text
MCFR.KZ Образование

Қазақстанда мұғалімдерді тарифтеу

  • 27 сентября 2018
  • 72
Қазақстанда мұғалімдерді тарифтеу
Қазақстанда мұғалімдерді тарифтеу

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне еңбекақы төлеу айлық белгіленген тарифтік ставкаларға (лауазымдық жалақыларға) қарай еңбекақыны көтеру, қосымша ақы төлеу және педагогикалық жұмыстың нақты көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.


Педагогикалық қызметкерлер арасындағы оқу жүктемесі тиісті білім беру ұйымының оқу жоспары бойынша оқу уақытының көлеміне, педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуіне және өзге де нақты жағдайларына қарай бөлінеді.

2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес педагогикалық оқу жүктемесін бөлу құқығы білім беру ұйымының бірінші басшысына беріледі, ол оның нақтылығы және әрбір мұғалімнің, оқытушының, тәрбиешінің және өзге де педагогикалық қызметкердің белгіленген көлемді сапалы орындауы үшін жауап береді.

Педагогикалық жұмыс көлемі ҚР еңбек заңнамасына сәйкес апталық нормативтік жүктемені ескере отырып сәйкес және ұжымдық, жеке еңбек шарттармен қызметкерлердің келісімі бойынша белгіленеді.

Мектептерде күндізгі және сырттай оқыту нысанындағы жалпы білім беретін мектептер (сыныптар) мектеп-интернаттарында (кешкі (ауысымдық) мұғалімдерден басқа), сырттай оқытатын мектептерде, емдеу-профилактикалық ұйымдарында ұзақ уақыт жатып емделетін балалармен сабақ өткізетін мұғалімдердің және кәсіптік лицейлердің, мектептердің, колледж оқытушыларының оқу жүктемесінің көлемін белгілеу жартыжылдықтар бойынша жеке-жеке жылына бір рет жүргізіледі.

 Күндізгі және сырттай оқыту нысанындағы жалпы білім беретін кешкі (ауысымдық) мектептерде (сыныптарда), сырттай оқытатын мектептерде, емдеу-профилактикалық ұйымдарда ұзақ уақыт жатып емделетін балалармен сабақ өткізетін мұғалімдердің оқу жүктемесі жылына екі рет бірінші және екінші оқу жартыжылдығының басында белгіленеді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Қазақстанда мұғалімдерді тарифтеу
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Қазақстанда мұғалімдерді тарифтеу

Біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарынан еткен мұғалімдерге белгіленген қосымша ақыларды қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне айлық тарифтік ставкалардың (лауазымдық жалақылардың) жекелеген қосымша ақылардың және үстемеақылардың мөлшерлерін өзгерту:

  • Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген ҚР БҒМ 2016.27.01 № 83 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттында, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалардың, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартында өзгеше көзделмесе, біліктілік санатын беру кезінде оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап;
  • жұмыс стажының көбейген күнінен бастап;
  • құрметті атақ берілген күнінен бастап;
  • білім алған (техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі, жоғары білім) немесі білімі туралы құжатын қалпына келтірген жағдайда - тиісті құжат берілген кұнінен бастап;
  • ғылыми атақ берілген жағдайда - Төралқаның немесе ҚР БҒМ Білім саласындағы бақылау комитетінің диплом беру туралы шешім шығарған кұнінен бастап жүргізіледі.

Қызметкер жыл сайынғы еңбек ақылы, жыл сайынғы қосымша төлемді еңбек ақылы, әлеуметтік демалыста және экологиялық апат пен радиациялық қауiптi аймақтар бойынша жыл сайынғы қосымша төлемді еңбек ақылы демалыста, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңде (оның ішінде жүктілігі мен тууы бойынша) болған жағдайда еңбекақы ставкасы (лауазымдық жалақысын) өзгертілгенде, жаңа тарифтік ставка (лауазымдық жалақы) есебімен еңбекақы төлеуі – демалысы немесе еңбекке уақытша жарамсыздығы аяқталған күнінен бастап жүргізіледі.

Білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, оқытушыларына, тәрбиешілеріне және басқа педагогикалық қызметкерлеріне айлық жалақы ставкалары (лауазымдық жалақылар) апталық нормативтік оқу жүктемесіне сәйкес төленеді және олардың астрономиялық сағат бойынша жұмсаған жұмыс уақытына қарай белгіленеді. Сабақтар (дәрістер) арасында қарастырылған қысқа үзілістер (ауысулар) мұғалімнің (оқытушының, қосымша білім беру педагогының және басқа педагогикалық қызметкердің) жұмыс уақыты болып есептеледі.

Нормативтік оқу жүктемесі белгіленбеген білім беру мекемелері қызметкерлерінің жұмыс уақыты ҚР Еңбек кодексіне сәйкес белгіленеді.

 


★КӨКЕЙКЕСТІ ТАҚЫРЫП★

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында ұстаздардың еңбекақысын көтеру
Қазақстанда мұғалімдерді тарифтеу

Ш. Т. Каринова

ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры

Сіздің ойыңызша, жаңартылған бағдарламаның ескі бағдарламадан негізгі айырмашылығы неде және оның мақсаттары қандай?

Бүгінде республикамызда Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептері (бұдан әрі – НЗМ) халықаралық стандарттар деңгейінде жұмыс істеуде. Олардың тәжірибесі сәтті әрі үздік білім беру тәжірибелері еліміздегі балалардың бәріне қолжетімді болу тұрғысынан маңызды.

Еліміздің білім беру ұйымдарының НЗМ тәжірибесі бойынша білім беру мазмұнын жаңартуға көшуі 2016/2017 оқу жылы басталды, ол жүйелі әрі кезеңмен өткізіледі және бүкіл білім беру жүйесіне: білім беру стандарттарына, оқу бағдарламаларына, оқулықтарға, педагог кадрларды даярлау мен қайта даярлауға, аттестаттау мен бақылауға, сондай-ақ оқу және тәрбие процесіне қатысты.

Жаңарту жағдайындағы мектеп оқу процесінің білім алушылардың белсенді қызметімен сипатталуымен ерекшеленеді, ол бос құман секілді болады, ал оны ұстаз толтыруы тиіс. Аталған жағдайда мұғалім білім алушылардың танымдық қызметін ұйымдастырушының рөлін атқарады. Оқу мақсаттары оқушы мен мұғалімге ортақ болады.

Білім беру мазмұнын жаңартудың аясында сыни бағалау жүйесіне көшу қарастырылған. 2017/2018 оқу жылы 1, 5, 7 сынып оқушылары бағалаудың жаңа жүйесіне көшті.

Қазіргі мектепте бағалаудың бес балдық жүйесі бағаның әділдігін қадағалауға мүмкіндік бермейді, өкінішке орай, баға мұғалімнің абсолюттік билік құралына айналды.


Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің жалақысын есептеу тәртібі

 Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің жалақысын есептеу кезінде айлық жалақы қолданылады.

Педагогикалық қызметкерлердің айлық жалақысы тарифтік ставканы (лауазымдық жалақыны) олардың апталық нақты жүктемесіне көбейту және шыққан нәтижені белгіленген нормативтік апталық оқу жүктемесіне бөлу жолымен белгіленеді.

Жылдың әр бір айларындағы апталар мен жұмыс күндерінің санына қарамастан, тарифтеу кезінде белгіленген айлық жалақы төленеді.

Оқу тоқсандары аралығындағы және оқу жылы басталғанға дейінгі каникул кезінде, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің демалыс күндерін қоспағанда, педагогикалық жұмыс жүргізетін білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебінен жүргізіледі.

Оқушылардың жазғы каникулы кезінде жұмысқа басшы немесе педагогикалық қызметкер ретінде қабылданғандарға оқу жылы басталғанға дейінгі кезең үшін жалақы олардың ҚР заңнамасына сәйкес белгіленген біліктілік санаттарын, білім деңгейін және жұмыс стажын ескере отырып анықталатын тарифтік ставкасы (лауазымдық жалақы) есебінен төленеді.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Сабақ 28 аптаға есептелген оқу жоспары бойынша өткізілетін жалпы білім беру мектептерінің жанындағы кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектептердің және кешкі (сырттай) оқыту жекелеген сыныптарының мұғалімдеріне айлық жалақы оқу жылы бойы, сондай-ақ оқу басталғанға дейін бір апта, оқу жылы аяқталғаннан кейін бір апта үшін төленеді.

Ұйымдарда педагогикалық қызметкерлерге сағаттық төлем ауырып қалған немесе басқа себептермен екі айдан аспайтындай уақыт ішінде жұмыста уақытша болмаған мұғалімдердің (оқытушылардың) міндеттерін орындау тәртібімен орындалған жұмыс сағаттары үшін ғана беріледі.

Егер жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан асқан болса, педагогикалық қызметкерге еңбекақы оның орнын алмастырған күннен бастап осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген жалпы тәртіп бойынша нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаттары үшін төленеді.

Сағаттық төлем шартымен жұмыс істейтін және каникул кезінде сабақ жүргізбейтіндерге, бұл уақыт үшін еңбекақы төленбейді.

Оқу жүктемесімен толық қамтамасыз етілмеген мұғалімдерге қосымша оқу жүктемесінің шарттары кезінде жалақы ставкасы белгіленген жүктеме нормасын басқа педагогикалық жұмыстармен толықтыратын мынадай жағдайларда:

  • бейнелеу өнері, музыка, ән және дене шынықтыру сабақтарын маман педагогтарға бере алатындай жағдай жасалған жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне;
  • денсаулығына және басқа себептерге байланысты дене тәрбиесі және ән сабақтарын жүргізе алмайтын жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне;
  • шетел тілін тереңдетіп оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне, дайындығының шама-шарқына байланысты шетел тілінен, қазақ және орыс тілдерінен сабақ жүргізе алмайтын ауылдық қазақ және орыстан басқа ұлттар бастауыш мектептерінің мұғалімдеріне;
  • орыс және басқа ұлттардың (қазақтық емес) тілінде сабақ беретін ауылдық мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне;
  • қазақ және басқа ұлттардың (орыстық емес) тілінде сабақ беретін ауылдық мектептердің орыс тілі мұғалімдеріне;
  • селолық мектептердің дене тәрбиесі мұғалімдеріне, алыс жерлерге орналасқан мектептердің шетел тілінен сабақ беретін мұғалімдеріне, оларға төленетін толық ставка есебіне дене тәрбиесі жөніндегі (дене тәрбиесі мұғалімдері үшін) сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру, жазба жұмыстарын тексеру және сынып жетекшісі (шетел тілі мұғалімдері үшін) міндеттері (міндеттердің бір бөлігі) қоса жүктелген жағдайда, толық төленеді.

      Басқа педагогикалық жұмысқа:

  • денсаулығына байланысты мектепке барудан босатылған оқушылармен үйде сабақ өткізу;
  • жоқ мұғалімдердің орнына сабақ беру;
  • ұзартылған күн тобында тәрбие жұмысын жүргізу;
  • басқа оқу-тәрбиелік жұмыстар жатады.

Мұғалімді сабақ жүргізуден босату және қосымша міндетті жүктеме арқылы жалақыны айлық ставкадан кем мөлшерде төлемеу жөніндегі жағдайлардың бәрі мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді және мұғалімінің сабақ беруден неліктен босатылатындығы әрі жүктемені қандай жұмыстармен толтыратындығы көрсетіледі.

Оқу жүктемесі оқу жылы ішінде мұғалімдерге қатысы жоқ себептермен тарифтеу кезінде белгіленген жүктемемен салыстырғанда азайтылған жағдайда оларға оқу жылының аяғына дейін:

  • егер қалған жүктеме айлық белгіленген ставкадан жоғары болса - жалақы нақты сағат саны үшін;
  • егер қалған жүктеме айлық белгіленген ставкадан төмен болса - айлық белгіленген ставка;
  • егер тарифтеу кезінде оқу жүктемесі айлық тарифтік ставкадан кем белгіленген болса - тарифтеу кезінде белгіленген жалақы төленеді.

Оқу жүктемесі екінші жартыжылдықта оқу жоспарына байланысты азайған жағдайда бұл тармақ қолданылмайды.

Қосымша білім беру ұйымдарындағы, жалпы білім беретін мектептердегі және басқа да білім беру ұйымдарындағы жұмысы негізгі жұмыс орны болып есептелетін қосымша білім беретін педагогтерге айлық жалақы осы Қағидалардың 9-тармағында қарастырылған тәртіппен белгіленеді, ал егер негізгі жұмыс орны болып есептелмесе, онда айлық жалақы сабақ өткізілген нақты сағаттар санына қарай және ставканы орташа айлық сағат нормасына бөлу жолымен белгіленеді.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты