MCFR.KZ Образование

Мектепке дейінгі ұйымдардың терроризмге қарсы қорғалуы

  • 17 августа 2018
  • 365
Мектепке дейінгі ұйымдардың терроризмге қарсы қорғалуы
Мектепке дейінгі ұйымдардың терроризмге қарсы қорғалуы

Жаңа заманғы жағдайларда білім беру мекемелерінде қауіпсіздік пен терроризмнен қорғануды қамтамасыз ету проблемалары өзекті болып қалып отыр. Терроризмге қарсы әрекет жасаудың негізгі шаралары, оқушылардың тіршілік ету қауіпсіздігі саласындағы жалпы мәдениетін дамыту және әр түрлі қауіпті, төтенше жағдайларда қауіпсіз тәртіпке үйрету шаралары туралы әрі қарай мақалада оқыңыз.

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы өзінің қызметінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде терроризмнің пайда болуын ескерту мен онымен күресуде басшылыққа алатын мынадай құжаттарды білуі қажет:

Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-I заңы;

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V заңы;

«Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысы.

Тәжірибе алмасу

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Sergushina1

И. В. Сергушина

«№ 118 мектеп-гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Алматы қ.
Қауіпсіздік аясындағы мектептің қызметі – оқу және еңбек қызметі кезіндегі күтпеген жерден туындайтын ықтимал жайттардан (өрттен, апаттан) оқушылар мен қызметкерлердің өмірін сақтау мен денсаулығын қорғауға бағытталған заманауи технологияларды қолдана отырып, оқушыларды сабақ қызметі кезінде қорғау. Мұғалім ата-аналармен бірге балаларды оның қалыпты өмір сүруіне, еңбегі мен демалысына қауіпті түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін үйретеді. Мұндай жұмыс жағдай туындағанда емес, тұрақты түрде жүргізілуге тиіс. Осы тәсіл арқылы өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін білім мен қабілетті қалыптастыруға болады.

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың алдын алу үшін жылдық жұмыс жоспарына мектепке дейінгі ұйым ұжымының құқық қорғау органдарымен, АІІБ, АҚ және ТЖ өкілдерімен, күзет кәсіпорындары басшыларымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерімен кездесулер; терроризм, экстремизм мәнін ашатын тақырыптарға әңгімелесулер, пікірталастар өткізу бойынша іс-шаралар енгізілуі тиіс.

Ол үшін бақылау тәртібін және күнделікті бекітілген территория қоршауларының, қолда бар және салынып жатқан (жөндеуден өтіп жатқан) ғимараттардың, азық-түліктер мен мүліктердің тасып әкелінуін, спорт залдары мен басқа да үй-жайлардың жай-күйін тексеруге жауапты қызметкерлерді анықтау қажет.
Мектепке дейінгі ұйымға техникалық қызметкер ретінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге, басқа да қызмет көрсетуге жұмысқа қабылдаған кезде мекен-жайы тіркелмеген күдікті тұлғалардың мәліметтері мұқият тексерілуі тиіс.
Қандай да бір жұмыс жүргізуге келген адамдарды олардың жүргізетін қызметінің аясынан шықпауын қадағалау. Басшы олардың қызметін бақылауды және тексеруді, белгіленген тәртіп талаптарының орындалуын мектепке дейінгі ұйым әкімшілігінен жауапты адамдарға жүктеуі тиіс.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтері жұмыс күні басталар алдында ұйымдастырылған оқу қызметі өтетін, балалар серуендейтін орындарда алдын ала жарылғыш және басқа да қауіпсіз заттардың болмауын тексерулері қажет.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



 

Барлық бұқаралық іс-шараларды алдын ала аймақтың Ішкі істер департаментімен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және терроризмге қарсы қорғалу мәселелері келісілгеннен кейін өткізу, қалаға шығумен байланысты іс-шараларды өзінің ауданының Жол-патрульдік қызметімен келісу. Қалаға шығу іс-шаралары кезінде балаларды қорғау үшін мектепке дейінгі ұйымға қызмет көрсететін полиция және күзет кәсіпорынының қызметкерлерін міндетті түрде тарту, осындай әрбір топпен мобильдік байланыста болу талап етіледі.

Іс-шараларды өткізуде қауіпсіздікті, терроризмге қарсы қорғалуды қамтамасыз ету шараларын қолдану үшін объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы Типтік паспорты басшылыққа алынады. Басшы өзі лауазымды тұлғаларға, іс-шараны қамтамасыз ететін қызметтің бекітіліп берілген бөлігіне жауапты тұлғаларға, осы іс-шараға тікелей қатысатын ата-аналарға нұсқау жүргізуі тиіс. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымның аумағына автокөліктің кіруіне тыйым салу.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымда балалар мен қызметкерлерді жаппай кіргізу мен шығарудың рұқсатнамалық тәртіптемесі белгіленген. Келушілермен, соның ішінде тексеруге келген тұлғалармен сөйлесу олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын және тексеру құқығын растайтын бұйрықтың болуын тексеруден басталуы қажет. Кіруге рұқсат етуге өкілеттігі бар лауазымды тұлғаның рұқсатынан кейін олар мектепке дейінгі ұйымға кіреді.

Келушілерге мектепке дейінгі ұйымның аумағын бақылаусыз аралауға, өздерімен әкелген қандай да бір заттарды тастап кетуге рұқсат етілмейді. Күдікті заттар: иесіз (ұмытылып) қалған, бөгде заттар табылған жағдайдаоларға тиіспей, дереу балабақша әкімшілігіне (әкімшілік полицияға хабарлайды) хабарлау.

Төтенше жағдайлардағы шығатын есіктер ерекше бақылауға алынуы, олар жарамды жағдайда, жабық күйінде ұсталынуы тиіс. Адамдар мен мүліктерді шұғыл эвакуациялау қажет болған жағдайда кілттерді сақтау тәртібін анықтау. Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері балабақша ішінде жүрген бейтаныс адамдарға назар аударып, олардың келу мақсатын сұрау, мүмкіндігінше құжаттарын тексеруге құқығы бар. Балабақша ауласындағы күдікті адамдарға және кез-келген оғаш оқиғаларға қызметкерлер мен балалар назар аударулары тиіс.

Күзет агенттігі қызметкерлері күн сайын балабақша территориясы мен үй- жайларды күдікті заттарды байқау мақсатында аралауды және қарауды жүзеге асырады. Күзеттің жағдайын бақылау, оларға тисті күзет қызметін орындауды талап ету. Күзет кәсіпорын басшылығынан күзетшілердің қызметті келісім шарт міндеттемелеріне сәйкес орындауына үнемі бақылау жүргізу талап етілуі қажет.

Ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымға келуі, балаларды топқа ертіп баруы және күту орыны; балаларды үйге жіберу тәртібі, қандай да бір себептермен ата-аналардың кешігуі ретке келтірілуі тиіс.

Террористік актілердің дайындалу белгілері немесе өткізілу мүмкіндігі байқалған жағдайлар туралы, барлық төтенше оқиғалар туралы дереу құқық қорғау органдарына, аудандардың Ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне хабарлау қажет.

Тәрбиеші жарылғыш құрылғыға ұқсас затты байқағанда:

күдікті заттарды табу мақсатында бөлмелерді аралап, қарауы (дәретхананы, қабылдау, топ, жатын бөлмелерді);

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



күдікті затты байқаған жағдайда балабақша әкімшілігіне (телефонмен) хабарлауы және мектепке дейінгі ұйым ғимаратына ешкімді кіргізбеуі тиіс.

Жарылғыш құрылғының бар болуын көрсетуі мүмкін белгілер: табылған затта сымдардың, жіптердің болуы; заттан күдікті дыбыстардың, сағаттың тырсылының естілуі; заттан бадамға тән иістің немесе басқа ерекше иістің шығуы.

Күдікті зат тапқан жағдайда қойылатын қауіпсіздік талаптары

Іс-қимылдар:

табылған затқа тиіспеу, көтермеу, орнынан қозғамау;

жарылғыш құрылғыны өз бетінше минадан арылтуға немесе оларды басқа орынға апаруға тырыспау;

бұл заттың жанында родио байланыс құралдарын және мобильді телефондарды қолданбау;

күдікті заттың табылғандығы туралы дереу мектепке дейінгі ұйым әкімшілігіне хабарлау;

күдікті заттың табылған уақыты мен орнын жазып қою;

мүмкіндігінше күдікті заттың қорғалуын қамтамасыз ету.

Мектепке дейінгі ұйым әкімшілігінің жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың
табылғандығы туралы хабарламаны алғаннан кейінгі іс-қимылдары

Табылған заттың белгілері бойынша жарылғыш құрылғы екендігіне көз жеткізу.

Күдікті заттың табылғандығы туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлау.

Тұрақты құрам мен балаларды балабақша ғимаратының қауіпті аймағынан құтқарып, қауіпсіз орынға көшіруді ұйымдастыру қажет.

Бұдан әрі құқық қорғау органдары өкілдерінің нұсқауы бойынша әрекет ету.

Телефон арқылы террористік актінің жасалу қаупі туралы
хабар алған кездегі іс-қимылдар

Телефон арқылы қауіп төнген кезде «Террористік сипаттағы қорқыту мазмұндағы хабарламаны телефонмен қабылдау тәртібіне» сәйкес әрекет ету керек.

Әрбір келіп түскен телефон қоңырауына жауап беру.

Төніп тұрған қауіп туралы өзінің әріптесіне хабар беруге тырысу, мүмкіндігінше ол басқа аппаратпен № 112 телефон арқылы полицияның жедел кезекшісіне хабарлауы тиіс.

Автоматты нөмір анықтауышы бар болса, анықталған телефон нөмірін кездейсоқ жоғалтып алмау үшін, дәптерге жазып қою.

Дыбыс жазатын аппаратураны пайдаланған кезде айтылған әңгімені жазып алу және кассетаны (шағын диск) бірден шығарып алып, оның сақталуын қамтамасыз ету. Оның орнына міндетті түрде басқасын салып қою. 

Телефон арқылы алынған ақпаратты құқық қорғау органдарына және мектепке дейінгі ұйым меңгерушісіне хабарлау.

Қажет болған жағдайда балаларды және мектепке дейінгі ұйымның тұрақты құрамын эвакуация жоспарына сәйкес қауіпсіз жерге көшіру.

Жедел-тергеу тобының, кинологтардың және тағы басқалардың кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Жарылыс қаупі туралы телефон хабарламасын қабылдағаннан кейінгі іс-қимылдар

Сабырлы, сыпайы болып, сөйлеп жатқан адамның сөзін бөлмеу.

Аппараттың сапасыз жұмыс істеп тұрғанын меңзеп, әңгімені жазып алу.

Сөйлесіп болған соң телефон тұтқасын қоймаңыз.

Құқық қорғау органдарына мына мәліметтер көмектеседі:

әңгіменің мазмұны;

қоңырау шалушының жынысы, жасы және оның сөйлеу ерекшеліктері:

дауысы (қатты, ақырын, төмен, жоғары);

сөйлеу қарқыны: жылдам (баяу);

сөздерді айтуы: анық, кекештеніп сөйлейді, сақауланып сөйлейді, акцентпен немесе диалектпен сөйлейді;

сөйлеу мәнері: дөрекі, келемеждеп сөйлейді, сөйлегенде балағат сөздерді қолданады.

дыбыстық шу (автомашина немесе темір жол көлігінің, теле немесе радиоаппаратураның шуы, дауыстар, т. б.);

қоңырау сипаты (қалалық немесе ұялы телефон);

әңгіменің нақты басталу уақыты және оның ұзақтығы; 

мына сұрақтарға жауап беру: бұл адам қайда, кімге, қандай телефонмен хабарласты; қандай талаптар қояды; делдал рөлінде немесе қандай да бір топтың адамдарының атынан сөйлейді; ол адаммен қалай және қашан байланысқа шығуғу болады?; кімге бұл қоңырау туралы хабарлауға болады?

Башылық шешім қабылдау үшін қоңырау шалған адаммен барынша ұзақ уақыт сөйлесу қажет.

Террористер адамдарды кепілге алған жағдайда

Терроризм кезінде кепілге адам алады. Көбінесе қарақшылардың құрбандары қорғансыз балалар, әйелдер мен қарттар болып табылады.

Алдын алу шаралары :

қырағылықты арттыруға;

кіргізу тіртібін қатаң сақтауға;

бақылау жүйесін және түрлі белгілерді орнатуға; 

мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне нұсқау берілуі және төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарды үйретуге бағытталуы тиіс.

Мектепке дейінгі ұйымның әрбір қызметкерінің бірінші міндеті балалардың өмірін сақтау болып табылады.

Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар

Дереу қажетті орындарға және мектепке дейінгі ұйым меңгерушісіне хабарлау (көрінетін жерде жедел көмек шақыру телефондарының нөмірі көрсетілген тақтайшалар ілінуі тиіс).

Өз бастамасымен террористермен сөйлеспеуі тиіс. 

Адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты болмаса, қажет болса шабуылдаушылардың талаптарын орындау, айналасындағы адамдардың өміріне және өзінің жеке өміріне қауіп төндірмеу үшін террористерге қарсы келмеу тиіс.

Террористерді қару қолдануға итермелемеу.

Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің төтенше жағдайлардағы іс-қимылдары 

Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі балаларды көшіруді ширақ басқаруы тиіс, айғай-шуға және тәртіпсіздікке жол берілмеуі, қауіп-қатер кезінде балалардың қалыпты өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті қорғаныс құралдарымен жабдықтау.

Тәрбиешілер мен тәрбиешінің көмекшілері балаларды киіндіріп, топтан алып шығады, балаларды дауыстап түгендейді.

Егер сіз кепілге алынсаңыз не істеу керек?

Айғай-шу көтермеу.

Күзетшілерден оқуға, жазуға, жеке гигиена құралдарын пайдалануға рұқсат сұрау.

Егер телефонмен туған-туысқандарымен сөйлесуге рұқсат берсе жыламай, айғайламай, қысқа маңызды мәліметті ғана айту.

Кейде шабуылдаушыларға кепілге алынған адамдардың сұрақтарына жауап беруге қатаң тыйым салынады, мұндай жағдайда өз-өзіңізбен сөйлескендей болып, өлең оқыңыз немесе ақырын ән айтыңыз.

Егер мүмкіндік болса, міндетті түрде жеке гигиена ережелерін сақтаңыз. Күн сайын тісін тазалауды, қырынуды тоқтатқан адам, моральдық тұрғыдан төмендеп кетеді.

Бөлме кеністігі мен күш-қуатыңыз мүмкіндік берсе, дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз.

Ешқашанда істің сәтті аяқталуынан үмітіңізді үзбеңіз.

Дереккөз: "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться