text
MCFR.KZ Образование

Балабақшадағы материалдық жауапкершілік

  • 1 ноября 2018
  • 4806
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», бухгалтер-практик САР, г. Алматы
Материалдық жауапкершілік
Материалдық жауапкершілік

Жұмыс берушінің алдындағы қызметкердің материалдық жауапкершілігі, ол өзінің лауазымдық міндетін тиісті түрде орындамауының нәтижесінде мүліктік залал (зиян) келтірген жағдайда, ҚР еңбек және өзге де заңнамаларына сәйкес жұмыскерге олардың орнын толтыруында болып табылады.

Еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі тек кінәсі бар болған кезде ғана басталады. Мектепке дейінгі ұйымда, басқа ұйымдардағыдай да өз қызметінің түріне қарай олардың жауапкершілігіне ұйымның мүлігі мен басқа да активтері берілетін қызметкерлер лауазымдары бар.

Толық материалдық жауапкершілік туралы шартЖұмыс берушінің алдындағы
қызметкердің материалдық жауапкершілігі

Жұмыс берушінің тарапынан қызметкердің өз лауазымдық міндеттерін толық көлемде орындауы және оған сеніп тапсырылған мүліктің сақталуына мүмкіндік беретін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.

Материалдық жауапкершілік түрлері, келтірілген залалдың (зиянның) орнын толтыру тәртібі ҚР Еңбек кодексінде (бұдан әрі – ЕК) регламенттелген.

Еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігін реттейтін қолданыстағы ҚР заңнамаларының ережелерін қысқаша қарастырып өтейік.

ЕК-де еңбек шарты тарапының залалды (зиянды) өтеу жөніндегі міндеттері белгіленген, атап айтқанда: еңбек шартының тоқтатылуы басқа тарапқа келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі жауапкершіліктен босатуға әкеліп соқпайды.

ЕК-де залал (зиян) келтіргені үшін материалдық жауапкершілігі басталатын жағдайлар көрсетілген. Осы бапқа түсіндірмелерде кейбір анықтамалардың мағынасы ашылады:

  • құқыққа қарсы әрекет (әрекетсіздік) – заңнама талаптарына, жұмыс берушінің актілеріне, еңбек шартының талаптарына сәйкес келмеу немесе қарама-қайшы келу;
  • кінә жауапкершілікке тарту үшін қажетті жағдайлар. Оның екі түрі бар:

қасақаналық құқыққа қарсы әрекет (әрекетсіздік) жасаған адамның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті сипатта екенін сезінеді, оның қауіпті салдарын алдын ала біледі және олардың болуын қалайды (тікелей қасақаналық) немесе саналы түрде жол береді (жанама қасақаналық);

абайсыздық – оны жасаған тұлғаның өз әрекетінен (әрекетсіздігінен) қауіпті салдар орын алуы мүмкін екендігін алдын ала білуі, алайда оларды болдырмауға жеңіл-желпі қарауы (қылмыстық менмендікке салынуы) немесе бұндай салдардың орын алуын алдын ала көруі және білуі мүмкін бола тұра көре алмауы (қылмыстық немқұрайдылығы) абайсызда жасаған әрекет (әрекетсіздік) деп танылады.

  • себепті (себепті-салдарлы) байланыс – көріністердің шын мәнінде нақты орын алған байланысы. Бұл бір көрініс (себеп) екінші бір көрініске (салдарға) себепші болатын, ал екіншісі (салдар) үнемі бірінішісінің (себептің) нәтижесі болып табылатын байланыс.

Бұндай ұғымдарды түсіне білу келтірілген залалға (зиянға) кінәлілер мен себептерді анықтау кезінде қызметтік тергеуді сауатты жүргізуге көмектеседі. Залалдың туындауына әкеп соққан еңбек міндеттемелерін тиісті түрде орындамағаны үшін жуапкершілікке тарту үшін, қызметкердің немесе жұмыс берушінің құқыққа қарсы кінәлі мінез құлқы мен тараптар мінез-құлқы және келтірілген залалдың арасындағы себепті-салдарлы байланысты анықтау қажет.

Еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершіліктер

Еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі тек кінәсі бар болған кезде ғана басталады. Тарап егер залал еңсерілмейтін күш жағдайларында (форс-мажорлық жағдайлар) туындауы немесе зардап шегушінің қаскөйлігі дәлелденген кезде ғана жауапкершіліктен босатылады.

Қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі басталатын жағдайлардың түбегейлі тізбесі санамаланған. Бұл тізбені толық деп түсінуге жатпайды, осы бапта көрсетілмеген басқа талаптар оның қолданылу аясына кірмейді, яғни:

жұмыс беруші қызметкер алдында:

  • қызметкерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген залал үшін;
  • қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін;
  • қызметкердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін материалдық жауаптылықта болады;
қызметкер жұмыс берушінің алдында:
  • жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген залал үшін;
  • қызметкердің әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде туындаған залал үшін материалдық жауаптылықта болады.

Басқа жағдайларда тараптар ұжымдық шартта, еңбек шартында белгіленген талаптар бойынша өзара материалдық жауаптылықта болады.

★ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ★

Балабақшаның үй-жайлары мен аумағындағы бейнебақылау

Балабақшадағы материалдық жауапкершілік

Н. Д. Козарезова,

«Өрлеу БАҰО» АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, Петропавловск қ.
Жақын аралықта мынадай сұрақ келіп түсті: балабақшада бейнебақылауды орнатуға бола ма? Жасырын бейнекамераны орнатуға болмайды, ал қарапайым бейнекамераны жеңіл орнатуға болады. Біз сіздер үшін «Балабақшаның үй-жайлары мен аумағындағы бейнебақылау» мақаласын әзірледік. Журналдың https://e.rukdo.mcfr.kz/ электрондық нұсқасынан "Балабақшадағы бейнебақылау туралы бұйрықты", "Балабақшаның үй-жайлары мен аумағында бейнебақылауды жүргізу тәртібі туралы ережені" жүктеп ала аласыз.

Балабақшадағы материалдық жауапкершілік

МДҰ-ға тиесілі материалдық құндылықтар мен ақшаларды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында МДҰ басшысы немесе оның орынбасары материалдық жауапты тұлғамен ол жұмысқа тағайындағаннан кейiн толық материалдық жауапкершiлiк туралы шарт жасасады. Шарт екi данада жасалады және МДҰ басшысының және материалдық жауапты адамның қолымен куәландырылады, шарттың бiрiншi данасы МДҰ басшысында, екiншiсi материалдық жауапты адамда қалады.

Жасалған шарт қызметкердің жеке ісінде сақталады.

Қандай да бір залал (зиян) анықталған жағдайда, ұйым әкімшілігі қызметтік тексеру жүргізуі тиіс, оның барысында:

  • келтірілген залалдың (зиянның) мөлшері;
  • кінәлі адам немесе кінәлі адамдар;
  • залдың орнын толтыру жағдайлары анықталуы тиіс.

Әдетте, келтірілген материалдық залал түгендеу барысында немесе кездейсоқ анықталуы мүмкін. Онда материалдық залал келтірілгенін анықтаған тұлғаның атынан, бірінші басшының атына баяндау жазбасы беріледі. Осы жазбаның негізінде залалды және кінәлі тұлғаларды анықтау мақсатында қызметтік тергеу тағайындалатыны туралы бұйрық шығарылады.

Анықталған кінәлі тұлғалардан міндетті түрде түсініктеме алынады, онда қызметкер оқиғаның себептерін жазбаша түрде толық мазмұндайды және ерікті түрде келтірілген залалдың орнын толтыруға келісетінін немесе келіспейтінін көрсетеді. Қызметкердің жазбаша келісімі болмаған кезде, әкімшілік келтірілген залалды өндіру мәселесін қарау үшін істі сотқа беруге құқылы. ЕК сәйкес, материалдық залал сомасын жалақыдан ұстап қалуға қолданыстағы заңнамада тыйым салынған. Қызметкердің келтірген материалдық залалды оның жалақысынан ұстап қалуға берген келісімі міндетті түрде жазбаша ресімделуі тиіс.

Бұл ретте еңбек заңнамасында ЖТС (жеке табыс салығы) және МЗТ (міндетті зейнетақы төлемдері) ұсталғаннан кейінгі қызметкердің қолына беруге тиесілі жалақының 50 %-дық сомасынан аспауға тиіс жалақыдан ұстап қалудың ең көп мөлшері белгіленгенін есте ұстау маңызды.

Егер қызметкермен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалмаған болса, ЕК  сәйкес, қызметкердің материалдық жауапкершілігі орташа айлық жалақысының мөлшерімен шектеледі.

Сонымен қатар, толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасамастан сотқа жүгіну кезінде, сот материалдық залал келтірілгені және оның орнын толтыру мәселесі бойынша сотта істің қаралуын ашудан бас тартады.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться