text
MCFR.KZ Образование

Интерактивті тақтаны қолдану

  • 23 июля 2018
  • 262
Интерактивті тақта
Интерактивті тақта

Балабақшадағы интерактивті тақта балалардың қоршаған әлемдегі ақпарат ағымына бағдарлануын дамытуға, ақпаратпен жұмыстың практикалық дағдыларын меңгеруге, жан-жақты машықтарын дамытуға мүмкіндік береді, бұл мектеп жасына дейінгі балалардың білімді саналы түрде меңгеруіне ықпал етеді және баланың мектепке дайындық деңгейін арттырады.

«Білім беру ұйымының әдіскері» журналының электрондық нұсқасынан осы тақырып бойынша оқыңыздар:

Сондай-ақ журналдан оқыңыздар:

Педагогика және интерактивті тақталар

Интерактивті тақтаның көмегімен оқудың үйреншікті оқыту әдістерінен айырмашылығы жоқ десек те болады. Педагог қолданатын технологиялар мен жабдықтарға қарамастан сабақты сәтті өткізу негіздері бірдей. Кез келген сабақтың нақты жоспары мен құрылымы болып, белгілі мақсаттар мен нәтижелерге жетуі тиіс. Осының бәрі балалардың материалды жақсы меңгеруіне және оны білетіндерімен сәйкестендіруге көмектеседі.

Сабақтың құрылымы сол күйінде қалады – интерактивті тақтаның қолданылатындығы не қолданылмайтындығы маңызды емес. Алайда, кейбір жағдайда интерактивті тақта жақсы көмекшіге айналуы мүмкін, мысалы, оқушылар алған ақпаратты сұрыптай отырып, қандай да бір тұжырымға келетін оқытудың аталмыш индуктивтік әдісінде.

Педагог тақтаның мүмкіндіктерін қолдана отырып, материалды әрқалай жіктейді: объектілерді жылжыту, түспен жұмыс істеу, бұл ретте процеске балаларды тартады, олар кейін шағын топтарда өз бетімен жұмыс істей алады. Кейде балалар ойларымен бөлісуі және жұмысты жалғастырудың алдында оны талқылауы үшін олардың назарын қайтадан тақтаға аудару керек. Алайда, тақтамен жұмыстың нәтижелілігі көбіне оның қандай да бір мүмкіндіктерді қолдану тәсіліне байланысты екенін түсінген маңызды.

Балабақшадағы интерактивті тақта дегеніміз не?

Қазіргі кезде компьютерлік технологиялары білім беру процесінде белсенді қолданыла бастады. SMART Board интерактивті тақтасы – бұл жүйенің бір бөлігі ретінде жұмыс істейтін сенсорлық экран, ол компьютер мен проектордан тұрады. Резистивтік матрица қағидатына негізделген тақтаның жұмыс технологиясы әлемде кеңінен таралған әрі денсаулыққа ең қауіпсіз болып табылады. Интерактивті тақта (бұдан әрі – ИТ) оқу процесін ұйымдастыруда, сондай-ақ презентациячлар, семинарлар, ата-аналар жиналыстарын өткізуге арналған ыңғайлы құрал болып табылады. Тақтаға электрондық сиямен жазуға және сурет салуға және жасалған жазбалардың бәрін сақтауға болады. SMART интерактивті тақтасының ерекшелігі – түрлі оқу стильдерін, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысты іске асыруға мүмкіндік беретін жанасу арқылы басқару. Тақта саусақты (немесе кез келген басқа затты) компьютер тінтуірін басқан секілді жауап қайтарады. Тақтаның, тартпаның, маркерлер мен өшіргіштің эргономикалық дизайны мектеп жасына дейінгі балалар үшін барынша ыңғайлы.

SMART Board тақтасының үстіңгі бетінің үлкен ауданы балалармен бірлескен қызметті қарқынды әрі қызықты ойынға айналдырады. Ірі жарқын суреттерді қолдану арқылы, әріптер мен цифрларды жылжытып, сөздер мен сөйлемдер құрастырып, геометриялық пішіндермен және түрлі объектілермен саусақ арқылы жұмыс істеу арқылы балалар «жанды» оқыту процесінің интерактивті мүшелеріне айналады. Бұл жағдайда ақпаратты визуалды және кинестетикалық тұрғыдан қабылдайтын мектеп жасына дейінгі балалар суреттерді көру арқылы қабылдау мен қайталаудың жақсы таныс әдісіне қарағанда ұсынылған материалды барынша нәтижелі түсінеді әрі меңгереді. Ақпаратты жеткізудің мультимедиялық тәсілінің арқасында келесі нәтижелерге қол жеткізуге болады: балалар пішін, түс және шама ұғымдарын жеңіл меңгереді; сан мен жиынтық ұғымдарын терең түсінеді; кеңістік пен жазықтықта бағдарлану машығы тез туындайды; зейіні мен жадысын жаттықтырады; сөздік қоры белсенді түрде толықтырылады.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Мектеп жасына дейінгі ересек балалар оқу мен жазуды ерте меңгереді, заттар мен құбылыстар арасында логикалық байланыстар орнатуды, жоспарлауды үйренеді. Сонымен бірге ұсақ моторикасы нәтижелі түрде дамиды, көз қимылының ең нәзік үйлесімі қалыптасады, қарапайым реакцияның, сондай-ақ таңдау реакциясының уақыты азаяды; мақсатқа талпынушылығы мен байқампаздығы тәрбиеленеджі, қиялы мен шығармашылық қабілеттері, сондай-а көрнекі-бейнелі және теоретикалық ойлау элементтері дамиды; іс-қимылдың соңғы нәтижесін жоспарлау қабілеті дамиды.

ИТ-мен жұмыстың өзіндік ерекшеліктері бар. Оңтайлы микроортаны сақтау үшін, ауада статитикалық электрдің жиналуы мен химиялық және иондық құрамының нашарлауының алдын алу үшін міндетті түрде сабаққа дейін және кейін үй-жайды желдету, сабаққа дейін және кейін ылғалды тазалау жүргізіледі. Балалардың тақта алдындағы қызметін, танымдық сұқбатты, ойынды, көзге арналған гимнастиканы және сергіту сәтін қамтитын сабақ 20-дан 20 минутқа дейін соқылады. Бұл ретте экранды тікелей балалар қызметі үшін қолдану 7–10 минуттан аспайды. ИТ-мен жұмысқа арналған материал балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес мұқият іріктеледі және перспективалық тақырыптық жоспар бойынша құрастырылады.

Интерактивті тақтамен жұмыс дидактикалық ойындар мен жаттығулардан; коммуникативтік ойындардан; мәселелі жағдайлардан; символдарды, үлгілерді, мнемотехниканы меңгеруден; шығармашылық тапсырмалардан; балалардың бірлескен қызметінен және тағы басқаларынан тұрады. Баланың бірлескен және дербес қызметінде ИТ-ны қолдану оның оқуын ынталандыру мен даралаудың, шығармашылық қабілеттерді дамытудың және жағымды эмоционалды фон қалыптастырудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады.

Жалпы балабақшадағы интерактивті тақта балалардың қоршаған әлемдегі ақпарат ағымына бағдарлануын дамытуға, ақпаратпен жұмыстың практикалық дағдыларын меңгеруге, жан-жақты машықтарын дамытуға мүмкіндік береді, бұл мектеп жасына дейінгі балалардың білімді саналы түрде меңгеруіне ықпал етеді және баланың мектепке дайындық деңгейін арттырады.

Интерактивті тақтаны қолдану

Қазіргі кезде компьютерлік технологиялар білім беру процесінде белсенді қолданыла бастады. Түрлі білім салалары үшін көптеген қарапайым әрі күрделі компьютерлік бағдарламалар құрастырылуда. Баланың жасына және қолданылатын бағдарламаларға қарай компьютер ойын барысында қарсыластың рөлін атқаруы, әңгімелеуші, репетитор, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін. алалардың көру және есту арқылы қабылдау, зейін, жады, ауызекі-логикалық ойлау секілді түрлі психикалық қызметтерін дамытуға бағытталған әртүрлі компьютерлік құралдар бар, оларды мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда сәтті қолдануға болады.

Интерактивті тақтаның басымдықтары

Кіші жастағы балаларды оқыту барынша қызықты әрі тартымды бола түседі. Интерактивті және мультимедиялық құралдар шабытттандыруға және жаңа білімді меңгеруге ынталандыруға арналған. Интерактивті тақта оқу ақпаратын ұсыну мүмкіндіктерін арттырады, баланың ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Мультимедиялық технологияларды: түсті, графиканы, дыбысты, заманауи видеотехника құралдарын қолдану әртүрлі жағдайлар мен ортаны үлгілеуге мүмкіндік береді. Мультимедиабағдарламаларға енгізілген ойын компоненттері білім алушылардың танымдық қызметін белсендіреді және материалды меңгеруді күшейтеді.

Интерактивті тақта, компьютерлер секілді интерактивті оқыту құралдары балалардың дамуын диагностикалауда көмекшіге айналады және

  • зейінін;
  • жадысын;
  • ойлауын;
  • тілін;
  • тұлғасын;
  • оқу қызметі дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.

Ақпараттық мәдениетке тарту – бұл компьютерлік сауаттылықты меңгеру ғана емес, сонымен бірге этикалық, эстетикалық және зияткерлік сезімталдыққа ие болу. Балалардың түрлі электрондық, компьютерлік жаңа құралдармен жұмыс тәсілдерін жеңіл меңгеретіні күмән тудырмайды; бұл ретте олардың компьютерге тәуелді болмай, оны бағалап, жанды, эмоционалды адами қарым-қатынасқа ұмтылғаны өте маңызды.

Материалды ауызша баяндауда бала бір минут ішінде ақпараттың 1 000 шартты бірлігін, ал көру мүшелерін «қосқанда» 100 000 бірлікке қабылдайтыны әрі өңдеуге қабілетті екені эксперименттік тұрғыдан дәлелденді. Мектеп жасына дейінгі ересек баланың еріксіз зейіні жақсы дамыған, ол қызыққан жағдайда ерекше шоғырланады, меңгеретін материал көрнекілігімен, жарқындығымен ерекшеленеді, мектеп жасына дейінгі баланың оң эмоциясын тудырады. Компьютерлерді бірлескен және дербес қызметте қолдану, баланың ойынша, оның ынтасын арттыру мен оқуын даралаудың, шығармашылық қабілеттерін дамытудың және жайлы эмоционалды орта құрудың тиімді тәсілдерінің біріне жатады.

АКТ балабақшада қолдану балалардың қоршаған әлемнің ақпаратық ағымына бағдарлану машығын дамытуға, ақпаратпен жұмыстың практикалық тәсілдерін меңгеруге, қазіргі техникалық құралдардың көмегімен ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін машықтарын дамытуға мүмкіндік береді.

АКТ сабақта қолдану оқытудың түсіндірмелі-илюстрациялық тәсілінен қызметтік тәсілге көшуге мүмкіндік береді, бұл ретте бала педагогикалық әсер етудің енжар объектісі емес, керісінше белсенді субъектісіне айналады. Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың білімді саналы түрде меңгеруіне ықпал етеді.

  • Интерактивті тақтамен жұмыстың басымдықтары
  • Бағдарламалық қамтым құралдарын қолдану
  • Интерактивті тақтаны қолдану үлгілері

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

«Музыкалық жетекшінің анықтамалығы» электрондық журналында әндердің минусовкаларын жариялауды бастадық

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться