text
MCFR.KZ Образование

Бремен музыканттарының оқиғасы

  • 11 октября 2018
  • 17
Бремен музыканттарының оқиғасы
Бремен музыканттарының оқиғасы

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған ойын-сауық сценарийі.



Қатысушы тұлғалар: сайқымазақтар, трубадур, ханшайым, мысық, қарақшылар, патша.

1-ші сайқымазақ. Ұлдар, қыздар!

2-ші сайқымазақ. Қыздар, ұлдар!

1-ші сайқымазақ. Қаламызға бремен музыканттары келді!

2-ші сайқымазақ. Олар әртістік оқуға қабылдау жүріп жатқанын жариялады!

1-ші сайқымазақ. Алақай!

Ханшайым, трубадур мен мысық шығады.

Ханшайым. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ханшайыммын!

Трубадур. Ал мен трубадурмын.

Ханшайым. Біз достарымызбен саяхаттап жүрміз!

Мысық. Мяу! Қораздан, иттен, есектен барша балаға үлкен сәлем!

Трубадур. Бізді бәрің таныдыңдар, күмәнім жоқ. Біз – әлемге танымал дарынды тұлғалармыз.

Мысық. Алдарыңда … тұр және сендерге сәлем жолдайды

Бірге. Бремен музыканттары!

Трубадур. Араларыңда әртіс болғысы келетін жан бар ма?

Балалар. Иә!

Мысық. Мяу! Біз сендерді қабылдаймыз, алайда, ең алдымен сендердің қабілеттеріңді тексеріп көреміз. Бірінші тапсырма. Менің қимылдарымды мұқият бақылаңдар және қайталаңдар.

 

«Мұрын, еден, төбе» ойыны

(зейінге арналған ойын, 3 минут)

Басында аталған заттарды көрсетеді, осыдан кейін жүргізушілер балаларды шатастыра бастайды, мысалы «мұрын» деп «төбені» көрсетеді.

Мысық. Ендеше менің істегенімді қайталаңдар! (2 рет шапалақтау)

Қане, бәріміз бірге, бәріміз бірден! (2 рет шапалақтау)

Бәрі тату бізде әрдайым! (2 рет шапалақтау)

Ендеше бәріміз тапырлатамыз!(2 рет тапырлату)

Қане, бәріміз бірге, бәріміз бірден! (2 рет тапырлату)

Бәрі тату бізде әрдайым! (2 рет тапырлату)

Мен сияқты күліңдер: «Ха-ха!»

Қане, бәріміз бірге, бәріміз бірден! («Ха-ха»)

Бәрі тату бізде әрдайым! («Ха-ха!»)

Жарайсыңдар!

Ханшайым. Ал енді екінші тапсырма. Қазір біз театр ойнаймыз.

 

«Театр» ойыны

Жүргізуші. Бәріміз театр ойнаймыз ба?

Балалар. Иә, иә, иә! (Қол шапалақтайды.)

Жүргізуші. Шымылдық ашылады!

Балалар. Вжик, вжик, вжик! (Ашылған шымылдық секілді қол бұлғайды.)

Жүргізуші. Театр – бұл бітпейтін репетиция! Қайта дайындалады. (Барынша қарқынды.) Ендеше бәріміз театр ойнаймыз ба? (Бәрі басынан басталады.) (Бұдан әрі мәтін бойынша.)

Сыбызғылар ойнайды!

Қыздар. У-лю-лю-лю-лю-лю! (Сыбызғыда ойнағанды салады.)

Жүргізуші. Дабылдар ойнады!

Ұлдар. Бум-бум-бум! (Дабылда ойнағанды салады.)

Жүргізуші. Бірақ театр – бұл бітпейтін репетициялар. (Бәрі соңғы сөзіне дейін қайталанады.)




Қарақшылар тобы кіреді!

Балалар қорыққанынан айғайлайды және бетін қолымен жабады.

1-ші қарақшы. Мәссаған, біз кіріп үлгермедік, ал балалар бізден қорқады!

2-ші қарақшы. Ого, адам көп екен! Бір топ құруға болады!

3-ші қарақшы. Иә! Қарақшылар тобын!

Мысық. Ф-р-р-р! Ф-р-р-р! Қане, жоғал бұл жерден, әйтпесе көзіңді ойып аламын! (Қарақшыларға шабуылдайды.)

1-ші қарақшы. Мысықтың көзін құртыңдар, ол құтырған!

Трубадур. Балалар қарақшы болмайды! Біз оларды әртіс қыламыз!

2-ші қарақшы. Мүмкін біздің де әртіс болғымыз келетін шығар!

3-ші қарақшы. Иә! Егер сендердің бізді қабылдағыларың келмесе, қажеті жоқ! (Ренжіп, сырт айналады.)

Ханшайым. Жарайды, ренжімеңдер! Сендер де біздің тапсырмамызды орындап, нағыз әртіс бола аласыңдар. Мысалы, мен қазір балаларға жұмбақ жасырамын, ал сендер балалармен бірге жауабын тауып көріңдер.

Қарақшылар. Оп-оңай! Түк те емес! Біз өте ақылдымыз!

Ханшайым. Онда мұқият тыңдаңдар! (Жұмбақ жасырады, ал қарақшылар оның жауабын «шатастырады».)

Үй жинаған ұқыпты,

Бір қыз бопты ертеде.

Тыңдамаған мысықты,

Салыпты ғой әлекке. (Мақта қыз)

 

Джунглиде өскен жасынан,

Епті бала болыпты,

Багира, Бану достары.

Шерхан – оның қас жауы. (Маугли).

 

Кішкене қыз орманға

Жалғыз өзі барады.

Апасына қартайған,

Дәмін салып алады. (Қызылтелпек).

 

Аяғынан тұсаулап,

Кемпір оны ұстайды.

Желмен ұшар желпілдеп,

Босап кетсе  бұл шалы. (Қаңбақшал).

 

Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен ападан,

Орманда кеше жүр едім

Домалап шықты алдымнан. (Бауырсақ)

 

Кедей еді бұл бала,

Айы туды оңынан,

Жын шығады керемет,

Сиқырлы оның шамынан. (Алладин)

 

Бұл бұқа жиі үй салған.

Онда жалғыз өмір сүргісі келді.

Бірақ оған жануарлар келді -

Есіктерді бұзғысы келді,

Саңылаулардан мүкті тартыңыз.

Ол бәріне бірден келуге рұқсат берді!

Бұл бұқа жаман емес еді.

Кішкентай саябақта бұқамен кім тұрды? (Жыртқыштар қысы)

 

Ағаш бала болды -

Досы Pierrot, Малвина болды.

Барлық біледі, ол ... (Пиноккио).

 

Бір керуен жүреді екен түйе-түйе,

Демінен жолын шығып қара күйе.

Жүрмейді ұрса-дағы басқалары,

Бәріне жалғыз бура болған ие. (Пойыз).

Сендер қандай ақылдысыңдар, балалар! Қарақшылардың сендерді шатастырмақ болғанына қарамастан, сендер олардың айласына көнбедіңдер!

Жалғасын  № 10-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться