text
MCFR.KZ Образование

Баланы құқықтық тәрбиелеудегі отбасының рөлі

  • 5 сентября 2018
  • 35
Баланы құқықтық тәрбиелеудегі отбасының рөлі
Баланы құқықтық тәрбиелеудегі отбасының рөлі

Автор ата-аналар жиналысының мысалында ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, баланың құқықтарын қорғау, сондай-ақ ата-аналардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігі мәселелеріндегі нормативтік құжаттармен ата-аналарды таныстыру туралы баяндайды.

Ата-аналар жиналысының барысы

Мұғалім. Қымбатты ата-аналар! Бүгін біз кішкентай баланың құқықтары мен ар-намысын қорғаумен байланысты өте маңызды, өзекті проблеманы талқылау, сондай-ақ балаға қатысты ата-ананың құқықтары мен міндеттерін қарастыруға жиналдық.

Тапсырма. Ақ бет қағазда баланың міндеттерін, басқа бетінде – балалардың құқықтарын жазу. (Ата-ана тапсырма орындайды.)

Әңгімелесу.

Нені жазу оңайырақ болды: құқықтарды немесе міндеттерді?

Сіздердің балаларыңызда құқықтар әлде міндеттер көп пе? Неге?

Тапсырма. Қалауынша өз баласының құқықтары мен міндеттерін дауыстап оқу. (Ерік білдіргендер жазғандарын оқиды.

Мұғалім. Біздің балаларымыздың құқықтары аз болып тұр. Неге? Біз балаларымыздың құқықтарын мойындағымыз келмей ме? Әлде біз оларды білмейміз бе?

Біздің кездесуіміз осы сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.

Әңгімелесу. Отбасы дегеніміз не? (Ата-аналардың жауаптары)

«Отбасы – бірге тұратын туысқандар тобы; ортақ мүдделері бар адамдардың бірігуі» (С. И. Ожегов және Н. Ю. Шведованың түсіндірме сөздіктері).

Отбасының құндылығы балаларды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі маңызды институт ретінде күмән тудырған емес. Яғни, отбасы құндылығын ештеңеге айырбастауға болмайды. Адамның рухани құндылықтарын тек отбасында ғана сақтап қалып, ал оларды ұрпақ арқылы ғана жеткізуге болады. Мектепке дейінгі балалық шақ  – адам өміріндегі ерекше кезең, ол процесс барысында денсаулық қалыптасып, жеке тұлғаның дамуы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бұл кезеңде бала оны қоршаған ересектер – ата-аналар мен педагогтардың тәуелділігінде болады. Балалардың денсаулығы мен олардың толыққанды дамуы көбіне олардың құқықтарын қорғау тиімділігімен анықталады. Қамқорлықпен және махаббатпен өскен балада дұрыс өсу мен дамудың басқа екінші мүмкіндігі жоқ, сондықтан барлық деңгейде балалық шақты қорғау проблемаларына баса назар аудару керек.


★АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗЕМІЗ★

«САБАҚ ОҚУҒА ОТЫРАЙЫҚ» АТТЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

А. К. Қайырбекова

«№ 18 ОМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Павлодар қ

Қазір балалар күніне алты және одан да көп сағатын мектепте өткізеді. Оқу бағдарламасы дене шынықтыру, бейнелеу өнері, музыка сияқты пәндерді, сондай-ақ өзін-өзі құрметтеуді дамытуға бағытталған арнайы пәндерді қамтиды. Қалған сағаттарды мұғалімдер математиканы, жазуды, оқуды және жаратылыстану ғылымдарын оқытуға арнауы тиіс деп болжанады. Сынып жетекшілерінің бәріне үлгеруге жағдайы жоқ. Олар көмекке зәру. 

Ата-ана ретінде сіздер өз балаларыңызды оқыту процесіне үлкен үлес қоса аласыздар. Оларға кітап оқып беру арқылы өздеріңіздің сөздік қорларыңызды автоматты түрде ұлғайтасыздар. Күн сайын үй жұмысын орындауға көмектесе отырып, оқудың қаншалықты маңызды екеніне олардың назарын аударасыздар.

Ата-аналардың және балалардың құқықтары

Бүгінгі таңда бала құқығы туралы көп айтылады, бірақ ол проблеманың басқа жағы да бар – ата-аналардың құқықтары. Ата-аналардың балаларын тәрбиелеу жөніндегі құқықтары үлкен мәнге ие болып келе жатыр. Ол «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген. Балалардың құқықтарын реттейтін алғашқы құжат 1923 жылы Халықаралық балаларды құтқару одағымен қабылданған Бала құқығы туралы декларация болды. Аталған құжат 36 жыл бойы қолданылды. Декларацияда көрсетілген он қағидада балалардың негізгі құқықтары көрініс табады: ат қою, азаматтық, махаббат, түсіністік, материалдық қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау және білім алу мүмкіндігін беру, физикалық, еркіндік және ар-намыс жағдайында адамгершілік тұрғыдан дамуға мүмкіндік беру.

Декларацияда баланы қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Бала құқығы туралы декларация негізінде халықаралық құжат – Бала құқықтары туралы Конвенция дайындалды.

Конвенция – бұл бала құқықтарының тізімі емес, аталған құқықтарды қорғау үшін мемлекеттің өзіне жүктеген міндеттемелер тізімі.

Конвенция әр баланың (оның нәсілі, түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе басқа да сенімдері, ұлттық, этникалық және әлеуметтік тегіне қарамастан):

тәрбиелеуге;

дамытуға;

қорғауға;

қоғам өміріне белсенді қатысуға заңды құқығын білдіреді.

Конвенция балалардың өміріне, дамуына, қорғалуына жауапты ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін баланың құқықтарымен байланыстырады, балаға оның бүгіні мен болашағын қозғайтын шешімдерді қабылдауға қатысуға құқық береді.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы балалардың білім алу құқығын белгілейді.

Отбасында мектепке дейінгі жастағы баланы тәрбиелеуге, олардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, жеке қабілеттерін дамытуға және даму бұзушылықтарын түзетуге көмек ретінде мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмыс жасайды.

Білім беру ұйымының жарғысы – білім беру процесінің барлық қатысушыларының (балалар, педагогтар, ата-аналар) құқықтары мен міндеттері көрсетілген нормативтік құжат.

Бала құқықтары туралы конвенция – үлкен педагогикалық мәні бар жоғары халықаралық стандартты құқықтық құжат. Конвенция баланы толық дамыған және толық құқылы, дербес құқық субъектісі ретінде жариялайды және шынайы гуманизм, демократизм, баланың жеке тұлғасына, пікірі мен көзқарасына, сыйластықпен және қамқорлықпен қарау басты негіз болып табылатын адамгершілік-құқықтық нормалардағы ересек адам мен баланың өзара қарым-қатынасын құруға шақырады. Бала құқығын іске асыру:

қатыгездік танытудың барлық түрлерінен қорғауды;

өмір мен денсаулықты қорғау құқығын;

білім алу құқығын;

ойнау құқығын;

жеке дербестілікті сақтау құқығын қамтиды. 

Қымбатты ата-аналар, әр адамның өз құқықтары бар, бірақ оларды басқа адамның құқығын бұзбай қолдануға болады. Басқа адамдардың құқықтарын сыйлау – әр адамның міндеті. Біздің балаларымыз бір-бірімен қарым-қатынас жасау құқығын әрдайым сақтай ала ма?

«Балалар – өмірдің гүлі» ойыны

1 гүл – балалардың құқықтары.

2 гүл – ата-аналардың міндеттері.

Мұғалім. Қымбатты ата-аналар, біздер қаншалықты жақсы ата-ана болып жүргеніміз, өз міндеттерімізді қалай атқарып жүргеніміз туралы ойланамыз ба?

Қазір біз сіздің қандай ата-ана екендігіңізді анықтайтын тестіні жүргіземіз. Сұрақтарға жауап бере отырып, өзіңізді тексеріңіз (ия, жоқ, кейде).

Тест

 

1

Сіз тәрбие мәселесі туралы журналдардағы мақалаларды, теледидар мен радиодағы бағдарламаларды қадағалап отырасыз ба?

а) иә

б) жоқ

в) кейде

 

2

Сіздің балаңыз әрекет жасады. Бұл жағдайда сіз оның мінез-құлқының сіздің тәрбиеңіздің нәтижесі екендігін ойланып көрдіңіз бе?

а) иә

б) жоқ

в) кейде

 

3

Сіздің отбасыңызға бала тәрбиесі мәселесінде пікір ортақтығы тән бе?

а) иә

б) жоқ

в) кейде

 

4

Егер бала сізге өз көмегін ұсынса, бірақ ісіңіз кешігіп немесе тоқтап қалатын болса да сіз оның көмегін қабылдайсыз ба?

а) иә

б) жоқ

в) кейде

 

5

Сіз тыйым салу немесе бұйыру түрін қажет болған кезде ғана қолданасыз ба?

а) иә

б) жоқ

в) кейде

 

6

Бірізділік педагогикалық қағидалардың негізгілерінің бірі болып табылады деп ойлайсыз ба?

а) иә

б) жоқ

в) кейде

 

7

Балаға қоршаған ортаның айтарлықтай түрде әсер ететіндігін мойындайсыз ба?

а) иә

б) жоқ

в) кейде

 

8

Спорт пен дене шынықтыру баланың үйлесімді дамуы үшін үлкен маңызға ие екендігін мойындайсыз ба?

а) иә

б) жоқ

в) кейде

 

9

Балаға бұйырмай, одан өтіне сұрай аласыз ба?

а) иә

б) жоқ

в) кейде

 

 

Қорытынды шығару.

Әрбір оң жауап үшін – 2 балл, «кейде» жауабы үшін – 1 балл, теріс жауап үшін – 0 балл.

6 балдан кем. Сізде нағыз тәрбиелеу туралы терең түсінік қалыптаспаған. «Ештен кеш» жақсы деген мақалды негізге алмай, осы саладағы білімді жетілдіруге кірісуге кеңес береміз.

7 балдан 14 балға дейін. Сіз тәрбиелеу барысында үлкен қателіктер жасамайсыз, бірақ толықтыру керек жерлер бар. Жақын аралықтағы демалыс тан бастауға болады – достарыңыз бен жұмысыңыздағы проблемаларды ұмыт қалдырып, сол күнді түгелдей балаларыңызға арнаңыз. Балалар сіздің еңбегіңізді бағалайды.

15 балдан аса. Сіз ата-аналық міндеттеріңізге қарсылық танытасыз. Нені жақсартуға болатындығы туралы ойланып көріңіз?

Әңгімелесу.

– Балаға «Қазір менің уақытым жоқ» немесе «Өзіңе өзің уақыт тап» деп жауап берген кезде қандай сезімде боласыз?



Қорытынды жасау.

Мұғалім. Бүгін біз біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз, біздің балаларымызда жауапкершілік сезімін дамыту керектігі, ол үшін өзімізден бастау қажеттілігі туралы сөз қозғадық. Көп ұрпақ шығармаларымен сусындап өскен Агния Бартоның айтуынша: «Кейбір дәрігерлер егер бала ашушаң болса, ең алдымен оның ата-анасын емдеу керек деп есептейді».

«Кейбір ата-аналар олардың мектеп жасындағы балаларына инфарктен кейін сауықтырылатын адамдарға арналған жағымды эмоциялар ғана керек деп есептейді. Мумуды батырған кезде Герасимнің ішкі жан күйзелісі туралы оқыған баланың көңілі бұзылады. Ана көмегін беруге асығады: – Көңілің бұзылмасын, балам, себебі оның бірі де болмады, барлығы кітапта ғана жазылған дүние.

 Жанашыр ана баласын уайымнан қорғай отырып, оның балалық шағын уайымсыз етеді деп ойлайды, ал шындығына келгенде ол оның жанын күйзелтеді» (А. Л. Барто).

Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға сақ болыңыз, мүмкін олардың сіздерге айтар маңызды әңгімесі бар шығар. Балаңыздың жеке тұлға болып қалыптасуына кедергі жасамаңыз.

 Баланы құқықтық тәрбиелеудегі отбасының рөлі

Дереккөз: № 9-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегестрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают статьи с закрытых материалов
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты