text
MCFR.KZ Образование

Отбасы және мектеп құрылымдық қарым-қатынасы

  • 24 июля 2018
  • 52
Отбасы және мектеп құрылымдық қарым-қатынасы
Отбасы және мектеп құрылымдық қарым-қатынасы

Білім беру кеңістігі қатысушыларының арасындағы қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында отбасы және мектептің өзара қарым-қатынасының әр түрлі тәсілдерін пайдалану бойынша ұсынымдарды жасақтау мақсатында ұстаз интерактивті ата-аналар жиналысын өткізу тәжірибесімен бөліседі.

Сондай-ақ тақырып бойынша оқи аласыздар: 

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру

Ата-аналар комитетінің жұмысы

Құқық бұзушылықтардың алдын алу

Алдын ала дайындық және пайдаланылатын материал:

  • Жиналыс басталмастан бұрын ата-аналар 3 топқа бөлінуі керек (белгілеу карточкаларын, жетондарды пайдалану негізінде және т. б.).
  • Ата-аналарды үш топқа бөліп, жұмыс үстелдеріне орналастыру.
  • Ата-аналардың, оқушылардың пікірлері бар постерлерді «Мен…армандаймын», «Мен…қалаймын» (көрсетілген тақырыптар бойынша алдын ала сауалнаманы пайдалануға болады); үш жұмыс тобына арналған маркерлер, ватмандар; қатысушыларға арналған жадынамалар; «Ассоциациялар» жаттығуына арналған доп; мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, таныстырылым, бейнероликтер; «Сұхбат» рөлдік ойынына арналған деректеме: портфель, көрсеткіш, әйелдерге арналған сөмке, керек-жарақтар, ойыншық, өздігінен жабысатын жапсырмалар.

Шара барысы

Жүргізуші (алғы сөз).

Жаңа заманғы жағдайларда көптеген ата-аналар отбасын, өз баласын материалдық қамтамасыз ету мәселелерімен қолдары босамайды, сәйкесінше рухани қарым-қатынасқа тіпті уақыт та қалмайды.

Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері туралы оқи аласыздар

Өкінішке орай кейбір ата-аналар балаларды тәрбиелеу және оқыту бойынша өзінің тікелей міндеттерін әжелеріне, аталарына, мектепке жүктеп қойып, оны орындаудан бастарын ала қашады. Алайда, мектеп жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғаның ата-анадан алып жатқан тәрбиенің орнын толтырып, баса алмайды. Сондықтан, жыл сайын «әке мен бала» қарым-қатынасы проблемасы күрделеніп келеді.

Көптеген отбасылар жаңа заманғы тәрбиелеу процесінде қиыншылықтарға кездеседі. 

 Осыған байланысты, отбасы және мектептің серіктестік қарым-қатынастарын оңтайландыру бойынша жүйелі және мақсатты бағытталған жұмысты жүргізу маңызды. Балаларының тәрбиесімен айналыспаған атаөаналар өз құкықтарынан айырылуы мүмкін.

Ата-ана құқықтарынан айыру туралы оқи аласыздар.

Ата-аналар мен балардың қарым-қатынас тақырыбындағы «Балдырған және Карлсон» мультфильмінен үзінді көруді ұсынамыз (Бейнероликті қарау)

Ата-аналармен әңгімелесу.

  • Ұл бала мен ата-ананың өзара қарым-қатынасы қандай болу керек деп ойлайсыз?
  • Ересектерге ең алдымен неге көңіл бөлу керек? (Баланың нәзік әлемін бұзып алмас үшін баланың әлеміне сақтықпен қарау керек; өз балдарыңызды түсініп, оларға уақыт бөліп, жасына сай уақыт өткізуді қамтамасыз ету.)
  • Ұл баланың ата-анасы нені үйрену керек? (Өз балдарына көбірек көңіл бөлу,себебі балдырған анасының,әкесінің бар болуына қарамастан Карлсонмен кездескенге дейін жалғыздықты сезінді.)

Жүргізуші. Үйлесімді және рухани тұрғыдан дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру негіздері азаматтардың мемлекетке, адамдарға, табиғатқа деген қатынасын анықтай отырып, отбасында, тұрмыста, өндірісте, қоғамдық орындарда қаланады.

Білім беру жүйесі қоғамның барлық күшін тәрбие процесі бағытында күшейтетін, ұйымдастырушы фактор және педагогикалық механизм ретінде танылуға арналған.

Бірақ, ең жақын адамдар ата-аналармен, барлық өмірін білімге арнаған мұғалімдермен ортақ тіл табыса білу күрделі нәрсе. Көбіне мәселенің барлығы балаға келіп тіреледі. Ал жалпы алғанда, ата-аналық және педагогикалық зейіннің барлығы балаға арналуы керек.

Бүгін біздің кездесуімізде тек бала үшін ғана емес, отбасы үшін де қолайлы және құрылымдық өзара қарым-қатынас жасауға арналған қажетті ортаны қалай ұйымдастыру қажеттілігі жайлы әңгімелейміз.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


«Ассоциациялар» жаттығуы

Жұмыс уақыты – 5–7 минут.

Мақсаты:сенімді қарым-қатынас жасау ортасына көңіл бөлу және қалыптастыру.

Жүргізуші допты айналдыра отырып сөзге ассоциация құруды ұсынады.

1-ші топ – «Мектеп» (мүмкін варианттар: оқу, сабақтар, баға, мұғалім, оқулықтар, реніш, жанжалдар, жеңістер, денсаулық күні және т. б.).

2-ші топ – «Отбасы» (мүмкін варианттар: үй, ыңғайлы жағдай, тума-туыс, махаббат, қамқорлық және т. б.).

3-ші топ – «Бала» (мүмкін варианттар: ойын, достар, ойын-сауық, әуестік және т. б.).

Жүргізуші. Барлық айтылған «Бала», «Мектеп», «Отбасы» түсініктерінің барлығының бүгінгі біздің әңгімемізге тікелей қатысы бар. Олардың барлығы тәрбиелеу процесімен тығыз байланысты.

Кез-келген ата-ана үйде жарты сағат болса да тыныштықтың орнауын қалайды, сондықтан балаға мультфильм қарап немесе компьютерде ойын ойнауға рұқсат берді, бірақ ол ең дұрыс шешім болып табылмайды.

Балаларға міндетті түрде көңіл аудару керек. Тәрбие процесінің тиімділігі отбасына ғана емес, мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынасына да байланысты. Отбасы балаға тәрбие беруде басты тапсырыс беруші және одақтас тұлға ретінде қарастырылса, ал ата-аналар мен педагогтардың бірігіп жасаған жұмысы баланың дамуына қолайлы жағдайларды туғызады. Отбасын адамның өмірлік жолын анықтайтын бастапқы алаңмен салыстыруға болады.

Көбелек туралы әңгіме

Бір күні жібек құртта кішкене саңылау пайда болды, кездейсоқ өтіп бара жатқан адам ұзақ уақыт бойы сол саңылау арқылы көбелектің шыға алмай жатқандығын бақылап тұрды.

Көбелек көп күшін жұмсаса да, саңылау сол күйінде қала берді. Көбелектің басқа амалы болмады.

Адам көбелекке көмектескісі келіп, бүктемелі пышақты алып, жібек құртты кесіп тастайды. Көбелек сол уақытта шығады. Бірақ оның денесі мен қанаттары әлсізденіп, әрең қозғалды. Адам көбелек қанаты қатайып, ол ұшып кетеді деген сеніммен бақылауды жалғастырады.

Ештеңе болған жоқ! Өмірінің соңында көбелек жерден денесін көтере алмай, қанатын қатайта алмады. Ол ақыры ұша алмады. Ал адам оған көмектескісі келсе де, көбелек жібек құрттың тар саңылауынан шығып, оның денесіндегі сұйықтық қанатқа өткенде ғана ұша алатындығын түсінбеді.

Көбелек әрі қарай өсіп, дамуы үшін қабықшадан қиындықпен шығуына тура келеді. Бала тәрбиесінде де дәл осылай. Егер ата-ана ол үшін бар жұмысын жасап берсе, олар оның рухани дамуын шектейді. Бала өз күшін жұмсап үйренуі керек, ол оған өмірдегі бар қиыншылықты өзі жеңіп, мықты болуына септігін тигізеді.

Әр ересек адам, ең алдымен ата-ана баланың өмірлік жолында кездесетін проблемаларды өзі шеше білуіне жауапты.

«Сұхбат» рөлдік ойыны

Жұмыс уақыты – 15–20 минут.

Мақсаты«Отбасы-мектеп» жүйесінде жанжалдардың туындау себебіне мән беру, рөлдерді ойнау арқылы эмоционалды әсер ету.

Қатысушылар таңдалады: мұғалім, оқушы, ата-ана.

Образға қолайлы ену үшін деректемені дайындау керек (оқушыға – оқулықтары бар рюкзак, ауыстыратын аяқ киім; мұғалімге – құжаттары бар бума, көрсеткіш, портфель, мүмкін ойыншық және т. б.; ата-анаға – сөмке,  «азық-түлігі» бар пакеттер).

Қатысушыларға сұхбаттасу және сұрақтарға жауап беру жолымен өз рөлін талдау ұсынылады.

Ата-ана:

  • Өзіңізді таныстырып өтсеңіз. Атыңыз кім болады?
  • Немен айналысасыз?
  • Не туралы армандайсыз? (Жауаптардың мүмкін болатын варианттары: табысты болғым келеді, беделді жұмысқа орналасқым келеді, материалдық қамтамасыз етілген болғым келеді, жайлы баспанам, отбасым, дені сау балаларым болса.)
  • Сіз өз өміріңізге ризасыз ба? Өз өміріңізден не күтесіз? (Жауаптардың мүмкін болатын варианттары: жұмысбастылық, ақшаның жетіспеушілігі, шаруашылықтағы қиыншылықтар,тұрмыстық проблемалар, мектептегі балалардың проблемалары және т. б.)
  • Қандай эмоцияларды сезінесіз? (Дұрыс ықпал еткен жағдайдағы мүмкіболатын жауап: жауапкершілікті алмай, оны біреуге артып қойғым келеді …)

Бала:

  • Өзіңізді таныстырып өтсеңіз. Атыңыз кім болады?
  • Немен айналысасыз?
  • Не туралы армандайсыз? (Жауаптардың мүмкін болатын вариант- тары: достармен бірге ойнап, әңгімелескім келеді, жаңа ұялы телефон немесе компьютер сатып алып берсе, Интернет желісіне еркін қолжетімділік болса, әжеме қонаққа барып келсем және т. б.)
  • Сіз өз өміріңізге ризасыз ба? Сіздің өміріңіздегі басты міндеттер? (Жауаптардың мүмкін болатын варианттары: күн сайынғы оқу, баға, мектептегі достар; мұғалімдердің барлық талаптарын орындау қажеттілігі, үй жұмысын жасау, ерте тұру, сабаққа кешікпеу, таза болып жүру, өзім айналысқым келетін әрекетпен айналысу…)
  • Қандай эмоцияларды сезінесіз? (Дұрыс ықпал еткен жағдайдағы мүмкін болатын жауап: қашып кеткім, тығылып қалғым келеді, қолдау, көмек көргім келеді және т .б.)

Мұғалім:

  • Өзіңізді таныстырып өтсеңіз. Атыңыз кім болады?
  • Немен айналысасыз?
  • Не туралы армандайсыз? (Жауаптардың мүмкін болатын вариант- тары: кәсіби қызметте жақсы оқушылардың болуын, ұжымдағы түсіністіктің, ата-ананың тарапынан қолдау болғандығын қалаймын және т. б.)
  • Сіз өз өміріңізге ризасыз ба? Өз өміріңізден не күтесіз? (Жауаптардың мүмкін болатын варианттары: күрделі жұмыс уақыты, білім берудегі жаңа стандарттар, есеп берудің көптілігі, журналдарды толтыру, оқушылармен болатын жанжалдар мен проблемалар)
  • Қандай эмоцияларды сезінесіз?

Сұхбат аяқталғаннан кейін жүргізуші қатысушыларды жұмысы үшін алғыс білдіреді, рөлдік ойындар қатысушыларына және басқа ата-аналарға өз пікірлерін еркін білдіруге мүмкіндік береді.

Ата-аналармен әңгімелесу.

  • Ойын неге үйретеді?
  • Басқа адамның орнына өзіңді қою оңай ма?
  • Балалар нені қалайды?
  • Ересектер нені қалайды?
  • Балалар мен ересектер арасындағы өзара қарым-қатынас қандай? Неге?

Қорытынды шығару.

Жүргізуші. Балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас көбіне қиындық тудырып жатады. Себебі, ата-аналар балалары үшін ненің жақсы, ненің жаман екендігін өздері шешеді, соған сәйкес күтілетін нәтиже де сондай болады.

Яғни, ата-аналарда өз балаларын сәйкестендіргісі келетін өз стандарттары қалыптасқан. Мұндай ата-аналар үшін бала өз қабілеттері мен жеке ерекшеліктері бар тірі адам емес, жұмыс жасауға болатын бейне бір материал сияқты көрінеді. Бұл ерекшеліктерге ересектер көбіне мән бермейді, балалардың өмірдегі кемшіліктері мен кедергілерін көрсе, басып тастауды жөн санайды.

  • Ата-аналардың мұндай әрекеттерінен қандай пайда бар?

Көптеген жағдайларда бұл ата-аналардың өздерінің орындалмай қалған мақсаттарының бала арқылы орындалуы болып табылады: өздері жетпеген жетістікке балаларының жетуіне мәжбүр ету. Ата-ана өз балаларының еркіндігіне шектеу қойып, мақсаттары мен армандарын өзгерткісі келіп, психологиялық тұрғыдан кері әсер етеді.

Бір балалар ата-аналарын тыңдамай, көбіне өз-өзін түсінбейтін, өз-өзін таба алмаған, өзінің нақты қажеттіліктері мен мақсаттарын білмейтін бақытсыз жандардың қатарына қосылады.

Ал басқа балалар мұндай әрекетке барынша қарсы тұрып, өздерін дәлелдей біледі. Олар ата-аналарын ренжіте отырып, агрессия танытса да (қателік жасап, оны түзетіп) өз жолымен жүруге мүмкіндік алып, өздігінен саналы түрде өз өмірін құрады.

Бүгін мен ата-аналардың баланың дамуы, оқуы, есеюі, әлеуметтенуінде қолдау көрсету қажеттілігін естеріңе салғым келеді. Балаға мақсаттарға қол жеткізудегі құрал ретінде қарап, дамуына кедергі келтірмей, бұл өмірде аяғынан тік тұрып қалыптасуына көмек көрсету керек.

Біздің міндетіміз – құрылымдық қарым-қатынас тәсілдерін табу, яғни проблемаларды бірігіп шешу.

  • Құрылымдық қарым-қатынас деген не?

Бұл баға беру пікірінсіз, оның көзқарасына сыйластықпен қарай отырып, келесі әңгімелесушіге өз ойын объективті түрде жеткізу болып табылады. Бұл сөйлей білу, тыңдай білу, ең бастысы өз оппонентіңді де тыңдай білу деген сөз.

Ұсынымдарды дайындау бойынша топтармен жұмыс

Жұмыс уақыты – 15 минут.

Мақсаты:отбасы және мектептің өзара байланысы арқылы бейімделген ортаны қалыптастыру.

Топтарда ата-аналар таза парақтарда ата-анамен, оқушылармен және педагогтармен құрылымдық қарым-қатынасқа арналған ұсынымдарды жазады (жұмыс уақыты – 10 минут).

Тапсырма біткеннен кейін әр топтан спикер сөз сөйлейді.

Сөз сөйлеу регламенті – 2–3 минут.

Бұдан әрі талқылау: осы келтірілген жұмыс қалай және қайда көрініс табуы мүмкін (үнпарақтар, жадынамалар, педагогикалық ұжымға, балалар ұжымына хабарлау, мектеп сайтында және Күнделік жүйесінде жариялау).

Рефлексия.

Жұмыс уақыты – 7 минут.

Жүргізуші. Әңгімелесуді аяқтай келе белгілі жазушы және педагог С. Соловейчиктың сөздерін еске түсірейік: «Тәрбиесі қиын балалар – бұл ересектерге сырын ашпайтын балалар. Қиын ата-ана-мұндай қарым-қатынасты қаламайтын, балалармен тіл табысуды көздемейтін, оның жақсы оқуы мен тәртіпті болуын ғана қалайтын тұлғалар».

Сіз күніне балаға жарты сағат уақытыңызды бөле аласыз ба? Егер Сіз тәрбиені қадағалау жүргізу емес, сырласу, рухани қарым-қатынас жасау тәсілі ретінде қарасаңыз, осы жарты сағат аралығында да Сіздің балаңыз дұрыс тәрбие алуы мүмкін. Әрине жарты сағаттта тәрбие беріп, қадағалау жүргізу мүмкін емес, ал қарым-қатынас жасай білудің маңыздылығы уақытпен өлшенбейтін нәрсе.

Ұсынымдар

Жүргізуші. Балалардың көңіліне тимеу үшін айтылмауы керек сөздер бар. Олар ата-аналар мен педагогтарға қатысты. Ол сөздерді немен алмастыруға болады, мысалы....

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 7-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться