MCFR.KZ Образование

Сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру

  • 24 августа 2018
  • 353
Сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру

Сынып жетекшісі – бұл тәрбие беру процесінің ең басты қатысушысы. Себебі белгілі бір адамның әрі қарайғы өмірін қалыптастыра бастайтын жеке тұлғаны дамыту туралы сөз қозғалғандықтан, сынып жетекшісі жұмысының негізіне әр оқушыны жеке қалыптастыру міндеті де кіреді. Әр оқушыны рухани байыту арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу сынып жетекшісінің мақсаты болып табылады. Пән мұғалімінің басқа мақсаттары бар. Жалпы алғанда, сынып жетекшісінің жұмысы мақсатты, жүйелі және тәрбие беру бағдарламаларының негізінде құрылуы тиіс.

Мақсаты:

оқыту және тәрбиелеу арқылы баланың жеке тұлғасын үйлесімді дамыту;

өнер, әдебиет, фольклорды тану және көркем-эстетикалық талғамды қалыптастыру негізінде оқушылардың рухани әлемін дамыту;

тәжірибелік қызмет үшін әр оқушының шығармашылық әлеуетін анықтау және дамыту;

өзін-өзі дамыту мүмкіндігі арқылы оқушыларды әлеуметтендіруге ықпал ету.

Сынып жетекшісі – бұл тәрбие беру процесінің ең басты қатысушысы. Себебі белгілі бір адамның әрі қарайғы өмірін қалыптастыра бастайтын жеке тұлғаны дамыту туралы сөз қозғалғандықтан, сынып жетекшісі жұмысының негізіне әр оқушыны жеке қалыптастыру міндеті де кіреді. Әр оқушыны рухани байыту арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу сынып жетекшісінің мақсаты болып табылады. Пән мұғалімінің басқа мақсаттары бар. Жалпы алғанда, сынып жетекшісінің жұмысы мақсатты, жүйелі және тәрбие беру бағдарламаларының негізінде құрылуы тиіс.


ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі
Sergushina

И. В. Сергушина

«№ 118 мектеп-гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Алматы қ. 
Қазіргі заманда әр түрлі тәрбие жүйелері бар. Әр мектепте білім алушылардың рухани құндылықтарын дамытуға жағдай жасалады. Және ол осы ұйымға тән тәрбие жүйесі болғанда ғана жүзеге асады. Мұндай тәрбие жүйесін алдын-ала жоспарлау қажет. Жоспарлау сынып жетекшісінің кәсіби қызметінің құрамдас бөлігі болып табылатын балалармен жұмыстану барысындағы шығармашылық үдеріс, өйткені ол бірлескен қызметтің мақсаттары мен міндеттерін түсінген мұғалімге, білім алушылар мен ата-аналардың ынтымақтастығына және мектептегі сынып өмірін қызықты, пайдалы, шығармашыл етуге деген ынтаға негізделеді.

Тәрбие жұмысын құру қағидаттары

Ашықтық қағидаты – өз мүдделері, қажеттіліктерін есепке ала отырып, сынып жетекшісімен бірге сыныпта оқушылардың өмірін жоспарлау.

Болашақ істің тартымдылық қағидаты – орындалатын істің соңғы нәтижесіне оқушыларды қызықтыру.

Қызмет қағидаты – мектепте өткізілетін іс-шараларға оқушылардың белсенді қатысуы (конкурстар, мерекелер, жарыстар және т. б.). Мұғалім, ата-ананың көзінше мақтауға ие болу маңызды мадақтау.

Қатысу еріктілігі қағидаты – өз мүдделері, жеке қасиеттерін есепке ала отырып, балаларға тапсырмаларды таңдау мүмкіндігін беру; тапсырылған істің орындалуына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Кері байланыс қағидаты – әрбір сыныптан тыс шара рефлекциясымен аяқталады. Не нәрсе жүзеге асырылды, не нәрсе жүзеге асырылмағандығы талқыланады.

Жасау қағидаты – оқушыларға орындалатын іс бойынша серіктесті таңдау құқығын беру. Бұл оқушылармен орындалатын жұмыстың нәтижелілігін арттырады, оның табыстылығын ынталандырады.

Табыстылық қағидаты – сынып жетекшісі әр оқушының сыныптан тыс жұмысқа қатысуын бағалап, оны сәйкесінше бағалауы тиіс. Бағалау құралы педагогтың сөзі, оның ишараты, қимылы, интонациясы болуы мүмкін. Оқушының табыстылығын бағалау шынайы және формальды емес болуы тиіс.

Әдістер

Диагностикалық: зерттеу, бақылау, әңгімелесу.

Ұйымдастырушылық: зерттеу, қайталау, өзін-өзі басқару.

Қозғаушы: ынталандыру, жазалау, сендіру, ұйыту.

Коммуникативтік: сенім, ынтымақтастық, келісім.

Түзету әдістері: талап ету, түзету.

Жетілдіру әдістері: зерттеу, қорытындылау. 

Ойын әдістері.

Іздеу әдісі.

Эвристикалық әдіс.

Сабақтан тыс қызмет

Сабақтан тыс қызмет – бұл балаларды тәрбилеу мен әлеуметтендіру міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін оқушылардың сабақтан тыс жүргізілетін қызметі.

 

Мақсаты – ерікті таңдау, рухани-адамгершілік құндылықтар мен мәдени салт-дәстүрлерге қол жеткізу арқылы баланы дамыту үшін жағдайлар жасау.

Сыныптан тыс шаралар:

спектакльдер мен концерттерге бару;

конкурстар;

фестивальдар;

экскурсиялар;

үйірмелер;

олимпиадалар; 

жарыстар;

жобалар;

сауалнамалар.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылардың шығармашылық әлеуеті мен өздігінен даму қабілеттерін ашу 

Оқушылардың тәрбиелілік, көркемдік талғам, қарым-қатынас әдебі, сыртқы келбет деңгейін арттыру.

Оқушылардың жоғары құндылықтарды, идеалдарды, бағыттарды тануы, оларды тәжірибелік қызметте басқару қабілеті;

Жоғары жеке эстетикалық мәдениеті, дамыған зияты мен шығармашылық әлеуеті, өзгеретін қызметте, шығармашылыққа қабілетті жаңа дүниені қалыптастыруда сұранысқа ие біртұтас, үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Ата-анамен жұмыс

Ата-анамен өзара әрекет жасау – сынып жетекшісі жұмысының ажырамас бөлігі.

Басты мақсат – барлық қолжетімді құралдармен мәдениетілікке тәрбиелеуде, жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыттайтын эмоционалды-қолайлы климатты қалыптастыруда өзара келісімге келу.

Міндеттер:

ата-аналарға педагогикалық-психологиялық білім беруді ұйымдастыру;

оқу-тәрбие процесіне барлық қатысушылардың, педагогтардың, балалардың және ата-аналардың табысты қатысуы үшін жағдай жасау;

классикалық тәрбие беру және балалармен өзара қарым-қатынас жасау әдістерін меңгертуге көмектесу;

оқушылардың ата-аналарымен байланысты, жалпы қолайлы атмосфераны орнату;

 

отбасылардың тәрбие беру мүмкіндіктерін зерттеу;

ата-аналардың белсенді ұстанымын қалыптастыру, отбасылардың тәрбие беру әлеуетін арттыру;

балаларды тәрбиелеуде аса кең таралған қателіктердің алдын алу;

ата-аналарға өздігінен педагогикалық білім алуды ұйымдастыруға көмек көрсету.

Ата-аналармен жұмыс жасау әдістері:

анкеталау;

әңгімелер;

кеңес берулер;

ата-аналар жиналыстары;

отбасыларға бару;

сынып жетекшісінің, ата-аналардың және балалардың біріккен әңгімелесу сағаттарын өткізу.

Осылайша, сынып жетекшісінің жұмысы – күрделі процесс. Оқушылар мен мұғалімдердің өзара дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру. Бұл жағдайда жеке өз болмысыңды көрсету, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас арқылы педагогтың коммуникативтік дағдылары үлкен рөл ойнайды.

Қызмет процесінде, әр түрлі деңгейде байланыс жасай отырып, бала табысты болуға, қызмет барысындағы өз жетістіктері мен нәтижелерін көрсетуді үйренеді. Шығармашылық қызметті жан-жақты ынталандыру тәрбие беру процесінің сапасына айтарлықтай әсер етеді. Біріккен шығармашылық өзара байланыс жасау процесінде бала мен педагог үшін маңызды құндылықтардың мәнін түсіну жүреді.

Сынып жетекшісінің тәрбие беру процесінде әр оқушы өз ойларымен бөлісе алатын сынып сағаттары сияқты әдістер аз емес. Сынып сағаты кез-келген тақырыпқа құралуы мүмкін, мысалы: «Адамды табысты ететін әрекеттер», «Біз неге өтірік айтамыз, онымен қалай күресуге болады?», «Менде нағыз дос бар ма?» және тағы басқалары, сыныпта болып жатқан оқиғаларға байланысты. Басты міндет  – сынып сағаты қызықты, тартымды, эмоционалды болуы керек. Оның үлкен тәрбиелік әлеуеті бар, оны ұжымның бірігуіне ықпал ететін достық, өзара көмек беру атмосферасын қалыптастыру үшін пайдаланған жөн.



Сынып жетекшісінің құжаттамасы

Сынып жетекшісі қызметінің циклограммасы 

1

Күн сайын

Кешігіп келгендермен жұмыс, оқушылардың сабақта болмау себептерін анықтау.
Оқушылармен сабақта мектеп формасын кию тәртібін сақтау жұмысы.
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру.
Сыныпта кезекшілікті ұйымдастыру (сыныпты жинау, күн сайын сыныптағы тазалықты қадағалау).
Оқушылармен жеке жұмыс жасау

2

Апта сайын

Мектеп бойынша сынып кезекшілігін ұйымдастыру.
Оқушылардың күнделіктерін тексеру.
Сыныпта іс-шаралар өткізу (жоспар бойынша).
Ата-аналармен жұмыс.
Пән мұғалімдерімен жұмыс.
Мектептегі медицина қызметкерімен жұмыс

3

Ай сайын

Мектеп психологынан кеңестер алу.
Ата-аналар активімен кездесу.
Жұмысты орындау

4

Тоқсанына бір рет

Тоқсан нәтижесі бойынша сынып журналын ресімдеу.
Сыныптар бойынша есептерді тапсыру (үлгерімділік, сабақтан қалу және т. б.).
Сынып жетекшілерінің ӘБ кеңесі.
Тоқсандық жұмыс жоспарының орындалуын талдау, қорытынды бойынша тәрбие жұмысының жоспарын түзету.
Ата-аналар жиналысын өткізу

5

Жылына бір рет

Барлық оқу жылына ашық сынып сағаты мен жоспарланған іс-шараларды өткізу.
Оқушылардың жеке істерін ресімдеу.
Сынып жұмыс жоспарын талдау және жасау.
Сыныптың статистикалық мәліметтері.
Сынып жетекшісі бумаларын дайындау

 

20__/20__ оқу жылына арналған ___ «__» сыныбының тізімі

Сынып жетекшісі: ____________________________________________

Оқушының Т. А. Ә.

Туған жылы

Тіркелген мекен-жайы

Тұрғылықты мекен-жайы

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

20__ т. ж.

20__ т. ж.

20__ т. ж.

Ұлдар

 

 

 

Қыздар

 

 

 

Барлығы

 

 

20__/20__ оқу жылына арналған ___ «__» сыныбының әлеуметтік төлқұжаты

Сыныптағы оқушылар саны: ___
Ұлдар: ____
Қыздар: _____
Оқушылардың жасы: _________ жас.

Оқушының Т. А. Ә.

Толық отбасы

Толық емес отбасы

Көп балалы отбасы

Қамқор-лыққа алынғандар

Аз қамтыл-ғандар

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

20__/20__ оқу жылына арналған ___ «__» сыныбы оқушыларының қамтылуы

Оқушының Т. А. Ә.

Мектеп

Әлеумет

1

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

 

 

20__/20__ оқу жылына арналған __ «__» сыныбы оқушыларының сипаттамасы

1. Оқушылар саны: ____ адам.
Оның ішінде ұлдар _____,
қыздар ______.

2. Оқушылардың жасы:
20__ т. ж. _________ адам,
20__ т. ж. _________ адам,
20__ т. ж. _________ адам.

3. Оқушылардың отбасы туралы ақпарат 

4. Оқушылардың психофизикалық денсаулығының сипаттамасы

5. Оқушылар үлгерімділігінің статистикасы 

6. Жеке оқушылардың оқытуға бейімділігі 

7. Ұжым дамуының деңгейі 

8. Оқушылардың өзара түсінісуі 

9. Сыныптағы өзін-өзі басқару 

10. Оқушылардың қызығушылықтары 

11. Сыныптан тыс қызметті талдау 

Дереккөз: № 8-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы

 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться