text
MCFR.KZ Образование

Жалпы білім беретін мектептегі әдіскердің жұмысы

  • 2 октября 2018
  • 71
Мектептегі әдіскердің жұмысы
Мектептегі әдіскердің жұмысы

Әдістемелік жұмыс кез келген қызмет секілді кенеттен және жүйесіз жүруі мүмкін. Қазіргі заманғы білім беру менеджментінде талдау, болжау, жоспарлау және т. б. қызметтері бөліп көрсетіледі. Басқарудың қызметтерінің барлығы басқаруға қатысуы тиіс. Оларды дұрыс іске асыру, сәйкес құралдары мен әдістерін таңдау – білікті әдіскердің міндеті.


Білім беруді жаңғырту жағдайында білім беру ұйымының әдістемелік қызметінің маңызды міндеттері

  • білім беру саясатының жаңа басымдықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;
  • кәсіби қызметтің жоғары деңгейіне жетуде педагогтарға көмек көрсету;
  • инновациялық үдерістерді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу болды.

Мектепте педагогтар біліктілігін арттыруға бағытталған әдістемелік жұмыстың (бұдан әрі – ӘЖ) үлгісін құрудың жаңа тәсілдерін әзірлеудің өзектілігі арта түседі.

ӘЖ-тың өз мақсаттары болуы тиіс.

Негізгі міндеттері:

  • кадрларды педагогика ғылымы мен практикасының жұмысына және соңғы жетістіктеріне қойылатын жаңа талаптар жөнінде ақпараттандыру;
  • педагог кадрларды оқыту және дамыту, олардың біліктілігін арттыру;
  • педагог кадрларды аттестаттауды ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету;
  • қызметтік және қоғамдық белсенділікті ынталандыру;
  • оқу пәнін оқыту саласындағы білімді жаңарту және жетілдіру;
  • жаңашыл педагогтар мен шығармашылық тұрғыда жұмыс істейтін оқытушылар идеяларының негізінде педагогикалық және әдістемелік шеберлікті;
  • оқушылармен өзара әрекеттестік әдістері мен стилін;
  • сабақта, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық, өзіндік, белсенді жұмыстарын ұйымдастыру және ықпал ету бойынша қызметті  жетілдіру;
  • жалпы білім беру үдерісін талдау және жекелей өзінің оқу-тәрбие қызметін өзіндік талдау машықтары мен дағдыларын қалыптастыру;
  • оқытушыларды зерттеу қызметіне тарту;
  • жас мамандармен жұмыс.

Сондай-ақ жылдық ӘЖ жоспарын құрастыруға назар аудару қажет.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


 

Мектептің 20__/20__ оқу жылына арналған
Әдістемелік жұмыс жоспары

Әдістемелік тақырыбы: «Педагогтардың кәсіби біліктілігі деңгейін көтеру арқылы білім беру үдерісін жетілдіру жолдары»

★ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР★

Әдістемелік қызметті дамытудың интерактивті нысандары мен әдістері
Жалпы білім беретін мектептегі әдіскердің жұмысы

Е. К. Паназдырь

Рудный қ. әкімдігінің «№ 2 бөбекжайы» КМҚК әдіскері, Қостанай облысы

Егер сізде және менде алма болса, ал біз алмамызды ауыстырсақ, онда екеумізде бір алмадан қалады. Ал егер сізде және менде идея болса, ал біз осы идеямызбен бөліссек, әрқайсымызда екі идеядан болады.

Джордж Бернард Шоу  

Тәжірибе көрсеткендей, балабақшадағы әдістемелік қызмет, бір жағынан, жас мамандардың жеткіліксіз кәсіби біліктілігі секілді қиындыққа, басқа жағынан, кәсіби таптаурындардың тұрақтылығы, тәжірибелі педагогтардың селқостығы секілді қиындықтарға тап болады. Мектепке дейінгі ұйым басшыларының, әдіскерлерінің алдында мынадай сауалдар жиі туындайды: Олардың қызметін репродуктивтіктен зерттеушілікке, жаңаны тану және таныс материалды меңгеру барысында рефлексиялау машығын қалыптастыруға қалай бағыттау керек?

Мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, заманауи педагогика ғылымы мен тиімді педагогикалық практиканың жетістіктерін ескере отырып, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің ұтымды әдістері мен тәсілдерін меңгеру.

Міндеттері:

  • педагогтардың жалпы орта білім берудің қазіргі заманғы нормативтік құқықтық базасы, өз пәнінің нормативтік және оқу-әдістемелік базасын меңгеру деңгейін көтеру;
  • білім берудің қазіргі заманғы мазмұны, оқытудың тиімді технологиялары мен әдістемелерін қолдану мәселелері бойынша педагогтардың  кәсіби біліктілігін арттыру;
  • тәжірибелерін зерттеу, жалпылау, тарату үшін шығармашылық мұғалімдерді айқындау;
  • оқушылардың олимпиадалар мен пән конкурстарына дайындау бойынша ӘЖ-ты ұйымдастыру;
  • мұғалімдердің заманауи, соның ішінде электрондық, компьютерлік оқыту құралдарын меңгеруі;
  • педагогтардың әдістемелік бірлестігі (бұдан әрі – ӘБ) жұмысын тиімді ұйымдастыру.

Жалпы білім беретін мектептегі әдіскердің жұмысы

Жүктеу: Кеспе 1 DOC файл

 ӘЖ құрылымы өзара әрекеттестік, бағыныстылық, қызмет субъектілерін бақылау жүйесін айқындайды, үдерістерді реттеуге, алға қойылған міндеттерді шешкенде олардың мақсаттылығына қызмет етеді. Қандай да бір жүйені таңдағанда үнемі білім беру ұйымының алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді ескеру қажет.

Білім беру ұйымы өз қызығушылықтарына сүйене отырып кез келген үлгінің буындарын өзгерте және олардың негізінде өз құрылымын жасай алады. Таңдалған жүйе мектептің алдында тұрған міндеттерді шешуге ықпал етуге тиіс.

ӘЖ кез келген қызмет секілді кенеттен және жүйесіз жүруі мүмкін. Кез келген қызметтің негізін осы үдерісті басқару құрайды. Қазіргі заманғы білім беру менеджментінде келесі қызметтері бөліп көрсетіледі:

  • талдау;
  • болжау;
  • жоспарлау;
  • ұйымдастыру;
  • бақылау;
  • үйлестіру;
  • реттеу;
  • ынталандыру.

Басқарудың осы қызметтерінің барлығы толықтай ӘЖ-ты басқаруға қатысуы тиіс. Оларды дұрыс іске асыру, сәйкес құралдары мен әдістерін таңдау – білікті әдіскердің міндеті.

ӘЖ-ты жоспарлау және болжау қызметтері мына заңдылықтарға сәйкес келуі тиіс:

  • әдістемелік қызметті басқару бірлігі;
  • әдістемелік қызметті басқарудағы орталықтандырудың мен орталықсыздандырудың үйлесімі;
  • басқарушы және басқарылатын жүйелердің арақатынасы;
  • басқарудың ортақ қызметтерінің соңғы нәтижеге әсері.

Осы заңдылықтар ӘЖ-ты басқарудың бүкіл жүйесіндегі талаптарды айқындайды және оның қағидаттарында көрініс табады:

  • ғылымилығы мен талдамалы негіздері (басқаруда ғылым жетістіктеріне, ең алдымен педагогиканың, психологияның, дидактиканың, менеджменттің жетістіктеріне сүйенуді ұсынады);
  • басқару жүйелілігі (мектептегі әдістемелік қызметтің бүкіл жиынтығын басқарумен қамту керек);
  • алқаластық (барлық шешімдерді алқалы кеңесі органы қабылдайды);
  • горизонтальды үйлестіру (негізгі, қосымша білім беру ұйымдарымен және басқа да қызығушылық танытқан ұйымдармен толық әрекеттестікті қарастырады);
  • икемділігі мен вариативтілігі (кадрлардың сұраныстары мен қызығушылықтарына, өңірлік білім беру стратегиясына және т. б. сәйкес ӘЖ-тың мектептік жүйесіндегі ұйымдастырушылық құрылымды, мазмұны мен технологияларды мерзім сайын қайта қарастыруды талап етеді; вариативтілігі педагогтардың кәсіби біліктілігін жетілдіруде құрылымдарды, мазмұнын, формалары мен технологияларын оңтайлы таңдауды және алуан түрлілігін қарастырады);
  • үздіксіздігі мен сабақтастығы (педагог кадрлардың әдістемелік және жалпы мәдениетін дамыту үздіксіздігін, олардың педагогикалық қызметтері түрлерінің ішінде таңдау құқығын, біліктілікті арттыру қарқыны мен мерзімдерін қамтамасыз ету).

Әдіскер орындауы тиіс басқарудың келесі қызметі бақылау қызметі болып табылады. Бақылау – басқару субъектісі мен объектісі арасындағы кері байланыс құралы болып табылатын басқару қызметі.

Мақсаты: басқарылатын үдерістің немесе объектінің жай-күйі туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдауға дайындау.

Ішкі бақылау объектілері мыналар

  • білім беру ұйымында болып жатқан үдерістер (білім беру, басқарушылық, инновациялық, қамтамасыз етуші);
  • педагог қызметкерлердің қызметі;
  • құрылымдық бөлімшелердің, соның ішінде әдістемелік бөлімшелердің жұмысы;
  • сыртқы ортамен байланыс;
  • қызмет бағыттары – ӘЖ, инновациялық қызмет, тәрбие жұмысы, оқу ісі, персоналмен жұмыс;
  • оқу сабақтары, әдістемелік іс-шаралар;
  • құжаттық материалдар, соның ішінде әдістемелік сипаттағы материалдар.

ӘЖ-ты сәтті жүзеге асыру үшін бүкіл оқу жылы бойы бақылауды жүзеге асырған жөн. Ол ұжымның алдына қойылған міндеттерді іске асыру деңгейін айқындайды, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі деңгейін уақтылы реттеуге және түзетуге көмектеседі, сондай-ақ педагогикалық ұжымның даму қарқынын қадағалайды.

Жүйелеу үшін ең алдымен ӘЖ-тың жоспарына сәйкес келуі тиіс дестелерге баса назар аудару керек:

Жалпы білім беретін мектептегі әдіскердің жұмысы


Жүктеу: Кеспе 2 DOC файл

Әдістемелік жұмысты басқару үдерісін ұйымдастыру қатал заңдарға бағынады, оларды бұзу белгіленген жоспарлардың жекелей не толық орындалмауына әкеліп соғады. ӘЖ-ты басқарудағы бастысы – оның барлық элементтерімен тығыз байланысты жүйе құру.

Заманауи мектептегі ӘЖ-ты басқару нәтижелілігі біртұтас әдістемелік қцзметті құру есебінен жоғарылауы мүмкін, бұл педагогтар мен басшылардың қызметтегі кәсіби сұраныстарын, қызығушылықтарын барынша толық әрі нәтижелі қанағаттандыруға әкелуі тиіс.

Жақсы ұйымдастырылған және өткізілетін ӘЖ білім беру ұйымының жалпы бейнесінің маңызды құрамдасы болып табылады. Инновациялық-әдістемелік бағдарламаларды іске асыру сәттілігінің нәтижесі мұғалімнің кәсіпқойлығын арттыру және білім алушылардың білім сапасының өсуі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Жалпы білім беретін мектептегі әдіскердің жұмысы
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Жалпы білім беретін мектептегі әдіскердің жұмысы

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты