text
MCFR.KZ Образование

МДҰ-да балаларға өрт қауіпсіздігі қағидаларын үйрету

  • 12 июля 2018
  • 10
МДҰ-да балаларға өрт қауіпсіздігі қағидаларын үйрету
МДҰ-да балаларға өрт қауіпсіздігі қағидаларын үйрету

Бала өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау – мектепке дейінгі ұйымдардың басты міндеттерінің бірі. Баланы қауіп-қатерден қорғау ғана емес, сондай-ақ қауіпті жағдайлар, сақтық шараларын сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына баулу маңызды.

Сондай-ақ тақырып бойынша оқи аласыздар: 

Білім алушылардың бойында қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру

Балалардың қауіпсіздігі үшін мектептің жауапкершілігі

Орман апатынан тұрғын үйлер, ормандар, халық шаруашылығы нысандары жойылады. Көбінесе балалар тентектік жасап, өрттің шығуына себепкер болады, нәтижесінде өздері де өрттен зардап шегулері, кей жағдайларда қатты күйік шалғаннан қайтыс болулары да мүмкін. Осындай қайғылы жағдайлар орын алмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелері мұқият орындалуы тиіс.

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың зардаптарының алдын алуға және жоюға, төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа жедел медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысы) мектепке дейінгі ұйымдар педагогтері жұмысының мақсаты: қауіпсіз жағдай жасау, балалардың отпен абай болу және өрт қаіпсіздігі қағидаларын сақтау қажеттілігін түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • балаларға өрттің шығу себептері туралы бастапқы мәліметтер беру;
  • өрт қаупі көздерімен, өрт туындату қаупі бар заттардың қасиеттерімен, сапаларымен таныстыру;
  • өрт сөндірушілер еңбегі, олардың кәсіби қызметтері туралы түсінік беру;
  • «101», «102», «103», «104», «112» құтқару қызметтеріне хабарласуға үйрету;
  • балаларға өрттің шығу жағдайында қауіпсіз мінез-құлық ережелерін: топ бөлмесі, пәтер кеңістігінде бағдарлай білуге, өрт кезінде әрекет етуге, «101» құтқару қызметін шақыруға үйрету;
  • өрт сөндіруші мамандығына құрметпен қарауға тәрбиелеу;
  • өз өмірі мен денсаулығын қорғауға, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Ойын мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ойын барысында балаларға көрнекі түрде өрт шыққан жағдайда қайда қоңырау шалуды, өрт сөндірушілерді қалай дұрыс шақыруды, қайғылы жағдай болмас үшін өрт кезінде не істеу керектігін және өзін қалай ұстауды түсіндіру.

Сюжетті-рөлді ойындардың ерекшелігі-барлық балалар алдын ала ойын сюжеті аясында рөлдерді, сондай-ақ алған рөлінің әрекеттерін дайындауға арналған материалдарды алуы болып табылады. Балалар қызығушылықпен жаңа ақпаратты меңгереді және тәрбиеші ұсынған рөлдік ойындарға белсенділікпен қатысады.

Педагогтер әдеби кейіпкерлерді мысал ретінде қолданып, олардың мінез- құлқы мен қылықтарын талдай отырып, балалардың осы жағдайда қандай әрекет жасайтындарын сұрау.

Балалар қағазды жағып тәжірибе жүргізу кезінде оттың не екенін немесе оттың неден қорқатынын және өртті сөндіруді үйренгендерін анықтайды.

Мультимедиялық презентацияларды қолдану балаларға шынайы өмірдегі оқиғалар мен құбылыстарды көрсетуге, қоршаған ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Сіріңке қорабының зияны» дидактикалық ойын барысында ....

Жалғасын «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесінен оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль