text
MCFR.KZ Образование

Саламатты тамақтану туралы сынып сағаты

  • 26 сентября 2018
  • 24
«Көгөніс, жеміс-жидектер – дәрумендік өнімдер»
«Көгөніс, жеміс-жидектер – дәрумендік өнімдер»

Педагог сынып сағатында денсаулық, салауатты өмір салты туралы түсінікті адам өмірінің басты құндылықтарының бірі ретінде қалыптастыру, балалардың әр түрлі жеміс-жидектер және көкөністермен, олардың ағза үшін маңыздылығымен таныстыру және салауатты өмір салтына саналы түрде тартылуға тәрбиелеу туралы баяндайды

Энергетикалық сусындардың  денсаулыққа әсері туралы оқыныздар:

Мақсаты

★ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕБІ★

Мектеп оқушыларының салқын тигеннен болатын ауруларының алдын алу
«Көгөніс, жеміс-жидектер – дәрумендік өнімдер»

А. Б. Шекенова

,«Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы» РМҚК педиатры, Алматы қ.

Қыста және маусымаралық кезеңде балалардың жиі сырқаттанатыны құпия емес. Орта есеппен бала 6 жасқа дейін жылына 8 рет шамамен 14 күн бойы суық тиіп ауырады. Ересек жастағы балалар сирек ауырады, өйткені оларда иммунитет қалыптасады.

Баланың иммундық жүйесімен бетпе-бет келе отырып, вирустық бөлшектер ағзаға енеді, сөйтіп, жіті респираторлық вирустық инфекция туғызады немесе қарсы әрекетке тап болады. 7 жастан асқан балалар әртүрлі себеппен жіті респираторлық вирустық инфекциямен (бұдан әрі – ЖРВИ) жиі ауырады, олардың бірі – мектептегі оқудың басталуымен байланысты өмірдің жаңа жағдайларына бейімделу. Егер бала балабақшаға бармаса, оның ағзасы респираторлық вирустарға дайын болмауы мүмкін, сондықтан оның ең бірінші кезекте ауырып қалу қаупі бар.

Шара барысы

Мұғалім. Дәрумендердің пайдалы екендігін әр адам біледі. Ал сіздер дәрумендердің не екендігін білесіз бе? (Балалардың жауаптары)

Әңгімелесу.

– Қай дәрумен не үшін «жауап береді»?

– Қандай дәрумендер болады?

– Дәрумендер қандай топтарға бөлінеді?

– Дәрумендер не үшін керек?

– Дәруменсіз өмір сүруге бола ма , қалай ойлайсыз?

– Дәрумендердің мектептегі оқудың үлгерімділігіне ықпалы бар ма?

Мұғалім. Жады нашарлайды, ұмытшақтық, өткен материалды меңгере алмау қасиеті пайда болады, ойлау қабілеті төмендейді, ұйқышылдық, ашушаңдық пайда болады, тіпті өсу процесі тоқтатылады. Мұның барлығы йод жетіспеушілігінен болады.

– Қандай өнімдердің құрамында йод бар екенін кім біледі? (Теңіз балдырлары; балық; йодталған тұз; қабығымен пісірілген картоп; сүт; бұршақ; жұмыртқа және т. б.)

– Барлық дәрумен жоғалып кетсе не болар еді?

Мұғалім. «Дәрумендер және денсаулық туралы» ертегіні оқиық. Ертегі авторы – Ирис Ревю.

Ертегіні оқу.

Ерте заманда бір патшалықта көңілді және жақсы адамдар өмір сүріпті. Оларды Ақылды Хан басқарыпты. Хан барлық адамның денсаулығының жақсы болуын қатаң қадағалаған (таза ауа жұту,таңғы жаттығу жасау, күн тәртібін сақтау, пайдалы тамақ жеу).

Бірақ, бір күні бұл патшалықта бәрі бұзыла бастады. Мұның барлығы Жауыз боран келгесін орын алды, барлық жеміс-жидектер мен көгөністер үсіп қалды. Апельсин, қызылша, лимон, орамжапырақ, картоп, пияз және басқалары тіпті адамдардың аузына тимей қалды, сонымен қатар дәрумендер де жоғалды.

Патшалықта жеміс-жидектер мен көгөністер болмағасын адамдардың ағзасына дәрумендер жетпей, балалар мен ересектер ауыра бастады.

Сонда Ақылды Патша мынаны ойлап тапты. Ол ғалымдардың көмегімен жаңа дәрумендерді (шар және дәрі тәрізді дәрумендер) шығарды. Олар жақсы болғанмен, нағыз табиғи дәрумендер сияқты пайдалы болмады, бірақ адамдарды аурулардан құтқарды.

Одан кейін адамдар Алтын Күннің одан да жақсы жарқырауын, Мейірімді Жаңбырдан тамшыларды аяп қалмауын сұрап, жаңа апельсин және лимон ағаштарын; орамжапырақты, қызылшаны, сәбізді, пиязды отырғызды. Басқа да дәрумендік көгөністер мен жеміс-жидектерді өсірді.

Барлығы қалпына келді. Адамдар қайтадан дені сау, көңілді бола түсті.

Қорытынды шығару.

Әңгімелесу.

– Сізге ертегі ұнады ма?

– Сізге дәрумендер қажет пе?

Мұғалім. Дәрумендер – бұл адамның дені сау болуы үшін қажет пайдалы заттар. Олар көгөністерде, жеміс-жидектерде, астық тұқымдастарда және басқа өнімдерде көп болады. Мысалы: A1 дәрумені, B2 дәрумені, C дәрумені, Е дәрумені, D5 дәрумені.

«Сөзді толықтыр» ойыны

«Көгөніс, жеміс-жидектер – дәрумендік өнімдер»

«Көгөніс, жеміс-жидектер – дәрумендік өнімдер»

«Көгөніс, жеміс-жидектер – дәрумендік өнімдер»

«Көгөніс, жеміс-жидектер – дәрумендік өнімдер»

«Көгөніс, жеміс-жидектер – дәрумендік өнімдер»

«Көгөніс, жеміс-жидектер – дәрумендік өнімдер»

«Көгөніс, жеміс-жидектер – дәрумендік өнімдер»

«Көгөніс, жеміс-жидектер – дәрумендік өнімдер»

«Көгөніс, жеміс-жидектер – дәрумендік өнімдер»

«Көгөніс, жеміс-жидектер – дәрумендік өнімдер»

«Көгөніс, жеміс-жидектер – дәрумендік өнімдер»

 

«Тауып көр» ойыны

Тапсырма. Сөздерді топтарға бөлу: көгөністерді жеміс-жидектерден бөліп.

ДЫ БА ЯЛ

БЫЗ ҚАР

ЗА ҚЫ НАҚ

ПЕЛЬ А СИН

ЖА ОРАМ РАҚ ПЫ

РЫШ БҰ

НАН БА

ЯР ҚИ

НАС АНА

МҰРТ АЛ

ҚУ ТАҢ РАЙ

ТОП КАР

НАЙ ПЫ ҚҰЛ

БІЗ СӘ

МОН ЛИ

 

 «Көгөніс, жеміс-жидектер – дәрумендік өнімдер»

«Дәрумендік маусым» чайнворды

Сұрақтар:

1. Тропикалық жеміс.

2. Аласа ғана бойы бар, тоғыз қабат тоны бар.

3. Алқызыл көгөніс.

4. Тігіп алып көк шатыр, қызылкүрең доп жатыр.

5. Ортасында қазығы, бұтағында азығы.

6. Мәңгі жасыл болып өсетін жеміс.

7. Қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.

8. Оразада ауыз ашар осымен, жұмақтағы жеміс екен деседі.

9. Жұмсағы шырынды, жемісі сүйекті.

10. Тораңғылдың түбінде, теңкиіп жатқан әулие.

11. Көрсең өскен жемісін, жапырағы қазтабан, мөлдір қара жемісті.

12. Піскен қызанақтан жасалған қою тағам.

Жауаптары: 1. Ананас. 2. Сарымсақ. 3. Қызанақ. 4.Қызылша. 5. Алма. 6. Авокадо. 7. Орамжапырақ. 8. Құрма. 9. Алша. 10. Асқабақ. 11. Қарақат. 12. Томат.

Жұмбақтар

 

«Тұтамдар мен түптер» сауықтыру минуты

Мұғалім. Слайдтарда көгөністері бар суреттер пайда болады. Егер біз бұл өнімдердің жердегі бөліктерін жейтін болсақ, онда қолыңызды жоғары көтересіз, егер жер астындағы бөліктерін жейтін болсақ отырасыз (картоп, бұршақ, қызанақ, сәбіз, қызылша, қияр, кәді, бұрыш).

Өзіндік жұмыс

Балаларға алдын ала дәрумендер туралы қысқаша хабарламаны дайындау үй тапсырмасы берілді.

 

1 оқушы. А дәрумені көзге жақсы әсер етеді, ағзаның қарсы тұруын арттырады. Бұл дәруменге кейбір жануарлар мен балықтардың бауыры, сондай-ақ жұмыртқа бай. Ол сүтте, сары майда болады.

2 оқушы. В тобының дәрумендері адам ағзасы үшін маңызды рөлді ойнайды. Олар стресс, әр түрлі аурулар және жарақаттар кезінде қорғау жүйесінің жұмысын жақсартады. Олардың жетіспеушілігі денсаулықта сыр беруі мүмкін.

3 оқушы. С (аскорбин қышқылы) дәрумені ағзаның суық тигеннен болатын ауруларға қарсы тұруын арттырады, тіс, сүйек және қантамырларының бекуіне ықпал етеді. С дәруменінің көзі орамжапырақ, пияз, тәтті бұрыш, баялды, картоп, қымыздық, қарақат, шетен, итмұрын, мүкжидек, қызылжидек, тұшала, цитрусты жемістер болып табылады.

4 оқушы. D дәрумені ағзаның, әсіресе тіс пен сүйектің өсуі үшін аса қажет. D дәруменінің болуы ағзамен кальций және фосфордың сіңуіне ықпал етеді, олар кейін қанға түсіп, өсетін сүйектерге барып бекиді. Бұл дәруменнің жетіспеушілігі сүйектің жұмсаруы және қисаюымен, нашар тіс, әлсіз бұлшық еттермен көрініс тапқан рахит ауруын тудырады. D дәрумені күн сәулелерінің түсуі нәтижесінде пайда болады. D дәрумені балықта, сары майда, жұмыртқада және жасыл көгөністе болады.

5 оқушы. Е дәрумені барлық жастағы адамдардың ауруларға қарсы тұру деңгейін арттырады және ағзадан зиянды заттарды шығаратын антиоксидант құрал болып табылады. Ол жаңа өсімдіктен жасалған тамақ құрамында болады және әр түрлі ауруларды емдеу, алдын алу үшін қолданылады.

Әңгімелесу.

– Сіз бір-біріңізге дұрыс тамақтану туралы қандай кеңестер бере аласыз? (Тәттіні аз жеу, көгөністер мен жеміс-жидектерді көбірек пайдалану, тамақты күнде бір уақытта ішуге тырысу және т. б.)

Қорытынды шығару.

Әңгімелесу.

– Жақсы денсаулық үшін не керек?(Балалардың жауаптары)

– Дәрумендерді қай уақыт қабылдау керек? (Әсіресе тұмау және суық тию кезінде көктем мен күзде ішу керек. Дәл сол уақытта дәрігерлер барлық балаларға бірдей дәрумендерді ішуге кеңес береді. Дәрумендерді ішуді суық тию немесе жазғы ыстық кезеңде емес, осы маусым басталмастан бұрын бастау керек. Мамыр-маусым және қыргүйек-қазан – дәрумендерді ішудің нағыз қолайлы уақыты.)

Мұғалім. Әрбір ата-ана үшін ең бастысы баласының дені сау, дұрыс тамақтанғаны, дене шынықтырумен айналысқаны, көп уақытын компьютерде емес, таза ауада өткізгені жақсы. Жақсы ауа-райы болған кезде көп серуендеп, саяхатқа және табиғатқа шығу керек. Табиғаттың әдемі кейпі керемет көңіл-күйді қамтамасыз етеді. Бұл әрқашанда денсаулықтың құрамдас бір бөлігі болып табылады.

«Көгөніс, жеміс-жидектер – дәрумендік өнімдер»

Дереккөз: № 9-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы

 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты