text
MCFR.KZ Образование

Микрооқытудың сабақ жоспарына әсері

  • 12 октября 2018
  • 26
Микрооқыту
Микрооқыту

Микрооқыту сабақтың мақсатын дұрыс қоюға, бағалау өлшемшарттары мен дескрипторларды әзірлеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қызықты тренингтер, ұсынылған ресурстық материал, әзірленген микрожағдайлар арқылы оқытудың басты бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

«Балаларды дайын формулалармен ренжітпеңдер, формулалар – бос нәрсе; оларды байланыстырушы дәнекері айқын бейнелермен және кескіндермен байытыңдар. Балаларға болмайтын деректерді жүктемеңдер; оларға нәтижеге жетуге көмектесетін тәсілдер мен әдістерді үйретіңдер. Оларға пайданы көздеуді үйретпеңдер. Бастысы – адамның бойында адамдықты тәрбиелеу».

Антуан де Сент-Экзюпери

 

Білім беру мазмұнын жаңарту алдына басты мақсат қояды: білім беру бағдарламасын жаңарту тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және сындарлы бағалау жүйесін енгізу. Бұл бағдарлама Д. Брунердің танымдық теориясына негізделген білім берудің шиыршықты нысанын дамытуға бағытталған.

 

Оқытудың шиыршықты нысаны оқытудың дәстүрлі нысандарына қарағанда бүкіл мектепте оқу кезеңінде күрделене түсетін материалды қайта қараудың қазіргі оқушыны дамытуда басымдыққа ие екенін болжайды. Сондай-ақ қазақстандық оқушыларды дамыту оқытудың белсенді нысандарын енгізу жолымен жүзеге асады, оның барысында оқушылар функционалдық сауаттылығын өз бетімен дамытып, белсенді түрде білім «алып» құрдастарымен қатынас дағдыларын ерекше ынтамен дамытады әрі мәселелерді шешуге шығармашылық тұрғыдан келеді деп болжануда.

Жаңартылған бағдарламаны қолдану барысындағы педагогтардың міндеті – негізгі адамзаттың нормалар мен қағидалардың оқушылардың бойына сіңіру, басқа мәдениетке және көзқарасқа деген толеранттылық пен құрметті қалыптастыру, жауапты, дені сау баланы тәрбиелеу.

Жаңартылған бағдарлама – бұл жаңа тәсілдер, әдістер, стратегиялар, бұл сындарлы бағалау (әзірленген өлшемшарттар бойынша бағалау), бұл жоспарлаудың жаңа нысандары (ұзақмерзімдік, ортамерзімдік, қысқамерзімдік), бұл бағалаудың жаңа тәсілдері (формативтік және жиынтық), бұл АКТ-ны қолдану, бұл үштілділікті енгізу (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқуды біртіндеп енгізу).

Микрооқытуды енгізу

Сабақ жоспарына микрооқытуды енгізуде үнемі

  • оқушылардың тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес білімді саралауға;
  • әр оқушының әлеуетін ашу және командада жұмыс істеу машығын дамыту мақсатында топта жұмыс істеуге жағдай жасауға;
  • мұғалімнің түпнұсқа материал мен тапсырмаларды қолдануына;
  • оқушылардың сыни ойлауын дамытуға арналған тапсырмаларды іріктеуге назар аударылуы тиіс.

 

 

Топта оқушылар жаңа ақпаратпен танысуы тиіс, бұл ретте жаңа педагогикалық тәсілдер мен әдістерді, сыни ойлау әдістері, белсенді оқыту нысандары қолданылады. Дайындықтан кейін әр оқушылар тобы жұмыстарын, презентацияларын, жобаларын қорғауы тиіс.

Жалпы микрооқыту сабақты жоспарлау тәсілдеріне әсер етеді: белсенді оқыту әдістерін қолдану, оларды саралау, сындарлы бағалау.

Сабақты жоспарлаудағы кері байланыс сабақ жоспарына оң әсер етеді, себебі оны түзетуге себеп болады.

 


 

★ ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ★

Оқу үдерісінің практикалық әдістері мен тәсілдері
Микрооқытудың сабақ жоспарына әсері

К. Я. Грудупс,

«Қостанай қ. әкімдігінің білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі» ММ директорының ҒӘЖ жөніндегі орынбасары
Мұғалімдердің жаңартылған білім бағдарламасын сәтті іске асыруын қамтамасыз ету үшін практикалық кеңестерді ұстану қажет.

 

 Қысқамерзімдік жоспар құрастыру

Білім беру мазмұнын жаңартудың аясында қысқамерзімдік жоспар құрастыру үшін микрооқыту

  • жеке және топтық жұмысты жоспарлауға;
  • «Сәлемдеме жіберіңіз», «Уақыт сызығы», «Жалғыз көпіршік», «Жеңіл әрі күрделі сұрақтар құрастыру», «…туралы 10 сөзді атаңдар», «Плюс-минус-қызықты» және басқалары;
  • саралау әдістерін қолдануға: деңгейлік тапсырмалар;
  • ұстазды қолдауға, серіктес таңдауға, көмек сұрауға;
  • оқыту мақсаттары мен сабақтың мақсаттарына сәйкес тапсырма құрастыруға;
  • тапсырмалардың дескрипторларын анықтауға септігін тигізеді.

 Микрооқытудың сабақ жоспарына әсері

  • мұғалімге келесі сабақты жақсартуға, сабақта қолданылатын ресурстарды, тапсырмалар мен әдістерді оңтайландыруға мүмкіндік береді;
  • оқу мақсаттарына жету мақсатында тапсырмалардың өлшемшарттары мен дескрипторларын тиімді әзірлеуге септігін тигізеді;
  • сабақты жоспарлауда қолданылатын әріптестер мен тренердің кері байланысын, теория мен практиканың байланысын, сабақ бойынша рефлексияны жүзеге асырады.

Осылайша, микрооқыту сабақтың мақсатын дұрыс қоюға, бағалау өлшемшарттары мен дескрипторларды әзірлеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қызықты тренингтер, ұсынылған ресурстық материал, әзірленген микрожағдайлар арқылы оқытудың басты бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться