text
MCFR.KZ Образование

Мен – өз елімнің патриотымын

  • 2 августа 2018
  • 89
Мен – өз елімнің патриотымын

Адамгершілікті сабырлылықты, ерік-жігерді, мақсаткерлікті, батылдықты, азаматтық парыз сезімін, отансүйгіштік мен Отан алдындағы жауаптылықты тәрбиелеу туралы, сондай-ақ өзі тұратын елі туралы білімді жалпылау мақсатында педагог сынып сағатын өткізу тәжірибесімен бөліседі.

Сондай-ақ тақырып бойынша оқи аласыздар: 

Сәлем, Елорда!

Менің Қазақстаным!

Қазақстанның бірлігі – халықтар достығында!

«Туған жер» – жалпыұлттық патриотизмді тәрбиелеу негізі

Шара барысы

Мұғалім. Көп жылдар бойы біздің еліміздің мектептерінде 1 қыргүйек күні білім сабағы жүргізіледі. Тақырыпты мен атамаймын. Оны өзіңіз анықтап көріңіз. (Балалар өз пікірін білдіреді)

Осылайша, уақыт оздырмай бастаймыз. Сізге карточкаларды алып, топтарға бірігу қажет (карточкаларда: елтаңба – 7 дана, ту – 7 дана, әнұран – 7 дана, ұлтық валюта – 7 дана).

Тапсырма. Төрт топтың қайсысы берілген әріптерден тез сөз құрастырады (ПАТРИОТ).

Мұғалім. Біздің сынып сағатымыздың тақырыбы «Мен – өз елімнің патриотымын!».

Отан деген кім десе тәңір дер ем! 
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
Отансыз адам қанатсыз құспен тең,
Отан десе өр көкірек жанымды берер ем.

Қорытынды: Отанға деген сезім аз нәрседен басталады. Ол сіз жағасында ойнаған өзен, үйіңіздің қасында орналасқан саябақ болуы мүмкін. Ол орман жиегі немесе алма бағы болуы мүмкін. Яғни, Сіздің туып-өскен жеріңіз Отан болып табылады. Біз үшін біздің Отанымыз – ол Қазақстан.

Перспективалық жоспарды құрастыруда қолданылатын өтпелі тақырыптар жүктеп алыңыз

Бір кітаптың ішінде Қазақстанның құрылуы туралы ғажайып аңыз бар: «Жаратушы аспанды, жерді, теңіздерді және мұхиттарды, барлық елдер мен құрлықтарды жаратқан кезде Қазақстанды ұмытып кеткен. Соңғы минутта есіне түссе де, материал болмаған. Ол әр түрлі жерден Американың шетін, Италияның жиегін, Африка шөлінің бөлігін, Кавказдың кесіндісін алып, Қазақстан тұру керек жерге барып жапсырған».

Бұл аңызға сенбеуге болмайды, себебі Қазақстанның табиғаты бүлінбеген жаратылыстарымен таңдандырады. Біздің таңғажайып жерімізде жалаң сусыз сортаң кеңістіктерді, таулардың көркемдік айқындылығын, теңіздің шексіз айдынымен үйлесімділік табатын көгілдір аспанды және әсем нулы ормандарды табуға болады.

  • Бұл аңыз не туралы деп ойлайсыз? (Балалардың жауаптары)

Сөздікпен жұмыс. «Патриот» сөзінің мағынасы.

Патриотизм (грек тілінен patris – отан) – мазмұны Отанға деген махаббат, оның өткені мен бүгіні үшін мақтаныш, өз мүддеңді елдің мүддесіне бағындыру дайындығы, Отан мен халық мүддесін қорғауға талпынудан тұратын адамгершілік және саяси ұстаным, әлеуметтік сезім (Ұлттық әлеуметтік энциклопедия).

Владимир Дальдың айтуынша патриот – ол Отанын сүйетін адам.

Мұғалім. Балалар сіздер де нағыз патриот болып өсіп, өз Отаныңызды жақсы көріп, құрметтеуіңіз керек. Отан – бұл ең маңызды, қымбатты, барлығы жақсы көретін сөз. Әр адамның өзінің Отаны бар. Бұл сөздің астарында біз өз мектебімізді, отбасымызды,  керемет қаламызды, біздің республикамыз – Қазақстанды түсінеміз.

Патриотизмді ұлтшылдықтан айыра білген жөн, оның негізінде ұлттық басымдық пен ерекшелік, бір ұлтты басқа ұлтпен салыстыру идеясы жатыр. Қазақстанда ғасырлар бойы жүзден аса ұлт тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етіп, баспана салып, балаларды тәрбиелеп, бірге қуанып, қиыншылықтарды бірігіп жеңіп келеді.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Толеранттық туралы жиі айтылуы да бекерден бекер емес. Алайда, өкінішке орай Қазақстанда қабылданған салт-дәстүрлер мен нормаларды назарға алмайтын, өздерін ұстай алмайтын, ел үшін жат болып кеткен, сәйкесінше патриоттар болып табылмайтын адамдар бар.

Қазақстанды көп ұлт мекендейді. Барлығы әр түрлі тілде сөйлейді. Мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады. Сіз оны қаншалықты білетіндіктеріңізді тексеріп көрейік.

Тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңыз. Родина – отан; язык – тіл; народ – халық, ел; государство – мемлекет; семья – отбасы; дружба – татулық; родная земля – туған жер.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Анаграммалар

ҚЛАҰҚ – құлақ; НАҚЛАТ – талқан; ҚАМЫТ – тымақ; НАТАСА – астана.

«Ия-Жоқ» ойыны

  • Туда бейнеленген құс, – бұл бүркіт?
  • Күнді құшқан қас қыран,
  • Аясында қалқыған.
  • Аспан түсті туым бар,
  • Көк теңіздей шалқыған.
  • Көкірек жауар шымқай өң,
  • Көрген жерден елітер.
  • Көркем өрнек, кең көңіл,
  • Көл пейілге кенелтер.
  • Өлеңде Қазақстанның туы туралы айтылған ба?
  • Киіз үйдің күмбезді бөлігі уық деп атала ма?
  • Киімді, баспананы безендіруде қолданылатын геометриялық, өсімдік немесе жануарлар элементтерінен құралған бейнелі, графикалық әшекей – ою-өрнек пе?
  • Машина – тайпалық одақ кезеңінде алыс жолға жүретін маңызды құрал ма?
  • Қазақстанның астанасы Алматы болып табыла ма?

«Қазақстанның білгірі» дабыл карточкаларымен жұмыс жасау

Жүргізуші сұрақтар қояды. Дөңгелек түріндегі бірінші дабыл карточкасын көтерген және сұраққа жауап берген топ 1 балл алады. Егер жауап дұрыс болмаса, дөңгелек карточканы екінші көтерген топ жауап береді. Бір жауап қана қабылданады.

  • Адамның туып-өскен жері қалай аталады? (Отан)
  • Біздің мемлекетіміздің астанасы қай қала? (Астана)
  • Біздің еліміздің тұрғындарын қалай атайды? (Қазақстандықтар)
  • Біздің мемлекетіміздің басты және негізгі заңы қалай аталады? (Конституция)
  • Біздің мемлекетіміздің басшысы кім? (Президент)
  • 22 қыркүйек күні Қазақстанда қандай мереке тойланады? (Тілдер күні)
  • Қазақстанда қай тіл мемлекеттік болып табылады? (Қазақ)
  • Қазқстанда қай тілді ұлтаралық қарым-қатынас жасау тілі деп атайды? (Орыс)
  • Көп тілді білетін адамды қалай атайды? (Полиглот)
  • Біздің президентіміз Н. Ә. Назарбаев біздің алдымызға үш тілде сөйлеу міндетін қойды. Қай тілдерде? (қазақ, орыс, ағылшын)
  • Халықаралық компьютерлік желінің ресми тілі. (Ағылшын)
  • Қазақтардың сурып салма ақыны? (Ақын)
  • Отан туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіз?
  • Сіз өзіңізді патриотпын деп айта аласыз ба?

Қорытынды шығару.

Балаларға арналған тапсырма. Мұғалімге хат жазу.

  • Мен … тақырыбындағы сынып сағатына қатыстым
  • Бәрінен бұрын ... есімде қалды
  • ... ұнады
  • ... ұнамады
  • Менің эмоционалды көңіл-күйім...
  • Бұл сынып сағаты мені ... үйретеді

Патриот – бұл

  • ________________________________________ жақсы көретін
  • ________________________________________ сақтайтын
  • ________________________________________ құрметтейтін
  • ________________________________________ уайымдайтын
  • ________________________________________ мақтанатын
  • ________________________________________ көмектесетін адам.

Мұғалім. Сізде не шыққанын айтып берсеңіз? (Балалардың жауаптары)

Шындығында сіз дұрыс айтып отырсыз, себебі патриот ешнәрсеге немқұрайлы қарай алмайды, патриоттың белсенді әрекеттері ғана Отанды гүлдендіре түседі.

  • Сіз күнделікті өмірде патриотизм көріністерін көресіз бе?

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 8-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться