text
MCFR.KZ Образование

Қазақ тілі сабағы

  • 1 октября 2018
  • 9
Қазақ тілі сабағы
Қазақ тілі сабағы

Бастауыш білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары практикаға жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Олардың арасында сыни ойлауды дамыту технологиясы ерекше орын алады.

Мақсаты – оқуда ғана емес, сонымен бірге қарапайым өмірде де қажетті оқушылардың ойлау машықтарын дамыту.

Сыни ойлау – бұл шешім қабылдау, өз ұстанымын ұстау, оны түсіндіру және әңгімелесушіні тыңдау қабілеттілігі. Қалайтын нәтижеге жетуге бағытталған. Егер адам өзінің және бөтеннің ойын объективті түрде бағалай білсе, жорамалдар мен қорытындыларды тыңғылықты және жан-жақты тексере білсе, оның ақыл сындылығы бар.

Сыни ойлау – яғни, өзінің пікірі болу, түрлі пікірлер арасынан ойланған таңдау жасау, проблемаларды шешу, дәйекті дауласу, бөтеннің көзқарасын бағалай білу, қызығушылық таныту, алдына сұрақтар қою және жоспарлы түрде жауаптар іздеу.

Сыни ойлуадың арқасында тану үрдісі дербестікке ие болады және ой елегінен өткізілген, үздіксіз және жемісті болады.  

Технологияның ерекшелігі – оқушы оқу кезінде шынайы және нақты мақсаттарға жүгіне отырып, осы үрдісті өзі құрастырады, аяққы нәтижені анықтай келе, өзінің даму бағыттарын өз бетінше қадағалайды. Осы стратегияны пайдалану ақпаратпен ойлы жұмыс жасау машықтарын дамытуға бағытталған.

Сыни ойлауды дамыту (бұдан әрі – СОД) технологиясының әртүрлі амалдары арқылы оқушылар тек қызметтің оқу икемдеріне, машықтары мен амалдарына ғана емес, сонымен бірге оқуға деген қалауға, өзіндік білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге қажеттілікке де ие болады.

Ақпаратты қабылдау және ақпаратты шығармашылық өңдеу, мәтінмен жұмыс істеу, сұрақтар қою, яғни коммуникацияны жүзеге асыру икемі қалыптасады. Қазақ тіліне оқыту кезінде СОД-ты оқытудың бастапқы сатысында болатын коммуникативті құзыретті қалыптастыру факторларының бірі ретінде қарастыруға болады. 

Технологияны қолдану сабақты жандандыруға, оның мазмұнын қызықты, эмоционалды және ауқымды етуге мүмкіндік береді. Сабақтарды оңтайлы режимде өткізуге болады, балаларда жұмысқа қабілеттілік деңгейі артады, білімді игеру ұдайы іздену үрдісінде жүреді.

Сабақтың құрылымы 3 сатыға бөлінеді:

«Шақыру» – проблемаға кіріспе немесе оқушылардың бар тәжірибесін белсендіру, зерделенетін мәселе бойынша сақталған білімдерді шақыру, олардың қызметін белсендіру, одан арғы жұмысқа деген уәжділік. Оқушы оған не белгілі екенін есіне түсіреді, жауап бергісі келетін сұрақтар қояды. Жұмыс жекелей, жұптарда немесе топтарда жүргізіледі.

«Ой елегінен өткізу» – жаңа ақпаратпен тікелей жұмыс кезінде тақырыпқа қызығушылықты сақтауға, «ескі» білімнен «жаңа» білімге бірте-бірте жылжытуға бағытталған. Жаңа мәліметтермен тікелей байланыс және оларды ой елегінен өткізу жүзеге асырылады (мәтін, фильм, оқу материалы). Жұмыс жекелей немесе жұптарда жүргізіледі.

«Рефлексия» – ақпаратты белсенді түрде қайта ой елегінен өткізуге, жүйелендіруге, бекітуге, игеруді тексеруге бағытталған. Бала білімді өз мәтіні арқылы немесе пікірсайыстағы өз ұстанымы арқылы бекітеді, яғни зерделенетін материалға жекелей көзқарасын қалыптастыру жүреді.  

Рефлексия нысандары:

Ауызша – бір оқушы мен мұғалім арасындағы диалог, екі оқушы арасындағы диалог, әртүрлі оқушылар арасындағы жекелеген қақпа сөздер, негізгі сөздерге, дұрыс және дұрыс емес пайымдауларға оралу, сұхбат немесе талқылау, ойнау әдістері, дөңгелек үстел.

Жазбаша – түрлі әдістемелерді пайдалану арқылы тестілеу, сауалнама және сұрау алулар: сұрақтарға жауаптар, ашық ұсыныстар, ұсынылған нұсқалардан таңдау, маңыздылық дәрежелеріне қарай қою, пайымдаулармен келісу/келіспеу. Графикалық, нобайлық әдістер, ақпараттарды кестелер, кластерлер түрінде ұсыну. Осы құрылымды негізге ала отырып, сабақты онда модульдердің барлық идеялары қамтылатындай етіп жеңіл әрі тез құруға болады. Сыни ойлау әдістерін пайдалану қазақ тілі сабақтарына оқушылардың қызығушылығын арттырады.

 Мысалы, әңгімелесуді өткізуге болады.

Тілдерді білу не үшін қажет?

Сіз ауызша сөйлеу тілін қаншалықты меңгердіңіз.

Қазақ тіліндегі ауызша сөйлеу жаттығуы.

Қазір кім өзі туралы айтады?
Қиналған жағдайда мұғалім қосымша сұрақтар қояды:
Сенің атың кім?  – Сен неше жастасың?
Қайда тұрасың? – Сен қай мектепте окисың?
Сендер кай Республикада тұрасыңдар?
Саған қай сабақ ұнайды?

Шақырудың бірінші сатысында «Кластер» стратегиясы падаланылады. Бұл амал ақпаратты жүйелендіру кезінде қолданылуы мүмкін. Ол балаларға негізгі түсініктер мен заңдылықтарды бөлуге көмектеседі, жаңа тақырыппен танысу кезінде пайдаланылады.   Таза парақтың (тақтаның) ортасына – идеяның, тақырыптың жүрегі болып табылатын негізгі сөзді немесе сөйлемді жазу (үй жануарлары). Айналаға осы тақырыпқа сай келетін идеяларды, фактілерді, образдарды білдіретін сөздерді немесе сөйлемдерді «шашып тастау» (сиыр, қой, ат, ешкі, тауық). Жазу барысында пайда болған сөздер түзу сызықтармен және негізгі түсінікпен біріктіріледі.

«Серіктердің» әрбірінде де өз кезегінде «серіктер» пайда болады (бұзау, қозы, құлын, лақ, балапан), жаңа қисынды байланыстар орнатылады. Қорытындысында пайымдауларды графикалық түрде көрсететін, аталған тақырыптың ақпараттың алаңын анықтайтын құрылым шығады.

Жұмыс түрлері:
˗«Идеялар себеті» символдық «себетке» балалар меңгерілетін тақырып бойынша барлық білімдерін салады;
˗«Жұмбақ» сабақ тақырыбы жұмбақ немесе жұмбақ-сипаттама түрінде жасырылған;
˗«Ия – жоқ» мұғалім сабақ тақырыбымен байланысты пайымдауларды оқиды, оқушылар «ия» немесе «жоқ» түрінде жауаптарын жазады).

 «Аялдаулармен оқу». Оны жүргізуге баяндау мәтіні материал болады. Сабақтың басында оқушылар мәтіннің «Күз» атауы бойынша шығармада не туралы сөз болатынын анықтайды. Сабақтың негізгі бөлімінде мәтін бөліктер бойынша оқылады. Әрбір үзіндіні оқыған соң оқушылар сюжеттің ары қарай дамуы туралы өз ойларын ортаға салады.   Мұғалімнің міндеті: мәтінде аялдауға оңтайлы жерлерді табу. Сұрақтарға жауап бере отырып, балалар мазмұны туралы пайымдаулар жасайды, өздерінің ассоциациялары туралы айтады, өз жауаптарын түсіндіреді.

«Қисындық тізбек». Мәтінді оқығаннан кейін оқушыларға оқиғаларды қисынды кезектілікпен құру ұсынылады, бұл мәтінді қайта айту кезінде көмектеседі. Сонымен бірге «Сөздер тізбегі», «Лайықты сөзді ата» сияқты дамыту ойындары жиі пайдаланылады, олар сабақта балалардың ойлау қызметін белсендіреді.

Рефлексияның үшінші сатысында «Синквейн» пайдаланылады. Неғұрлым қатаң алгоритмді сақтауды талап ететін, бірақ едәуір көпшілікте біршама қиындықтар тудырмайтын өлең нысандарын пайдалану ұсынылады. Жекелей, жұптарда, топтарда, үйде, сайыс өткізе отырып жазуға болады. Мысалы: «отбасым» – (зат есім), менің, үлкен – тақырыпты екі сөзбен суреттеу (есімдіктер), тұр, отыр, жатыр – осы тақырып шеңберінде қимылды үш сөзбен суреттеу (етістіктер), мен отбасымды жақсы көремін – тақырыпқа қатыстылықты білдіретін, төрт сөзден тұратын сөйлем, жанұя – бір сөз, тақырып синонимі. Бастауыш мектептеге қазақ тілі сабақтарында сыни ойлауды дамыту технологиясын пайдалану жұмысты неғұрлым тиімді, қызықты және шығармашылықты етуге мүмкіндік береді.



★ТІЛ – ХАЛЫҚТЫҢ ЖАНЫ★

СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ В УПРАВЛЕНИИ ОХРАНОЙ ТРУДА В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН

К. Ж. Сүлейменова

«№ 2 ОМ» ММ бастауыш сынып мұғалімі, Арқалық қ.

Өткізу түрі: Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай ойын-викторина.

Мақсаты:

  • мемлекет нышандары, оның ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін кеңейту;
  • ел тарихына, тілге деген танымдық қызығушылықтарын дамыту;
  • толеранттыққа, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін көрсете білуге тәрбиелеу.

Қарым-қатынастың көптеген түрлері ым, ишара, нышан, түс, дене мен қозғалу тілі т. б. белгілі. Алайда туған тіліңнің үні әрқашан да тыңдай білген адамға жаныңды арбайтын әуен болып қала береді. Адамдар бұл өмірде не істесе де, соның бәрін тілдің көмегімен істейді. Онсыз жұмыс істеуге болмайды, тілсіз ғылымның, техниканың, қолөнердің, өнердің, өмірдің ілгері басуы мүмкін емес. Тіл адамның ұлы туындысы.

Сөз қарым-қатынастың ең жетілдірілген құралы. Лайықты әңгімелесушімен кездесу, жан-тәніңмен сырласу, ақылды да мейірімді сөз ежелден-ақ дамуға ұмтылған кез келген халықтың мәдениетінде жоғары бағаланады. Анасының айтқан жаңа сөзін қайталаған сәби, әріптерді буынға бөлген оқушы, шет тілін үйреніп жүрген студент бұларсыз өмірді елестету қиын.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты