text
MCFR.KZ Образование

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын массажы

  • 30 июля 2018
  • 15
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын массажы
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын массажы

Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған массаж өте пайдалы. Бала ағзасында бұл кезеңде қарқынды өсу мен даму жүреді. Бұл массаж рәсімдерінің түрін таңдап, оны жасауды дәрігердің кеңесімен ғана бастаған жөн.

Сондай-ақ тақырып бойынша оқи аласыздар: 

Дұрыс сымбатты қалыптастыру

Тыныс алу гимнастикасы

Балабақшадағы шынығу

Ойын массажы емдік қасиетке ғана ие емес, оны профилактикалық және гигиеналық мақсатта өткізуге болады.

Ойын массажына арналған өлеңдер мен әндер балаларға қатты ұнайды, олар көңілді қарым-қатынасты қамтамасыз етеді, шиеленісті басады, балаларға өзгелерге сенім артуды және алаңдаушылықты үйретеді. Ойын массажын үйде немесе бала-ата-ана тобында 12 ай бойы өткізуге болады.

Ойын массажы кішкентайлардың сенсорлық дамуын қамтамасыз етеді. Балалар дауыс интонацияларын, мәтіннің мазмұнын, музыкалық тембрлер мен шуды, музыканың қарқыны мен ырғағын және т. б. қабылдайды.

Сондай-ақ балалар суық пен жылуды, қысым күшін, жанасу ерекшелігін, қимылдың бағытын, материалдың тегістігін немесе бұдырлығын және т. б. бағалайды. Массаждың арқасында балалар дене мүшелерін ажырата бастайды.

Жүктеп алыңыз:

Ортаңғы топқа арналған «Ояну гимнастикасы» картотекасын  

Білім беру-тәрбиелеу жұмысының жылдық жоспарының үлгісін

Көктемгі-күзгі кезеңде баланың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі балабақша тәрбиешілеріне арналған нұсқаулық

Массаж өткізуге арналған ұсынымдар

Массажға арналған әндер мен өлеңдерді баланың жасын ескере отырып таңдау керек.

Егер олар балаларға қызықты болса ғана, ойын массажы ол үшін қуанышты оқиғаға айналады.  Арқа массажына ұсынылатын жаттығуларды бала ішімен жатқанда, немесе үстелге сүйеніп, орындықта отырғанда жүргізуге болады, сондай-ақ бала еденде отыруы, еңбектеп тұруы немесе ересектің тізесінде жатуы мүмкін.

Массаж жүргізуді бастамас бұрын бала ересектің іс-қимылын елестетуі үшін балаға алдын ала өлең оқып беру керек немесе бірнеше кіріспе сөз айту керек.

Өлең оқу кезінде ересек адам массаж үшін шағын үзілістер жасауға тиіс.

Арқа массажына ұсынылатын әндер мен өлеңдер сондай-ақ қолға немесе аяққа тізеден төмен массаж жасау үшін қолданылуы мүмкін.

Балаларға бір-біріне массаж жасау үшін қажетті қалыпты, массаж бен қимылдарға арналған ойыншықтарды таңдау мүмкіндігін беру керек. Балалармен массаж жүргізуді ересектер бақылауы тиіс.

Музыканың сүйемелдеуімен қимылдарды ырғақты әрі қысып кетпеуге немесе қағып кетпеуге тырысып орындау керек.

Ойын массажсы жейденің немесе футболканың сыртынан, сондай-ақ баланың қалауы бойынша жалаңаш арқасына жасалуы мүмкін.

Ұсынылатын қимылдарды әннің мәтініне қарай өзгертуге болады.

Бастапқы кезде массажды заттарды – шашақты, резеңке кірпіні, поролон жөкені, ойын машинасын, мақтаның бөлігін, қағаз парақтарды және т. б., сондай-ақ әннің мәтініне сәйкес жұмсақ ойыншықтарды қолдану өткізген дұрыс.

Ойыншықтармен массаж жасау балаларды алдандырады және қолмен массаж жасау секілді жоғары дәрежелі сенімді талап етпейді.

«Жуыну» сақсақ массажы

Әр саусағын кезекпен уқалайды. Осыдан кейін алақаны мен білегін қатты ысқылайды.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Оларды атап шақырар,

Әрқайсысының аты бар.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Арқа массажы

Апам үшін күнде мен, (Әндете)
Отынға ағаш жарамын. (Ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (Гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (Қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін, (Сыпырғандай)
Жуам ыдыс-аяқты. (Ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді, (Бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (Қолдарын шапалақтайды)

Қол массажы

Үйшік жолмен келе жатыр – бәрін айналып өтуде.

Жұдырықпен білектен иыққа дейін ысқылап айналмалы қимыл.

Біресе ұлу шығады, үйшік оны көтерер.

Саусақпен білектен иыққа дейін «жүріп өту».

Жел соқты, жапырақ тербелді.

Жұдырығымен ұрғылау.

Қайтадан шөп үстімен

Қолын алақанымен сипау.

Ұлу ақырын өрмелейді.

Қайталағанда басқа қолын уқалайды.

Бет массажы

Су, су, менің бетімді жушы,

Алақандарын ысқылау.

Көзім жылтырау үшін,

Көзді жұмған күйі қабақтың ішінен сыртқа қарай ортаңғы саусағымен қатты баспай сипалау.

Бетіміз қызарып,

Күлімдеу үшін,

Алақанымен маңдайынан иегіне дейін және қайтадан жоғарыға қарай сипау.

Тістей алу үшін.

Бас бармағымен шекесін уқалау..

Құлақ массажы

Тили- тили, тили- бом!

Құлақ жарғағын майыстырып, шарт еткенін сезетіндей етіп жіберу.

Қоян шекесімен қарағайды құлатты.

Сырғалықты төменге және жанына тарту.

Қоянды аяп кеттім:

Құлақ бүртігін уқалау.

Қоян бүршік алып жүр.

Құлақ қалқанының шиыршығын уқалау.

Тезірек орманға жүгір,

Алақанымен құлағын уқалау.

Қоянға компресс жаса!

Құлағын алақанымен сипалау.

Көз массажы

Қане, жалаң аяқ жүрме, аяқ киіміңді киіп жүр.

Қолдың ортаңғы саусақтарын қыздыру үшін бір-біріне үйкелеу, көзді ақырын жабу және теріні қатты баспай көздің ішкі жағынан сыртына қарай жүргізу.

Егер аяқ киіміңді кисең, қасқырлар сені таппайды.

Көзімен бір жаққа айналма қимылдар жасау.

Аю сені таппайды.

Тезірек шықсаңшы!

Қайтадан басқа жаққа.

Жалғасын «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесінен оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль