text
MCFR.KZ Образование

Қандай ғажап күз!

  • 1 октября 2018
  • 68
Қандай ғажап күз
Қандай ғажап күз

Мектепалды даярлық тобына арналған күзгі ертеңгілік сценарийі.




Мақсаты:

  • балаларды табиғаттың маусымдық өзгерістерімен таныстыруды жалғастыру;
  • мерекеге дайындық барысында алған білімі мен машықтарын жалпылау;
  • күз мезгіліне деген қызығушылықты тәрбиелеу.

 

Жабдығы: тәттілер салынған себет, әр балаға екі жапырақтан, жапырақ тігілген биге арналған мата, биге арналған қолшатыр, «Шалқан» ойынына арналған заттар – ертегі кейіпкерлері бейнеленген «мойынтұмарлар» (екі жинақ), Түлкінің, Тиіннің, Қасқырдың (балалар) костюмдері, ересектерге арналған костюмдер – Күз, Бақа, Мыстан кемпір, ойынға арналған екі сыпырғы, биге арналған қолғаптар.

 

Қолына жапырақ ұстаған балалар залға кіреді, шахматтық тәртіппен орналасады.

 

«Күз әні» кіріспе биі

Биден кейін жапырақтарды екі себетке салады және өз орындарына отырады.

Жүргізуші. Күз мерекесі келді, бәрі мол өнім жинады, олар күздің жарқын бояуларын тамашалауда, бәрі күзді – ғажап жыл мезгілін жақсы көреді!

Балалар өлең оқиды.

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жалбырап.

 

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ,

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

 

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.

 

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.

 

Жұлдыз туып таң алды,

Әнге орап ғаламды,

Сазды әуен шаттыққа

Бөледі бар адамды.

 

«Берекелі алтын күз» әні

(музыкасы А. Токанованікі, сөзі Е. Серікбайұлынікі,

нотасын № 9–2017 ж. «Музыкалық жетекшінің анықтамалығы» журналынан таба аласыздар)

Скачать ноты

Жүргізуші. Балалар, жомарт, астыққа бай, жарқын бояулы, жауын-шашынды күз келді. Біз оны қатты жақсы көреміз. Ендеше оны қонаққа шақырайық!

Музыканың сүйемелдеуімен залға Күз кіреді.

Күз. Мен – Алтын күзбін!

Жайдары, жарқын жүзбін.

Қонаққа келдім сендерге.

Сәбіз, картоп, тәтті алма!

Оған достым таң қалма!

Жапырақ та сиқырлы,

Ойын ойнар түр-түрлі!

Жүргізуші. Сәлем, Алтын күз! Біз сені көргенімізге қуаныштымыз. Балаларымыз дайындаған өлеңдерін тыңдашы.

Балалар өлең оқиды.

Күз келді тағы да

Жапырақты сарғайтып,

Бермейді маза жаныма

Жүректе жүрген әнді айтып.

 

Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

 

Әуенге еріп сиқырлы,

Айтылды ән боп сыр қилы.

Күзгі әуен жастардың

Жүрегіне нұр құйды.

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.



 

«Осень снова к нам пришла» әні
(музыкасы мен сөзі Я. Жабконікі)

Скачать песню

Скачать минус

 Жүргізуші. Сыйлы қонағымыз Күзге би сыйлаймыз.

 

«Күзгі жапырақтар» биі

Күз. Билеріңе көп рақмет! Көргенімдей, мені жақсы көреді екенсіңдер: мен туралы өлең оқып, ән салдыңдар, тіпті би де билеп бердіңдер. Маған қатты ұнады!

Жүргізуші. Саған тағы бір сыйымыз – күз өлеңдерін қабыл ал…

Балалар өлең оқиды.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

 

Сап-сары жапырақтар…

Сап-сары жапырақтар…

Саудырап құлап жатыр атырапқа.

Біреудің жанарында,

Біреудің табанында,

Сап-сары жапырақтар жоғалуда.

 

Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың,

Жасыл бақ тоналуда, тоналуда.

Естілмей құстың әні,

Естілмей құстың үні,

Жалғанның кетті сәні, ұшты; гүлі.

 

Сырғасынан айрылған ақ қайыңның,

Басына бар ғаламның түсті мұңы.

Сап-сары жапырақтар,

Сап-сары жапырақтар,

Саудырап құлап жатыр атырапқа.

 

 

«Әзірлік айы» әні

Скачать ноты

Күз. Балалар, естідіңдер ме? Біреу асығып келе жатқан секілді…

Түлкі-қыз жүгіріп кіреді.

Түлкі. Міне, күз де келді, айнала сары түске боялды – менің құйрығым секілді.

Алтын күз, міне, алдымда

Сарыала кілем жапырақ.

Жалғасын  № 10-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты