text
MCFR.KZ Образование

Инклюзивті білім беру туралы ата-аналар жиналысы

  • 28 сентября 2018
  • 40
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беру

Инклюзивті білім беру – бұл барлық балаларды жынысына, оқу үдерісіне және әлеуметтік бейімденуге тарту үдерісі, ол денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың мамандандырылған мекемеде емес, керісінше әдеттегі білім беру ұйымында оқуын қарастырады.


Сондай-ақ олар арнайы мекемелерде де білім ала алады. ДМШ балаларға арналған арнайы мекемеде оқу арқылы шынайы қоғамнан алшақтайды, бұл оның дамуын барынша шектейді. Ол кез келген басқа бала секілді құрдастарымен бірге білім алуға, тәрбиеленуге және олармен араласуға мұқтаж. Инклюзивті білім беру осындай балалардың қарапайым мектепке барып, басқа балалармен бірге оқуына мүмкіндік береді.

★ТҮЗЕТУ ПЕДАГОГИКАСЫ★

«Түзету курсы» пәні бойынша жұмыстық оқу бағдарламасы
Инклюзивті білім беру

Ю. В. Антипина

педагог-психолог КГКП «Костанайский колледж бытсервиса», г. Костанай

27.07.2007ж. «Білім туралы» ҚР Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, ақыл-ойы артта қалған (зияткерлік бұзушылықтарымен) балалар үшін және психикалық дамуы тежелген балалар үшін топтарда оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша бірыңғай саясатты жүзеге асыру бойынша;

техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарындағы түзету топтарында жұмысты ұйымдастыру туралы әдістемелік ұсынымдарға және кәсіби дайындықтың жалпы білім беретін арнайы бағдарламасының оқу жоспарының үлгісіне сәйкес әзірленді.

 "Кәдімгі" балалардың ата-аналарының "ерекше" балалармен бірге оқытуға дайындығын қалыптастыру бойынша педагогикалық жұмыстың қажеттілігі өткір мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешу кезіндегі оң пікірлер маңызды болып табылады. Бұл мәселеде негізгі рөлдердің бірін отбасы атқарады, өйткені көбінесе дәл сол ата-аналар ерікті немесе еріксіз түрде жауласу, жиіркену, менсінбеу және теріс қарым-қатынас дәндерін себеді. Балалардың теріс қарым-қатынасты қайталайтынына және оны ұжымда танытатынына таңданбаймыз да.

Көптеген ата-аналардың бойында абыржу туындауы негізделген десе болады, өйткені оқыту кезінде педагогтар "ерекше" балаларға көбірек көңіл аударатын болады, осы себепті басқа балалардың қажетті білімді, дағдылар мен икемдерді толық меңгермей, көбірек алаңдауы орын алады. Бұдан басқа ересектер өз балаларының "ерекше" балалармен байланысқа түсуі олардың зияткерлік дамуына кері әсерін тигізеді деген оймен жиі алаңдайды. Сондықтан педагогтардың алдында ата-аналардың "ерекше" балаларды "кәдімгі" балалармен тең қабылдауға дайындығын қалыптастыру міндеті тұр.

 «Кәдімгі» балалардың ата-аналарымен жұмыс туралы

 Инклюзивті білім беруді тәжірибе жүзінде енгізу «кәдімгі» балалардың ата-аналарымен арнайы дайындық жұмысын жүргізу қажеттігін дәлелдейді. Баласын даму мүмкіндігі шектеулі (бұдан әрі – ДМШ) балалармен бірге тәрбиелеу мен оқытуға деген олардың жеке қарым-қатынастарының сипаты «ерекше» баланы балалар ұжымына енгізудің тиімділігін айтарлықтай дәрежеде айқындайды.  «Кәдімгі» балалардың ата-аналарын дайындауды мақсатқа сай кеңес беру жұмысы түрінде өткізу керек, оның барысында инклюзивті білім берудің мәні түсіндіріледі, олармен ілесе жүретін жұмыстың барлық жағымды жақтары ашылады, үлкендердің олардың балаларын ДМШ құрдастарымен бірге бірлесе тәрбиелеу мен оқыту алдындағы қорқынышы жойылады. Дайындық әртүрлі нысанда жүргізіледі. Мұндай жұмысты мақсатқа сай арнайы ата-аналар жиналысы топтамасы түрінде ұйымдастыру керек, оның мақсаты сөйлеу, есту, көру қабілеттері, зердесі мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, инклюзивті білім берудің идеологиясы мен философиясы және әлеуметтік әділ қоғамды дамытудағы оның мәні және т.б. туралы ата-аналардың барынша толық және шынайы ақпарат алуы болып табылады.

«Біз бәріміз әртүрліміз – біз бәріміз бірдейміз!»
Атты ата-аналар жиналысының үлгілік жоспар-конспектісі

Мақсаты: «Кәдімгі» балалардың ата-аналарын инклюзивті білім берудің негізгі ұстанымдарымен таныстыру. Міндеттері:

  • «инклюзивті білім беру» ұғымы мен оның негізге алынатын ұстанымдарын түсіндіру;
  • инклюзивті білім берудің әлеуметтік маңыздылығын түсінуді және оның гуманистік бағытын ұғынуды дамыту;
  • «кәдімгі» балалардың ата-аналарының олардың балаларын ДМШ балалармен бірге тәрбиелеу мен оқытуға деген жағымды жеке қатынастарын қалыптастыру.

Алдын ала жұмыс Ата-аналардың олардың балаларын даму мүмкіндіктері шектеулі балалармен бірге бірлесе оқытуға деген қарым-қатынасының сипатын анықтау мақсатында сауалнама жүргізу. «Біз сондай әртүрліміз!» тақырыбында оқушылардың салған суреттерін әзірлеу. Инклюзивті білім беру туралы ақпарат жазылған стендті безендіру, ол ата-аналар жиналысы өткізілгенге дейін бір-екі апта қалғанда ілінеді. Инклюзивті білім беру проблемалары бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-көпшілік кітаптардың, мақалалар, заңнамалық актілер, ұлы адамдардың қанатты сөздері жазылған газет қиындыларының (ата-аналар жиналысына дейін бір апта ішінде) көрмесін өткізу және т. б. Бояулы бюллетеньдер немесе «Инклюзивті білім беру» жаднамасын даярлау.

 Жабдықтау: мультимедиалық проектор, магнитофон (музыкалық орталық немесе басқа музыкалық құрал-жабдық), көрсетілім тақтасы.

 Ата-аналар жиналысының барысы

Ұйымдастыру мезеті

Сынып жетекшісі ата-аналарға «Біз сондай әртүрліміз!» балалар суретінің көрмесімен танысуды ұсынады.

Уәждемелік компонент

Сынып жетекшісі. Құрметті ата-аналар, педагогтар! Инклюзивті білім беруге арналған «Біз бәріміз әртүрліміз – біз бәріміз бірдейміз!» тақырыбындағы ата-аналар жиналысын ашуға рұқсат етіңіздер. Сіздердің осы тақырыпқа қызығушылық танытқандарыңызға қуаныштымыз. Өздеріңізді еркін сезініңіздер және жұмысқа белсенді түрде қосылыңыздар. Н. Попованың мына өлеңін тыңдаңыздар.

Мүгедек балалар
Екі бала орындықта отыр,
 
Шамамен бар-жоғы он жаста.
Қарайды ойнаған балаларға,
Доп теуіп, ұстаған оларға.
Олардың бөтендігін басқалар түсінгендей!
Басқа әлемнен келгендей қарайды.
Олардың басқаша екенін түсініп,
Бұл жерден кетуін қалады бәрі де!
Мүгедек екендігінде ғана ма бар іс?
Дегенмен ешкім де достаспайды олармен.
Жандары жараланған балаларды,
Не үшін жақтырмады? Түсініксіз.
Біреулер мазақтады, орынсыз қылжақтап,
Басқалар күледі оларға қарап.
Жалғыздық сезінген сол екі баланың,
Мұңлы жүздерінен жас ақты сорғалап.
Уақыт өтер, олар да есейер,
Өкініш пен реніш кетпейді есінен.
Адамдар оларды бұрыннан аямай,
Тағы да жарасына тұз себер!
Бізге не болды? Неліктен осындаймыз?
Қалайша, адамдар, хайуанға айналдың.
Жүректер енді аяушылық күтпейді.
Жетер! Көзіңді аш! Адам боп қалыңдар!

ДМШ және мүгедек балаларға деген қатынас бүкіл әлемде және Қазақстанда түбірімен өзгерді: ешкім оларды келемеждеп, мазақ қыла алмайды. Біздің қоғамда мүмкіндігі шектеулі және мүгедек адамдарға қамқорлық көрсету, күтіп-бағу және олардың қамын жеу үйреншікті құбылысқа айналды: мемлекет айтарлықтай әлеуметтік жәрдемақы бөледі, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді және медициналық-психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді. 

Бүгінгі күні білім беру жүйесі мүгедек балалардың мұқтаждығына әлі де болса осал бейімделген, қоғам, оның ішінде барлығы: балалар, педагогтар, ата-аналар мүгедектерді әлеуметтің толыққанды мүшесі ретінде қабылдауға дайын емес. Мүгедек балалардың білім беру қызметін толық пайдалануға қол жеткізуінің шектеулі болуы да проблема болып табылады. Соның, яғни материалдық қиындықтардың тереңдей түсуі мен бұдан әрі даму болашағының жоқ екендігін сезіну салдарынан балалар мен олардың отбасы әлеуметтік жағынан оқшаулауға ұшырайды.

Сондықтан "кәдімгі" балалардың ата-аналарының "ерекше" балалармен бірге оқытуға дайындығын қалыптастыру бойынша педагогикалық жұмыстың қажеттілігі өткір мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешу кезіндегі оң пікірлер маңызды болып табылады. Бұл мәселеде негізгі рөлдердің бірін отбасы атқарады, өйткені көбінесе дәл сол ата-аналар ерікті немесе еріксіз түрде жауласу, жиіркену, менсінбеу және теріс қарым-қатынас дәндерін себеді.

Балалардың теріс қарым-қатынасты қайталайтынына және оны ұжымда танытатынына таңданбаймыз да. Көптеген ата-аналардың бойында абыржу туындауы негізделген десе болады, өйткені оқыту кезінде педагогтар "ерекше" балаларға көбірек көңіл аударатын болады, осы себепті басқа балалардың қажетті білімді, дағдылар мен икемдерді толық меңгермей, көбірек алаңдауы орын алады. Б

ұдан басқа ересектер өз балаларының "ерекше" балалармен байланысқа түсуі олардың зияткерлік дамуына кері әсерін тигізеді деген оймен жиі алаңдайды. Сондықтан педагогтардың алдында ата-аналардың "ерекше" балаларды "кәдімгі" балалармен тең қабылдауға дайындығын қалыптастыру міндеті тұр.

 Ересектер олардың балаларының «ерекше балалармен» бірге болуы жалпы тұлғаның қалыптасуына теріс әсер ететіні туралы жиі мазасызданады. Өз кезегінде «ерекше балалардың» ата-аналарында өз баласына деген қатарластары мен педагогтардың қарым-қатынасымен, баланың өзінің бейімделу проблемаларымен байланысты қорқыныш пайда болады. Осыған байланысты, педагогтардың алдында маңызды: «кәдімгі балалар» ата-аналарының «ерекше балалар» ата-аналарына деген көзқарасын айқындау міндеті тұр.

Мұндай жұмысты ата-аналарға арналған шағын сауалнама жүргізуден бастаған жөн, оның мақсаты «кәдімгі балалар» ата-аналарының инклюзивті білім беруге көзқарасының мүмкіндігінше толық және нақты жай-күйін білу болып табылады. Сауалнамада «кәдімгі балалар» ата-аналарының инклюзивті білім беру жөнінде ақпарат алуға бағытталған және оның әлеуметті адал қоғамды дамытудағы маңызы, сонымен қатар олардың балаларын ДМШ балалармен бірге оқытуға жеке көзқарасын анықтау туралы сұрақтар бар.

 

Білім беру ұйымында «ерекше» балаларды біріктіру – арнайы білім беру жүйесін дамытудың заңды кезеңі. Ол қоғам мен мемлекеттің экономикалық, мәдени, құқықтық дамудың белгілі деңгейіне қол жеткізген әлеуметтік тапсырыс ретінде белгілеуге болатын әртүрлі сипаттағы себептерге байланысты туындады. Бұл кезең мүгедектерге деген көзқарасты қайта қарастырудан, олардың тек тең құқықтығын ғана емес, сонымен қатар осындай адамдарды өмірдің әртүрлі салаларында, соның ішінде білім беру саласында тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету міндеттерін түсінуіне байланысты.

 Тек балалардың ғана толерантты мінез-құлық негіздерін қалыптастырып қана қоймай, педагогтер мен қоғамды осы бағыттағы жұмысқа жалпы тарту керек. Мектептің ұстанымы – барлық балалар өздерінің қиындықтарына немесе айырмашылықтарына қарамастан мүмкіндігінше бірге оқуы тиіс. Инклюзивті мектептер оқытудың әртүрлі стильдері мен өлшемдерін қолдана және сәйкес оқу жоспарының, ұйымдастырушылық іс-шаралардың, оқыту стратегиясының көмегімен, ресурстар мен қоғамдастықтармен серіктестік қатынастарды қолдану арқылы барлығына сапалы білім беруді қамтамасыз ете отырып, өз оқушыларының әртүрлі сұраныстарына жауап беруі тиіс. Мектеп тек білім беру қызметтерін ғана атқармайды, сонымен қатар бала өмірінің негізгі саласы болып табылады. Олардың әрқайсысының даралығын құрметтеу және мойындау арқылы өзіндік білім беру траекториясына ие тұлғаны қалыптастыру жүзеге асады.

Инклюзивті білім беру бағдарламасы туралы

Кеңістік пен материалдарды бейімдеу: балалар сынып кеңістігінің ауқым бөлігіне физикалық тұрғыдан қол жеткізе алады (өз бетімен); сыныптардың көбісінде барлық балалар (өз бетімен) қолдана алатын көптеген материалдар мен жабдықтар бар; оқыту ортасы барлық балалардың жеке сұраныстарына сәйкестігін қамтамасыз ететіндей деңгейде ұйымдастырылған.

Оқу бағдарламасына қатысу: барлық балалар белсенді түрде тартылды; балалар құрдастарының қызметіне сәйкес қызмет/тақырып түріне тартылды, бірақ басқа деңгейде жұмыс істей алады; оқу бағдарламасы барлық балалардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында жеке бағдарлама болып табылады.

Жағымды әлеуметтік әрекеттестік: ересектер балалардың әлеуметтік әрекеттестікке ынтагерлік білдіруіне және құрдастарының мүдделеріне қол ұшын созуына көмектеседі; ересектер құрдастарының мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге сабаққа дайындалуы мен оларға қолдау көрсетуін қолдайды; ересектер балалармен бірге адамдарда аталмыш «айырмашылықтар» болатындығын оң талқылауға ықпал етеді.

Жанжалдарды шешу: ересектер балалар арасындағы жанжалдарды жою жөнінде сақтандыру шараларын қолданады; ересектер балалардың әрекеттестіктің сәйкес тәсілдерін табуына көмектеседі.

Қатысу және қатыстылық сезімі: құрдастары басқа балалардың өздерінен ерекшеленетіндігіне түсіністікпен және құрметпен қарай алады; жеке ерекшеліктерін барлығы қабылдайды және жариялайды; ересектер айырмашылықтарды құрметтеуге бағытталған бағдарламаны модельдейді.

 Отбасы: баланың басты ұстазы ретінде қарастырылады; баламен жұмыс істейтін команданың бөлігі болып табылады; өз баласы туралы барлық шешімдер қабылдауға қатысады.

 Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған артықшылықтары:

әлеуметтік оңалтудан өтеді (қоғамның өміріне толыққанды енуіне мүмкіндік беретін адамгершілік-психологиялық, этикалық қасиеттерін қалпына келтіреді); қоршаған ортаның кері әсерінен қорғалған; балалармен және жасөспірімдермен қарым-қатынасты шебер орнату, өзін ұжымда жайлы сезіну, қоғамда өзін өзі ұстау тәжірибесін жинақтау мүмкіндігіне ие, осы арқылы өмірге дайындалады, себебі араласы ортасы отбасынан қоғамға, қоғамнан мемлекетке, мемлекеттен бүкіл адамзатқа дейін кеңейеді.

Дені сау балаларға арналған артықшылықтары: әрбір адам – табиғат перзенті және барлығының құқығы тең екенін түсінеді; шынайы, мейірімді және адамгершілікті болуды үйренеді. Кейіннен қайта тәрбиелемеу және мейірімділікке шақырмау үшін жүрексіздік пен немқұрайлылықтың алдын алған жөн.

Бірлескен оқытуды ұйымдастыру

Бірлескен оқытуды ұйымдастыруда сыйластық негізінде серіктестік жағдайын қалыптастыру оқушының тұлғалық дамуына ықпал етеді. оқушылардың әлеуметтік мүмкіндіктерін ескеру – өзіндік бағасын қалыптастыруға, сыныптың топтық құндылықтарын тәрбиелеуге, нақты оқушының жеке қасиеттерін дамытуға жағымды әсер етеді. Сабақ оқыту формасы ретінде ықпалдастық сәттілігіне әсер ететін мүмкіндіктерден тұрады. Ерекше оқушыны ұжымға және оқу үдерісіне тарту ауқымды педагогикалық күш-жігерді талап етеді. Осы жағдайда педагогтің алдында жаңа міндет туындайды, ол әрбір сабақта шешімін табады – «ерекше» оқушыны ұжымға және тікелей оқу үдерісіне тарту. Осы міндеттерді шешуге оқытудың ұжымдық (жұптық, топтық) формалары және жеке көмек көрсету ықпал етеді. Оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың іс-тәжірибелік, мәселелі, жекелей-ізденушілік және басқа да өнімді әдістерін қолдану бірлескен оқытудың сәтті жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Әрбір нақты жағдай үшін ерекше болып табылатын оқу материалын бейімдеу және тапсырмаларды саралау маңызды факторы болып табылады. Сабақта жұптасқан, топтасқан әрекеттестікті ұйымдастыру әр тараптан қосылуға мүмкіндік береді. Жұп құрамын қалыптастыруға қарым-қатынасты қалыпқа келтіру тұрғысынан келу қажеттілігіне мұғалімнің назар аударғаны жөн.

Жұмысты «ерекше оқушы және әдеттегі мейірімді оқушы» жұбынан бастаған жөн. Біртіндеп жұптың құрамын алмастырылады: даму ерекшеліктеріне ие оқушы жұптың тұрақты мүшесі болады және жұмыс барысында оған әркездері жаңа оқушы қосылады. Сыныптың толық құрамы біртіндеп ерекше оқушымен әрекеттестік тәжірибесін жинақтайдыү Мұғалім тек нәтижені ғана емес, сонымен қатар келісімді, ұжымшылдықты, серіктестік машығын және т. б. мақұлдайды. Осыдан кейін жұпта жұмыс істеу мен басқа да принциптер бойынша жұмысты ұйымдастыруға болады. Жұптағы жұмыстың бірнеше түрлері сәтті әлеуметтік серіктестіктің алғышарты болып табылады, балалардың қарапайым балалар ұжымына кедергісіз енуіне ықпал етеді: құрамы ауыспалы жұппен жұмыс істеу, оқушы мен оқытушы рөлінің алмасуы, әртүрлі рөлдерді кезек-кезек орындау және т. б. Жұппен жұмыс істеу тәжірибесінен кейін топпен жұмысты бастауға, тапсырманы біртіндеп қиындату және ұзаққа созу арқылы рөлдерді бөлу және ауыстыру әрекеттестігін ұйымдастыруға болады. Жұптасқан және топтасқан жұмыстарды ұйымдастыру көптеген түрлендірмелерді болжайды: топ мүшелерінің ауысуы, қызметтерін бөлу, қызметтерін ауыстыру, рөлдерін ауыстыру және т. б. Балалардың оқу материалын меңгеру мүмкіндігі әртүрлі, сондықтан жұмысты 2 станлдартпен жүзеге асырудың адекватты жағдайын қалыптастыру керек. Оқушылар бірлескен оқудың екінші-үшінші жылдары сабақта сюжетті ұжымдық талқылауға, тірек сөздер, белгілер бойынша әңгіме құрастыруға сәтті қосыла алады. Әрекеттестік дұрыс ұйымдастырылғанда оқушылар оқушы мен оқытушының рөлін сәтті меңгереді; жеткілікті деңге йде – бақылау және өзара бақылау машықтарын; өз мүмкіндіктеріне қарай – оқытудың тегіс баспалы және техникалық құралдарымен жұмыс істеу машықтарын және т. б. меңгереді. Осы жағдайда әрбір «ерекше» бала әртүрлі балалармен әрекеттестікке машықтанады, әрекет етеді, серіктестік және қатынас тәжірибесін жинақтайды. Дефектолог мұғалімнің баға жетпес көмегін маңызды сәт деп санауға болады. Дефектолог мұғалім пән материалы бойынша түзету-дамыту сабақтарын өткізеді, ол оқу материалын алдын ала меңгеруді де ұйымдастырады. Дефектологпен жұмыс істегеннен кейін ерекше оқушылар сыныпқа бірлескен жұмыс жасау үшін қайтарылады және оқушылармен әрекеттестікке машықтануын жалғастырады.

ПДТ балалармен дұрыс ұйымдастырылған түзету жұмысы танымдық қызмет деңгейін, оқу үлгерімін көтеру мәселелерін барынша сәтті шешуге мүмкіндік береді, балаға болашақ зияткерлік және тұлғалық дамуындағы қиындықтар мен мәселелердің алдын алуға көмектеседі. 

Жоғарыда аталған жағдайлар, біздің ойымызша, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарының сапасын арттыруға және республикада инклюзивті білім беру әдісін тиімділікпен ендіруге мүмкіндік береді. Бұл «экономикалық пайдадан басқа... әлеуметтік капиталдың –бірлесуі мен ұйымдасуы берік, қылмыс деңгейі төмен, азаматтық үлесі жоғары қоғамның қалыптасуына ықпал етпек».


Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты