text
MCFR.KZ Образование

Ескі және жаңа САНЕжН

  • 3 августа 2018
  • 54
Ескі және жаңа САНЕжН: айырмашылығы қандай?
Ескі және жаңа САНЕжН: айырмашылығы қандай?

Осы мақаланың мақсаты – бұрын қолданылған және қайта шығарылған білім беру объектілеріне арналған Санитариялық қағидаларды салыстыру, өзгертулердің барлығын саралау, қандай жаңа санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың енгізілгенін және қандай ескі талаптардың жойылғанын түсіндіру.


Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Мектепті жаңа оқу жылына дайындаудағы шаруашылық меңгерушісінің қызметі

Мектептің істер номенклатурасы

Сыныптағы ата-аналар жиналысы

Ұлттық тестілеуге өтініш

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны




Білім беру ұйымдарының басым бөлігі № 179 санитариялық қағидаларда бекітілген талаптарға сай, олар осы талаптар бойынша жұмыс істеуге әдеттенген. Бүгінде 2017.28.10 заңды күшіне енген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.16.08 № 611 бұйрығымен бекітілген) (бұдан әрі – № 611 санитариялық қағидалар) сәйкес келуі тиіс.    

№ 611 санитариялық қағидалармен танысқан соң көбісі білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың жеңілдетілгенін атап өтеді. Алайда, бұл мүлдем олай емес. Нақты айтсақ, білім беру объектілерінің мамандары үшін № 611 санитариялық қағидаларға енгізілмеген қандай да бір талаптарды басқа нормативтік құқықтық актілерден іздеу бойынша жұмыстары көбейді.

Осы жағдайда білім беру ұйымы басшыларының білім саласындағы санитариялық заңнаманың оқушылардың санитариялық қауіпсіздігі мен санитариялық-эпидемиологиялық амандығын қамтамасыз етуге бағытталғанын естен шығармаған жөн. Осыған байланысты аса жауапты мамандар «Сан соғып қалғаннан гөрі сақтық танытқан жөн» қағидатын қолдану арқылы өзін өзі сақтандырады және мұны жоққа шығару оңай емес, себебі бұл жерде балалар жөнінде сөз болып отыр.

2-т. сәйкес № 611 санитариялық қағидалар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілерін қоспағанда білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беруді, тәрбиелеуді, тұратын және тамақтану орнын ұйымдастыру объектілеріне, барлық түрдегі және типтегі интернат ұйымдарына қолданылады.

№ 179 санитариялық қағидалармен салыстырғанда № 611 санитариялық қағидалардың құрылымы бірқатар өзгерістерді басынан өткерді, болған 11 тараудың 9-ы қалды, тармақтар саны қысқартылды және салдарынан № 611 санитариялық қағидалардың көлемі азайды. Қосымшалар саны да азайды: 15 болған, 11-і қалды, сондай-ақ олардың нөмірлері өзгерді. Сонымен бірге жалпы Санитариялық қағидалардың мазмұны өзгерді, кей тұсын толық алып тастап, жаңа талаптар қосты, белгілі ережелер бір тараудан басқасына көшті. Кей тараулардың атаулары өзгерді, ал кей тараулар енді мүлдем жоқ.

№ 611 санитариялық қағидаларда «Объектілердің аумағына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (№ 179 санитариялық қағидалардың 2-тарауы) тарауы жоқ. Бұл тараудағы ережелердің көбісі «Объектінің салынатын жер учаскесін таңдауға, жобалауға, пайдалануға, реконструкциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» атты 2-тарауға және «Оқыту және өндірістік практика жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» атты 5-тарауға енгізілді.

Сондай-ақ № 611 санитариялық қағидалардан № 179 санитариялық қағидалардың «Объектілерді жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» атты 4-тарау алынып тасталды, оның ережелері ішінара жаңа Санитариялық қағидалардың басқа тарауларына көшті.

№ 611 санитариялық қағидаларда ҚР заңнамасының талаптарына сілтеудің орнына нормалау құжаттарына сілтеме қолданылады. 24-т. сәйкес бұл – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 144-б. және 145-б. сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптары.

Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардағы негізгі өзгертулер

1. Инженерлік коммуникацияларға қойылатын талаптар.

№ 611 санитариялық қағидалардың 3-тарауында – «Сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауаны баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарда» бұрын № 179 санитариялық қағидалардың 5-тарауына кірген санитариялық талаптар берілген. Тарау «Объектілерді сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» деп аталды. Білім беру объектілері қызметінің осы бөлігінде санитариялық талаптар біршама өзгерістерді басынан өткерді, бұл туралы төменде айтылады.

№ 179 санитариялық қағидалардың 70-т. салыстырғанда № 611 санитариялық қағидалардың 28-т. суға арналған кулерлерді (диспенсерлер) өндірушінің нұсқаулығына сәйкес тұрақты түрде тазарту қажеттігі туралы шарттар енгізілді. Сондай-ақ жеке шөлмек сыйымдылықты пайдалануға рұқсат етіледі, ал қайнаған ауыз суына қатысты үш сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі.

Әкелінетін ауыз суды ауыз сумен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалған, таңбаланған арнайы сыйымдылықтарда мамандандырылған автокөлікпен жеткізу талаптарына уақытылы тазарту, жуу және дезинфекциялау жүргізу туралы шарт енгізілді.

№ 611 санитариялық қағидаларда № 179 санитариялық қағидалардың 67-т. көрсетілген талаптар жоқ, мұнда пайдаланылатын суық және ыстық су «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес келетіні туралы айтылған.

№ 611 санитариялық қағидалардың 34-т. су жылытқыштардан басқа араластырғыштар орнату қажеттілігі туралы шарт енгізілді. Бұл ретте № 179 санитариялық қағидалардың 69-т. басты айырмашылығына сумен жылыту жүйесiндегi ыстық суды технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар үшін пайдалануға жол берiлмейтіндігі жатады.

№ 611 санитариялық қағидалардың 36-т. сәйкес объектілерді кәріз жүргізілмеген және ішінара кәріз жүргізілген орындарда орналастырған кезде кәріз жүйесіне қойылатын талаптар толық жазылған. Демек, сарқынды суларды, оның ішінде санитариялық-аула қондырғылардың (бұдан әрі – САҚ) сарқынды суын қабылдауды объекті аумағының шаруашылық аймағында орналасқан, гидравликалық бекітпесі бар қақпақтармен (сифондар) жарақталған жалпы немесе бөлек жерасты су өткізбейтін сыйымдылықтарға (шұңқырға, септикке) жүзеге асырады, оларды тазалау уақытылы жүргізіледі. Бұл ретте бүгінде көлемінің үштен бір бөлігінің толуына қарай оларды тазалау бойынша шарттар жоқ.

Сарқынды суды ашық су айдындарына және іргелес аумаққа, сондай-ақ су сіңіргіш құдықтар құрылғысына ағызуға жол берiлмейдi.
 

№ 611 санитариялық қағидалардың 38-т. сәйкес жер үстіндегі үй-жайлары мен су өткізбейтін материалдан жасалған қазылған шұңқыры болуы тиіс САҚ-қа жаңа талап енгізілді. САҚ-ты жинау дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып күн сайын жүргізіледі. САҚ-тың қазылған шұңқырын уақытылы тазалайды.

№ 611 санитариялық қағидаларда № 179 санитариялық қағидалардың 76-т. бекітілген талаптар жоқ. Бұл талаптармен объектілер ғимараттарының әрбір қабатында және жеке блоктарында ұлдарға (бозбалаларға) және қыздарға (бойжеткен қыздарға), сондай-ақ педагогтар мен қызмет көрсететін персоналдарға арналған бөлек санитариялық тораптар көзделетіні регламенттелген. Жалпы білім беретін, интернат және мектептен тыс ұйымдардағы оқу корпустарының санитариялық құралдарға қажеттілігі осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көзделеді. Жалпы білім беретін мектепалды даярлық сыныптардың, интернат ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының (бұдан әрі – КТБО) санитариялық тораптарында балаларға арналған унитаздар орнатылады. Бұл ретте № 611 санитариялық қағидаларда объектілердің оқу және тұрғын корпустарындағы санитариялық аспаптарға (соның ішінде унитаздарға) қажеттілігі 6-қосымшаға сәйкес анықталады.

+

Білім беру ұйымын жылытуға қойылатын талаптар да біршама өзгерді. № 611 санитариялық қағидалардың 41-т. жылыту кезеңінде ауаның температурасы нормалау құжаттарына сәйкес айқындалатыны туралы шарт енгізілді.

Жалғасын  № 8-2018 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегестрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают статьи с закрытых материалов
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты