text
MCFR.KZ Образование

Отбасы баланың жеке тұлғалық дамуының факторы ретінде

  • 8 октября 2018
  • 8
Отбасы баланың жеке тұлғалық дамуының факторы ретінде
Отбасы баланың жеке тұлғалық дамуының факторы ретінде

Отбасы әр түрлі жастағы, жынысты адамдарды біріктіреді, ол балаға өзінің эмоционалды және зияткерлік мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ата-аналардың балаларды дұрыс тәрбиелеуге деген дұрыс қарым-қатынасы олардың оқу, еңбек және қоғамдық белсенділіктеріне оңтайлы әсер етеді.

Ата-ананың ерте жастан қамқорлық жасауының арқасында баланың дұрыс даму процесі жүзеге асырылады. Отбасында бала қоғамдағы болашақ дербес өмірге дайындалады, оған рухани құндылықтар, адамгершілік нормалар, мінез-құлық үлгісі, салт-дәстүрлер беріледі. Балалар отбасының басқа мүшелерімен, туысқандармен, таныстармен қарым-қатынас жасауды үйренеді. Біреуін олар жақсы көреді, біреуінен қашып жүреді, біреуімен ақылдасады, біреуіне сүйіспеншілік білдіріп, біреуінің сүйкімсіздігін жақтырмайды. Балалар өз ата-анасынан ойлауды, түсінуді және өз эмоцияларын бақылауды үйренеді.

Махаббат және түсіністік атмосферасында тәрбиеленген оқушылар денсаулықпен байланысты проблемалар, мектептегі оқу мен құрдастарымен қарым-қатынаста кедергілер аз болады. Адалау және жақтырмау жағдайында тәрбиеленген балада ол балабақша мен мектепке барғанға дейін болашақ кедергілердің негіздері көрініс таба бастайды.


★ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ★

Баланы құқықтық тәрбиелеудегі отбасының рөлі
Отбасы баланың жеке тұлғалық дамуының факторы ретінде

О. Ю. Кадочникова

«№ 3 гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Қарағанды қ.
Автор ата-аналар жиналысының мысалында ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, баланың құқықтарын қорғау, сондай-ақ ата-аналардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігі мәселелеріндегі нормативтік құжаттармен ата-аналарды таныстыру туралы баяндайды.

Жасөспірімдермен жасалған көптеген құқық бұзушылықтардың талдауы олардың алғашқы өмір сүру жылдарының тұрмысы төмен отбасында өткізгендігін көрсетеді.

«Үш жастан кейін кеш болады» кітабының авторы Масару Ибука айтқандай, көз бен мұрын сіздің балаңызға тұқыммен беріледі, ал бет әлпетінің бейнесі – бұл отбасындағы қарым-қатынас көрініс табатын айна іспеттес. Қазіргі таңда жаңа заман дәуірінде өмір сүріп жатырған аналардан көбіне мына пікірді естуге болады «Мен баламен айналысып жатырғаным соншалықты, менің оның білім алуына уақытым жоқ». Біреулері бала үшін жұмыс жасап, ең бастысы оны аш қалдырмау керек деп есептейді.

Бұл айырмашылықтардың барлығы отбасының қаржылық жағдайына ғана емес, ата-аналардың балалардың тәрбиесіне деген әр түрлі қарым-қатынасына байланысты. Кейбіреулері өз балаларын еркін түрде тәрбиелеп жатқандығын мақтан етеді. Мұндай «еркін» тәрбиелеу болмауы тиіс, себебі тәрбие беру – бұл ата-ананың күнделікті еңбегі.

Статистика бойынша ата-аналар өз балаларын «еркін» тәрбиелеген сайын соғұрлым өзіне сенімсіз баланы өсіреді. Бала үшін ең керемет тәрбие – бұл аналық махаббат пен көңіл.

Ата-аналар үшін ең басты кәсіп – бұл балаларды тәрбиелеу. Ата-аналар өз баласында барабар өзіндік бағалауды қалыптастыруға талпынуы тиіс. Жасаған әрекеттері үшін жазалау және жақсы әрекеттері үшін мақтаулар шектеулі түрде алмасып тұруы тиіс.

Өзін-өзі бағалаудан басқа ата-аналар баланың өз қызметі мен қарым-қатынаста не нәрсеге талпыну деңгейін талап етеді. Талпыну және өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары, лайықты ынталандыруға ие балалар табысқа жетуді көздейді, ал сәтсіздік болған жағдайда ауыр психикалық соққы алуы мүмкін. Талпыну және өзін-өзі бағалау деңгейі төмен балалар болашақта да, қазіргі жағдайда да көп нәрсені талап етпейді. Олар алдарына үлкен мақсаттарды қоймайды, өз мүмкіндіктерінен күдіктенеді, сәтсіздікке тез бой алдырады, бірақ көп нәрсеге қол жеткізеді.

Ата-аналардың тәрбие беру әдістері міндетті түрде келісілген болуы тиіс. Балада құндылықтар әлемі қалыптасады, одан оның болашағы байланысты. Осы көпжақты дамуда ата-аналар өзінің мінез-құлқымен және үлгі көрсетуімен балаға үлкен көмек тигізеді. Балалар олардан талқылау, бағалау, қабылдау қабілеттерін үйренеді. Ол үшін арнайы бағдарламалар жоқ, ата-аналардың мінез-құлқына, әрекеттеріне, сезімдеріне, қарым-қатынас жасау қабілеттеріне қарап баланың жеке тұлғасы қалыптасуы мүмкін.

Мысалы, Жапониядағы мектептерде балаларды бір-бірімен салыстыруға тыйым салынған. Тек өзімен ғана салыстыруға болады. «Арман, сен Алуаға қарағанда жақсы жасадың» деп айтуға болмайды. «Арман, сен бүгін кешегіге қарағанда жақсы жасадың» деп айтуға болады.

Соңғы уақытта адамдар бір-бірімен сирек араласа бастады. Тірі қарым-қатынасты Интернет, телефон алмастырды. Бұл жағдай бала тәрбиесіне әсер етпеуі мүмкін емес. Бала отбасында алғашқы өмірлік тәжірибені алады, алғашқы байқауларын жасап, әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін үйренеді. Балаға үйретілген нәрсенің барлығы жеке үлгі көрсетумен бекітіліп, ересектердің теориясы тәжірибеден алшақтамағаны маңызды. Балалар дайын мінез-құлық үлгілерін меңгере отырып, ата-анадан белгілі бір мінез-құлық тәсілдерін үйренеді. Әке-шеше қажетті өмірлік тәжірибенің көзі болып табылады, белгілі бір мінез-құлық түрін қолдап немесе міней отырып, сондай-ақ, жазаны қолдана отырып немесе баланың мінез-құлқындағы еркінділіктің белгілі бір шекті деңгейін ұстай отырып, баланың мінез-құлқына ықпал етеді.

Белгілі педагог Песталоцци бала үшін ең әуелі мейірімді қамқорлық пен махаббат, одан кейін ата-аналардың өздерінің мінез-құлық және адамгершілік үлгісі қажет деп айтқан болатын. Егер олар баланы алдамауға үйретіп, ал өздері жалған сөйлейтін болса, бала да оны екі етпей жасайды.

Балаға ата-ананың екеуі де керек. Бірақ, өкінішке орай, барлық бала ата-ананың мейірімін көрмейді. Әрбір отбасының өз ерекшелігі бар, ол қандай да бір түрге жатқызылуы мүмкін.

Дәстүрлі отбасы

Бір үйде әр түрлі жастағы туысқандар тұратын, саны жағынан көп отбасы. Отбасында үлкенді сыйлайтын, ұлттық және діни салт-дәстүрлерді сақтайтын балалар көп. Отбасының дәстүрлі үлгісі әрдайым туысқандармен тығыз қарым-қатынас ұстауға негізделген. Отбасының мұндай түрі әдетте үш ұрпақтан тұрады: ата-ана, балалар, немере, үлкендердің сөзі олар үшін заң болып табылады. Ата, әжеден мәдениет пен даналықты игеруге болады, ал ұрпақ сабақтастығын мол эмоционалды тәжірибе береді.

Нуклеар отбасы

Екі ұрпақтан құралады – ерлі-зайыптылар мен балалары (соңғылары некеге тұрғанға дейін). Бұл ерлі-зайыптылардың тығыз қарым-қатынасы байқалатын жас отбасы. Ол мұндай қатынасқа жол бермейтін әдеттегі патриархалдық отбасына қарағанда бір-біріне құрметпен қарау, көмек көрсету, бір-біріне мейірімділік танытуда көрініс табады. Мұндай отбасылар мәжбүрлі түрде бірге өмір сүреді: жас отбасы ата-анадан бөлініп шыққысы келсе де, өз баспанасының болмауына байланысты оны іске асыра алмайды. Баланы тәрбиелеу мен дамыту қызметі толықтай анасына артылып, ал әкесі бұл қызметке оның өтініші бойынша анда-санда қосылып отыратын отбасында жақсы адам тәрбиелене алмайды. Жұмыстан кейін уақыттың болмауы немесе шаршау балаларға әкесімен жақын араласуға кедергі болмауы тиіс.

Толық емес отбасы

Ажырасу немесе ерлі-зайыптының біреуі қайтыс болуы нәтижесінде қалыптасады. Толық емес отбасында ерлі-зайыптылардың біреуі, көбіне анасы баланы жалғыз өзі тәрбиелейді.

Аналық (некеден тыс) отбасы

Анасы баланың әкесімен некеде емес. Мұндай отбасылар жас қыздармен ғана емес, саналы түрде мұндай таңдауды жасайтын кемел жастағы әйелдермен де құрылады.

Аралық отбасы

Мұндай қатынастар кез-келген уақытта қандай да бір нақты түрді қабылдауы (құлдырауы) немесе құжатпен бекітілуі мүмкін.

Отбасындағы ахуалға педагогикалық ықпал етудің тиімділігі байланыс ты: бала махаббат және мейірімділікпен өссе, тәрбиелеуге келеді. Егер ол мейірімсіздік, алалау және күнделікті жанжалдасу атмосферасын көрсе, онда психикалық ауытқушылықтары мен жеке проблемаларға толы бала өседі.

 

Ата-аналар арасындағы жанжал балаға зиянын тигізеді. Жанжалды, күйзелісті ахуал баланың жүйкесін тоздырып, ашушаң қылады. Ашушаң аналардан әдетте ашушаң бала дүниеге келеді; даңғой ата-аналар осылайша балаларды басынып, оларда өз-өзін төмен бағалау қасиетінің пайда болуына әкеліп соқтырады; өз қателігін түсінбей, сәл нәрсеге ашуланатын ұстамсыз әке де өз балаларын және т. б. осындай түрде тәрбиелейді. Бала тәрбиесінде ата-ана мейірімділігінің аз болуы олардың қоғамдық белсенділігіне жағымсыз түрде әсер етеді, ал бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы әр түрлі психологиялық проблемалар мен өз-өзін төмен бағалау қасиетінің қалыптасуына алып келеді.


Отбасында бала алғашқы өмірлік тәжірибесін алып, алғашқы бақылауларын жасайды, әр түрлі жағдайда өзін қалай ұстау керектігін үйренеді. Ересектер балаларды үйрете отырып, теория мен тәжірибенің арасы алшақтамас үшін оларға өз әрекеттерімен нақты үлгі көрсетулері керек.

Жылау мен айқайлау бала үшін өзіне назар аудартатын бірден бір құрал, себебі ол өзін көрсетудің басқа тәсілін білмейді. Оның жылағаны бір нәрсені сұрау, ал оның өтінішін орындамау – онымен қарым-қатынас жасаудан бас тарту дегенді білдіреді.

Осылайша, отбасылық тәрбие беру келесі қағидалармен негізделуі тиіс:

  • балаға деген махаббат, адамгершілік және мейірімділік;
  • балаға тұрақты қамқорлық көрсету;
  • балаларды отбасының өмір тіршілігіне оның тең құқылы қатысушылары ретінде тарту;
  • балаға құрмет көрсету;
  • балалармен ашық және сенімді қатынаста болу;
  • өзінің қойған талаптарының бірізділігі;
  • балаға барынша көмек көрсету, оның сұрақтарына жауап беру дайындығы.

 

Оңтайлы ықпал етуді белсендендіріп, отбасының балаға жағымсыз әсер етуін азайту үшін тәрбиелік мәні бар ішкі отбасылық психологиялық факторларды есте сақтау қажет:

  • отбасы өміріне белсенді араласу;
  • баламен әңгімелесу үшін уақыт табу;
  • баланың проблемаларына қызығушылық таныту, оның өмірінде орын алатын барлық қиыншылықтармен бөлісу, өз білік-дағдылары мен талантын дамытуға көмектесу;
  • балаға өзі шешім қабылдауға көмектесе отырып, қысым көрсетпеу;
  • баланың әр түрлі даму кезеңі туралы білу;
  • баланың жеке пікірін білдіру құқығын құрметтеу;
  • жеке түйсікті тежеуді үйрену және балаға өмірлік тәжірибесі аз тең құқылы серіктес ретінде қарау;
  • отбасының қалған барлық мүшелеріне мансаптық көтерілу және жетілу талпынысына құрметпен қарау.

Қорытындыда балаларға ескерту жасап, қатаң бақылау жүргізіп, олардың беделін түсірмей, көбірек сенім арту қажеттілігін айтқым келеді, олай болмаған жағдайда олар дәрменсіз және өзіне сенімсіз тұлға болып қалыптасуы мүмкін.


Дереккөз: № 10-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы

 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты