымен бірге сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген, білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, тәлімгерлікті жүзеге асырады және аудан, қала деңгейіндегі педагогикалық қоғамдастықта даму стратегияларын құрылымдық тұрғыдан айқындайды, облыс/Астана, Алматы қалалары деңгейінде тәжірибесін жалпылайды, облыс/Астана, Алматы қалалары деңгейіндегі олимпиадаларға, конкурстарға, сайыстарға қатысқан оқушылары бар;

  • «педагог-мастер» біліктілік санаты үшін:

жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар, педагогикалық өтілі кем дегенде 5 жыл, келесі кәсіптік біліктіліктерге сай: «педагог-зерттеуші» біліктілік санатының жалпы талаптарына сай, сонымен бірге авторлық бағдарламасы бар немесе шығарылған оқулықтардың, Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған оқу-әдістемелік құралдардың авторы (авторласы) болып табылады, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, тәлімгерлікті жүзеге асыражы және облыс деңгейінде кәсіптік қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға қатысқан немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға қатысушыларды дайындаған.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Мерзімінен бұрын аттестаттауға қойылатын біліктілік талаптар

Өтініштің негізінде келесі талаптардың біріне сай келетін аттестатталушылар мерзімінен бұрын аттестаттауға жіберіледі:

  • «педагог-модератор» біліктілік санаты үшін:
    – білім беру ұйымы деңгейіндегі пән олимпиадаларының, шығармашылық, кәсіптік конкурстардың, ғылыми, спорттық сайыстардың жеңімпаздарын дайындаған тұлғалар;
    – білім беру ұйымы деңгейіндегі кәсіптік конкурстардың, педагогикалық олимпиадаларжың жеңімпазы болған тұлғалар;
    – аудан, қала деңгейінже жеке педагогикалық тәжірибесін жалпылаған тұлғалар;
    – жоғары оқу орнын «үздік» бітірген тұлғалар;
    – жоғары оқу орнын пәнді ағылшын тілінде оқыту құқығымен бітірген, ағылшын тілін кем дегенде В1 деңгейінде білетінін (CEFR межесі бойынша) растайтын сертификаты (куәлігі) бар тұлғалар;
    – магистр академиялық дәрежесіне ие тұлғалар;
    – орта кәсіптік (техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі) оқу орнын «үздік» бітірген және кем дегенде бір жыл педагогикалық қызмет өтіліне ие тұлғалар;
    – бейіндік пән бойынша шеберге үміткер болып табылатын тұлғалар;
  • «педагог-сарапшы» біліктілік санаты үшін:
    – аудандық/ұалалық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық, кәсіптік конкурстардың, ғылыми, спорттық сайыстардың жеңімпаздарын дайындаған тұлғалар;
    – аудандық/қалалық деңгейдегі кәсіптік конкурстардыңғ педагогикалық олимпиадаларың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
    – облыстық деңгейде (Астана, Алматы қалалары) жеке тәжірибесін жалпылаған тұлғалар (городов Астана, Алматы);
    – «Болашақ» бағдарламасының түлектері болып табылатын тұлғалар;
    – ғылым кандидаты/докторы ғылыми дәрежесіне ие тұлғалар;
    – ағылшын тілін кем дегенде В2 деңгейінде (CEFR межесі бойынша) меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын тұлғалар;
    – жоғары оқу орнынан білім беру ұйымына педагогикалық жұмысқа ауысып келген, кем дегенде екі жыл педагогикалық жұмыс өтіліне ие тұлғалар;
    – бейіндік пән бойынша халықаралық класс спорт шебері болып табылатын тұлғалар.

  • «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына:
    – облыстық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми, спорттық сайыстардың жеңімпаздарын немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысушыларды дайындаған тұлғалар;
    – облыстық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылатын немесе білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген тізімге сәйкес облыстық немесе республикалық деңгейдегі педагогикалық олимпиадаларға қатысқан тұлғалар;
    – республикалық деңгейде жеке педагогикалық тәжірибесін жалпылаған тұлғалар;
    – ғылым кандидаты/докторы ғылыми дәрежесіне және кем дегенде бес жыл педагогикалық жұмыс өтіліне ие тұлғалар;

  • «педагог-шебер» біліктілік санаты үшін:
    – республикалық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстардың, ғылыми, спорттық сайыстардың жеңімпаздарын немесе халықаралық деңгейдегі қатысушыларды дайындаған тұлғалар;
    – білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген тізімге сәйкес республикалық деңгейдегі кәсіптік конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылар болып табылатын тұлғалар; 
    – жеке педагогикалық тәжірибесін халықаралық деңгейде жалпылаған, оқыту мен тәрбиенің ғылыми негізделген әдістерін, авторлық технологияларды педагогикалық практикада жүйелі қолданатын тұлғалар.

    Өтініштерді қабылдау және бірінші ұлттық тестілеу мерзімдері

Ұлттық біліктілік тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдау сәйкес деңгейдегі аттестаттау комиссиясымен жүргізіледі, біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда оларды ұлттық біліктілік тестілеу жүргізетін ұйымға жібереді.

Өтініштерді қабылдау мерзімі
Бірінші ұлттық біліктілік тестілеу мерзімдері


Ұлттық тестілеуге өтініш

Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа ережелері


Мақала қысқартылып жарияланған, толық нұсқасын «Білім беру ұйымының әдіскері» журналынан оқи аласыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться