text
MCFR.KZ Образование

Қызметті бюджеттеу дегеніміз не және ол жеке мектепке дейінгі ұйымдарға не үшін қажет

  • 17 августа 2018
  • 32
Бюджеттеу
Бюджеттеу

Бюджеттеу бюджетті жоспарлау процесін білдіреді және оған сметаларды дайындау, оларды орын алған өзгерістерге сәйкес бөлу және түзету кіреді.


Кез-келген үлкен және кіші ұйымда кірістер мен шығыстардың жиынтығы бар. Ол ұйымның жеке меншік түріне байланысты емес. Қаражат ағынын басқару және ағымдық экономикалық көрсеткіштер негізінде қызметті жоспарлау – бюджеттеу мәнін құрайтын компанияның маңызды функциялары.



Бюджет дегеніміз не

Бюджет – бір жылға дейінгі мерзімге дайындалған, кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша шығындар мен түсімдерді көрсететін жедел қаржылық жоспар. Бюджет – барлық кірістер мен шығыстар жиынтығы, оған кәсіпорынның жұмыс жасауы байланысты.

Біз үшін аса түсінікті ұғым «смета» болып табылады. Бірақ, смета – ұйымның алдағы уақытқа ақшалай ресурстардағы қажеттілігін және көрсеткіштерді есептеу бірізділігін анықтайтын жоспарлы есеп түрі. Белгілі бір мағынада «смета» ұғымы батыстық «бюджет» терминінің баламасы болып табылады. 

 

Қаржылық ағынды басқара білу де маңызды: аталған процестің тиімділігі болашақ үшін шығынсыз жоспарлауға болатын қаражаттан көрініс табады.

Бюджеттеу мақсаттары

Бюджеттеу келесі мақсаттарды іске асыруға бағытталған:

  • ағымдағы күнге мектепке дейінгі ұйымның жағдайын бағалау (жеке мектепке дейінгі ұйым қаншалықты жұмыс жасайды (бұдан әрі – ЖМҰ) және оның қызметін түзетуді қажет ете ме);

  • ағымдық қызметті сипаттайтын көрсеткіштердің негізінде қызметті тұрақты жоспарлау;

  • қаражатты үнемдеуге бағытталған жоспарларды бекіту және оларға сауатты түрде иелік ету;

  • барлық қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану (олар барынша пайда әкелетіндей, ал шығындар барынша аз болуы үшін);

  • инвестициялық қызметтің негіздерін нақты зерттеу (қосымша табыс алу мақсатында аталған саланы енгізу);

  • мектепке дейінгі ұйымның тәртібін жалпы және нақты қаржылық мәселелер бойынша дамыту және әрі қарайғы күшейту;

  • барынша жақсы нәтиже алу үшін мектепке барлық деңгейдегі мектепке дейінгі ұйымдарды үйлестіру;

  • барлық шығындардың нақты талдауын қамтамасыз ету (шығындарды бюджеттеу кәсіпорын шығындарын азайту және үнемделген қаражатты компанияның басқа мақсаттарына бағыттауға мүмкіндік береді);

  • төмен деңгейлі қойылған міндеттердің орындалуын бақылаудың өңделген жүйесінің болуы;

  • ұйым мақсаттары үшін жоғары нәтижелерге қол жеткізуде жалдамалы қызметкерлер құрамын ынталандыру;

  • белгіленген заңнама және қабылданған шартты міндеттемелерді қолдану.

Бюджеттеу көмегімен шешілетін мақсаттардың тізімі барынша жеткілікті, біз аталған процес кез-келген ұйымда маңызды рөл атқарады деп қорытынды жасай аламыз, және ЖМҰ – бөлініп қарастырылмайды.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінде кәсіпкерлік – таза пайданы алу үшін бағытталған субъектінің қызметі.

Жуғыш заттарды тұтыну нормалары

Proskurina

В. П. Проскурина

сертификатталған бухгалтер-практик (САР), Алматы қ. 
Тауарлық-материалдық қорларды есептен шығару меншік формаларына қарамастан нормативтер бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Бухгалтерлік есепті қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге нақты сәйкестікте жүргізгісі келетін мамандар саны көбейіп келеді. Алайда мәселелердің барлығына бірдей ресми жауаптар табыла бермейді. Мысалы, жуғыш заттарды есептен шығаруды алайық. Оны реттеу әрбір балабақшада өздігінше жүргізіледі. Жуғыш заттарды есептен шығару бойынша нормаларды әзірлеу кезінде санитариялық режимді сақтауды есепке алу қажет.

Негізгі сметалық деңгей формуласы

Сондықтан бюджет (смета) негізгі сметалық деңгейге сәйкес келуі тиіс:

К = Ш + Т,

 

мұнда: К – смета бойынша кіріс;

                        Ш – смета бойынша шығыстар;

                        Т – жоспарланған түсім сомасы.

 

Яғни ЖМҰ кірістері жоспарланған түсім сомасына кеткен шығынның сомасынан асып кетпеуі керек.  

 

 

Смета бойынша кірістер сомасы келесі формула бойынша есептеледі:

 

К = VД × Б,

 

мұнда: – көрсетілген қызметтер көлемі, ол балабақшадағы балалар тәрбиеленушілерінің санына тең. Көрсеткіш МҰ жобалық қуаттылығынан көп емес мөлшерде қабылдануы тиіс (санитарлық ережелермен рұқсат етілген тәрбиеленушілердің саны);

            Б – бұл көрсетілген қызметтер бірлігі үшін баға (өткізу бағасы).

 

Өткізу бағасы негізгі сметалық теңдік формуласынан есептеледі. Ондағы кірісті теңдік кірісіне ауыстыра отырып және оны бағаға қатысты шеше отырып, өткізу бағасын есептеу формуласын аламыз:

 

Б = (Ш + Т) / VД

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегестрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают статьи с закрытых материалов
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты