text
MCFR.KZ Образование

Әлемді ашу үшін тілдерді үйрену керек

  • 3 сентября 2018
  • 8
Әлемді ашу үшін тілдерді үйрену керек
Әлемді ашу үшін тілдерді үйрену керек

Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай ересек топтағы мерекенің сценарийі.


Мақсаты:

  • Қазақстанда тұратын халықтардың мәдени мұрасына қызығушылықты қалыптастыру; әр тілде араласу мәдениетін бойына сіңіру;

  • Қазақстанда тұратын халықтардың тілін меңгеруге қызығушылықты дамыту;

  • түрлі тілдерге құрметті және тілдерді меңгеру, білу ниетін тәрбиелеу.

Қатысатын тұлғалар: жүргізуші, Жаз-оқы, Қораз, Маша, Қызыл телпек, Винни-Үрпек, Алдар көсе.

 

Жүргізуші. Сәлеметсіздер ме, кұрметті достар! Добрый день, дорогие друзья! Good afternoon, dear friends! Мерекелеріңмен, қымбатты достарым!

Біз бүгін маңызды әрі айтулы мереке «Тілдер күнін» атап өтудеміз. Бұл мерекені біздің ғажайып елімізде тұратын халықтардың бәрі атап өтеді, себебі тіл – достық пен келісімді орнатудың маңызды елшісі. Қазақстан – осында тұратын халықтардың ортақ Отаны.

Балалар өлең оқиды.

Отан менің ата-анам

Отан досым, бауырым

Отан-өлкем, астанам

Отан туған ауылым.

 

Әркім тілін сүйеді,

Қадірлейміз мұны біз.

Қазақ тілі киелі,

Мемлекеттің тіліміз.

 

Пусть восходит солнце

Над Отчизной нашей.

Нет любимой Родины,

И милей, и краше.

 

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

 

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

«Қазақстан – ұлы әнім» әні

(музыкасы А. Танидікі, сөзі А. Естеновтікі,

нотасын № 7–2018 ж. «Музыкалық жетекшінің анықтамалығы» журналынан қараңыздар)

Жүргізуші. Қазақстан әртүрлі халық өкілдері үшін туған үйге айналды. Әр ұлт – қайталанбас мәдениет, тарих, дәстүрлер және, әрине, тіл. Алайда, бұл достық пен татулықта өмір сүруге кедергі келтірмейді. Біз көпұлтты Отанымызды мақтан тұтамыз!

Балалар өлең оқиды.

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

 

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

 

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.



«Тату балалар» жұптасқан биі

Жүргізуші. Біздің республикамыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ол елімізде тұратын түрлі халықтардың бір-бірін түсінуі үшін қажет. Ағылшын тілі – халықаралық тіл, және де әлемнің түрлі халықтарының араласуы үшін қажет. Сондықтан біз үш тілді үйренеміз: қазақ, орыс және ағылшын. Сонымен бірге Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдері өзінің туған тілін меңгеру мүмкіндігіне де ие.

 

Жалғасын  № 9-2018 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегестрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают статьи с закрытых материалов
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты