text
MCFR.KZ Образование

Бақылау және басқару

  • 17 июля 2018
  • 160
Бақылауды ұйымдастыру
Бақылауды ұйымдастыру

Балабақша меңгерушісінің қызметінде барлық басқару міндеттері маңызды, олардың қайсыбірін алып тастау немесе сапасыз орындау түгел басшылықтың іркілісіне алып келеді.

«Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналының электрондық нұсқасынан осы тақырып бойынша оқыңыздар:

Сондай-ақ журналдан оқыңыздар:

Осындай міндеттердің бірі мектепке дейінгі ұйымға туындайтын мәселелерді анықтау мен шешу үшін ғана емес, педагогтардың сәтті қызметін ынталандыру, ең жақсы педагогикалық тәжірибені анықтау үшін де қажет болып табылатын бақылау болып табылады. Өкінішке орай, «бақылау» сөзін педагогтар теріс мағынада қабылдап жатады, өйткені, бұл тексеру, шектеу болып есептеледі; бақылаудан кейін олардың қызметін жиі теріс бағалап, ықпал ету шараларын қолданып жатады.

Балабақшадағы жұмыстардың жағдайы туралы ақпарат алудың екі жолы белгілі:

  • біріншісі – бұл меңгеруші немесе әдіскер, мейірбикенің мектепке дейінгі ұйымдағы жұмыстар жағдайын зерттеген кездегі әкімшілік тексеру;
  • екіншісі – өз-өзін басқару, өз-өзін тексеру және өз-өзін бағалау негізінде тәрбиешілердің өздерінен жұмыстар жағдайы туралы ақпарат алу.

Бақылау тек әкімшіліктің ғана емес, педагогтардың да, бір жағынан ата-аналардың да жұмысы болып табылады. Ол ашық, жария, орын алып жатқан мәселелерді сындарлы шешуге бағытталған болуы тиіс.

Бақылауды өткізу барысында тексерудің мақсаттарына сай келетін және бақылаудағы нысанның жағдайы туралы дәлелді ақпарат алуға мүмкіндік беретін құрылым, форма және әдістерді таңдаған дұрыс. Сонымен қатар, мақсатты бағытталған зерттеулер нәтижесінде алынған және ойластырылған бақылау жүйесінің нәтижесі ретіндегі ақпарат шынайы және дәлелді болуы шарт. Бұдан басқа, бақылаудың міндеттерін ұйымдастыру кезінде НЕ жасау керектігі ғана емес, ҚАЛАЙ жасау керектігі маңызды.

Мақсатқа қол жеткізу және бақылаудың міндеттерін жүзеге асыру үшін меңгеруші мен оның орынбасары саналы түрде қолданатын басқару амалдарының барлық жиынтығын қамтитын бақылауды іске асырудың тәртібін қарастырайық.

Бақылау үдерісін ұйымдастыруға қажет шарт – мұғалімдерге өткізіліп жатқан бақылау туралы уақытылы ақпарат беру. Негізінде келесі айға жұмыс жоспарымен таныстыру кезінде меңгеруші немесе әдіскер мұғалімдерді бақылау жоспарымен, оның құрылымы мен мерзімімен таныстырады және топтарға бағалау шкалаларының жиынтығын ұсынады. Мұндай тәсіл өте орынды, осы арқылы педагогтар бақылау мен бағалаудың қандай сұрақтар және көрсеткіштер бойынша жүзеге асатындығын біліп отырады, оларға алдағы қатысу туралы ескертудің қажеті болмайды.

Әдістемелерді таңдау қиындық тудырады

Жетекшілердің көбіне бақылау өткізу барысында әдістемелерді таңдау, өлшемдер мен көрсеткіштерді анықтау, сонымен қатар, құжаттарды рәсімдеу қиындық тудырады.

Әдістемелерді таңдау тек өлшемдер мен көрсеткіштер анықталғаннан кейін ғана мүмкін болады. Әдістемелерді іріктеу кездейсоқ болмауы керек, алдымен оларды іріктелген өлшемдер мен көрсеткіштерге сәйкес таңдауды жүзеге асыру қажет. Балабақшада бақылаудың мақсаттарына байланысты социометрия, рейтинг және т. б. сияқты әдістемелер қолданылады.

Мұғалімдердің қызметін бақылауды жолға қоюдың ең дұрыс нұсқасы, жоғарыда айтып кеткендей, бағалау шкалалары немесе әр мұғалімге арналған бақылау карточкалары болып саналады. Алайда, өмірдің ақиқатына келсек, балабақшалардың барлығында диагностикалық аспаптармен толықтай бақылау жүргізуді қамтуға мүмкіндік жоқ.

Бақылау талдаумен, алынған нәтижелерді өңдеумен, бағалаумен және педагогикалық ұжымның қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды өндірумен аяқталады. Алынған нәтижелерді талдай отырып, меңгеруші, әдіскер немесе мейірбике алынған нәтижелерге бағаларын берген, педагогтардың қызметіндегі жетістіктерді, ең жақсы педагогикалық тәжірибені, сонымен қатар, қиындықтар мен кемшіліктерді қамтитын тұжырымдарын жасайды.

Бүгінгі таңда педагогтар қызметін зерттеуді лайықты диагностикалық аспаптарсыз елестету қиын: бағалау шкалалары, бақылау карточкалары, сызба-ескертпелері және т. б. Аталмыш аспаптарды білім беру үдерісін бақылау барысында қолдану бақылау субъектілеріне осында көрсетілген өлшемдер мен көрсеткіштерге назар аударуға және олардың көріну деңгейінің белгілі бір балл арқылы арақатынасын белгілеуге мүмкіндік береді. Диагностикалық аспаптарды қолданудың артықшылығы айдан анық – бақылауды мәтін түрінде жүргізуге қарағанда мұнда барлық бақыланып жатқан нәрселерді «егжей-тегжейлі» жазбауға болады.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Жедел бақылау

Бақылаудың ең тиімді түрлерінің біріпедагогтарға кесірін тигізбей, аз уақыттың ішінде барынша көп ақпарат жинауға мүмкіндік беретін жедел бақылау. Жедел бақылау және талдау сандық сипаттағы ақпаратты жинақтауды жобалайды, ол ұзақ бақылауды талап етпейді, бірақ қандай да бір қызмет жүзеге асып жатқандығын/жатпағандығын, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп барын/жоқтығын, кітап бұрышында жұмыс жасауға арналған материалдар дайындығын/дайын еместігін және т. б. көрсетеді.

Жедел бақылаудың күн сайын, апта сайын, ай сайын іске асатындығын ескере отырып (аурушаңдықты зерттеу, спорттық шараларды ұйымдастыру, ертеңгіліктерді өткізу, серуен ұйымдастыру және т. б.), жедел бақылауды ұйымдастырудың жүйесін алдын-ала қарастырған жөн. Жедел бақылау балабақша меңгерушісімен, әдіскермен, мейірбикемен, шаруашылық меңгерушісімен, кәсіподақ комитетінің өкілімен жүзеге асады. Сонымен қатар, жедел бақылаудың нәтижелерін кесте көрсетіп, оларды жария етуді ұйымдастыру қажет. Кестенің сәйкес бағандарында түстің көмегімен аталмыш сұрақ бойынша жұмыстың жағдайын, ал әр түрлі геометриялық фигуралардың көмегімен кім бақылағанын көрсетуге болады. Бұл материал аталмыш бақылаудың өткізілгені туралы есеп болып табылады. Жедел бақылаудың басты ерекшеліктері тез жауап қайтару мен бөлек маңызды емес кемшіліктерді тез түзету болып табылады.

Педагогика ғылымдарының кандидаты К. Ю. Белаяның ұсынған жедел бақылаудың жоспары көптеген балабақшаларда қолданылады.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы

«Музыкалық жетекшінің анықтамалығы» электрондық журналында әндердің минусовкаларын жариялауды бастадық

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться