text
MCFR.KZ Образование

ҚР колледждерін аккредиттеу

  • 29 октября 2018
  • 15
ҚР колледждерін аккредиттеу
ҚР колледждерін аккредиттеу

ҚР бүкіл білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаттарының бірі – мемлекеттік аттестаттаудан тәуелсіз аккредиттеуге көшу.


Білім беру қызметтері мен жалпыға міндетті білім беру стандартының сәйкестігін бақылау мақсатында ҚР-ғы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау жүргізілуде.

Аккредиттеу бақылау түріне жатпайды, бұл объектінің бекітілген өлшемшарттар мен көрсеткіштерге (стандартқа) сәйкестігін ресми түрде растау процедурасы.

Білім беру ұйымын аккредиттеу білім сапасын қамтамасыз ету құралы болып табылады.

2015 ж. бастап мемлекеттік аттестаттау жоғары оқу орындары мен колледждерді ұлттық институционалдық аттестаттауға толық алмастырылды. Мемлекеттік бақылау лицензиялық тексерулер түрінде мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын болады.

Аккредиттеу процедурасы – мүлдем жаңа бағыт, сондықтан колледж басшыларының бәрі оның ерекшеліктерін түсіне бермейді.

Аккредиттеу екі басты компоненттен тұрады:

  • сапаны қамтамасыз ету бойынша стандарттарға сәйкестік;
  • білім беру ұйымының қызметін жақсарту.

 

Тәуелсіз аккредиттеудің мемлекеттік аттестаттаудан ерекшеліктері:

  • аккредиттеуді оқытылған, сертификатталған, соның ішінде халықаралық сарапшылар жүргізеді;
  • жұмыс берушілерді, студенттерді тарту;
  • жоғары оқу орындарымен, колледждермен және сарапшылармен келісілген бағдарлама, мерзімдер бойынша сыртқы аудит жүргізу нақтылығы;
  • әр процедура бойынша стандарттар мен нұсқаулықтардың болуы;
  • жұмысты жақсартуға арналған ұсынымдардың ойластырылған жүйесі;
  • білім беру ұйымымен, сарапшылармен кері байланыс.

«Білім туралы» ҚР Заңының 9-1-б. сәйкес білім беру ұйымын аккредиттеу уәкілетті орган тізіміне енгізілген аккредиттеу органдарында ерікті негізде жүзеге асырылады. Алайда, «Білім туралы» Заңға жоғары оқу орындары мен колледждерді аккредиттеуге арналған ынталандырудың нарықтық механизмдері енгізілді. Білім сапасын растайтын құрал ретінде аккредиттеудің болуы жұмыс берушілер мен академиялық қоғамды бағалауды қамтиды, сондықтан мемлекет осындай бағаға сенім арта отырып, аккредиттеуден өткен ТжКБ ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын және мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжатты беру құқығын береді. Бұл құқық «Білім туралы» ҚР Заңында бекітілген (2015.13.11 № 398-V өзгертулермен және толықтырулармен).


★ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ★

Тегін кәсіптік техникалық білім
ҚР колледждерін аккредиттеу

Е. С. Қарағұлов

Алматы қ. Білім басқармасының «Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі» КМҚК директоры

«Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім»жобасының мақсаты – жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыс кадрларын көбейту және қалаған адамдардың бәрін тегін техникалық және кәсіптік біліммен (бұдан әрі – ТжКБ) қамту.

Жобаның міндеттері:

  • барлық қалаған 9-шы сынып түлектерін тегін алғашқы жұмысшы біліктілігімен 100 %-дық қамту;
  • мектептің 10–11-ші сынып оқушыларын қолданбалы біліктіліктермен қамтамасыз ету;
  • жұмысшы біліктіліктері бойынша колледжде оқитын студент санын арттыру (2020 жылға қарай 40 %-ға дейін);
  • жұмыссыз, өзін өзі жұмыспен қамтушы және біліктіліксіз жұмысқа тұрған жастарды жұмысшы біліктілігімен қамтамасыз ету;
  • кадрларды үздіксіз, икемді кәсіптік даярлауды қамтамасыз ету.

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Елбасының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауын (Қазақстан Республикасы президентінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 143 Жарлығымен бекітілген) Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша «2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын енгізудің» 39-т. орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 3406-1 тапсырмасының негізінде «2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптіктехникалық білім» жаңа жобасын енгізу» жаңа жобасын енгізу бойынша Жол картасы бекітілді. Осы Жол картасы жобаны кезеңдік іске асыру алгоритмін қарастырады, оған мыналар кіреді:

  • нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
  • ТжКБ-мен бірге кадрлар даярлауды қамтамасыз ету;
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының аясында ТжКБ-мен бірге кадрлар даярлау;
  • еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқамерзімдік кәсіптік оқыту;
  • инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • ТжКБ беделін арттыру;
  • ақпараттық жұмыс.

Сонымен бірге колледждердің аккредиттеуден өтуі ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – БҒДМБ) негізгі көрсеткішіне жатады. БҒДМБ іске асыру іс-шаралары жоспарына сәйкес  2019 ж. мемлекеттік колледждің 60 % немесе 286-сы халықаралық аккредиттеуден өтуге тиіс.

Осыған байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерімен бірге ТжКБ оқу орындарының 2016–2020 жылдарға арналған аккредиттеуден кезеңдік өту бойынша жол картасы әзірленді, мұнда оқу орындарын, мамандықтарды, аккредиттеу, қаржыландыру органдарын анықтау және т. б. бойынша іс-шаралар енгізілді (ҚР БҒМ 2016.29.03 № 224 ішкі бұйрығы).

Бүгінде барлығы 89 мемлекеттік колледж жеке қаражаты мен жергілікті бюджет қаражатының есебінен институционалдық, мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес 2017 ж. 1 қаңтардан бастап білім беру ұйымдары  сапаны қамтамасыз ету бойынша еуропалық кеңістіктің толық құқылы мүшелері әрі білім саласындағы уәкілетті орган тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өтуге құқылы.

Еуропалық білім беру кеңістігіне ену білім беру ұйымдарын еуропалық стандарттарды ұстануға міндеттейді, оның ішіндегі бастысы – уәкілетті орган тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеу процедурасы арқылы сапаны қамтамасыз ету. «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес Министрлік танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімін жасайды.

Жалғасын  № 10-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться