MCFR.KZ Образование

Мектепте білім беру процесін ұйымдастыру

  • 11 сентября 2018
  • 20
Білім беру ұйымында білім беру процесін ұйымдастыру
Білім беру ұйымында білім беру процесін ұйымдастыру

2017/2018 оқу жылы 2, 5 және 7 сыныптар білім берудің жаңартылған мазмұнының оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша оқуды бастады.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық айырмашылығы мынадай

  • таным заңдылықтарына негізделген және пәндік операциялардың аса маңызды түрлері бойынша жіктелетін Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
  • бір білім беру саласының ішінде, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды іске асыруда пән арасында «өтпелі тақырыптардың» болуы;
  • оқу процесін ұзақмерзімдік, ортамерзімдік және қысқамерзімдік жоспарлар нысанында технологияландыру;
  • білім деңгейі бойынша және бүкіл оқу курсы ішінде педагогикалық мақсатты тұжырымдау, бұл пәнаралық байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік береді.

Жаңа бағалау жүйесі білім алушылардың қызметін бақылау және бағалау, туындаған қиындықтардың себептерін анықтау және жою қабілеттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқу процесі білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен кең ауқымды дағдыларын қалыптастыруға бағдарланған. Бұл ретте оқу процесінің оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан алшақтайтынын және 6 білім беру саласы бойынша айқындалатын күтілетін нәтижелерге негізделетінін болжайтынын және қызметтік аспектіні білдіретінін, яғни білім алушылардың  «білетінін», «түсінетінін», «қолданатынын», «талдайтынын», «синтездейтінін», «бағалайтынын» естен шығармаған маңызды.

Оқу мақсаттары күтілетін нәтижелер түрінде ұсынылған. Әр кіші бөлімге рет-ретімен енгізілген оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын бағалауға және білім алушылардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді.

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау білім алушылардың нақты жеткен нәтижелерінің оқудың жоспарлы мақсаттарына сәйкестік деңгейін белгілеудің алдын ала белгіленген өлшемшарттарына сай жүзеге асырылады.

Бұл ретте білім алушының тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады; білім алушының жұмысы өзге оқушылардың жұмысымен емес, эталонмен салыстырылады (үздік орындалған жұмыс үлгісімен), бұл оларға алдын ала белгілі болады. Үйреткендерді ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау өлшемшарттары – оқу мақсаттарын нақты көрсету.

Мұғалімдерге оқу процесін тиімді ұйымдастыру, білім алушыларға уақытылы көмек көрсету және олардың оқудағы ілгерілеушілігін қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқу нәтижелері туралы ақпарат үшін сындарлы бағалауды қолдану ұсынылады. Осындай бағалау жүйесі ең алдымен балаларды сәтті оқуға ынталандыруға, білімдегі кемшіліктерді айқындауға және олардың өсуін айқын көрсетуге бағытталған.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Сындарлы бағалау жүйесі формативтік бағалау мен ішкі жиынтық бағалауды қамтиды.

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін сындарлы бағалау жүйесі

  •  оқу мен бағалаудың тұтастығына негізделеді;
  • білім алушылардың  ілгерілеушілігі мен оқу үлгерімін қамтамасыз етуге жалпы тұрғыдан келуге бағытталған;
  • оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарын іске асыруды және  білім алу мен дағдыларын дамытудың дәлелдерін жинауды қамтамасыз етеді;
  • әр сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасы мазмұнының негізінде бағалау тәсілдері мен нысандарының алуан түрлілігін қамтиды.

Сындарлы бағалаудың оқытудың, оқудың және бағалаудың өзара байланысына негізделгенін ұмытпау керек. Сындарлы бағалау нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру үшін қолданылады.

Сындарлы бағалау білім алушылардың даму деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Әр сабақ оқу мақсаттары мен оған жету өлшемшарттарын баяндаудан/көрсетуден басталады. Білім алушы оқудың белгіленген мақсатын түсінуге, қабылдауға және оған жету жолдарын білуге тиіс.

Сындарлы бағалау технологиясын қолдану білім алушының жетістіктерін нақты белгіленген, бұрыннан таныс өлшемшарттармен салыстырудан тұрады, олар қандай да бір оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін, қандай да бір практикалық дағдысының қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте әр білім алушының жалпы дайындық деңгейіндегі өзгерістерді, сондай-ақ оның алдыңғы жетістіктерімен салыстырғанда сәттіліктер динамикасын анықтауға мүмкіндік береді.

Сындарлы бағалау жүйесінің басымдығы оқушыға түсетін күйзелісті жүктемені азайтудан тұрады. Бірлескен ынтымақтастықта назарымыз бағадан аталмыш дербес, жұптық, топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға, маңызды әлеуметтік біліктіліктерін қалыптастыруға ауысады.

Сындарлы бағалау білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, оқудың ізгілікті, тату ортасын құру, оқу процесінде оқушыларды қолдау, білім алушылардың оқуға деген ынтасын нығайту, зерттеушілік, шығармашылық қызметке қатысу үшін қолданылады.

Жаңа бағалау жүйесі мұғалімнің ата-аналармен тығыз байланысын сақтауды және ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді білдіреді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Білім беру ұйымында білім беру процесін ұйымдастыру
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Білім беру ұйымында білім беру процесін ұйымдастыру

Білім алушылардың ата-аналарына жаңа бағалау жүйесінің мақсаты мен негізгі қағидаттары түсіндіріледі, ата-аналар үшін практикалық тренинг немесе шеберлік сағаты өткізіледі.

Мұғалім ата-аналар жиналысын сабақ түрінде өткізе алады, бұл ретте ата-аналармен топ немесе жұп бойынша жұмыс істейді, өлшемшарттары белгілі тапсырмаларды таратады, дескрипторларды алдын ала талқылайды. Сабақта ата-аналарға балаларына берілгендей өзіндік бағалау, өзара бағалау, нәтижелерді талқылау мүмкіндігі беріледі. Бұл жағдайда ата-аналар жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқумен танысады, бағалау механизмін түсінеді, балаларының жетістіктерімен бөліседі, практика жүгіну арқылы жаңартылған бағдарлама туралы нақты ақпарат алады. Бұл тәжірибе ата-аналардың білім берудің жаңа стандартын түсінуі мен қанағаттанушылығын қамтамасыз етуге мысал бола алады.

Жаңа бағалау жүйесінің білім алушылар үшін ыңғайлы, ізгілікті білім беру ортасын құруға ықпал ететінін ата-аналарға түсіндірудің маңызы зор.

Жалғасын  № 9-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться