text
MCFR.KZ Образование

Зиянды әдеттер туралы

  • 16 июля 2018
  • 73
Зиянды әдеттер туралы

Автор өз сынып сағаты мысалымен оқушыларда салауатты өмір салтын, зиянды әдеттерге жағымсыз қарым-қатынасты, денсаулыққа ықпал ету тұрғысынан алғанда өз әрекеті мен өмір салтын талдай білу қабілетін қалыптастыру, ерте жастан балаларды өз денсаулығы үшін жауапты болуға тәрбиелеу туралы баяндайды.

Сондай-ақ тақырып бойынша оқи аласыздар: 

Салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру

Менің денсаулығым

«Бала қауіпсіз ортада» бағдарламасы

Сынып сағатының барысы

Мұғалім. Қайырлы күн, балалар! Денсаулық – бұл адам өміріндегі ең үлкен байлық. Соңғы жылдары көптеген адамдар вирустар мен маусымдық ЖРВИ-нан зардап шегеді. Оған себеп – әлсіз иммунитет пен зиянды әдеттер.

  • Өз иммунитетіңді қалай күшейтуге болады? (Әрине салауатты өмір салтын жүргізу керек.)
  • Зиянды әдеттерден қалай арылу керек?
  • Деніміз сау және әдемі болу үшін тағы не істеу керек? (Балалардың жауаптары)

Сіздермен бірге «Микробтар туралы ертегіні» еске түсірейік.

Бір күні әр түрлі ауруларды тасымалдайтын микроб тасушылар өмір сүріпті. Олар ласты қатты жақсы көретін. Лас болған сайын, олар жақсара түсіп, көбейе түсетін. Үстелде жуылмаған тәрелке, қиқымдар, нанның тілімдері қалып қоятын болса, бірден шыбын үймелейді. Ал шыбынның қанаттарында қаншама мыңдаған лас микробтар болады. Шыбын ұшып кетсе де, микробтар үстелде-тәрелкеде, қасықтарда, нанның үстінде қалып қояды. Шыбындардың ласты тасымалдауы микрботар үшін қолайлы жағдай. Осылайша, микробтар адам денесіне келіп түсіп, ауру тудырады.

  • Микробтар қайда болады?

Микробтар ауада, жерде, біздің денемізде бар. «Микроб» сөзі екі грек сөзінен құралған: микрос сөзі «шағын», биос деген сөз «өмір» дегенді білдіреді. Барлық микробтар зиянды емес. Көбі пайдалы. Мысалы, сүт қышқылды бактериялармен айран дайындауға болады. Ал зиянды, ауру жұқтыратын микробтар ағзаға түсе отырып, көбейіп, улы заттар шығарады. Олардан әр түрлі аурулар пайда болады.

  • Микрбортар ағзаға қалай енеді?
  • Түшкірген, жөтелген кезде, егер адам аузын немесе мұрнын жаппаса (микробтар 10 метрге ұшады).
  • Егер тамақтың алдында қолды жумаса.
  • Бөтен заттарды қолданса.
  • Жеміс-жидектерді жумаса.
  • Шынықпаса және т. б.
  • Микробтарды жеңуге бізге кім көмектеседі? (Су. Сумен дос болу керек. Сусыз әр адам өмір сүре алмайды.)

Жаз кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулықты  жүктеп алыңыз

Сабындаған кезіңде,
Ашытады көзіңді.
Бола білсең төзімді,
Тап – таза етер өзіңді.
Тазалықтың досы,
Сабын деген осы.

Тазалықты іздесең,
Мөлдір судан аласың.
Жиі – жиі жуынсаң,
Аппақ таза боласың.
Тазалықтың досы
Су дегенің осы.

  • Бұл өлең жолдары қай шығармадан алынған, оның авторы кім?  («Мойдодыр», автор  – Корней Чуковский)
  • Бұл шығарма бізді неге үйретеді?

«Мойдодыр» ертегісі балаларды, оларға осы шығарманы оқып беретін ересектерді ұқыпты болуға, таңертеңгілік уақытта жуынып, тісті тазалап тұруға үйретеді. Өлең жолдарымен берілген ертегі оңай оқылып, есте сақталады.

Сөздерді есте сақтаймыз

Су мен сабыннан микробтар қашады.

Мұғалім. Ғалымдардың айтуынша әлемде бәрін керісінше жасап, тыңдамайтын балалар болады екен. Оларға пайдалы кеңес берілсе де, керісінше жасайды: «Таңертеңгілікте жуыныңыз» десе – олар жуынбайды. Оларға «Бір-біріңмен амандасыңдар» деп кеңес берсе, олар амандаспайды. Ғалымдар мұндай балаларға пайдалы емес, пайдасыз кеңестерді беру қажет деп шешті. Олар барлығын керісінше орындағанда ғана бәрі дұрыс болады.

Мұндай балалар үшін Григорий Остер «Зиянды кеңестерді» ойлап тапты:

Денсаулық – ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық – ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулығың – зор байлығың,
Сақта оны жасыңнан.
Зиянды әдет еліктірсе,
Айналып өт қасынан.
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

Тапсырма. Осы зиянды кеңестерді орындаған адамның портретін салыңыз.

  • Ол әдемі адам ба?

Дені сау адамды сипаттауға арналған сөздерді таңдап алыңыз: әдемі, бүкір, мықты, епті, жүдеу, албыраған, сымбатты, семіз, күшті, ебедейсіз, жинақы.

  • Неге кейбір адамдар жиі ауырады, кейбіреуі сирек ауырады?
  • Неге бір адамдардың басы жиі ауырып, тез шаршайды, ал кейбіреуі мүлдем ауырмайды? (Олар шынығады)
  • Оны қалай жасайды? (Балалардың жауабы)

Егер денің сау болсын десең шынығу керек!

"Біздің таңдауымыз денсаулық" үйірмесін күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды  жүктеп алыңыз

Таңертең қолыңызды, бетіңізді, мойныңызды, құлағыңызды сабынды жылы сумен жуып болғаннан кейін, оларды бөлме температурасындағы сумен шайыңыз.

Таңертең денені ылғал орамалмен сүртіңіз. Аяғыңызды күн сайын салқын сумен жуыңыз, суды біртіндеп салқындатыңыз.

Сауықтыру минуты

Мұғалім.

  • Сіздің денсаулығыңыз жақсы деп ойлайсыз ба?
  • Сіз неге олай ойлайсыз?
  • Сіз өзіңізді шыныққан адаммын деп айта аласыз ба? Шыныққан адамдардың тізімін айтып беріңіз.
  • Деніміз сау болу үшін не істеу керек? (Деніңіз сау болу үшін сіз өз тәніңізді біліп, жақсы көру керексіз. Себебі, Сізге өзіңіз сияқты ешкім қамқорлық жасамайды.)

Сөздерді есте сақтаймыз

Денсаулығымды сақтай отырып, мен өзіме көмектесемін!

Мұғалім. Дені сау және шыныққан адамның белгілерін атап беріңіз. (Өте сирек ауырады. Бет терісі таза, шашы жалтырап, көздері жанып тұрады.Ұйқысы жақсы. Ұзақ өмір сүреді, 80 жастан кем емес. 5 километрді ентікпей жүгіре алады. Егер ауырып қалса, тез сауығып кетеді.)

  • Ең басты белгілері қандай?
  • Осы қасиеттерге қандай тәсілдер арқылы қол жеткізуге болады?

Тапсырма. Денсаулықтың неге байланысты екендігін, зиянды әдеттердің денсаулыққа қалай әсер ететіндігін, әрдайым денің сау болу үшін нені білу және жасай алу керектігін жазыңыз.

Энергетикалық сусындардың жасөспірімдер ағзасына әсері туралы оқи аласыздар

  • Ұзақ жасаған адам атағын алу үшін адам қанша жыл өмір сүру керек деп ойлайсыз?

Біздің елімізде жүз жасқа жеткен адам саны көп. Ұзақ өмір сүруші адамдар ұзақ өмір сүрудің құпиялары бар деп есептейді.

Тапсырма. Ұзақ өмір сүретін адмдардың белгілерін атаңыз. (Шынықтырылған тән. Жақсы мінез. Дұрыс тамақтану және күн тәртібі. Күнделікті дене еңбегі.)

«Ия-жоқ» ойыны

Мұғалім. «Ия-жоқ» ойынын ойнап көрейік.

Тақтада суреттер жапсырылған: бала спортпен айналысуда; қыз тамақ ішіп отыр; ұл бала шылым шегіп отыр; балалар түнгі уақытта теледидар қарап отыр; бала тісін тазалап жатыр; қыз шашын тарап жатыр және т. б.

Тапсырма.Сіздің ойыңызша әдемі және сау болу үшін дұрыс әрекеттерді көрсететін суреттің қасына «ия» деп жазыңыз және күннің суретін салыңыз. Не нәрсені жасамау қажеттілігін көрсететін суреттің қасына «жоқ» деп жазыңыз және нүктенің суретін салыңыз. Әр суретті түсіндіріңіз. Күніне қай уақытта және неше рет дұрыс әрекеттерді орындау керек?

«Жас ағаш» сауықтыру минуты

Мұғалім. Үстелде отырып немесе тұрып тұрған күйде аяқты бірге ұстап, табанды еденге қойып, қолды түсіріп, арқаны тік ұстаңыз. Дем алып, дем шығарып, жәйменен қолды жоғары көтеріңіз. Алақанды беттестіріп, саусақтарды біріктіріп ұстаңыз. Денеңізді көтеріңіз. Жоғары тартыла отырып, берік, мықты ағашты көз алдыңызға келтіріңіз. Ағза ағаш сияқты, күшпен, сергектікпен толығады. Қолыңызды түсіріп, өзіңізді бос ұстаңыз (15–20 секунд орындалады)

Тыныс алу гимнастикасы  туралы оқи аласыздар.

Жағдайды талдау (мұғалім әңгімені оқиды)

Мұғалім. Әңгімені тыңдап, кейіпкерге оның проблемасын шешуге көмектесіңіз.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 7-2018 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться