text
MCFR.KZ Образование

Жаңа оқу жылына топтардың дайынды

  • 29 августа 2018
  • 61
Жаңа оқу жылына топтардың дайынды

Жаңа оқу жылы дегеніміз мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – МДҰ) педагогтарын жаңа жетістіктер, соның ішінде кәсіби конкурстарда табыстар күтуде дегенді білдіреді.

МДҰ педагогтарының педагогикалық шеберлік конкурстарына қатысуы заңнамалық деңгейде бекітілген:

 

27.07.2007 ж. № 319-III «Білім туралы» ҚР Заңы

Педагог жұмыскер өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға міндетті («Білім туралы» ҚР Заңы 51-бабы 3-тармағының 5-тармақшасы).

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 27.01.2016 ж. № 83 бұйрығы

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары (1 параграф)

Аттестатталушы адамдардың біліктілік санаттарын көтеру үшін Заңның 51-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес біліктілік талаптарына сай өтініш негізінде бірінші біліктілік санатына мерзімінен бұрын аттестаттау өткізіледі:

– облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылатын екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

– қатысу нысандары әртүрлі (күндізгі, сырттай, қашықтықтан) облыстық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық, кәсіби конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын даярлаған екінші біліктілік санаты бар тұлғалар

 жоғары біліктілік санатына::

– облыстық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық, кәсіби конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушыларын даярлаған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;

– облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың қатысушылары немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылары болып табылатын бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар (ҚР Білім және ғылым министрінің 27.01.2016 ж. № 83 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 10-тармағының 2) және 3) тармақшалары)

07.12.2011 ж. № 514 ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы

 

Бұйрықпен республикалық және халықаралық олимпиадалар, жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалар (ғылыми жарыстар), орындаушылар конкурстары, кәсіби шеберлік конкурстары мен спорттық жарыстардың тізімі бекітілген

24.05.2018 ж. № 226 «Ұсынылатын пәндер бойынша республикалық олимпиадалар, кәсіби конкурстар, ғылыми жобалар, спорттық жарыстар және басқа да шығармашылық шаралар тізімін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы

 

 

 

 

 

 

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың екінші кезеңін өткізген кезде облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының басшыларына:

1) ҚР Білім және ғылыми министрінің 07.12.2011 ж. № 514 бұйрығымен бекітілген осы ұсынылатын пәндер бойынша республикалық олимпиадалар, кәсіби конкурстар, ғылыми жобалар, спорттық жарыстар және басқа да шығармашылық шаралар тізімін;

2) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін басшылыққа алу ұсынылады

(24.05.2018 ж. № 226 ҚР Білім және ғылым министрі бұйрығының 2-тармағы)

 

Білім беру жүйесіндегі негізгі өзгерістер педагогтың өзі өзгерген, оның педагогикалық әлеуеті мен шеберлігі өскен, қазақстандық педагогикалық сана кеңейтілген кезде ғана болатындығын атап өткен жөн. Педагогикалық сананың құрылымдылығы, кәсіби мен -тұжырымының болуы педагогтарды өзінің әлеуметтік маңызды міндеттерін орындауға дайындығының болуын анықтайды.

Э. Фромға сәйкес адамның болмысы бес шынайы қажеттіліктен көрінеді:

  • таным;
  • шығармашылық;
  • тұрмыс тереңдігі;
  • қарым-қатынас;
  • басқалар арқылы өзіңді тану.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Онымен сипатталған екінші қажеттілік – бұл терең ынта (талпыныс) сипатындағы шығармашылықтағы қажеттілік. Ол әр жеке тұлғадағы шығармашылық күштің болуымен сипатталады, - деп есептейді Э. Фромм. Адамдар әрдайым әлемді түрлендіруге талпынады. Сондықтан, педагогтардың конкурстық қозғалысы кәсіби шеберлік мектебі, шығармашылық педагогикалық тәжірибе зертханасы болып табылады.

Педагогтардың кәсіби конкурстарға қатысуы үшін келесі алғышарттар мен критерийлерді атауға болады:

  • жаңа әдістеме, әдістер мен құралдарды жасақтау және олардың ерекше үйлесімділік табуы;

  • өзін-өзі жетілдіру мен өз бетімен білім алу қабілеті;

  • қолда бар тәжірибені жаңа жағдайларда тиімді қолдану;

  • пеагогтың жеке тұлғасының эталонды және жеке ерекшелігі бар сипаттарын жасақтау мен олардың үйлесім табуының негізінде кәсіби қызметтің жеке стилін жасақтау;

  • жеке қызмет пен оның нәтижелерін рефлексивті бағалау қабілеті;

  • білім мен түйсікке негізделген суырып салмалық қабілет;

  • «варианттар бағыттаушысын» көре білу;

  • педагогикалық әрекеттегі теориялық және әдістемелік ережелерді аудара білу;

  • терең және жан-жақты білімнің болуы, оларды сыни қайта өңдеу және ұғыну;

  • қызмет жүйесінің диалектикалылығы, вариативтілігі, өзгерімділігі.

«Балабақшаның жаңа оқу жылына дайындығы» тақырыптық бақылауды жүргізу туралы бұйрық

Балабақшада кәсіби педагогикалық конкурстарды өткізу

Конкурс қатысушыларын таңдаудың бірнеше әдісі бар: өзін-өзі ұсыну, кәсіби қауымдастықпен – барлық педагогикалық ұжыммен немесе мектепке дейінгі педагогтар топтарымен ұсыну, сондай-ақ барлық үш тәсілдің үйлесімі. Тәжірибе көрсеткендей, нағыз лайықтылылар көбіне кәсіби конкурстардың қатысушылары бола алмайды. Әлеуетті өнім берушінің барлық қабілеттері бар МД педагог конкурстарға ешқашан қатыспауы мүмкін. Керісінше, өз жұмысында орташа нәтиже көрсетпейтін педагог алға жылжып, жеңімпаз атануы мүмкін. Барлығы педагогтың кәсіби мәртебесіне байланысты.

Педагогтың кәсіби мәртебесі бірнеше бағалаудан тұрады: ата-аналардың бағалауы (тәрбиеленушілердің заңды өкілдері), әріптестерінің бағалауы және МҰ әкімшілігімен оның қызметін ағымдық бағалауы. Кейде бағалау ретсіз түрде немесе педагогтың жұмысқа деген қарым-қатынасының ықпалымен, оның әкімшілікке деген бейілділігіне байланысты қалыптасады, бірақ көбіне объективті болып табылмайды. Педагогикалық шеберлік конкурстары осы қарама-қайшылықтарды жоюға көмектеседі.

 

Жеңіске жетуден қорықпай, алға талпынатын педагогтар кәсіби жарыстарға қатысуға ниет білдіреді. Бұл педагогтардың талаптану деңгейі жоғары, ынталану және жетістіктерге жету, табысқа ұмтылу қабілеттері бар. Алайда, олар конкурста жеңімпаз атануымен расталған нақты кәсіби жетістіктерді, сондай-ақ жеңімпаз атанып ие болатын марапатты да табыс деп есептеуі мүмкін: мойындау, атақтылық, ұжымдағы мәртебе, сыйақы, санат, сыйлықтар, марапаттар және т.б. Конкурсқа қатысуға негізгі ынталандыру ішкі және сыртқы болуы мүмкін.

Ағымдағы жұмыста сәтсіздіктерден бас алып қашу ниеті конкурсқа қатысуға уәждеме болып табылады. Бұл әкімшіліктің әділетсіз бағалауына өзіндік қарсы тұру реакциясы, ақталу ниеті. Педагог беделге ие болмағасын қалалық, облыстық, республикалық конкурстаға қатыса отырып, өзінің әлділігін көрсетуге талпынады. Осылайша, конкурс қатысушысының мінез-құлқында табысқа қол жеткізу, сондай-ақ сәтсіздіктен басын алып қашу негіздері болуы мүмкін.

Педагогтарды кәсіби конкурстарға дайындау жаднамасы


Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Балабақшада кәсіби педагогикалық конкурстарды өткізу
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Балабақшада кәсіби педагогикалық конкурстарды өткізу


Мақала қысқартылып жарияланған, толық нұсқасын «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы»журналынан оқи аласыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегестрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают статьи с закрытых материалов
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты