Үлгілік оқу бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибелердің жетістіктерін ескере отырып әзірленген.
Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы№ 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы.
Түсіндірме жазба
Бағдарлама «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14-баптарына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес және мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ баланың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлау мақсатында әзірленді.
Бағдарламалар баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру, әр жас тобында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуы мониторингін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығы, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.
★ ТЕКСЕРУЛЕР ★
Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру сапасын арттырудың негізгі аспектілері

Г. Н. Сапаров
Алматы қ. білім саласындағы бақылау Департаментінің Білім сапасын сыртқы бағалау бөлімінің басшысыБағдарлама баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді. Оның мазмұны балалардың дене және психологиялық дамуының келесі жас кезеңдерін қамтиды:
Бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін:
ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ);
кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ);
Мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6 (7) жасқа дейін:
мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ);
мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);
мектепке дейінгі естияр жас – 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін – мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы, 6 жастан 7 жасқа дейін – жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы).
Бағдарлама мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – Стандарт) және мектепке дейінгі педагогика мен жас ерекшеліктері психологиясының негізгі ережелеріне сәйкес білім беру салаларын кіріктіру ұстанымдары ескеріле отырып, әзірленді. Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, білімділік міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етеді. Бағдарламаның ерекшелігі қолайлы әлеуметтендіруге және балалардың кажетті дағдыларды игеруіне ықпал ететін мектеп жасына дейінгі балалардың кешенді дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарлама меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтеріне және мектепалды даярлық сыныптарына ұсынылады.