text
MCFR.KZ Образование

Жалпы білім беретін мектептегі логопедтің жұмысы

  • 28 сентября 2018
  • 40
Жалпы білім беретін мектептегі логопедтің жұмысы
Жалпы білім беретін мектептегі логопедтің жұмысы

Логопедтер жалпы білім беретін мектепте жұмыс істейді. Мамандарды жинақтаудың осындай тәсілдері Білім саласындағы мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларына негізделген.

★CҰРАҚ-ЖАУАПТАР★

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің жұмысы
Жалпы білім беретін мектептегі логопедтің жұмысы

В. Ф. Беженаров

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары, ҚР БҒМ Қоғамдық Кеңесінің мүшесі

Ұзақтығы күнтізбелік 56 күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің педагог қызметкерлеріне қатысты ма? 

ҚР білім және ғылым министрінің 14.02.2017 ж. № 66 бұйрығына 9-қосымша «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес ППТК арнайы түзетуші топтық, шағын топтық және жеке дамытушы бағдарламаларды іске асыратын және ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін құрылатын арнайы білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.

Жоғарыда аталған Қағидалардың 4-т. сәйкес ППТК психологиялық-педагогикалық көмекті ПМПК қорытындысы негізінде туылғаннан он сегіз жасқа дейінгі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға:

1) көру қабілеті бұзылған;

2) есту қабілеті бұзылған;

3) сөйлеу тілінің бұзылыстары бар;

4) сөйлеу тілінің дамуы тежелген;

5) тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар;

6) зерде бұзылыстары бар;

7) психикалық дамуы тежелген;

8) эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар балаларға көрсетеді.

Жалпы үлгідегі жалпы білім беретін мектептің біліктілік деңгейі жоғары логопеді Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінің В3 буынына жатады (ҚР білім және ғылым министрінің 2016.29.01 № 123 бұйрығымен бекітілген).

«Білім туралы» ҚР Заңының 52-б. 7-т. 1) тарм. сәйкес айлық жалақыны есептеу үшін аптасына 18 нормативтік оқу жүктемесі белгіленеді. Логопед мұғалім арнайы оқу бағдарламаларын іске асырумен айналысады, ол – ұстаз.

Білім беру ұйымындағы логопедтің негізгі міндеті – оқу және жазу бұзылыстарының алдын алу, сондай-ақ оларды түзету. Сөйлеу патологиясының осы түрлері кіші сынып оқушыларында барынша жиі кездеседі.

Логопедтер мектепте бұрыс айтылымды түзету мақсатында дыбыстарды қоюмен айналысады.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Сөйлеу жүйесін дамыту – логопедтің түпкі мақсаты осы. Сондықтан ол жұмыс барысында

– жүйелі сөйлеуді дамытуға;

– айтылымды түзетуге;

– сөздік қорды жинақтауға және жетілдіруге;

– физикалық және сөйлеу естілімін, сөйлеудің грамматикалық жағын, сондай-ақ артикуляциялық моториканы дамытуға;

– сөз құру және сөзді өзгерту дағдыларын меңгеруге тиіс.

Кейбір қосымша міндеттер шешімін табады:

– психикалық процестерді (зейін, жады, қабылдау, ойлау) дамыту;

– қарапайым оқу дағдыларын (мұғалімді мұқият тыңдау машығы, белгіленген міндетті мақсатты әрі сабырлы түрде орындау, жұмыс нәтижелерін әділ бағалау және қателерді түзету) қалыптастыру;

– сауат ашу алғышарттарын қалыптастыру (сөзге дыбыстық талдау жасауды үйрету, «дыбыс, сөз, сөйлем» ұғымдарымен таныстыру, ұсақ моториканы және кеңістікке бағдарлануды дамыту);

– жазу және оқу бұзылыстарының алдын алу мен түзетумен айналысу.

Сөйлеу қиындықтары өткен материалды меңгеруде қиындықтар тудырады, ал бұл мектептік бейімсізденуге әкеледі, оқу ынтасы төмендейді, мінез-құлығында ауытқушылықтар туындайды.

Мұндай оқушыларға ұстаздар мен ата-аналардың, әсіресе логопед мұғалімнің уақытылы әрі тұрақты кәсіптік көмегі қажет.

Ауызекі және жазу тіліндегі бұзылыстарды жойған соң балаларды логопедтік пункттен босатады.

Білім алушылармен сабақтар жеке, сондай-ақ топтасқан түрде өткізіледі. Топтағы оқушы саны білім алушының сөйлеу бұзылыстарының ерекшелігіне, сондай-ақ мектептің орналасқан жеріне тікелей байланысты.

Логопункттің жұмыс барысында мектептің жұмыс тәртібі ескеріледі, себебі мұндай сабақтар негізінен оқуға дейін немесе оқудан кейін өткізіледі.

Фонетикалық ақаулары бар бірінші сынып оқушыларының айтылымын түзетуді орыс тілі мен математика пәндерінен басқа сабақ кезінде жүзеге асыруға болады.

Егер сөйлеу қабілеті бұзылған оқушының диагнозын нақтылау керек болса, онда оны ата-анасының келісімімен дәрігер-мамандар тексеруі үшін сәйкес емдік-профилактикалық мекемеге немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияға жібереді.

Логопед мұғалім мектеп мұғалімдері мен білім алушылардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) консультативтік көмек көрсетеді, үлгермеушіліктің себебін анықтайды, сондай-ақ оларды жою бойынша ұсынымдар береді. Сонымен бірге ол бастапқы сөйлеу патологиясы бар топтарды ұйымдастырады және уақытылы анықтайды және топ жасақтайды.

Логопедтің кабинетінің ауданы санитариялық-гигиеналық нормаларға сай болуы және арнайы жабдықпен қамтамасыз етілуі тиіс.


Оқушыларды логопедтік сүйемелдеу

Оқушыларды тексеру

– тексеру материалдарын дайындау;

– жазу және оқу бұзылуларын ерте анықтаудың жедел диагностикаларын өткізу, 1-ші сынып оқушыларының ауызекі сөйлеуін тексеру;

– оқушыларды жаппай тексеру;

– сөйлеу бұзылыстары бар балаларды жеке толық тексеру;

– сөйлеу карталарын толтыру, құжаттаманы ресімдеу;

– бір жылдағы оқу нәтижелері бойынша қайта логопедтік тексеру.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Жалпы білім беретін мектептегі логопедтің жұмысы
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Жалпы білім беретін мектептегі логопедтің жұмысы

 

Логопедтік жұмыс мазмұны

Жұмыс кестесіне сәйкес мерзім сайын жеке және жаппай логопедтік сабақтар өткізіліп тұрады.

Жұмыстың негізгі бағыттары:

– оқу және жазу бұзылыстарының алдын алу және ерте анықтау;

– негізгі психикалық процестерді (зейінді, жадыны, ойлауды) дамытумен жұмыс, графикалық-моторикалық дағдыларын, көзшолу-моторлық қадағалауды, кеңістіктік, уақыттық түсініктерді дамыту;

– сөйлеудің артикуляциялық-фонетикалық жағын өңдеу;

– фонематикалық естілімді және қабылдауды, тілдік талдау мен синтезді дамыту;

–дыбыстар қойылымы, дыбыстарды сөйлеуге біртіндеп енгізу;

– жазба тілінде дыбыстар мен әріптерді саралау;

– әріптердің графикалық бейнелерін бекіту, дыбыс пен әріптің байланысын бекіту;

– сөздік қорды байыту және нақтылау, морфемдік талдаумен, сөз құрумен және сөзді өзгертумен жұмыс;

– сөздің грамматикалық құрылымымен, ауызекі және жазбаша пікірді грамматикалық ресімдеумен жұмыс;

– жүйелі сөйлеумен және жазба тілімен жұмыс;

– оқу дағдысын автоматтандыру, оқу екпінімен, мәнерлілігі мен ырғағымен, оқығанын түсінумен жұмыс.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты