text
MCFR.KZ Образование

«Шығармашылық қанатында» біріктірілген сабағы

  • 28 августа 2018
  • 24
«Шығармашылық қанатында» біріктірілген сабағы
«Шығармашылық қанатында» біріктірілген сабағы

Зерттеу және коммуникативтік іскерлікті, сыни ойлауды, себеп пен нәтиже арасындағы өзара байланысты визуалдандыруды дамыту, «Шығармашылық қанатында» өзін-өзі тану біріктірілген сабағында адам өміріндегі шығармашылыққа махабатпен қарауға тәрбиелеу туралы оқушыларда әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құндылықтарды қалыптастыру.

Сабақ барысы

8 сынып. «Өзін-өзі тану» пәні.

Мақсаты:

оқушыларда әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құндылықтарды қалыптастыру;

зерттеу және коммуникативтік іскерлікті, сыни ойлауды, себеп пен нәтиже арасындағы өзара байланысты визуалдандыруды дамыту;

адам өміріндегі шығармашылыққа махабатпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: ауызша журнал.

Құрал-жабдық: А. Ахматованың «Шығармашылық» атты өлеңі, Evanescence «My Immortal» (Ultra Rare Trax) тобының, Secret Garden дуэтінің музыкалық композициялары, классиктердің нақыл сөздері.


ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

Колледж студенттеріне арналған біріктірілген сабақ

Л. А. Скачкова

«Қарағанды кәсіптік-технологиялық колледжі» ММ арнайы пәндер оқытушысы 
Бүгінде әр адам тіл білудің қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Бір ғана тілде сөйлеу жеткіліксіз. Қазіргі жастар тілдерді білмесе, кәсіби өсу үшін қажетті ақпараттарды алуда артта қалатын болады. Адамның өз ойын еркін баяндай алатын тілдерінің саны қашанда оның білімділігі мен мәдениеттілік деңгейі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Тілді жақсы меңгеру үшін бірлескен сабақтар өткізіледі.

«Шығармашылық қанатында» ауызша журналы

Мұғалім. Жаңа заманғы қоғамға мүмкін болатын нәтижелерді болжай алатын, жауапты шешімдерді өзі қабылдай алатын, ынтымақтастыққа қабілеті бар, жеделділік, динамизммен ерекшеленетін алғыр адамдар қажет. Мұндай жағдайларда бізге әр түрлі білімді жинақтап қана қоймай, өмірде болатын проблемаларды шеше алуды үйрену қажет.

Сондықтан біздің сабақ ауызша журнал түрінде өткізіледі. Біз шығармашы- лық, қандай қасиеттердің адамның ерекше болуына көмектесіп, қандай қасиеттердің кедергі жасайтындықтары туралы сөз қозғаймыз. Сізбен жинақталған тәжірибе шығармашылықтың адам өміріндегі маңыздылығын бағамдайды. Сондай-ақ, бұл қасиетті өзімізде дамыту туралы ойланып көрейік. Шығармашылық тұлғаны сипаттайтын қасиеттер бар. Олар қандай, қалай ойлайсыз? Шығармашылық дегеніміз не? (Балалардың жауаптары)

1 парақ

«Шығармашылық», «Жасампаздық» санаттарын белгілеуге арналған. Оқушыларға талқыланып отырған зат туралы өз ойларына сәйкес ұсынылған мәліметтерді толықтыру ұсынылады.

А. Ахматованың «Шығармашылық» өлеңі оқылады.

Құлағыма сағаттың үні жеткендей,
Найзағай болып ағарған таңға ергендей.
Құмығып өшкен дауыстар баяу естіліп,
Ал менің жаным жұмбақ әлемге енгендей.
Тұңғиықтан естілді талып әсем ән,
Үздігіп қана жеткендей болды нәзік үн.
Жаныммен өзім осы бір сәтті қаладым,
Қолдарым болса қағазға сурет салады.

Мұғалім.

Автор өлеңде нені сипаттайды?

Сіздің ойыңызша шығармашылық деген не?

Сіз «шығармашылық қанатында» ұғымын қалай түсінесіз?

Неге шығармашылық адамды биіктетеді?

Ұлы тұлғалардың шығармашылық, өнер туралы нақыл сөздерімен танысамыз.

Ойсыз өнер жансыз адамға тең (В. Г. Белинский)

Өнер адамды ешқашан жалғыз қалдырған емес, әрқашан оның қажеттіліктері мен қалауына жауап берді, әрқашан қалаған дүниені іздеп табуға көмектесті, – адаммен бірге туып, оның тарихи өмірімен бірге дамыды (Ф. М. Достоевский)

Өнер қарапайымнан ерекшені, ерекшеден қарапайымды табуды білдіреді (Д. Дидро)

Өнердің міндеті – жүректі қозғау (К. Гельвеций)

Өнердің өмірмен қатты ұқсастығы өте қауіпті нәрсе (Р. У.  Эмерсон)

Өнер табиғат тәрізді. Егер сіз оны есікке кіргізсеңіз, ол терезеден кіреді (С. Батлер)

Өнер туындысы  – белгілі бір темпераменттің аралық әсерімен көрінген дүниенің бұрышы (Э. Золя)

Өнер адамның ұлылығының ең биік көрінісі (Л. Н. Толстой)

Өнер тамақ ішу және су ішу сияқты қажеттілік болып табылады. Өнер өзін көрсететін әдемілік пен шығармашылықтың қажеттілігі, – адаммен тығыз байланысты, онсыз адам өмір сүре алмас еді (Ф. М. Достоевский)

1 тапсырма. «Шығармашылық досты іздеймін» хабарландыруын жасау үшін мақал-мәтелдерді және мәліметтер банкін пайдалана отырып, естіген нәрсеңізді қорытындылаңыз.

Мәліметтер банкі:

Егер үйренбесе, өнерге де, даналыққа да қол жеткізу қиын (Демокрит)

Өнер ақылды алаңдатып емес, дамытса ғана пайдалы (Сенека)

Суретшінің міндеті – қуаныш сыйлау (К. Г. Паустовский)

Өнер табиғат кемшіліктерінің орнын толтырады (Дж. Бруно)

Кез-келген өнер табиғатқа еліктеушілік болып табылады (Сенека)

Өнер даму еркіндігіне қысымшылық көрсетпегенде ғана адамға қалтқысыз қызмет етеді (Ф. М. Достоевский)

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Нағыз өнер шынайылыққа және объективтілікке талпынады, ол ақиқатты көрумен ғана қанағаттана алмайды (Ф. Шиллер)

Өнер еркінділігі арзан тұрмайды, оның жалғыз мәні – суретшінің жан жайлылығы (А. Камю)

Суретшінің жеке пайда табу мақсаты кез-келген өнер туындысын жоқ қылады (Стендаль)

Суретке тамсанып тұрып, суретшіні ұмытатын болсақ, ол үшін одан асқан шынайы мадақ жоқ (Ф. Шиллер)

Махаббат пен шеберлік қосылған кезде шедеврды күтуге болады (Дж. Рёскин)

Өнердің бірінші заңы: егер айтар нәрсең жоқ болса – үндеме. Егер айтар нәрсең болса – айтып бер, жалған сөйлеме (Р. Роллан).

Өнер туындысы – бейнеге айналған тұман (Д. Х. Джебран)

Кез-келген адам туындысы, әдебиет, музыка немесе көркем сурет – бұл автопортрет (С. Батлер)

Шығармашылық үшін негіз болу үшін сіздің өміріңіз мазмұнды болуы керек (Г. Ибсен)

Есте сақтаңыз:
Табиғат қандай шебер деймін таңырқап,
Бар әлемге мейірін төгіп жылытар.
Егер мен жүректің қылын шерте алсам,
Кейінгі ұрпақ қалайша мені ұмытар. 
(Микеланджело)

2 парақ

Мұғалім. Бұл бетте адамның шығармашылық әлеуетін сипаттайтын мінез қабілетін анықтауды, адам өмірінде олардың не үшін маңызды орын алатындығын талқылауға тырысамыз. Біз «шығармашылық қанатын» ашу мен сақтауға қандай қасиеттердің көмектесетіндігі туралы білеміз.

Шығармашылық адамды сипаттайтын қасиеттер

XX ғасырдың белгілі зерттеушісі А. Н. Лук әйгілі ғалымдар, өнертапқыштар, суретшілер және музыканттардың өмірбаяндарына сүйене отырып, келесі шығармашылық қабілеттерді бөліп көрсетті:

Басқалары көрмейтін проблеманы көру қабілеті.

Бір міндетті шешу кезінде жинақталған білік-дағдыны басқа міндетті шешуге қолдану қабілеті.

Оны бөлшектерге бөлмей, ақиқатты тұтас қабылдау қабілеті.

Алыс ұғымдарды оңай ассоциациялау қабілеті.

Қажет кезде жадының қажетті ақпаратты беру қабілеті.

Ойлау оралымдылығы.

Қолда бар білім жүйесіне жаңа алынған мәліметтерді қосу қабілеті.

Заттарды өз болмысымен көру, түсіндіруден бақыланатын дүниені бөліп көрсету қабілеті.

Идеяларды жасау жеңілділігі.

Өнерпаздық елес.

Бастапқы ойды жетілдіру үшін бөлшектерді өңдеу қабілеті.

Шығармашылық тәбие беру бағдарламасы мен әдістемелерін әзірлеумен айналысатын ғалымдар мен педагогтар шығармашылық әлеуетінің компоненттерінің бірін келесі қабілеттер құрайды деп есептейді:

Тәуекелге бару қабілеті.

Дивергентты ойлау.

Ойлау мен әрекет икемділігі.

Ойлау жылдамдығы.

Ерекше идеяларды айту мен жаңа нәрсені ойлап табу қабілеті.

Белсенді қиял.

Біртекті емес заттар мен құбылыстарды қабылдау.

Дамыған түйсік.



2 тапсырма. Шығармашылық адамды сипаттайтын басты құрамдастарды таңдаңыз.

«Ақиқатты өзіңнен ізде» жаттығуы

Мұғалім. Сіздің әрқайсысыңызға нақты бір суретті ойлап тауып, өз дәптеріңізде кез-келген штрих, нүкте, элемент, фигураны және т.б. салу керек. Салынып басталған сурет кейін оң жақтағы көршіге беріледі, ол да өзінің элементін қосады. Осылайша сурет барлық қатысушыларды айналып шығып, өз «иесіне» аяқталған күйінде қайтып келеді. Дәптердің иесі (өз қалауы бойынша) сурет толықтай аяқталу үшін жалпы суретке қосымша түзетулер енгізе алады. Тапсырманы орындағаннан кейін ұжымдық шығармашылық көрмесін ұйымдастырамыз.

Оқушылар тапсырмаларды орындайды.

Әңгімелесу.

Автор нені жоспарлады?

Жоспарланған жұмыстың аяқталған жұмыстан ерекшелігі бар ма?

Бастапқыда ойластырылғанға қарағанда онда соған ұқсас қандай да бір элементтер, формалар бар ма?

Авторға ұжымдық суретте не ұнады?

Соңғы түзетуде оған нені қосу керек болды және не үшін?

Одан кейін мұғалім әркім өзі үшін аса маңызды деп санайтын шығармашылық ерекшелікті айтып беруді сұрайды: «Мен өзімді шығармашылық адам деп есептеймін, себебі...».

Мысалы: «Мен – шығармашылық адаммын, себебі киім үлгілерін құрастыруды жақсы көремін» немесе «Мен – шығармашылық адаммын, себебі өлең шығаруды ұнатамын». (Балалар өздерінің шығармашылық қызығушылықтары туралы айтып береді)

3 тапсырма. Келесі мәселелер бойынша өз пікірлерін айта отырып, дұрыс ұстанымды анықтау:

Сіздің ішкі дүниеңізге қандай өнер шығармалары, түрлері айрықша әсер етеді?

Қандай авторлардың (шетелдік, отандық) өнер туындылары сізге қатты әсер етеді? Неге?

Сіздің мектепте, сыныпта аса дарынды шығармашыл балалар бар ма? Олар кімдер? Олар қандай жетістіктерге жетті?

Сіз өзіңіз өлең, проза, музыка, сурет саласыз ба? Қандай сезімге бөленесіз?

Сіздің жеке шығармаларыңыздың алғашқы бағалаушысы кім?

Адам қызметтің қай салаларында шығармашылығын көрсете алады?

«Шығармашылық», «Шығармашылық процесс», «Шығармашылық бейнеттері» ұғымдарын қалай түсіндіресіз?

Неге шығармашылық басты құндылықтардың бірі болып табылады?

Шығармашылық адамға не береді?

3 парақ

Тапсырма. «Балық қаңқасы» схемасын 10 минут ішінде толтыру.

Оқушыларға талдау үшін бірдей мәтін таратылады (мысалы, Х. Бекхожинның өлеңі). Тапсырманы орындағаннан кейін нәтижелерді талқылау, пікір алмасу және жалпы схеманы тақтада толтыру жүреді.

Өмір өтіп жатыр

Өмір, өмір өтіп жатыр.
Күні менен түні алмасып,
Өмір деген өзен ғой бұл.
Толып кетер кейде арнасы,
Көре алмайды кейбіреулер.
Аяғыңнан шалады,
Гүл орнына жусан беріп.
Ілік іздеп табады,
Қыстың орнын жаз басады.
Бауыр шіркін мұңдасады,
Мысық тілеу дұшпандарың.
Осындайда сырласады,
Өмір жолы тегіс емес.
Қатар жүрер аңызағы,
Өзің егер сенер болсаң.
Талай қамал алынады!
Өмір деген өтіп жатыр.
Ал сен оған бағынасың,
Күндер, жылдар өткен сайын.
Гүлден моншақ тағынасың, 
Ақын жаны бәрін сезер.
Талантымен бәрін жеңер,
Қиындықтан алып шығар.
Намыс пенен сенім, жігер!

«Балық қаңқасы» схемасы (фишбоун)

«Шығармашылық қанатында» біріктірілген сабағы

Бас – талдауға жатқызылатын проблема, сұрақ немесе тақырып.

Жоғарғы сүйектер – проблемаға алып келген себептер.

Төменгі сүйектер – жиналған себептердің болуын растайтын фактілер.

Құйрық – қойылған сұраққа жауап, қорытындылар.

Мысалы:

Бас – өмірде шығармашылықпен айналысу оңай ма? 

Жоғарғы сүйектер – туысқандармен ұрыс-керіс.

Төменгі сүйектер – өзіңе ұнайтын істі табу, мысалы, шығармашылықпен айналысу, таланттарды тану.

Құйрық – таланты жоқ адамдар болмайды, өз ісімен айналыспайтын адамдар бар.

«Көтермелеу» ойыны

Тапсырма. Басқаларына ұнайтын әрекет жасап, сыйластық принципін басшылыққа алып, замандастардың тарапынан оң баға алу қажет.

Оқушылардың біреуі сыныптан шығады, қалғандары мұғалімге қарай отырып, оның мінез-құлқының, әрекеттерінің оң және теріс жақтарын және т. б. атап береді. Сыныпқа кіре отырып, оқушылар тәртіппен «көтерме сөздерді» тыңдай отырып, нақты замандасын көрсетіп, оның жеке тұлғасына белгілі бір мінездемені кім бере алатындығын табуға тырысады.

Күтілетін нәтиже. Ойында бір-бірімен қарым-қатынас жасауда жеке этикетті, тәрбие деңгейін, өз ойын білдіру қабілетін көрсету үшін өзінің әрекеттерін, мінез-құлық әдетін бақылауды үйрену керек. Өз атыңа айтылған сынды дұрыс қабылдап, басқа адамның бойынан жақсы нәрсені көріп, көтерме сөздерді айтуға үйрену қажет.

Қорытынды шығару.

Мұғалім. Сабақ шарықтау шегіне жетті. Бүгін біз адамдарға мейірімділік пен махаббат сыйлау, өзгеден ерекшеленіп тұратын жаңа нәрсені іске асыру мақсатында өз қолымен жасалған қуанышпен өмірді гүлдендірудің бір тәсілі ретіндегі адам өміріндегі шығармашылықтың маңызын түсінуді үйрендік. Шығармашылық адам жанын биіктетіп, оны қанаттандырып, жетілдіреді деген қорытындыға келдік. Біздің әрбіреуіміздің шығармашылық бастауымыз бар. Бастысы – өз-өзіңе сенім білдіру және адамдарға қуаныш сыйлау ниетімен оны қолдау керек. Өз сыныптастарымызбен және достарымызбен шығармашылықтың сыйлайтын қуанышымен бөлісе жүрейік.

Дереккөз: № 8-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы

 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегестрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают статьи с закрытых материалов
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты